Буын және дәнекер тіннің аурулары (52)
! 16 жастағы оқушы дене қызуының 38,5оС дейін көтерілуі, оң жақ буын аймағының ісінуі және ауыру сезімі, координациясының бұзылғанына шағымданады. Анамнезінен: апта бұрын ангинамен ауырған.
Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:
* Scl 70 антиденелері
* Ваалер- Розе реакциясы
* Хеддельсон және Райт реакциялары
*+ стрептококқа қарсы антиденелердің титрі
* цитруллинирленген пептидке антиденелер
! Рецидивтердің алдын алуға бағытталған жедел ревматикалық қызбамен ауырғандардың екіншілік профилактикасы мынаны жүйелі енгізумен жүргізіледі:
* ампициллинді
* цефтриаксонды
* рокситромицинді
* +экстенциллинді
* бензилпенициллинді
! 16 жастағы қыз, дене қызуының 40оС көтерілуі, ентігу, жөтел, майда буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 1 ай бұрын өздігінен түсік болған. Объективті: арық, лимфоаденопатия, бетінде және мұрнының үстінде эритема, аяқ- қолдарында - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн, гемоглобин - 70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың, ЭТЖ – 70 мм/сағ. ЖЗА: белок - 5,2 г/л, эритроциттер - 20-30 к/а, қос спиральды ДНК- ға антиденелер оң.
Көрсетілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША тиімді:
* қанды бактериологиялық себу
* ревмафакторды анықтау
* +кардиолипинге антиденелерді анықтау
* стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау
* урогенитальды инфекцияға иммуноферментті анализ
! Жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындау төмендегілерің қасйсысында БАРЫНША тиімді:
* цитопенияда
* полисерозитте
* люпус-кардитте
* люпус-артритте
*+ люпус-нефритте
! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын ер адамға метилпреднизолонмен пульс терапия жүргізу қажет.
Препараттың қандай мөлшері БАРЫНША тиімді:
* 60 мг
* 120 мг
* 250 мг
*+ 1000 мг
* 5000 мг
! Циклофосфан қабылдайтын жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде лейкоциттер деңгейі 2,9 мыңға дейін төмендеді.
Емдеу тәсілін қалай өзгерткен БАРЫНША тиімді:
* циклофосфанды тоқтату
* циклофосфанды азатиопринмен алмастыру
* циклофосфан мөлшерін төмендетіп, плазмрферез курсын бастау
*+ циклофосфанды тоқтатып, 1,5-2 мг/кг мөлшерде преднизолонды тағайындау
* циклофосфан мөлшерін өзгертпей, оған қосып, преднизолон тағайындау
! Рецидивті артериальды және венозды тромбоз, жүктілікті көтере алмау және тромбоцитопениямен сипатталатын симптомдық кешен, мынаған БАРЫНША тән:
* дерматомиозитке
* жүйелі васкулитке
*+ антифосфолипидтік синдромға
* рецидивтеуші полихондритке
* идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға
! Антифосфолипидті синдромның диагностикасын нақтылауда анықтаған,
БАРЫНША мәліметті:
* Кумбс реакциясын
* Хагеман факторын
* қан ұю уақытын
* протромбин уақытын
* +жегілік антикоагулянтты
! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде сол жақ балтырының бұлшық етінің ауыруы мен ісінуі пайда болды. Троксевазин тағайындағаннан кейін келесі күні ентігу, жөтел, қан қақыру пайда болды. Зерттегенде кардиолипинге антидене титрінің жоғарылауы анықталынды.
Қандай препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді:
* гепаринді
* +варфаринді
* преднизолонды
* дексаметазонды
* циклоспоринді
! Жүйелі склеродермияға БАРЫНША тән:
* антинуклеарлық антиденелер
* қос спиральды ДНК-ға антиденелер
*+ тропоизомеразаға ( SCL–70) антиденелер
* ревматоидты фактор жоғары титрде
* циклдік цитрулиннирленген пептидке антиденелер
! Сілекей, жас бездерінің зақымдануы мына синдромға БАРЫНША тән:
* Фелти
* Стилл
* Рейтер
* Каплан
* +Шегрен
! 26 жастағы әйелді вирусты инфекциядан кейін ірі буындарындағы ауыру сезімі, субфебрилитет, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің төмендеуі, жүдеу мазалайды. Объективті: жүрек шекараларының солға ұлғаюы, жүрек негізінде мойынның тамырларына берілетін систолалық шуыл. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульсацияның күрт әлсіреуі байқалады. Бұл жерде АҚ анықталмайды.
