- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Жұмыс бағдарламасына негізге алынған құжаттар:
- •Мазмұны:
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •І тарау. Пәннің жұмыс бағдарламасы: силлабус
- •1.1. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:
- •1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен дәріс тақырыптарының жоспары:
- •Тақырып 1. «Грамматика және оның салалары. Зерттелу жайы»
- •Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»
- •Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»
- •Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»
- •1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, нақты және абстрактiлi зат есiмдердi табыңыз.
- •Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»
- •Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»
- •Тақырып 1. «Сөздің морфологиялық құрылымы»
- •Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»
- •Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»
- •Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»
- •Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»
- •Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»
- •Тақырып 11. «Сыпат категориясы»
- •Тақырып 12. «Шақ категориясы»
- •Тақырып 13. «Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 14. «Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 15. «Шылау және оның түрлері. Одағай»
- •7.1. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •7.2. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •7.2.3. Қорытынды бақылауға ( емтиханға) дайындық сұрақтары.
- •1. Грамматика дегеніміз
- •2. Грамматика зерттеу объектілерінің ерекшеліктеріне қарай неше салаға бөлінеді?
- •3. Морфологияның синтаксистен ерекшелігі
Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»
Сабақтың мақсаты: Студенттерге сөзді топтастыру принциптерін (лексика-семантикалық, грамматикалық) меңгерту. Атауыш сөз, көмекші сөз, одағай сөздердің бір-бірінен айырмашылығын айыра білуге үйрету.
Тапсырмалар:
1) Атауыш сөздерге сипаттама беріңіз.
2) Көмекшi сөздердiң түрлерiне, олардың сөз таптарына тiркесуi мен грамматикалық қызметiне сипаттама берiңiз.
Жаттығу жұмыстары:
1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, атауыш сөздерді табыңыз.
Көз көрiмде, анда-санда, ағаш араларында отырған киiз үйлер де көрiнедi. Елден жиған кей әңгiменi Ербаһрамға мен де қосарлап айтып отырдым. Үйге кiрiп ертең қолының тимейтiнiн айтып шықты. Хамит осы орман ағаштарының iшiмен, ескiлеу жолмен жүрiп келедi.
2. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, көмекшi сөздердi табыңыз, оларды түрлерiне ажыратыңыз.
Мағаш пен Дәрмен сол жерде Әбдiнi ертiп ап, жорта жөнелiстi. Қамысы қалың, айдыны мол терең көлдiң ортасы әлi қатқан жоқ. Сырт киiмiн Абай өзi шешiп едi. Кенжеғара кештетiп жатса да ерте оянды. Дәмелi деген жесiр әйел қасында жасөспiрiм қызы бар, үйдiң iшiнен ораулы шилер ұстап жүр. Шайдан кейiн Ұлпан Мүсiрептiң алдына бiр құшақ қурай әкелiп салды. Құлаққағыс емес-ау деймiн, шамасы, туралап айттым-ау деймiн.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ тілінде А. Ысқақов анықтаған сөздерді топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш принциптің ішкі мазмұны.
Қазақ тіліндегі негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Қазақ тілінде А. Ысқақов анықтаған сөздерді топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталады.
Қазақ тіліндегі негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Өткізілу нысаны: Реферат
Ұсынылатын әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы,- 1973ж
Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.
Төлеуов О. Сөз таптары. Алматы,- 1982 ж.
Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы -1993ж.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.
Хасанов С., Әбдіғалиева Т. Кестелі грамматика. Алматы, -1996 ж.
Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»
Сабақтың мақсаты: Студенттерге зат есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.
Тапсырмалар:
1) Зат есiмнiң түрлерiне жеке-жеке тоқталып, түсiнiктеме берiңiз .
2) Көркем әдебиеттен құрамында жалқы есiмдерi бар 5-6 сөйлем терiп жазыңыз.
Жаттығу жұмыстары:
1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, нақты және абстрактiлi зат есiмдердi табыңыз.
Көктем шығуы мұң екен, Қабыланның барлық мiнезi, жүрiс-тұрысы, күнделiктi әдетi, төңірек көзқарасы, бәрi-бәрi де өзгерiп сала бердi. Алды адамнан бастап өмiрдегi тiрi мақұлықтың бәрiн белгiлi дәрежеде есейтетiн, ой қосатын, тiптi барлық мiнезiнiң күрт өзгеруiне тiкелей әсер ететiн үлкендi-кiшiлi кездесетiн сол өмiрдiң уақиғалары ғой.
2. Төменде берiлген зат есiмдерден ғаламзат зат есiмдерiн тауып, себебiн түсiндiрiңiз.
Адам, гүл , әншi, би, кiтап, тас, дәрiгер, бала, аспан, жаңбыр, әже, қар, күшiк, ата, әке, ән, найзағай, дәрi, дала, қыз.
Әдістемелік нұсқаулар: Зат есім өмірдегі адамды қоршаған заттардың, заттық ұғымдардың, түрлі құбылыстардың, уақиғалардың атын білдіретін сөз табы. Лексика-грамматикалық ерекшеліктері бар топтарына: адамзат, ғаламзат, жалпы есім, жалқы есім, нақтылы зат есім, абстрактілі зат есім, даралау, жинақтау зат есімдері жатады. Зат есімнің негізгі синтаксистік қызметі оның түрлену жүйесімен байланысты. Дегенмен сөйлемде бастауыш, толықтауыш, анықтауыш болады.
Көмекші есім деп - лексикалық мағынасы бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүшесінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.
Көмекші есімдер сан жағынан көп емес: алды, арты, асты, үсті, жаны,қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, түбі сияқты сөздер жатады.
Өткізілу нысаны: Коллоквиум
Ұсынылатын әдебиеттер:
Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі, Алматы,- 1991 ж.
Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.
Исаев С. Қазіргі қазақ тілінің кейбір мәселелері, Алматы, -1997 ж.
Хасанов С., Әбдіғалиева.Т...., Кестелі грамматика Алматы,- 1996 ж.
Жанұзақов.Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер, Алматы - 1965 ж.
Мергенбаев. Е. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі, Алматы,- 1994 ж.
