Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС.Патан.Паренхима 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Глоссарий

  1. Азып арықтау, истощение, exhaustion - жалпы семіздікке қарама –қарсы жағдай- Ол семірү процесіне негізделген. Азып арықтау кахексияның ( грекше:kakos жаман, hexis жағдай күй) терминальдық ( ақтық) стадиясына да байқалады.

  2. Аралас семіру, смешанное ожирение. Гипертрофиялық семіруде адипозоциттер әдеттегіден 2 есе ірі болады, гиперплазиялық семіруде адипозоциттердің саны көбейеді,ал майдың әрбір жасушадағы мөлшері өзгермейді,осы екі құбылыс қатар жүрсе оны аралас семіру деп атайды.

  3. Баллондық дистрофия, баллонная дистрофия. Гидропиялық дистрофия жасуша цитоплазмасында сұйықтықпен толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады.Кейде цитоплазманың ультрақұрылымдары толығымен деструкцияланып жасуша сұйықтықпен толған баллонға ұқсап қалады,оның ішінде тек жүзіп жүрген ядросы ғана көрінеді.Бұл өзгерістерді баллондық дистрофия немесе жасушаның фокальды колликвациялық некрозы деп атайды.

  4. Бұрмаланған синтез, извращенный синтез – қалыпты жағдайда болмайтын заттың түзілуі.

  5. Гаргоилизм немесе Пфаундлер-Гурлер ауруы, болезнь Гаргоилизм или Пфаундлер-Гурлер – аурудың негізінде глюкозамингликандар патологиясы жатады.ГАГ әртүрлі жасушаларда тіндерде жиналып қалады.

  6. Гипоутилизация (қорытылуы төмен), замедленный катаболизм - синтезінің жалғасуына қарамастан белгілі заттардың қорытылуы төмендегенде).

  7. Жалпы семіздік немесе толықтық, общее ожирение – нейтральды майлардың организмді түгел қамти,жалпы сипатта көбеюі.

  8. Қаз бауыры, «гусиная» печень - Бауыр көлемі ұлғаяды, тығыздылығы жұмсақ, болбыр болып келеді. Кесіндідегі түрі лай тәрізді, майлы, ал түсі - сары. Бауырдың бұл көрінісі «Қаз бауыры» деп аталады.

  9. Липаматоз - майлы клетчатканың жергілікті сипатта көбейген түрі.

  10. Майлы дистрофия, жировая дистрофия - Миокард еттері бос, әлсіз; жүрек қуыстары созылған, жүрек өлшемдері шамалы ұлғайған. Миокард майлы дистрофиясы, әсіресе эндокард астынан жақсы көрінеді - миокардтың қоныр түсінің бойында жіңішке сары түсті жолақтар анықталады. Себебі, майлы заттар тек венулалар бойында орналасатын кардиомиоциттер цитоплазмасында жинақталады. Миокардтың бұл көрінісі «Жолбарыс тәрізді жүрек» деп аталады.

  11. Майлы паренхималық дистрофия, жировая паренхиматозная дистрофия - деп жасуша цитоплазмасында майдың көбейіп кетуін,кейде майдың қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуын немесе химиялық құрамы басқаша майлардың жиналып қалуын түсінеміз.Жасушада негізінен үшглицеридтер,холестерин эфирлері және фосфолипидтер жиналады.

  12. Мезенхималық көмірсулы дистрофиялар, мезенхиманальные углеводные дистрофии – дамуы гликопротеидтер мен гликозаминогликандардың балансы бузылуына байланысты болуы мүмкін. Гликопротеидтер алмасуы бұзылуына байланысты дамитын мезенхималық кілегейлі дистрофия деп аталады.

  13. Нейтрал майлар, нейтральные жиры – организмді энергиялық қормен қамтамасыз ететін лабильді (тұрақсыз) майлар.

  14. Ниманн-Пик ауруы, болезнь Ниманн-Пик – мидың ганглиоздық жасушаларында, мезенхималық және эпителиалдық жасушаларда сфингомиелиннің жиналып қалуымен сипатталады.

  15. Паренхималық дистрофия, паренхиматозные дистрофии – деп зат алмасу үрдісінің тек жасуша ішінде бұзылуын айтады.Бұлар: белоктық,майлы,көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп бөлінеді.

  16. Патологиялық түлеу, патологическое ороговение (гиперкератоз) -түлеу үрдісінің күшеюімен немесе оның қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде ұшырауымен сипатталады.Патологиялық түлеудің тума түрі ихтиоз деп аталады.

  17. Тей-Сакс ауруы, болезнь Тей-Сакс – мидың,жұлынның ганглиоздық жасушаларында,көздің торлы қабатында,шеттік нервтік ганглилерде ганглиозидтер,көбінесе қышқыл глюкозилцерамидтер,оларды ыдырататын в-гексозаминидаза жетіспеушілігі нәтижесінде,жиналып қалады.

  18. Трансформация (латынша transformatio — «айналу», «превращение»): – заттың бір түрінің басқа түрге ауысуы (көмірсулардың майларға ауысуы).

  19. Тұрақсыз гликоген. Организмге қажет болғанда осы қордағы гликоген глюкозаға айналып,зат алмасу үрдісіне қатысады.Сол үшін бұл гликогенді тұрақсыз гликоген дейді.

  20. Тұрақты гликоген - нерв жасушаларының.жүректің өткізгіш жүйесінің,қан тамырларының, дәнекер тіннің, шеміршектің құрамындағы гликоген өзгермейді,сондықтан оны тұрақты гликоген дейді.

  21. Ферментопатиялар. Кейбір ауруларда зат алмасу үрдістерінің бұзылуы тұқымқуалаушы,аутсомды-рецесивті түрде дамып,белгілі бір ферменттерді синтездейтін геннің немесе осы синтезді реттейтін геннің бұзылуымен байланысты,сондықтан оларды ферментопатиялар деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]