Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эльмира.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.09 Кб
Скачать

Босанушы әйелді бақылау динамикасы.

Босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Температурасы 36.4˚С, пульс 80 соққы/мин, АҚ 120/80. Жатыр қозған, 10минутта 1 толғақ, 10 сек жиілікте. Ұрықтың орналасуы ұзынынан, басы кіші жамбасқа кіреберісте тұр. Ұрықтың жүрек қағысы 140 соққы/мин. Ұрық қапшығы жоқ. Әйелдің зәр шығаруы ауырсынусыз, өздігінен.

VII.Босану ағымының күнделігі

Босанудың І кезеңі

Толғақтың басталуы 10.04.15ж сағат 12:45,қағанақ суының кету уақыты 13:55,ашық түсті.Толық ашылуы 14:50да. Босанушының жағдайы қанағаттанарлық,АҚҚ 120/80 сын.бағ., дене температурасы 36,4.Ұрық ұзынынан орналасқан,басы жамбастың кіреберісіне енген.Ұрықтың жүрек қағысы тұйықталған,минутына 140 рет соғады. І кезең асқынусыз,ұзақтығы 3 сағат.

Босанудың ІІ кезеңі

Күшенудің басталу уақыты 10.04.15ж сағат 12:55да.ІІ кезең асқынусыз өтті.Босану кезіндегі акушерлік көмек көрсетудің І кезеңінде-басының мерзімінен бұрын бүгілуінің алдын алу.Акушерлік көмек көрсетудің ІІ кезеңі-шапаралықтың керілуін азайту.Басының сыртқы бұрылуынан және иықтың ішкі бұрылуынан кейін, екі қолмен басты битемпоральді ұстап, басты төменге қарай қасағалық өрімге алдыңғы иық жақындағанша апарады.Кейін сол қолмен басты жоғары көтере отырып,оң жақ қолмен артқы иықты шығарып, ондағы шатаралық тінді жылжытады. Сұқ саусақтарды бұлшықеттік ойықтардан шығарып күйдені төмен алға апарып, нәрестенің кеудесін шығарады.Нәрестені кептіре сүртіп, баланы ананың ішіне қояды.Кіндік пульсациясын тексереді де, тоқтағаннан кейін кіндік сақинасын 10см-ге кем еместей етіп екі қысқышты салады.Кіндікті кеседі.

10.04.15 ж сағат 14:50 де бала туылды.

Апгар шкаласы бойынша бағалау

Уақыты

ЖЖЖ

Дем алуы

Терінің түсі

Бұлшықет тонусы

Рефлекстері

Қорытынды

1 мин кейін

2

2

1

2

1

8

5 мин кейін

2

2

2

2

1

9

Салмағы-4000,0 грамм Ұзындығы-50см Жынысы-қыз

Басының шеңбері-36см

Кеудесінің айналма шеңбері -34см

1% тетрациклин мазьі-50мин.

Баланың жағдайы:қанағаттанарлық

30 мин кейінгі дене температурасы-37,3С

2 сағаттан кейінгі дене температурасы-36,8С

Босанудың ІІІ кезеңі

ІІІ кезеңі:белсенді жүргізу.10.04.15ж сағат 14:50

.Қолдарды қасаға аймағына қою мақсатымен жатырды тұрақтандыру. Шат аймағына жақын қысқышты жақындатып қысу.Сан аймағына нәресте туылғаннан кейін 1 мин аралығында окситоциннің 10 ЕД б/і енгізу.Күшті толғақ басталған кезде-кіндікті бір қалыпты тарта, жатырға қарама-қарсы қысым көрсетеді.Толғақтың басталуын анықтай отырып,плацентаны жыныс жолдарынан шығарып алып, ақырындап қабаттарын сағат тілшесі бойынша орайды.Жатырға сыртқы массаж жасап,қан кетудің жоқтығын тексереміз.Плацентаның диаметріне,кіндіңтің ұзындығына,кіндіктің бекітілуіне көңіл аударамыз.

Бала орны бүтін.Барлық қабаттары түгел.Бала жолдасының макроскопиясы 22х22х2,5.Кіндік ұзындығы:78см,бала жолдасының салмағы:650,0гр, бүтін.Жоғалтқан қан көлемі-130мл.

ІІІ кезеңнің ұзақтығы:3мин.