Көрсетілген препаратардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:
* азатиопринді
*+ преднизолонды
* индометацинді
* циклофосфанды
* экстенциллинді
! Вегенер гранулематозының классификациялық критерийлеріне мынаның жатуы
БАРЫНША мүмкін:
* эозинофилия
* полинейропатия
* сипағанда байқалатын пурпура
* ауыспалы ақсау
* +мұрынынан қанды - іріңді бөлінділер
! 65-жастағы ер адам кенеттен басының ауыруы, көзінің, әсіресе оң жағының көру өткірлігінің төмендеуі мен иық-белдеуі бұлшықеттеріндегі ауырсыну, жүдеуге шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Кейін оң жақ бетіндегі ауыру сезімі мен парестезиялар қосылды. Жағдайы ауыр, оң жақ бетін қолымен ұстап, тұрақтандырады. Сипағанда оң самайындағы артерия тығыз, пульсациясы төмендеген. АҚ - 140/30 мм.с.б.б. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Окулист: көру нервінің бөлікті атрофиясы.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
* +Хортон ауруының
* бас миы ісігінің
* түйінді полиартерииттің
* артериялды гипертензияның
* бейспецификалық аортоартерииттің
!. Метотрексатпен базисті ем қабылдап жүрген ревматоидты артритпен ауыратын ер адамда АЛТ - 2,01 ммоль/мл, АСТ - 1,86 ммль/мл.
Қандай дерттің болуы БАРЫНША мүмкін:
* бауыр циррозының
* Фелти синдромының
* майлы гепатоздың
* вирусты гепатиттің
*+ токсикалық гепатиттің
! Остеоартрозда тағайындау Барынша тиімді:
* кальцеминді
* ампициллинді
* индометацинді
* триамцинолонды
* +хондроитин сульфатты
! Остеоартроздың классификациялық диагностикалық критерийлеріне жатуы БАРЫНША мүмкін:
* ЭТЖ-ның айқын жоғарылауы
* буын маңы остеопорозы
* +механикалық сипаттағы ауыру сезімі
* РФ анықтау
* бір сағаттан артық таңертеңгілік құрысу
! 45 жастағы ер адам оң жақ аяғының үлкен башпайының қатты ауыру сезімі, ісінуі, табанның сыртқы бетінің қызаруы, дене қызуының 38оС дейін көтерілуіне шағымданады. Бындардың ауыруытар аяқкиіммен жүргеннен кейін пайда болған. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан-фалангаралық буын аймағының ісінуі мен гиперемиясы, қозғалысы күрт шектелген, құлақ қалқандарында сары түсті, d 2-4 мм болатын ауыру сезімінсіз тері астылық түйіндер. Қанда: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ, СРБ, мочевина -15,0 ммоль/л. ЖЗА: меншікті салмағы - 1014, эритроциттер – 5-7 к/а, ураттар.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* остеоартроздың
* реактивті артриттің
* ревматоидты артриттің
* +подагралық артриттің
* псориаздық артриттің
! 60 жастағы ер адам шынтақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: гиперемиялы, шынтақ буынының аймағы ісінген, қозғалысы шектелген, бұршақ тәрізді тығыз түйіндер. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 100 рет мин. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн, гемоглобин - 150 г/л, лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ -2 мм/сағ. ЖЗА: меншікті салмағы - 1020, лейкоциттер - 4-5 к/а, эритроциттер - 6-8 к/а. Ураттар (+++).
Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу БАРЫНША мәліметті:
* Ваалер-Розе реакциясы
* креатинин деңгейін анықтау
* +қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау
* қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау
* синовиалды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу
! 45 жастағы ер адам сол жақ тізе буынының және оң өкшенің ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады. 1 ай бұрын жедел дизентериядан емделген. Объективті: сол жақ тізе буыны және оң өкше аймғы деформацияланған, терісі гиперемиялаған. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер - 11 мың, ЭТЖ- 26 мм/сағ.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
*+ реактивті артриттің
*сепсистік артриттің
*ревматоидты артриттің
*подагралық артриттің
*ревматикалық қызбаның
! 1 апта бұрын, 20 жастағы ер адамда сол жақ жамбас сан, тізе буындарында ауыру сезімі пайда болды. Объективті: шап лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда сезімтал. Сол жақ тізе буыны деформацияланған, сипағанда ауырады және ыстық. Қанда: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Зәр тұнбасының микроскопиясында лейкоцитурия.
