Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология-кешен.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
841.22 Кб
Скачать

Тақырып 1. «Грамматика және оның салалары. Зерттелу жайы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге грамматиканың морфология және синтаксис саласына бөлінетінін түсіндіре отырып, «Морфология» пәнінің зерттеу объектісін меңгерту. Зерттелу жағдайымен таныстыру.

Тапсырма:

1. Морфология және синтаксистің зерттеу объектілеріне сипаттама беріңіз

2. Тілдің грамматикалық құрылысын мысалдармен талдап көрсетіңіз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, түбiр сөздердiң түрлерiн табыңыз. Олардың қандай түбiрлер екенiн дәлелдеңiз.

Солдаттар қайта бұрылып бет қарай алмай, тегiс жаяу-жалпы күйiнде жосып бердi. Жерге түсiп бусанған шық белуардан келiп, жүрген адам белшесiнен шеттiз айдын көлдi кешiп келе жатқандай. Ашық айдында ұйқы жоқ, тұтқындар ерте ояған.

2. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Екiншi аяқты орталап, жерге қойғанда барып, Күлән тiл қатты. Жанбасқұдықтың салпысына түсе бергенде ойпатта қарауытқан мал көрiндi.Үйме-жүйме әйелдер. Жұрт мәре-сәре, у-шу. Сақал-мґртын қырған, жасы отыздың iшiнде шамалы қара торы жiгiт, еңгезердей, ұзын бойлы, жауырынды, қасында шыбыртқа қамшысы бар, көк аттың үстiнде тiп-тiк қаққан қазықша отырып келедi.

Әдістемелік нұсқаулар: Грамматиканың зерттеу объектісі тілдің грамматикалық құрылысы болып табылады. Грамматикалық құрылыссыз ешбір тіл болмайды.

Грамматика сөздің сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатынын және олардың сөйлемді қалай құрастыратыны, яғни сөйлемнің қыр-сырын зерттейді. Осымен байланысты грамматиканың морфология және синтаксис деген екі саласы бар.

Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың байланысына қарай бір – бірімен түрлі тұлғада байланысқа түседі. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал – тәсілдерін грамматиканың морфология саласы зерттейді.

Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым .

Өткізілу нысаны: Коллоквиум

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  2. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, - 1992ж.

Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категорияны меңгерту.

Тапсырмалар:

1) Негiзгi грамматикалық ұғымдардың өзiндiк белгiлерiн, бiр-бiрiне қатысын сипаттаңыз.

2) Грамматикалық мағыналарды жеткiзудiң жолдарын мысалдармен түсiндiрiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Берiлген сөйлемдерден жақтық, шақтық мағыналарды бiлдiрiп тұрған грамматикалық нұсқаларды тауып, олардың қатысты категорияларын атаңыз.

Үй iшiмен Әбдiрахман тегiс амандасты. От ауызды қартпен болыстар айтыса алмады. Өзi ешкiмге қосылмайды, ешкiммен сөйлеспейдi, тамақты қақшиып қарақан баса ғана iшiп отыратын. Досының еңбегiне Хасен өте қуанып қалды. Бiр ақсақалдың айтқан әңгiмесiне сенер-сенбесiмдi бiлмей жүретiнмiн.

2. –шы, -шi жұрнағының лексикалық мағына, грамматикалық мағына бiлдiруiне мысалдар келтiрiңiз (3-тен).

Әдістемелік нұсқауар: Басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр түрлі қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болады. Грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйе бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық мағына беріледі.

Грамматикалық категория әрі өзара тендес, мәндес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қайшы мәндегі бірнеше грамматикалық мағынадан немесе мағыналар жиынтығынан тұрып, ол грамматикалық мағыналар белгілі тұлғалар жүйелері арқылы беріледі.

Өткізілу нысаны: Дискуссия

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Грамматикалық теорияның негіздері,- А. 1972ж.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері,- А.1973ж.

  3. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.- А. 1992ж.

  5. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.