Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология-кешен.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
841.22 Кб
Скачать

Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге зат есімнің көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары туралы түсінік беру, олардың қызметін, мағыналық ерекшелігін меңгерту.

Тапсырмалар:

1) Зат есiмнiң көптiк категориясының берiлу жолдары мен тәсiлдердiң көрiнiсiне сипаттама беріңіз.

2) Оңаша және ортақ тәуелденудi мысалдармен түсiндiрiңiз.

3) Әрбiр септiк жалғауына тоқталып, зат есiмнiң септелу (екi түрде) үлгiсiн көрсетiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Берiлген сөйлемдердi көшiрiп жазып, жекелiк, көптiк категориясы формасындағы сөздердi табыңыз. Олардың берiлу жолдарын түсiндiрiңiз.

Алтайдың Көксу мен Үлбi, Қалбы мен Нарым, Сарымсақты мен Тарбағатай, Күршiм сияқты биiк жоталарының өн бойы тұнып тұрған ағаш. Сарыарқаның бел ортасы болып саналатын Қарағанды, Жезқазған облыстарының жерiнде өзендер мен өзен сағалары көп. Алтай тауларының ұшаң-теңiз байлығы да, сұлу көркi де осы сыңсыған ормандарымен тiкелей байланысты.

2. Берiлген зат есiмдердiң тәуелдiк жалғауы қай жақта (анайы, сыпайы, жекеше, көпше түрде) қолданылып тұрғанын анықтаңыз.

Үйiң, қаламы, алмасы, iнiм, елiмiз, апайың, сумкаларымыз, тамағыңыз, сабағы, мейрамдарың, балалары.

3. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, зат есiмдердi табыңыз. Олардың қай септiкте тұрғанын көрсетiңiз.

Абыл шығармаларының ең шоқтығы «Қырымның қырық батыры» атты жыры. Ақын шығармаларында өсиет-өнеге мен ақыл кеңестер де молынан орын алған. Абыл мұралары ел iшiнен әлi де жиналу үстiнде. Жанды жадыратқан жарқын жаз да, мiне, табиғат төрiнен қол бұлғап қоштасып барады.

Әдістемелік нұсқаулар: Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа, екі категорияға айыра көрсетуге негіз боларлық ең басты грамматикалық сыртқы белгі-оларға көптік жалғауының жалғануы. Қазақ тілінде көптік жалғауы -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер тәрізді алты түрде фонетикалық вариантта ұшырайды.

Зат есімдер жіктік жалғауын қабылдай алатыны, қабылдай алмайтыны тұрғысынан іштей жақты және жақсыз деген екі күрделі топқа бөлінеді яғни жіктеу қабілеті «адам»деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдер жақтылық категориясына жатады. Мысалы: ұшқыш, балықшы, Оспанов, дәрігер, көрші, қазақ деген секілді адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұлардың кез келгенін жіктеу есімдіктерімен тіркестіріп мен балықшымын, сен ұшқышсың, ол құдаша деген тәрізді I, II, III жақта да айта беруге болады.

Иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу категориясы деп аталады.

Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратын қосымшалар септік жалғау деп аталады.

Өткізілу нысаны:Дискуссия

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі, Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тілінің кейбір мәселелері, Алматы, -1997 ж.

  4. Хасанов С., Әбдіғалиева.Т...., Кестелі грамматика Алматы,- 1996 ж.

  5. Жанұзақов.Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер, Алматы - 1965 ж.

  6. Мергенбаев. Е. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі, Алматы,- 1994 ж.