Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PP_Meyirbike_isi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.04 Кб
Скачать

Кәсіби машықтанудың алғашқы қабылдау кабинетінің жұмысы

Хирургияға бағытталған қабылдау бөліміндегі жұмысымен танысу. Алғашқы қабылдау кабинетінде жұмыс медициналық құжаттарды толтыру және жоспарлы түріндегі қабылдауға келгенде керекті құжаттар жинағы. Шұғыл жағдайдағы дәрігердің тексерісі, қабылдау бөлмесінде алғашқы көмек көрсету. Керекті тексеріс көлемі. Науқастардға толық және бөліктік санитарлық өңдеу жүргізу, антропометрия, хирургиялық бөлімге тасымалдау.

Бірінші реттік тексеріс, болжамды диагноз қою, тексерістің және емнің жоспарын құру. Бөлімде медициналық құжаттар.

Бөлімшеге науқас түскен кезде біріншілік тексеріспен танысу. Субъективті және объективті тексеріс жүргізу, қосымша тексерістен өткізу және емдік жоспар құру. Күнделікті жүргізу.

Емдік – диагностикалық манипуляцияларға қатысу.

Зәр шығару жүйесінің хирургиялық аурулары бар науқастарға курация жүргізу. Дәрігердің қатысуымен, жетекшімен күнделікті тексеріс жүргізу. Хирургиялық аурулары бар және зәр шығару жүйесінің жарақаттармен (бүйректе тас, қуықта тас, простатит, зәр шығару түйтікшелерінің және қуықтың жарылуы, ер адам жыныс мүшелерінің) аурулары бар науқастарға өздігінен курация жүргізу. Емдік – диагностикалық манипуляцияларға қатысу. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды бақылау.

Науқасты жүргізу, күнделікті толтыру, науқастың жағдайын бақылау.

Бас-ми жарақаттары бар науқастарға курация жүргізу. Нейрохирургиялық бөлімде күнделікті науқастардың тексерісінде қатысу. Мидың шайқалуы, бас сүйегінің негізгі және төбе сынықтарында, мидың қысылуында, омыртқа жотасының сынықтарында науқастарға курация жүргізу. Емдік-диагностикалық манипуляцияларға қатысу. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды бақылау. Операциядан кейінгі ерте асқынулардың алдын алу.

Әр түрлі жарақаттар кезінде шұғыл көмек көрсетуге қатысу.

Диагностикалық тексерістердің нәтижелерін бақылау, емдік – диагностикалық манипуляцияларға қатысу. Қол-аяқ және жамбас жарақаттары бар науқастарға курация жүргізу. Қол-аяқ және жамбас жарақаттары бар науқастарды өздігінен жүргізу. Науқастың жағдайын бағалау, жарақаттанған жерлерді тексеру әдістері, берілген науқастарға курация жүргізу. Гипстік байламдарды, лангеталарды, карсеттерді дайындауға қатысу. Травматологиялық бөлімінде емдік – диагностикалық манипуляцияларға қатысу. Операциядан кейінгі кезеңде науқасты бақылау. Гипстік карсеттерді қол – аяқтардың қан айналымын бақылау. Асқынуларды табу.

Терминальды жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге қатысу.

Реанимацияға медициналық құрал – жабдықтарды және приборларды қолдану. Терминальды жағдайдағы науқасқа баға беру. Тікелей емес жүрекке массаж жасау, өкпенің жасанды вентиляциясы «ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға». Маскаларды воздуховод, Амбу қапшығын, тіл ұстағышты қолдану. Реанимация әсерін бағалау, реанимация кезінде және кейін асқынуларды бағалау. Реанимация бөлімінде науқастарды бақылау.

Операция блогының жұмысы

  • Операция бөлмесін тазалауға қатысу.

  • Операциялық киімдерді дайындау және тану материалдарды дайындап оларды бикстерге толтыруын білу.

  • Құрал саймандарды залалсыздандыруға дайындау.

  • Дренаждарды, катетрлерді залалсыздандыруға дайындау.

  • Қолдарды қазіргі заманға сай тәсілдермен өңдеу.

  • Қолды өңдеу үшін жуу ертінділерді дайындау.

  • Резеңкелі қолғаптарды залалсыздандыруға дайындау.

  • Операциялық жабдықтарды жұмысқа дайындау.

  • Өз бетімен залалсыздандырылған халат кию, хирургке кигізу.

  • Залалсыздандырылған үстелді жұмысқа дайындау.

  • Бикстерді жұмысқа дайындау.

  • Операция алаңын өңдеуге қатысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]