Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДМ тест.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

Талма синдромы (23)

! Реанимация бөлімшесіне 55 - жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖЖЖ - 35 рет мин. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭКГ- тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет мин., қарыншаның жиырылу жиілігі 30-35 рет мин., QRS комплекстері-0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркты диагнозы қойылған.

Науқаста қандай асқыну дамуы, барынша мүмкін?

* кардиогенді шок

* идиовентрикулярлы ырғақ

* синоаурикулярлы бөгеме

* +толық атриовентрикулярлы бөгеме, МЭС ұстамаларымен

* ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме, Венкебах кезеңімен

! 27 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауыру сезімі және естен тануға шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. Тропонин Т өзгермеген.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген БАРЫНШАмәліметті:

* эхокардиографияны

* вентрикулографияны

* коронароангиографияны

* электроэнцефалографияны

* +ЭКГ тәуліктік мониторлауды

! 34 - жастағы ер адам, басының ауыруы, айналуы, қысқа уақытқа созылатын есінен тану ұстамасына шағымданады. Об-ті: жүрек негізінде, төстің оң жақ шетінде, систола ортасында айқын дыбысты, қатаң систолалық шуыл естіледі. Шуыл мойын тамырларына беріледі. Вальсальва сынамасы кезінде шуыл азайып, дем алған кезде өзгеріссіз қалады. ЭКГ-сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.

Төмендегі емдеу шараларының қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

* медикаменттік емді

* митральды комиссуротомияны

* үш жармалы қақпақшаның пластикасын

* +аорталық қақпақшаны протездеуді

* митральды қақпақшаны протездеуді

! 14 айлық қыздың анасы қызының синкопе эпизодтарының бар болуына шағымданады. Анасының айтуы бойынша қызы қатты жылағанда көгеріп, «жылауға кетеді»,апное пайда болып, кейде тырысулары болатын қысқа уақытқа естен тануы пайда болады. Ұстамалардан кейін қыздың жағдайы жақсарады. Апное және синкопе кезінде Холтермен тексергенде брадикардия анықталды. Ашнер-Данини окуло-кардиальды рефлексін жүргізгенде балада үш секундқа созылатын паузаға алып келеді.

Суреттелген синкопальды жағдайдың барынша пайда болу генезі қандай?

*Катехолэргиялық

* Ортостатикалық

* Метаболикалық

*+Вазовагальды

* Психогенді

! 12 жасар қыз жылына 2-ден 4 ретке дейін болатын естен тануға шағымданады. Естен танудан бұрын қыз әлсіздік, көздің қарауытуын сезеді. Естен тану көбіне тар бөлмеде болғанда, қан көргеннен кейін, ұзақ уақыт ортостаз болғанда пайда болады. Нашатырлы спирт иіскегеннен кейін немесе өздігінен өзіне өзі келеді. Кейде отырып қалса естен тануын алдын алуы мүмкін. Стандартты ЭКГ және холтерлік мониторлеу кезінде синусты брадикардия анықталды.

Науқаста естен танудың генезі қандай?

*+Аралас

* Аритмогенді

* Вазодепрессорлы

* Кардиоингибиторлы

* Цереброваскулярлы

! Туа пайда болған толық атриовентрикулярлы бөгемесі бар 9 жасар қыз далада ойнап жатқанда есін жоғалтып алды. Бұрынырақта шағымдары болмаған.

Балаға қандай емдік шараларды жүргізу тиімдірек?

* Седативті препараттарды тағайындап, динамикада бақылау

* Инвазивті электрофизиологиялық зерттеу

* +Электрокардиостимулятор имплантациясы

* Үйде қарау, ЭКГ бақылау

* Бета-блокаторларды тағайындау

! 33 жастағы науқас Ж., кардиологиялық бөлімшеге есінен танумен жүретін жүрек қағысына шағымданып жеткізілді.Об-ті: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ – 88 мин. АҚҚ – 90/60 мм. с.б.б. ЭКГ: STV2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ болып табылады?

