Терілік синдром (21)
! 45 - жастағы ер адам қалтырау, фебрильді қызба, жөтел, қан түкіру, буындары мен бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде шиқан жиі мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі «сүт қосқан кофе» тәрізді, аяғында – таңбалы бөртпелер, саусақтары «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәрізді. Тексерген кезде: эритроциттер - 2,9 х 1012/л, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпесінде «сына тәрізді» көлеңке.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау барынша тиімді?
* бронхоскопияны
* сцинтиграфияны
* +эхокардиографияны
* буындардың рентгенографиясын
* өкпенің компьютерлік томографиясын
! 30 жастағы ер адам инъекциялы наркоман, қызбаға, қалтырауға, қатты тершеңдікке, денедегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: терісі сарғыш-бозғылт, дене температурасы 390С, жабысқақ тер. Кеуде клеткасының алдыңғы бетінде геморрагиялы петехиальды бөртпелер, тырнақ астында сызықты геморрагиялар, білек және табанның ұсақ буындарының ассиметриялық ісінуі және гиперемиясы. Қаннан ішек таяқшасы себілді.
Аталған антибактериальды препараттардың қайсысы таңдамалы препарат болып табылады?
*+Имипинем
* Флуконазол
* Ванкомицин
* Цефтриаксон
* Бензилпенициллин
! 19 жастағы темір дәнекерлеуші әйел, 39оС дейінгі қызба, тамағындағы ауыру сезімі, жөтел, бетінің қызаруына шағымданады, бұны өзі дәнекерлеу кезіндегі күйікпен байланыстырады. Өздігінен ампициллин, парацетамол қабылдаған. Объективті: бетінің ісінуі мен гиперемиясы. Кеудесінде, арқасында эритематозды папулезді бөртпе. Лимфоаденопатия. Афтозды стоматит. Шаштарының түсуі. Жүрегі ұлғайған, үндері тұйықталған. АҚҚ - 150\90 мм. с.б.б., ЖЖЖ мин – 110 рет. Гепатомегалия. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн, гемоглобин - 100г/л, лейкоциттер - 3 мың, ЭТЖ – 40 мм/сағ. ЖЗА: белок - 0,9 г/л, эритроциттер 1-8 көру алаңында.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
* иерсиниоздың
* агранулоцитоздың
* дәрілік аурудың
* аллергиялық дерматиттің
*+ жүйелі қызыл жегінің
! 30 жастағы әйелде тұмаудан кейін бұлшық еттеріндегі ауыру сезімі, бұлшық еттерінің әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеден кейін ентігу, дауыстың маңқалығы, дисфагия пайда болған. Объективті: ебедейсіз жүріс, периорбитальды ісік (көзілдірік симптомы), бетінде, мойнында декольте аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда иық, сан белдеулеріндегі бұлшық еттердегі ауыру сезімі және қимыл белсенділігінің шектелуі байқалады. Жүрек шекаралары ұлғайған, үндері тұйықталған. ЖЖЖ -100 рет мин. АҚҚ 140/90мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн, гемоглобин – 110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ - 66 мм/сағ.
Қандай көрсеткішті анықтау БАРЫНША мәліметті:
* ЭТЖ
* +креатинфосфокиназаны
* ревматоидты факторды
* С -реактивті протеинді
* қос спиральды ДНК- ға антиденелерді
! 19 жасар ер балада 4 жыл бұрын оң табанның үстіңгі беткейіні пигменті жоғалып, әрі қарай жамбасы мен балтырына жайылған. Кейін жүрек тұсында ауыру сезімі пайда болды. Об-ті: табаны, балтыры және жамбасының терісі жабындысында гипопигментация, атрофия, тығыздану анықталады. Сол аяғында гиперпигментация ошақтары бар. Өкпесінде тынысы күшейген, сол өкпенің базальді бөлігінің артқы беткейінде алған шыңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Қанда: лейк- 4,2 мың, эр – 3,5 млн., Нв – 129 г/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* эозинофильді фасциттің
* +жүйелі склеродермияның
* шектелген скеродермияның
* нейродермитпнен бронхиальді демікпенің
* атопиялық дерматиттпен бронхиальді демікпенің
! Көрсетілген жүйелі васкулиттердің қайсысында антинейтрофильді цитоплазмалық антиденелерге сынама оң болуы БАРЫНША мүмкін?
* Кавасаки ауруында
* Такаясу артеритінде
* +Вегенер гранулематозында
* Шенлейн-Генох ауруында
* облитирлеуші тромбоангиитте
! Созылмалы жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелді объективті зерттегенде: терісі жұқа, ұстағанда жылы, боз, құрғақ және суреті қою-мрамор сипаттас; ішінде, иықтарында қызыл-көк түсті созылған сызықтары байқалады; айқын теріасты шел қабаты бет, кеуде және омыртқаның мойын аймағында жақсы жайылған, тобығы ісіңкі.
Науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының дамуы БАРЫНША мүмкін?