Берілген зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді:
* Ваалер- Розе реакциясын
* СРБ анықтау
* қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау
*+ C. Trachomatis-ке антиденелерді анықтау
* стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау
! Серонегативті спондилоартропатия тобына төменде көрсетілген тірек-қимыл аппаратының барлық аурулары жатады, мынадан БАСҚА:
* Рейтер ауруы
*+ подагралық артрит
* псориаздық артрит
* ювенильді анкилоздаушы спондилоартрит
* идиопатиялық анкилоздаушы спондилоартрит
! Қандай препарат фиброзға қарсы әсер етуі БАРЫНША мүмкін:
* делагилдің
* кризанолдың
* преднизолонның
*+D-пеницилламиннің
* диметилсульфоксидтің
! Креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы мынаған БАРЫНША тән:
*+дерматомиозитке
* ревматоидты артритке
* жүйелі склеродермияға
* түйінді периартериитке
* жүйелі қызыл жегіге
! 18 жастағы студент, 20 күн бұрын ангинамен ауырған, сонан кейін оң жақ, сосын сол жақ тізе буындары ауырған. Екі күннен кейін тізе буындарының ауырғаны басылып, бірақ білезік, тізе-табан буындарында ауыру сезімі қайта басталды. Дене қызуының 38,5 С дейін көтерілгені байқалды. Об-ті: тізе буындары ісінген, гиперемияланған, ауыру сезімді, қозғалысы шектелген. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ – 110 рет/мин. Қанда: лейкоциттер – 11 мың, ЭТЖ – 37 мм/сағ.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы, БАРЫНША мүмкін?
* рейтер ауруы
* реактивті артрит
* ревматоидты артрит
* жедел подагралық артрит
*+жедел ревматикалық қызба
! 10 жастағы бала желшешекпен ауырып, екі аптадан соң қайталап дене температурасы көтеріліп; әлсіздік, ірі буындардағы симметриялы миграцияланатын ауыру сезімі, жазудың өзгеруі пайда болған. Қарап тексергенде: тізе буындары ісіңкі, сипағанда ыстық; жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Қан анализінде: ЭТЖ-55 мм/сағ, СРБ+++, динамикада антистрептолизин-О титрінің жоғарылауы.
Төмендегі препараттардың қайсысы БАРЫНША тиімді?
* кларитромицин
*+преднизолон
* метотрексат
* ибупрофен
* аспирин
! Нейтропения, гепатоспленомегалия, буындардың ауыр зақымдалуы, васкулит, өкпе фиброзы, инфекциялық асқынулардың жоғары қауіпі бар симптомокомплекс БАРЫНША тән:
*+Фелти синдромы
* Вегенер Гранулематозы
* ересектердегі Стилл синдромы
* жедел ревматикалық қызба
* дәнекер тіннің аралас ауруы
! Полиартритпен, полисерозитпен, нефритпен, қанда антинуклеарлы антиденелердің титрі жоғары 40 жастағы әйелді бір апта бойы қарқынды бас ауыруы, көз өткірлігінің төмендеуі, аяқ-қолдың тырысулары, сонымен қатар эмоциональді лабильділік мазалайды. Туысқандарының айтуы бойынша бір реттік эпилептикалық талмалар болған.
Неврологиялық симптомдарды азайту үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* колхицинді
* метотрексатты
* аллопуринолды
* циклоспоринді
*+циклофосфамидті
! Жүйелі қызыл жегімен 23 жастағы әйелді ұзақ уақыт субфебрильді қызба, артралгиялар, айқын әлсіздік мазалайды. Ұзақ уақыт преднизолон қабылдаған. Қарағанда: тері жабындылары және шырышты қабаттары жер-сұр түсті бозғылт, аяқтарында нүктелі геморрагиялық бөртпелер анықталды. Қанда: гемоглобин - 90 г/л, лейкоциттер-20 мың, таяқша ядерлі нейтрофилдер – 12%, ЭТЖ-58 мм/с, СРБ +++. Эхокардиографиялық зерттеуде аортальді қақпақшаның вегетациясы анықталды.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* диклофенак
* преднизолон
*+цефтриаксон
* метронидазол
* норфлоксацин
! 25 жастағы ер адамды, ішінің оң жақ жартысындағы сыздап ауыру сезімі, жиілігі тәулігіне 6-8 рет болатын нәжіс, соңғы 2 жылда 8 кг жүдеу, ірі буындардағы ауыру сезімі, ұзақ мерзімге созылған субфебрилитет мазалайды. Зерттегенде: екі балтырында түйінді эритема, оң жақ мықын аймағында айқын ауыру сезімі байқалады. Қанда: лейкоциттер – 12,6 мың, ЭТЖ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбуминдер - 39%.Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатында саңлаулы терең ойық жаралар анықталды.