* Ұйқы артериясының ультрадыбыстық допплерлік зерттеуі

* Бас миының магнитті-резонансты томографиясы

* +ЭКГ Холтерлік мониторлеу

* Коронароангиография

* Эхокардиография

! 73 жастағы ер кісі, 2 жыл бұрын жайылмалы миокард инфарктын алған, кезеңдік бас айналуына, есінен тануына, кенеттен пайда болған жүрек соғысының жиіленуіне шағымданады. Тәуліктік ЭКГ мониторлеуінде синусты брадикардия фонында қарыншаүстілік тахикардияның және өтпелі синоатриальді блокаданың дамуы анықталды.

Науқаста көрсетілген патологияның қайсысы БАРЫНША дамуы мүмкін?

* Синусты брадикардия

* Синоатриальді блокада

* +Синус түйінінің әлсіз синдромы

* Тахикардии - брадикардии синдромы

* Суправентрикулярлы тахикардия пароксизмі

! 4 жыл бойы қант диабетімен ауыратын 16 жастағы қыз бала инсулинтерапиясын алады. Дене шынықтыру сабағы кезінде есінен танып, қысқа мерзімдік тырысулар болды. Терісі ылғалды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* гиперосмолярлы кома

* лактацидозды кома

* кетоацидозды кома

*+гипогликемиялы кома

* жедел өкпе-текті жүрек жетіспеушілігі

! 27 жастағы ер адам ессіз жағдайда қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Іштің алдыңғы бетінде егу іздері бар. Қарап тексергенде: жүдеу, тері жабындысы ылғалды. Бұлшықеттер тонусы жоғарылаған. Қарашықтары кеңейген, жарыққа тітіркенбейді. Тілі ылғалды, алқызыл түсті. Тыныс шығарғанда ерекше иіс жоқ. Тынысы бір қалыпты - 24 рет мин. Пульс 105 рет мин. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз. Қанда: лейкоциттер – 8,6 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы – 1029, лейкоциттер – 10-12 к/а, белок жоқ.

Төмендегі комалардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* бауырлық

* гиперосмолярлы

* кетоацидозды

* лактацидозды

* +гипогликемиялы

! 14 жасар қызды әсіресе тәуліктің бірінші жартысында, тамақтан кейін, ортостазда үнемі пайда болатын талма тәрізді сезімдер мазалайды. Бас айналу, айқын әлсіздік, жүрек айну, көзінің бұлдырауы қосарласып жүреді.

Көрсетілген синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

* Аорта коарктациясы

* Ортостатикалық талма

* Вазовагальды талма

* Аритмогенді талма

*+ Жағдайлық талма (постпрандиальды гипотензия)

! 1,5 жасар қыздың анасы қызында талма эпизодтарының пайда болуына шағымданады. Қатты жылағанда қыз көгереді, апное және тырысулар пайда болып, қысқа уақытқа есінен талады. Талмадан кейін қыздың жағдайы нашарламайды. Апное және синкопе кезінде холтерлік зерттеу барысында брадикардия тіркелді. Ашнера-Данини окуло-кардиальды рефлексі балада үш секундтан көп паузаға алып келеді

Көрсетілген синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

* Инфаркт миокарды

* Цереброваскулярлы талма

*+Вазовагальды талма

* Аорта аневризмасының сылынуы

* Жағдайлық талма (постпрандиальды гипотензия)

! 35 жасар ер адамды кейде болатын ангинозды ауру сезімдер және ентігу, айқын бас айналу мазалайды. Соңғы айда үш рет физикалық жүктеме кезінде талма болды. Анамнезінде жиі баспа, жастық шақта жедел ревматикалық қызба бойынша ем алған. Об-ті: жүрек аускультациясында оң жақтан 2 қабырғааралықта барлық систоланы алатын, айқын дөрекі систолалық шу естіледі; шу мойын қантамырларына және жауырын арасына беріледі.

Көрсетілген синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

*+ Аорта саңылауының стенозы

* Аралас талма

* Вазовагальды талма

* Аритмогенді талма

* Цереброваскулярлы талма

! Вена ішіне инъекция кезінде 14 жасар балада тері жабындыларының айқын бозаруы, гипергидроз, тонико-клоникалық тырысулар және пульсінің жоғалуымен талмалық жағдай пайда болды. Науқасқа клиножағдайды келтірген соң талма 50–60 сек. кейін басылды. Талмадан кейін бала өзін қанағаттарлық сезінді.

Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

*+ ЭКГ

* ЭхоКГ

* Бүйрек биопсиясы

* Перикард пункциясы

* Құрсақ қуысы УДЗ

! 23 жасар әйелде физикалық жүктемеден кейін пайда болатын бас айналу және талмаларға, қан түкірумен жөтелге шағымданады. Объективті: акроцианоз, кеуде торы «бөшке» тәрізді, семсер тәрізді өсіндіде пансистолалық шу, өкпе артериясының тұсында II тон акценті, гепатомегалия, сирағында ісінулер.

Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

* ЭКГ

* ЭхоКГ

* Жүректі радиоизотопты зерттеу

* АҚ тәуліктік мониторлау

*+ Жүректің оң бөлімдері және өкпе артериясының катетеризациясы

! 36 жасар ер кісі бірнеше секундқа созылатын сақалын қырған кезде есін жоғалтуына шағымданады. Брахицефальды қантамырлардың УДЗ патология анықталмады.

Айтылған жағдайдың БАРЫНША пайда болу себебін атаңыз?

* Ортостатикалық талма

* Аритмогенді талма

* Аорта аневризмасының сылынуы

* Аралас талма

*+Каротидтік синус синдромы

! 18 жасар қыз бала жүрек қағуға, қорқыныш сезімге, саунада ұзақ болғанда қысқа уақытқа естен талуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары қатты, тахикардия 140 рет мин, АҚ 130/90 мм.сб.б. Анамнезінде: қарыншаүстілік тахикардияның пароксизмі.

Төменде аталған препараттардың қайсысын ем жоспарына БАРЫНША қосуға болады?

* Флудрокортизон

* Нитроглицерин

*+Бисопролол

* Каптоприл

* Лидокаин

! 45 жасар ер адам көлденең жағдайдан тік жағдайға ауысқанда қысқа уақытқа естен тануға шағымданады. Анамнезінде: ұзақ уақыт алкоголь қабылдайды, екіншілік перифериялық вегетативті жетіспеушілік бойынша неврологта емделеді.

Төменде аталған препараттардың қайсысын ем жоспарына БАРЫНША қосуға болады?

*+Флудрокортизон

* Нитроглицерин

* Силденафил

* Мидокалм

* Эуфиллин

!26 жасар ер адам, спортсмен, дене шынықтыру кезінде бірден есін жоғалтты. Жанұясында 31 жасында ағасы қайтыс болды. 24-сағаттық ЭКГ холтер мониторлауында қарыншаүстілік тахикардия эпизодтары және қарыншалық тахикардия тіркелді.

Төменде аталған препараттардың қайсысын ем жоспарына БАРЫНША қосуға болады?

* Лидокаин

* Дигоксин

*+Амиодарон

* Мидокалм

* Нитроглицерин

! Жүректің туа пайда болған ақауы бар 20 жасар қыз бала ентігудің күшеюіне, оң қабырға астында ауырлық сезімге, аяғының ісінуіне, қысқа уақытқа естен тануға шағымданады. Жүрек қуысын катетеризациялау кезінде айқын өкпе гипертензиясы анықталды.

Төменде аталған препараттардың қайсысын ем жоспарына БАРЫНША қосуға болады?

* Эуфиллин

* Дигоксин

* Амиодарон

*+Силденафил

* Верапамил

! 16 жастағы бойжеткен дұрыс бөлінбейтін қақырықты жөтелге,ентігуге,жүрек қағысына шағымданады.Соңғы айда жиі есінен танады.Қарап тексергенде:еріндегі акроцианозды,мойын веналары ісінген,эпигастральді пульсация,тізелері ісінген,өкпе артериясынан II тон акценті естіледі. ЭКГ: Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы. ЭХОКГ: оң қарынша кеңейген,өкпе гипертензиясы белгісі анықталады. Жүрек катетеризациясына айтылған белгілердің қайсысы көрсеткіш:

* нетігу

*+талу

* Акроцианоз

* тізе ісінуі

* Гисс шоғырының оң аяғы блокадасы