* семіру
* нефропатия
* терілік васкулит
*+Иценко-Кушинг синдромы
* гипоталамикалық синдром
! 43 - жастғы әйел терісінің құрғауы, іш қату, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде созылмалы гайморит. Бойы - 168 см, салмағы - 92 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасы шекаралары айқын емес. Беті ісіңкі, ЖЖЖ - 60 рет мин. АҚ - 80/60 мм с.б.б. Қанда: Нв - 75 г/л, қандағы глюкоза - 3,5 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.
Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
*+Т3, Т4, ТТГ зерттеу
* Реберг сынамасын жүргізу
* қандағы холестеринді зерттеу
* Нечипоренко сынамасын жүргізу
* глюкозаға толеранттылықты зерттеу
! Пациентте шөлдеу, полиурия және сусыздану белгілері. Гликемия барлық сағаттарда қалыптыдан жоғарыламайды, гиперазотемия жоқ. Зәр реакциясы ацетон мен глюкозаға теріс. Тәуліктік зәрдің меншікті салмағы 1000,0-1004,0-1007,0.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
*+қантсыз диабеттің
* диабеттік нефропатияның
* туа біткен өзекшелік синдромның
* созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің
* бүйрек үсті безінің созылмалы жетіспеушілігінің
! Қант диабетімен ауыратын әйелдер кеңесіне жүкті әйел физикалық жүктемеден кейін, ұстама тәрізді іштің төменгі бөлігендегікезеңді ауру сезіміне шағымданып келді. 7Жүктілік 28-29 апта. 14 бірілк инсулин қабылдайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ-80 рет мин. АҚ-110/60 мм сб.б. Қандаға қант-10 ммоль/л, зәрдегі қант - 0,5%.
Босану кезінде қандай жүргізу тәсілі БАРЫНША тиімді?
* бигуанидтерді тағайындау
*+жай инсулинге өту
* тиазолидиндиондарды қосу
* сульфонилмочевина дәрілерін қолдану
* ұзартылған инсулинді тағайындау
! 18 - жастағы науқас, терідегі бөртпелерге, буындарының ұшпалы ауыруы, ішінің ауыру сезімі, түсі қара нәжіс, қызбаға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: аяғында басқанда жойылмайтын папуллезді-геморрагиялық бөртпелер. Буындары өзгермеген. Іші ауырмайды, жұмсақ, кей жерінде аздаған ауыру сезімі. Қанда: лейкоциттер – 12,8 мың, тромбоциттер – 420 мың, ЭТЖ – 21 мм/сағ, гиперальфа-2 және гаммаглобулинемия, фибриноген – 5,2 г/л. Коагулограмада – гиперкоагуляция.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
* Верльгоф ауруының
* Виллебранд ауруының
* Рандю-Ослер ауруының
*+Шенлейн-Генох ауруының
* Казабах-Меррит ауруының
! 19 - жастағы жас жігіт, қызба, іш аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі, буындарының ауруы, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: балтыр терісінде басқанда кетпейтін паппулезді-геморрагиялық бөртпе. Іші жұмсақ, кіндік аймағында ауыру сезімі бар. Қан анализинде: лейк – 13,2 мың, тромб – 386 мың, ЭТЖ – 27 мм/сағ, гипер-α2 және γ-глобулинемия, фибриноген – 6,4 г/л. Коагулограммада – паракоагуляциялық сынамалар оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Кули ауруының
* Верльгоф ауруының
* Виллебранд ауруының
* Рандю-Ослер ауруының
*+Шенлейн-Генох ауруының
! Науқас 15 жаста, шағымдары: шап және тізеасты бүгілу аймағында, іштің төменгі бөлігіндегі және белдегі бөртпелер. Қарау кезінде: теріде– геморрагиялық дақтар, сызықтар, геморрагиялық негізбен экссудативті элемент. Бөртпе аймағында қара қабықты көруге болады - ол тері инфаркты.
Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* Базедов ауруы
* Гудпасчера синдромы
* Шенлейн - Генох васкулиті
*+Аллергиялық васкулиттер
* Аутоиммунды гемолитикалық анемия
! 5 жасар қыз ауруханаға жедел түрде түсуде, анасының айтуы бойынша шағымдары: аяқтардағы, бөкседегі бөртпелер, бұл жағдай тез дамыған. Осыған дейін ЖРВИ-мен ауырған. Қарау кезінде: денедегі бөртпелер сипаты бойынша – папулезді - геморрагиялық бөртпелер, күлдіреуіктерімен, басқан кезде бөртпе сол қалпында қалады.
Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* Базедов ауруы
* Гудпасчера синдромы
* Аллергиялық васкулиттер
* Аутоиммунды гемолитикалық анемия
*+Шенлейн- Генох васкулиті
! Науқас 58 жаста, шағымдары: тізе және білек буындарының ауырсынуы және құрысуы, гиперпигментация, аяқ пен қолдың тоңуы. Қарау кезінде: дене терісінің қалыңдауы. Кеуде қуысының рентгенографиясы: өкпе тінінің фиброзды өзгерістері.
Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* Рандю-Ослер ауруы
* Ревматикалық қызба
*+Жүйелі склеродермия
* Ілмектік полиартериит
* Субсепсис Висслера-Фанкони
! Науқас 50 жаста, шағымдары: оң қабырға астындағы ауырсыну сезімі мен ауру сезімі, дене температурасының жоғарылауы, айқын әлсіздік, тері қышуы. Қарау кезінде: тері қабаттарының айқын емес сарғаюы, бет, мойын, қол терісінің телеангиоэктазиялары, бауыр (гепатомегалия) және көкбауыр (спленомегалия) ұлғаюы.
Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* Витилиго
* Цирроз печени
* +Аутоиммунды гепатит
* Аутоиммунды нейтропения
* Біріншілік билиарлы цирроз
! Науқас 60 жаста, шағымдары: көздің құрғау сезімі, бөгде затты сезіну (құм), ашу, қышу, ауруы, таңертеңгілік көзді ашудың қиындауы, сілекейдің азаюы, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, тізе және табандағы бөртпелер. Қарау кезінде: геморрагиялық васкулит типті бөртпелер, құрғақ кератоконъюнктивит түріндегі ксерофтальмия, құлақмаңындағы, төменгі жақастылық бездер ұлғайған.
Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* Бехчет ауруы
* Жүйелі қызыл жегі
* +Шегрен Синдромы
* Тромбоцитопениялық пурпура
* Шашыранды(рассеянный) склероз
! Науқас 45 жаста, шағымдары: қабыршақтанатын папула тәрізді терідегі бөртпелер. Бірнеше жылдар бойы ауырады, ұзақ уақыт антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, В тобының витаминдерін қабылдаған. Қарау кезінде: теріде шекаралары бар, қызғылт түсті, қалыңдауға бейім, тегіс қабынған папулалар, папулардың үстінде құрғақ, майда, ақшыл түсті қабыршақтар бар.
Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* +Псориаз
* Витилиго
* Аутоиммунды гепатит
* Біріншілік билиарлы цирроз
* Аутоиммунды нейтропения
! Науқас К, 17 жасар, қол басы ұсақ буындарының ауыру сезімі, 1 ай көлеміндегі қызбаға, бұлшықет әлсіздігі, салмағының төмендеуі, бұлшықет әлсіздігі шағымдарымен облыстық аурухананың қабылдау бөліміне келіп түсті. Науқас анасының айтуы бойынша Турцияда дем алу кезінде бетінің терісінде айқын емес эритема пайда болып, тәбеті төмендеп, жалпы әлсіздік пайда болды. Тексеру барысында нефротикалық синдроммен бүйрек зақымдалуы, лейкопения, орта дәрежедегі анемия, АНА оң белгілері пайда болды.
Берілген клиникалық жағдайда тері белгілерінің пайда болуының БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз:
* Стилл синдромы
*+Жүйелі қызыл жегі
* Геморрагиялық васкулит
* Криоглобулинемиялық васкулит
* Идиопатиялық дерматополимиозит.
! Студент 17 жасар, өткерген баспадан кейін тізе буындарында ісіну және ауыру сезімін айтады, кейіннен іш аймағында ауыру сезімі, аяқ терісінде басқанда жоғалмайтын, қосылуға бейім ұсақ нүктелі бөртпелер қосылды, студенттік ауруханадағы терапевтке барды, ары қарай тексеру өткізу ұсынылды: ЖҚА – ЭТЖ – 25 мм/чсағ, ЖЗА –патологиясыз, СРБ - ++++, РФ – теріс, В және С вирусты гепатит маркеры– теріс, АСЛ-О – 350 МЕ/мл, тізе буындарының рентгенографиясы –артрит белгілері.
Берілген клиникалық жағдайда тері белгілерінің пайда болуының БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз:
* Стилл синдромы
* Жүйелі қызыл жегі
*+Геморрагиялық васкулит
* Криоглобулинемиялық васкулит
* Идиопатиялық дерматополимиозит
! Науқас А, 38 жасар, 15 жыл көлемінде ревматологта қаралады: саусақтарының некроздық өзгерістеріне дейін болатын Рейно синдромы, жұтудың бұзылуы, өкпе гипертензиясы, қол саусақтарының бүгілуінің қиындауы, қол басы аймағы терісінің тығыздалуы, фаланга ұштарының лизисі әсерінен саусақтарының қысқаруы . Қарағанда: беті маска тәрізді, «кисет» симптомы. Тері жабындылары: қалыпты жағдайда, гипер және депигментация ошақтары, қатпарға қиын жиналады. Қол басы терісінің атрофиясы, склеродактилия.
Берілген клиникалық жағдайда тері белгілерінің пайда болуының БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз:
* Ревматоидты артрит
* Түйінді периартериит
*+Жүйелі склеродермия
* Псориатический артрит
* Идиопатиялық дерматополимиозит.