Төмендегі кһрсетілген препараттардың қайсысын емге қосу барынша тиімді?
* бускопан
* эспумизан
* азатиоприн
* координакс
*+сульфасалазин
! 42 - жастағы ер адам, оң аяғының 1 табан сүйегінің буындарында кенет пайда болған ұстамалы ауыру сезіміне, бел аймағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 38С дейін жоғарылуына шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,8 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,720 ммоль/л, креатинин - 0,140 ммоль/л, мочевина -15 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1015, белок - 0,9 г/л, гиалинді цилиндрлер - 10 в к/а, зәр қышқылы.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* бүйрек амилоидозының
* зәр-тас ауруының
*+ подагралық нефропатияның
* созылмалы гломерулонефриттің
* созылмалы пиелонефриттің өршуі
! Науқас 29 жаста, қол басы білек, проксимальды фалангааралық буындарының ісінуіне, және ауыру сезімі, осы буындарда түскі уақытқа дейін құрысуына, салмағының азаюына шағымданады. Өзін екінші босануынан кейін бір ай көлемінде аурумын деп санайды, тұрғылықты мекен жайы бойынша терапевтке қаралған, ҚҚСЕП (НПВП) ұсынылған, антибактериальды терапия әсері онша жоқ. Науқас айтуы бойынша буындық синдромының үдеуі түрінде жағдайының нашарлауы бір апта көлемінде: тізе буынының артриті қосылып, 39 градусқа дейі дене қызуы көтерілді, ПМФС,ПФС түйіндер пайда болды, пальпация кезінде ауру сезімсіз. Лабораторлы көрсеткіштер: ЖҚА– ЭТЖ-50 мм/сағ, РФ – оң, АЦЦП – оң.
Берілген клиникалық жағдайда тері белгілерінің пайда болуының БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз:
*+Ревматоидты артрит
* Түйінді периартериит
* Жүйелі склеродермия
* Псориатический артрит
* Идиопатиялық дерматополимиозит.
! 68 жасар әйел терапевтке осыдан ғ жыл бойы мазалап келген 10 минут шамасындағы таңергеңгі құрысуға, тізесіндегі старттық ауру сезімі мен крепитацияға шағымданып келді. Объективті қарағанда: тәзе буындарының Х-тәрізді деформациясы, қимыл кезінде ондағы крепитация, ал гиперемия мен ісік жоқ. Қан мен зәр анализдері патологиясыз.
Осы клиникалық жағдайдағы артритке әкелген ең ықтимал себеп қайсысы?
* Реактивті артрит
* Туберкулезді артрит
* Жүйелі склеродермия
*+Остеоартроз
* Псориатикалық артрит
! 20 жасар ер адамды екі жыл бойы периодты, ал соңғы жылдары жиілеп кеткен оң жамбас буындағы ауру сезімі мазалайды. Науқас оң аяғына ақсап жүреді, қарап тексергенде оң аяғының бұлшықеттері атрофияланған, Фабере тесті оң. Анамнезірде 15 жасында өкпе туберкулезімен ауырған. Анализдерінде Эр-4,5х 1012/л, Лейк-10,0*109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жамбас буынының рентгенографиясында буын сағылауы тарылған, айқын буынмаңы остеопорозы, сүйек тығыздалғын, сүйек балкалары арасында жоғалған және ағару сызығы анықталады.
Осы клиникалық жағдайдағы артритке әкелген ең ықтимал себеп қайсысы?
