Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология-кешен.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
841.22 Кб
Скачать

Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге есімдік туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, морфологиялық құрылымы туралы мағұлмат беру.

Тапсырмалар:

1) Есiмдiктiң лексико-грамматикалық ерекшелiгiне, түрлерiне сипаттама берiңiз.

2) Субстантивтiк және атрибутивтiк есiмдiктердi мысалдармен дәлелдеп түсiндiрiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, есiмдiктердi табыңыз. Түр-түрге ажыратып, талдаңыз.

Қарсы болған ешкiм болмаса да, әрқайсысымыз өз болжамымызды айтып, соғыс басталды десе таңданбайтын сияқты едiк. Түс кезiнде бар бөлiмшелер мiнбе қасындағы радиоға жақындап келiп тұрдық. Елiмiзге түгел таныс, қоңыр дауыс сенiмдi жiгермен, жасқану жоқ жолымен шықты. Бұл Абайлардың өз ауылының қызы, Ызғұттының үлкен қызы болатын. Хабарды кiмге берiп, кiмге бермеудi Байдалы өзi атаған.

2. Берiлген есiмдiктерден заттық ұғымды бiлдiретiн есiмдiктердi бiр бөлек, заттың белгiсiн бiлдiретiн есiмдiктердi бiр бөлек топтап көрсетiңiз.

Бұл, сен, әрқашан, бiреу, ешнәрсе, кiм, қай, ол, өзiм, анау, әркiм, бiрнеше, ештеме, мен, бүкiл, барша, қайсы, өзi, күллi, бiз, сонау.

Әдістемелік нұсқаулар: Есімдер тобына жататын сөз табының бірі-есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде меңзеу арқылы білдіреді. Қазақ тілінде есімдіктердің саны-60-70. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді: жіктеу есімдігі; сілтеу есімдігі;сұрау есімдігі; өздік есімдігі; белгісіздік есімдігі; болымсыздық есімдігі ; жалпылау есімдігі. Есімдіктер қай сөз табының орнына жүретін қарай бастауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та болып қызмет атқара береді.

Өткізілу нысаны: Коллоквиум

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. Астана, -2002ж.

2. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы,- 1961ж.

3. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. Алматы,- 1966ж.

4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы 1991 ж.

Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістік туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту.

Тапсырмалар:

1) Етiстiктiң салттылық және сабақтылық, болымдылық және болымсыздық категориялары туралы толық сипаттама берiңiз.

2) Бiр буынды әрi салт, әрi сабақты етiстiктердi мысалдармен түсiндiрiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, салт етiстiктердi бiр бөлек, сабақты етiстiктердi бiр бөлек топтастырыңыз.

Нұржан оларды аттандырып, қосқа қайта оралды. Ақан жаңа ғана шешiнiп, тамақ iшуге ыңғайлана бастаған-ды. Нұржанды көрдi де, терiс айналып кеттi, төсегiн қопарып, бiрдеме iздеген болып, күбжеңдей бердi. Ақан жуынып, тамағын iштi де,қатардағы күркеге барып, студенттермен әңгiме құрды.

2. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, ондағы болымсыз етiстiктердi табыңыз. Оның қай тәсiл, не арқылы жасалғанын түсiндiрiңiз.

Колхоздан шықтым-ау деген Қарабеттiң кәперiне де кiрер емес. Мәнiке оның жаңағы жалған байқампаздығын аңғармады. Күнi бойы кеткен адамы келген жоқ. Әлгi бала жiгiт қайықтан секiрiп түсiп, жүгiре жөнелген. Жүрiс-тұрысына көз iлеспейдi.

Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі қазақ тілінде етістік - ең күрделі сөз табының бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен анық байқалады.

Етістікті іс-әрекет, амал, қалып процесін білдіруі жағынан бірнеше лексика-семантикалық топқа бөлінеді: объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер; субъектінің қозғалысын, беталысын, бағытын білдіретін етістіктер; субъектінің қалпын, сапалық өзгеру процесін білдіретін етістіктер; бейнелеу етістіктері; өсу-өнумен байланысты етістіктер т.б.

Күрделі етістік толық мағыналы тең компоненттерден жасалады. Күрделі етістіктің компоненттері, 1-ші компоненті ауыспалы, 2-ші компоненті тірек

компонент болып екіге бөлінеді.

Кімді? нені? деген сұрауларға жауап беретін табыс септігі сөзге сабақталатын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретін етістіктер салт етістіктер деп аталады.

Өткізілу нысаны: Дискуссия

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маманов И.. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Аматы,- 1991 ж.

4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. Алматы, - 1980ж.

5. Қасымова Б. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы,- 1997ж.

6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, - 1989ж.