- •Қр денсаулық сақтау министрлігі қарағанды қаласының медицина колледжі
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды қаласының медицина колледжі
- •Кәсіби машықтанудың мақсаты.
- •Кәсіби машықтанудың міндеттері.
- •Кәсіби машықтанудың алғашқы қабылдау кабинетінің жұмысы
- •Емдік – диагностикалық манипуляцияларға қатысу.
- •Науқасты жүргізу, күнделікті толтыру, науқастың жағдайын бақылау.
- •Әр түрлі жарақаттар кезінде шұғыл көмек көрсетуге қатысу.
- •Терминальды жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге қатысу.
- •Операция блогының жұмысы
- •Тану кабинетіндегі жұмыс
- •Жедел жәрдем жағдайдағы мейіркештің жұмысы.
- •Машықтану дағдылардың тізімі
- •Мінездеме характеристика
- •Оқушылардың оқу - өндірістік тәжірибе өткендігі туралы жазбаша есебі
Кәсіби машықтанудың мақсаты.
Денсаулық сақтау мекемелеріндегі жаңа экономикалық талаптарға сәйкес, сонымен бірге диагностиканың медициналық стандарттарына сүйене отырып, медицина қызметіндегі кезеңдерде пациенттерді емдеуде және күтуде, «Медбикелік іс» мамандықтағы студенттерді өзіндік жұмысқа дайындау.
Кәсіби машықтанудың міндеттері.
Әр түрлі бейнедегі (профильдегі) пациенттерді күтуде студенттердің білімдерін тереңдету және жүйелеу.
Клиникалық дисциплиналық білімдеріне сүйене отырып, мейіркеш диагнозын қоюды үйрену, себебі дифференцирленген дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету үшін, сонымен қатар мейіркештің килігісуін ары қарай жүзеге асыру үшін.
Медициналық манипуляцияларды орындауда бұрын иеленген машықтану дағдысын орындауды бекіту (медициналық стандарттағы келісімдер бойынша).
Пациенттер мен ЕААМ-дегі қызметкерлермен психологиялық қарым-қатынасты орнатуды жетілдіру, этика мен диентологияны сақтау.
Санитарлық-ағартушы жұмыстарын әр түрлі ауруларды алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауды өткізуге белсене қатысу.
Стационардағы диплом алдындағы машықтандыру әдістемелік
жетекшінің бақылауында өтеді – колледж оқытушысы және бөлімдегі аға мейіркеш.
Студенттерге берілетін жұмыстарды өздерінше орындау үшін берілген мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін, оларды бөлімшелерге 2-3 адамнан топтастыру керек, тәртіппен таныстыру, бөлімшенің ерекше жұмыстарымен таныстыру керек. Бірінші күннен бастап ақ, студенттердің жұмыстарының орындауын бақылау үшін қатаң түрде кесте орнатылады. Жұмыс күнінің ұзақтылығы – 6 сағат. Диплом алдындағы машықтандыруда студенттер күнделік жүргізеді, онда олар бүкіл істелген жұмыстың көлемін жазады (не көрді, тексерістер, процедуралар, манипуляциялар, дәрігердің пациенттерді бақылауын және тағы да басқа) қандай жұмысты өзі атқарады, қандай медициналық құжаттармен жұмыс істеді, қандай конференцияларға қатысты, қандай тақырыпта пациенттермен сұхбаттасу өткізді, периодикалық жазылымнан қандай мақалалар оқыды және тағы басқа. Сонымен бірге, күтім туралы медициналық карта жазу ұсынылады, осы картада пациенттің паспорттық мәліметтері, шағымдары, сырқаттану тарихы, өмір тарихы, объективті зерттеулердің мәліметтері (қарау, дене қызуы, тамыр соғуы, қан қысымы, бір минут ішіндегі дем алуы, бойы, салмағы, тәуліктік диурезі және тағы басқалар көрсетіледі, әр пациенттің қандай қажеттілігі бұзылғандығы жазылады, сол немесе басқа мәселені жою үшін мейіркеш килігу жоспары жосықталады және медбикелік килігу жоспары анализдермен және тағы басқалармен қалай орындалатындығын қадағалайды (әдістемелік нұсқа, курстық жұмыстар тіркелген).
Кәсіби машықтануды бітірер алдында студент оқу бөліміне келесі құжаттарды әкелуі керек
Аурухананың бас медбикенің қолы қойылған және сол мекеменің мөрімен бекітілген мінездемені.
Машықтану манипуляциялары жөніндегі күнделікті.
Машықтану технологиялардың тізімі.
Сандық есеп, жазбалы есеп.
Жазбалы есепте оқушылар, машықтанудың жағымды және жағымсыз жақтарын, машықтану кезінде қандай қосымша білім және дағдылық алғандарын, колледжде машықтануды жақсарту жөнінде ұсыныстарын және машықтану базасында машықтануды ұйымдастыру жөнінде, қандай қоғамдық шараларға қатысқандығын, емдеу мекемесінде қандай көмек тигізгенін жазады.
Мемлекеттік машықтану сынағы науқастың төсек басында және колледжде қабылданады. Мемлекеттік машықтанудың жиынтығы жөнінде конференция жүргізіледі.
Мамандығы бойынша кәсіби практиканы өткенде
Студент білу керек:
негізгі құжаттарды, толтыру ережелерін, қолданатын бұйрықта;
асептика мен антисептиканың негіздерін. Жараларға алғашқы өңдеу үшін қолданатын құрал-жабдықтар, десмургия;
мерзіміне жеткен және мерзімінен ерте туған балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, күтім және тамақтандыру ерекшеліктері;
этиология, негізгі клиникалық белгілер, асқынулар, бала жасындағы аурулардың алдын алуы және емдеу принциптері;
ауруларды күту элементтері.
Студент істей білу керек:
балаларға патронаж жасау;
науқастарды емдік – диагностикалық процедураға және операцияларға дайындау;
науқасқа субъективті және объективті тексеріс жүргізу, болжамды диагноз қою, науқасты жүргізу тактикасы, ФАП жағдайларында емдеу жүргізу;
өткір терапевтикалық, хирургиялық, педиатриялық ауруларында дәрігер алдындағы шұғыл көмек көрсету;
санитарлық ағарту және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;
салауатты өмір салтын жүргізуді насихаттау.
Кәсіби машықтанудың қорытындысы бойынша сынақты екі кезеңде өткізу керек:
1-кезең. Емдік ауруханада жалпы және негізгі жетекшілермен өткізу.
2-кезең. Оқу мекемесінде
Кәсіби машықтану аяқталғаннан кейін студент тапсыру керек:
Негізгі бөлімдер бойынша күнделікті тапсыру
Мінездеме. Хирургиядан.
Машықтану дағдыларының тізімі. Практика бойынша жазбаша.