* Реактивті артрит
*+Туберкулезді артрит
* Жүйелі склеродермия
* Остеоартроз
* Псориатикалық артрит
! 30 жасар әйелді қолбасының ұсақ буындарының ауруы, қимылының шектелуі мен таңерьеңгі 30 минутқа дейінгі құрысу мазалайды. Қарап тексергенде қолбасының латеральді девиациясы мен 3 саусақтарының "аққу мойны" тәрізді деформацияланған. Қолбасы рентгенінде: буын саңылауының симметриялы тарылуы, буынмаңы остеопорозы. Анализдерінде: ЭТЖ-35мм/сағ, АНА, Sm-антигені- оң.
Осы клиникалық жағдайдағы артритке әкелген ең ықтимал себеп қайсысы?
* Ревматоидты артрит
* Бруцеллезді артрит
* Крон ауруы кезіндегі артрит
*+Жүйелі қызыл жегі
* Подагра
! 30 жасар ер адам дәрігерге сол тобығының ауруы, ісінуі мен қимылының шектелуіне шағымданып келген. Сонымен қатар жиі дәрет пен нәжісінің қанаралас болып келуі мазалайды. Қарап тексергенде, сол тобығы гиперемияланған жіне ондағы қимыл-өозғалыс шектелген.
Осы клиникалық жағдайдағы артритке әкелген ең ықтимал себеп қайсысы?
* Ревматоидты артрит
* Бруцеллезді артрит
*+Крон ауруы кезіндегі артрит
* Жүйелі қызыл жегі
* Подагра
! 27 жасар ер адам жүрген кезінде табандарындағы ауру сезімі мен оң тізесінің ісініп ауруына шағымданады. Анамнезінде 3 апта бұрын кафеде ас қабылдағаннан кейін іші өткен. Анализдерінде: Лейк-12,0*109/л, ЭТЖ 25мм/сағ, АСЛО 200Ед/мл? нәжіс анализі патологиясыз. Пальпация кезінде ахилл сіңірі ауру сезімді.
Осы клиникалық жағдайдағы артритке әкелген ең ықтимал себеп қайсысы?
*+Реактивті артрит
* Туберкулезді артрит
* Жүйелі склеродермия
* Остеоартроз
* Псориатикалық артрит
! 25 жасар науқас физикалық жүктеме кезінде азаятын беліндегі қозғалысының шектелуіне, өкше маңындағы ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: омыртқада қоғалыс шектелмеген, анализдерінде патологиялық өзгерістер жоқ.
Осы клиникалық жағдайға зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?
* Бактериологиялық зерттеумен буын пункциясы
* Буын рентгенографиясы
* Буын УДЗ
*+Буын МРТ
* Буын КТ
! Терапевтке 72 жасар әйел механикалық сипаттағы тізе буындарындағы ауыру сезіміне, ондағы крепитацияға, 15 минутқа дейін болатын таңертеңгілік құрысуға шағымданып келді. Берілген шағымдар 7 жылдан астам мазалайды. Объективті: тізе буынның варусты деформациясы, қимылдағанда ондағы крепитация, гиперемия және ісіну жоқ. Қан және зәр анализінде патология жоқ.
Осы клиникалық жағдайға зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?
* Бактериологиялық зерттеумен буын пункциясы
*+Буын рентгенографиясы
* Буын УДЗ
* Буын МРТ
* Буын КТ
! 17 жасар жасөспірім суықтап қалған соң, шынтақ және тізе буындарындағы ауыру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 39,0 С көтерілуіне, әлсіздікке шағымдана бастады. Қарағанда: науқас оң қолымен еріксіз қимылдар жасайды, ашуланшақ. Оң тізе буыны ісінген, ұстағанда ыстық, ондағы қимылы ауыру сезімді.
Осы клиникалық жағдайға зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?
* Қалқанша без гормондары
*+Антистрептолизин-О
* Циклдік цитруллинирленген пептидке антиденелер
* Артроскопия
* Уретрадан мазок
! 20 жасар ер адамды соңғы алты айда кезеңді түрдегі жамбас сан буындарындағы, белдегі шектеулі ауыру сезімі мазалайды. Объективті: бел лордозының тегістелуі. Анализдерде ЭТЖ 28 мм/с. Пальпация кезінде мықын сүйектері қанат тәрізді өсінді аймағының ауыру сезімі бар. Өздігінен уақытша оң әсер болуымен СЕҚҚП қабылдайды.
Осы клиникалық жағдайға ҚАНДАЙ ПРЕПАРАТТЫ тағайындаған барынша қажетті?
