- •1. Минералды тыңайтқыштардың негізгі түрлері және сипаттамасы. Минералдық шикізат түрлері мен сипаттамасы. Минералды шикізатты байыту әдістері. Ауыл шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды пайдалану.
- •2. Фосфорқұрамды тыңайтқыштар. Табиғи фосфаттар және фосфорит ұны. Апатитті және фосфоритті кендердің минералогиялық құрамы.
- •1 Сурет – Фосфорит өндірісінің сызба-нұсқасы.
- •3. Қарапайым суперфосфат. Суперфосфаттың құрамы мен қасиеттері. Қолданылуы. Өндіру әдістері. Өндірістің физика-химиялық негіздері. Үрдістер химизмі. H2so4 нормасы, үрдістің механизмі мен жылдамдығы.
- •1 Сурет – Үздіксіз әдіспен суперфосфат өндірісінің сызба-нұскасы.
- •2 Сурет – Үздіксіз жұмыс істейтін суперфосфат камерасы.
- •3 Сурет – Түйіршіктелген суперфосфат алудың сызба нұсқасы.
- •4. Концентрленген фосфорлы тыңайтқыштар. Қос және байытылған суперфосфаттар. Преципитат.
- •3 Сурет – Преципитат өндірісінің сызба нұсқасы.
- •5. Күрделі және сұйық тыңайтқыштар. Күрделі тыңайтқыштардың технологиясы. Сұйық кешенді тыңайтқыштар, микротыңайтқыштар.
- •1 Сурет – Аммоний нитратын түзген кезде азот қышқылының концентрациясына байланысты бөлінетін жылу мөлшері.
- •2 Сурет – Аммоний нитраты өндірісінің сызба нұсқасы.
- •3 Сурет – Түйіршіктелген мұнара.
- •2 Сурет – Аммоний сульфаты өндірісінің ылғалды әдісі.
- •3 Сурет - Құрғақ әдіс арқылы алынатын аммоний сульфаты өндірісінің сызба нұсқасы.
- •8. Карбамид. Шикізаттар, құрамы, қасиеттері және қолдану салалары. Алу технологиясы және карбамид өндірісінің негізгі сатылары.
1 Сурет – Үздіксіз әдіспен суперфосфат өндірісінің сызба-нұскасы.
Жұмыс істейтін қондырғылардың үздіксіз жұмыс істеуі үрдісті автоматтандыруды керек қылады: концентрацияны, температураны және күкірт қышқылының нормасын, фосфат шикізатын дозалауды реттейді. Суперфосфосфатты кесу камераның ішінде жүргізіледі және онда бөлінген газдар абсорбциялық қондырғыға тартып (сорылып) алынады. Жұмыс тәртібі біркелкі болғандықтан және біраз концентрлі қышқылды пайдалануға мүмкіндік болғандықтан жақсы сапалы суперфосфат алынады.
2-суретте үздіксіз жұмыс істейтін камера көрсетілген, ол вертикаль орналасқан темірбетонды цилиндр корпус 1, сыртынан болатпен қапталған-қаптамасы және диабазды тақташасымен нығыздалған.
Камера 16 роликті таянышқа сүйенеді, роликті таяныштар арқылы қозғалмайтын 2 шөген қабырғаның айналасында айналады. Айналу 3 электрмотордың көмегімен редуктор 4 арқылы камера 2,5 сағатта бір рет айналады. Камераның қақпағы қозғалмайды 5, оған вертикаль шөгеннен жасалған жеңіл қабырға ілінген 6, ол орталық құбырға қосылып, тиелетін зона мен жүкті түсіретін зона сол құбыр арқылы бөлініп тұрады. Суперфосфатты түсіретін жақта фрезер 7 бар, ол камераға қарсы 8-10 айн/мин, жылдамдықпен айналады.
1 - камераның цилиндрлік корпусы; 2 - орталық құбыр; 3 - электромотор; 4 - редуктор; 5 - камераның қақпағы; 6 - жеңіл-желпі қабырға (перегородка); 7 - фрезер
2 Сурет – Үздіксіз жұмыс істейтін суперфосфат камерасы.
Суперфосфат пульпасы араластырғышгган құбыр арқылы үздіксіз камераға түседі, камераның айналу бойына масса ұсталып, фрезерге түсіруге дайын болып келеді. Пышақтармен кесілген суперфосфат орталық құбырға құлап түседі, ондағы кең тесік арқылы әрі қарай тасымалдағышқа түседі. Камераның өнімділігі сағатына 30 т суперфосфат шығарады.
Түйіршіктелген суперфосфат. Түйіршіктелген суперфосфаттың физикалық және агрохимиялық қасиеттері жайға қарағанда, әлдеқайда жақсы. Түйіршіктелген, кептірілген суперфосфат кесектенбейді және нығыздалмайды, құрамында Р2О5 көп және ылғалдығы төмен болады. Түйіршіктердің топырақ суында жай еритіндігінен суда ерігіш Р2О5-тің аз бөлігі, судағы болатын бір жарым тотықтармен әрекеттесіп, қиын еритін фосфаттарды түзеді, ал өсімдіктер пайдаланатын Р2О5 мөлшері өседі.
Суперфосфатқа, әдетте, нейтралдаушы заттар: ұнтақталған әк, бор қосады, біруақытта өнімнің бос қышқылдылығы төмендейді. Түійршіктелген суперфосфаттың технологиялық нобайы 3 суретте келтірілген. Суперфосфат және нейтралдаушы қосымша дозаторлермен жабдықталған 1 және 2 бункерлерден ленталы қоректендіргіш 3 арқылы оқтаулы ұсақтағышқы 4 түседі, онда ұсақталып, араластырылады.
Одан кейін араласқан қоспа элеваторға 5 түседі, онда сонымен бірге үздіксіз ретур — шашылғаннан кейін қайтатын түйіршіктелген суперфосфаттың ұсақ фракциясы да, түседі. Тасығыштан 6 қоспаны түйіршіктегішке 7 береді. Ол дегеніміз айналмалы барабан, ұнтақ тәрізді ылғал материалды дөңгелетіп, айналдырып түйіршікке айналдырады. Материалды 16% дейін ылғалдайтын суды түйіршектегіштің ішіне форсункілер арқылы беріледі. Түйіршіктегіштің диаметрі 1,4 м, ұзындығы 7,5 м, 7,5 айн/минутта жасайды. 7 минут ішінде түйіршіктерді дөңгелетіп шығарады. Түйіршіктер диаметрі 2,2 м, ұзындығы 14 м, минутына 5 айналым жасайтын кептіруші барабанға 8 барып түседі. Мұнда ылғалдылық 3-5% болғанша, кептіріледі. Ерігіш монокальций фосфаты ерімейтін кальцийдің метафосфаты және пирофосфатына ауысып кетпесі үшін кептіру үрдісінде өнімнің температурасы 850С-тан аспауы тиіс. Сондықтан да кептіру кезінде суперфосфат та, отын газдары да түзу ағыспен қозғалады, отын газы кептіргішке 6000С температурасымен кіріп, 1000С температурасымен шығады.
1 – суперфосфат үшін бункер, 2 – қоспа үшін бункер, 3 – ленталы қоректендіргіш, 4 – ұсақтағыш, 5 және 9 – элеватор, 6 – түйіршіктегіштің тасымалдаушысы, 7 – түйіршіктегіш, 8 – кептіргіш барабан, 10 – елек, 11 – дайын өнімді тасушы, 12 – ұсақтағыш, 13 және 17 – тасымалдаушылар, 14 – ретурдың тасымалдаушысы, 15 – дайын өнімнің бункер, 16 – тігетін машина
