Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология-кешен.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
841.22 Кб
Скачать

Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге сын есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары, шырай категориясы туралы мағұлмат беру.

Тапсырмалар:

1) Сын есiмнiң мағыналық түрлерiне тоқталып, толық сипаттама берiңiз.

2) Қатыстық сын есiмнiң жасалуын мысалдармен түсiндiрiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, одан сын есiмдердi табыңыз. Мағынасына қарай ажыратыңыз.

Айбалталы, найзалы топтың басы ер Ызғұтты болатын. Адыр-адыр елсiз дала. Елсiз дала емсiз жарадай көрiнедi. Ойлы, қырлы адамға бiр сөзде жетедi. Ойсыз, арсыз адамға мың сөз жетпейдi. Әрi сұлу, әрi сенiмдi, мықты үмiт. Биiк төсектiң бас жағында жер төсек бар екен. Бiр-ақ уақытта, айталық бiр-ақ түнде, әжiмдi жүз жылауық күздiң келгенiн сезiп қалады.

2. Берiлген сын есiмдерден шырай түрлерiн жасаңыз.

Қызыл, жуас, үлкен, көк, кең, биiк, iрi, әдемi, аласа, асау, ақ, жарық, жуан, қатал.

Әдістемелік нұсқаулар: Сын есім – семантика-грамматикалық мағынасы жағынан да, морфологиялық ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі жағынан да, синтаксистік қызметі мен қолданылуы жағынан да қазақ қазіргі тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі.

Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру болады.

Семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай қазақ тіліндегі сын есім сапалық сын есім, қатыстық сын есімдер болып бөлінеді. Тілімізде сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай (негізгі) шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай. Сын есімнің негізгі синтаксистік қызметі анықтауыш болу.

Өткізілу нысаны: Баяндама

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі.Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

  3. Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы,- 1961ж.

  4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары.- Алматы, -1951ж

Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге сан есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Тапсырмалар:

1) Сан есiм лексика-семантикалық, морфологиялық белгiлерiне, түрлерiне толық сипаттама берiңiз.

2) Сан есiмнiң синтаксистiк қызметiн мысалдармен түсiндiрiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Мәтiндi көшiрiп жазып, сөйлемдегi сан есiмдердi құрамына, сөйлемдегi қызметiне қарай талдаңыз.

Әмiре аға бүкiл дүниежүзiлiк жарыста қазақтың халық әндерiн айтып, 1925 жылы Парижде екiншi бәйге алған, теңдесi жоқ әншi, талантты артист болған. Мен Шәкен (Айманов) аға атын 13-14 жасымда естiдiм. Атақты қызылшашы Анна Гононенко қызылшаның әр гектарынан 2000 центнер өнiм алған.

2. Берiлген сөздерден дара және күрделi сан есiмдерiн тауып, күрделi сан есiмдердiң жасалуына тоқталыңыз.

Бес, он шақты, екi-үш, он бiр, екеу, жүз қаралы, жиырма, сексен, бiрiншi, тоқсан, мыңға жуық, жетпiс тоғыз, қырық - елу, екiден бiр, жүздеген, тоқсан бес.

Әдістемелік нұсқаулар: Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-түсін т.б. сипаттарын білдірсе, сан есім-заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Мысалы: екі кітап, бес оқушы. Сан есімдер мағынасына қарай алтыға бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалдық сан есімдер.

Сан есім көбінесе, зат есімнің алдында ешқандай қосымшасыз келіп, дара, күрделі немесе қосарланып тұрып та анықтауыш болады.

Өткізілу нысаны: Коллоквиум

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. Астана, -2002ж.

  2. Хасенов А. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы,- 1957ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, -1991 ж.