* Хондроитин сульфат
* Фолий қышқылы
* Натрий диклофенак
* Мофетил микофенолат
*+Сульфосалазин
! 68 жасар әйел 5 жыл көлемінде мазалап келетін тізе буындарындағы крепитация және старттық ауыру сезім, 10 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысу шағымдарымен терапевтке келді. Объективті: тізе буындарының Х-тәрізді деформациясы, қимылдағанда ондағы крепитация, гиперемия және ісіну жоқ. Зәр және қан анализінде патология жоқ.
Осы клиникалық жағдайға ҚАНДАЙ ПРЕПАРАТТЫ тағайындаған барынша қажетті?
*+Хондроитин сульфат
* Фолий қышқылы
* Натрий диклофенак
* Мофетил микофенолат
* Сульфосалазин
! Науқас К., 7 жаста, вирусты паротитпен ауырған. 2 айдан кейін баланың анасы балада 3 кг салмақ жоғалтқанын, түнгі энурез, тез шаршағыштық пайда болғанын байқады. Объективті: бала арықша, терісі құрғақ қасу іздерімен, қандағы қант -12 ммоль/л.
Клиникалық жағдайға арналған гипергликемияның БАРЫНША мүмкін себебін анықтаңыз?
* Стероидты диабет
*+1 тип қант диабеті
* 2 тип қант диабеті
* MODY-диабет
* Глюкозаға толеранттылық бұзылысы
! Науқас Л., 44 жаста артық салмаққа, жоғарғы шаршағыштыққа, кейде тамақтан кейін күшейетін оң қабырға астындағы ауру сезіміне, АҚ көтерілуіне шағымданады. Әкесі мен анасы 1-2 дәрежелі семіздікпен ауырады. Объективті: бойы - 168 см, дене салмағы - 96 кг. Тері асты май қабаты тегіс жайылған. Жүрек тондары әлсіз. Пульс - 78 рет мин., ритмді. АҚ - 145/90 мм.сб.б. Зерттегенде: глюкозамен күштеме тесті: ашқарында – 5,6 ммоль/л, 2 сағаттан кейін – 8,0 ммоль/л, холестерин -8,8 ммоль/л, триглицерид - 2,8.
Клиникалық жағдайға арналған гипергликемияның БАРЫНША мүмкін себебін анықтаңыз?
* MODY-диабет
* Гестационды диабет
*+Метаболикалық синдром
* Панкреатогенді диабет
* Синдром Сомоджи
! 27 жастағы жүкті әйелде екі рет ашқарында гликемия деңгейін тексергенде: 7,9 және 10,9 ммоль/л көрсетті. Анамнезінде: бұрын гликемия жоғарылауы байқалмаған.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
* Синдром Сомоджи
*+Гестационды диабет
* 2 тип қант диабеті
* Панкреатогенді диабет
* Глюкозаға толеранттылық бұзылысы
! 18 жасар науқаста 3 ай бойы ауыз құрғауы, шөлдеу байқалады. Дене салмақ индексі -25%. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары ылғалды. Гликемия ашқарында 8-10 ммоль\л, тамақтан кейін – 8-12 ммоль\л.
Клиникалық жағдайға сәйкес диагностиканың БАРЫНША ақпаратты әдісін таңдаңыз?
* С –пептид деңгейі
* Микроальбуминурияға тест
* Плазма осмолярлығын анықтау
* Молекулярлы-генетикалық зерттеу (ПЦР)
*+ Аралшық жасушаларына антидене анықтау
! 53 жастағы науқас жарты жыл бойы әлсіздікке, тәбеті жақсы болса да арықтауға, жиі зәр шығаруына, тері қышуына шағымданады. Фурункулезден ем алды. Тексерілмеген. Объективті: дене бітім арық, терісі құрғақ, қасыну іздері. Қолтық астында ұсақ лимфотүйіндер пальпацияланады. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ.
Клиникалық жағдайға сәйкес диагностиканың БАРЫНША ақпаратты әдісін таңдаңыз?
