Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМУ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.4 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Біледі: заттың салмағын сипаттайтын «ауыр-жеңіл», «ауырлау-жеңілдеу» сөздері;

Игерді: заттың салмағын қарапайым таразының көмегімен, «қолмен» өлшеу, заттың көлемі мен оның салмағының бір біріне бағыныштылығы туралы түсінік;

Меңгерді: заттардың салмағын қолмен, көзбен, қарапайым таразының көмегімен анықтау, сөз арасында «ауырлау-жеңілдеу» деген сөздерді пайдалану.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: 4 саны және цифры.

Мақсаты:

a) 4саны және цифрымен таныстыру;цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету;заттарды санауға машықтандыру; 4 цифрын тану және белгілеуге үйрету.

ә) балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

б) эстетикалық тәрбие беру;

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

-Балалардың есте сақтау қабілетін дамытып,логикалық ойлау нығайтатын тапсырма беріледі. Артық затты табыңдар. Оның не үшін артық болып тұрғанын түсіндіріңдер.

- Суретте неше гүл бар? Бүгін бізге қандай сан мен цифр қонаққа келіп отыр екен? Кім табады?

Артық затты тауып және сабақтың тақырыбын нақтылайды.

Іздену ұйымдастырушы

Дәптерімізді ашып, құстарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейміз. 4 цифрын табамыз.

Педагог 4 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.

Іздегенде табады

Зер салса егер мынаған:

Тура «4» боп қалады.

Орындықтар құлаған.

Цифрды бастырып сызамыз.

Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: қысқа қисық сызықты жоғарыдан төмен қарай, содан соң көлденең сызықты солдан оңға қарай, сосын ұзын тік сызықты жоғарыдан төмен қарай сызамыз.

Сергіту минутын (4рет секіру,оң аяқпен 4рет, сол аяқпен 4рет жерді тебу, 4рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 4рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, 2-тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1,2,3 сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санын табады.). Тәрбиеші 1-4 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.

Содан соң №2 тапсырманы орындауға береді. Бұл тапсырма алдыңғы сабақтардан жақсы таныс. Тәрбиеші балалардан тапсырманы түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар өздері ұнататын түстерді таңдап, тапсырманы орындайды.

Құстарды санаймыз.

Цифрды көрсетеді.Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады.

Математикалық сергіту сәтіне қатысады.

Текшедегі нүктелер мен цифрды көрсетеді.

Заттарды үстелдің шетіне қойып, 4 санын бояйды.

Рефлексивті коррекциялаушы

№3 тапсырма бойынша 4затты қызыл, бір затты сары түске бояу қажет. Балаларды 4-тен кейінгі сан-5 санымен танысуға дайындайды. Балаларға алғыс білдіреді. Сабақтағы дәстүр бойынша балалар үстелдің үстін реттейді.

Сабақты қорытады.

Дәптерге орындалған тапсырманы көрсетеді. Үстел үстін реттейді.