*+ Қандағы қант анализі
* С –пептид деңгейі
* Плазма осмолярлығын анықтау
* Лактатқа қан анализі
* Аралшық жасушаларына антидене анықтау
! Науқас 57 жаста 2 тип қант диабетімен 18 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапия алады. Шағымдары: беті мен аяғында ісіну, тыныштықта ентігу, тері қышуы, жүрек айнуы және құсу, аз зәр шығару. Об-ті: есі анық, сұрақтарға қиналып жауап береді. Тері жабындылары жер түстес, құрғақ, қасыну іздері. Өкпесінде әлсіз тыныс. Жүрек тондары тұйық, ритмді. АҚ-170\100 мм. с.бб. ЖСЖ-88 рет\мин. Диурез 0,3 л\тәулігіне шамасында.
Клиникалық жағдайға сәйкес диагностиканың БАРЫНША ақпаратты әдісін таңдаңыз?
* С –пептид деңгейі
* Лактатқа қан анализі
* Микроальбуминурияға тест
* Глюкозаға толеранттылық пероральды тесті
*+ Қандағы креатинин мен мочевина деңгейін анықтау
! Гинеколог қабылдауына 60 жастағы әйел адам шап аралықтағы қышыну сезіміне шағымданып келді. Созылмалы панкреатитпен 7 жыл көлемінде ауырады. Артық салмақпен, дене салмағы 102 кг, бойы 158 см. Шап лимфотүйіндері 0,8 см ге дейін ұлғайған. Терісінде қасыну іздері бар. Гликемиялық профиль: 9,7-14,9-12,3 ммоль/л.
Берілген клиникалық жағдайға БАРЫНША мүмкін емдеу тактикасын таңдаңыз?
* Тиоктацид (α-липой қышқылы)
* Сульфонилмочевина препараттары
* 0,45% натрий хлорид ерітіндісі
* Статиндермен терапия тағайындау
*+Бигуанидтер
! Науқас 53 жаста жарты жыл ішінде пайда болған әлсіздікке, тәбеті жақсы болса да арықтауға, жиі зәр шығаруға, қышыну сезіміне шағымданады. Тексерілмеген. Объективті: дене бітімі арықша. Тері жабындылары құрғақ, қасыну іздері. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ. Гликемия – 10,1 ммоль\л.
Берілген клиникалық жағдайға БАРЫНША мүмкін емдеу тактикасын таңдаңыз?
* 40% глюкоза ерітіндісін к/т ағызып
* 4% натрий бикарбонат ерітіндісі
*+ Сульфонилмочевина препараттары
* Инсулинотерапия
* Артық салмақтан арылу.
! 52 жастағы ер адам сопор жағдайында жеткізілді. Туыстарының сөзі бойынша бірнеше күн бойы құсу, көп мөлшерде сұйық стул, сосын тартылу сезімдері байқалған. Қарап тексергенде: тері мен шырышты қабаттардың айқын құрғақтығы. Бет пішіні үшкірленген. Екі жақты нистагм, бұлшықет тонустарының жоғарлығы. АҚ – 80/40 мм с.бб., пульс -112 рет мин. Зерттегенде: гликемия – 65 ммоль/л, натрий – 190 ммоль/л, калий – 6,8 ммоль/л, осмостық қысым – 450 мосм/л, лейк – 12,0 мың.
Берілген клиникалық жағдайға БАРЫНША мүмкін емдеу тактикасын таңдаңыз?
* Тиоктацид (α-липой қышқылы)
* Сульфонилмочевина препараттары
*+0,45% натрий хлорид ерітіндісі
* Статиндермен терапия тағайындау
* Бигуанидтер
! Науқас А., 35 жаста реанимация бөлімшесіне ессіз түрде жеткізілді. 1 тип қант диабетімен 5 жыл көлемінде ауырады. 24 Б таңертең және 18 Б кешке инсулин қабылдайды. Жақын аралықта өзін қанағаттанарлық сезіп жүрді. Таңертең әйелі ессіз жатқанын байқады. Объективті: терісі ылғалды, аяқ-қолдарының бұлшықет тонустары жоғары. Көз алмасының тонусы жоғары. Пульс - 96/мин., АҚ - 120/80 мм с.бб. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Тынысы везулярлы. ТЖ 16 рет мин. Тілі ылғалды. Менингеалды симптомдар жоқ. Гликемия – 2,7 ммоль\л.
Берілген клиникалық жағдайға БАРЫНША мүмкін емдеу тактикасын таңдаңыз?
*+40% глюкоза ерітіндісін к/т ағызып
* 4% натрий бикарбонат ерітіндісі
* ААФ ингибиторлары
* Инсулинотерапия
* Тиоктацид (α-липой қышқылы)
