Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология-кешен.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
841.22 Кб
Скачать

1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Пәннен қорытынды баға ағымдағы бақылаудан 60%, аралық бақылаудан 40 % - барлығы 100 % ең жоғары ұпайлар жиынтығы бойынша үлгерім көрсеткіші ретінде анықталады. Демек қорытынды бағаны мына формуламен анықтауға болады:

Қ % = --- Р1+Р2---- • 0,4 + Е • 0,6:

2

мұнда: Р1 - 1 рейтингілік бағалаудың пайыздық қатынасы;

Р2 - 1 рейтингілік бағалаудың пайыздық қатынасы,

Е - емтихан бағасының пайыздық қатынасы.

Қорытында бағадағы санақтың дәлдігі үшін студенттің білімін аралық бақылауда (рейтинг) және қорытынды емтиханда 0-ден 100%-ке дейін бағалау керек.

Студенттің білімі, қабілеті төмендегі жүйе бойынша бағаланады:

Әріптік жүйе бойынша

баға

Ұпайдық

сандық баламасы

Ұпайдық пайыздық

қатынасы

Мәні

Дәстүрлі жүйедегі баға

А +

А

А-

5

4,75

4,5

100%

95-99%

90-94%

айрықша

өте жақсы

өте жақсыға жақын

“5”

В

В-

4

3,75

80-89%

75-79%

жақсы

жақсыға жақын

“4”

С+

С

С-

3,5

3,25

3

70-74%

60-69%

50-59%

толық қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлыққа жақын

“3”

F

0

0-49%

қанағаттанғысыз

“2”

Курстың саясаты мен жүргізілуі: Студент лекция және семинар сабақтарына қатысуға міндетті. Оқытушының бақылауымен студенттің жеке жұмыстарын жүргізу сабақтарына қатысу студент дайындығының деңгейімен, оның сабақ үлгірімімен анықталады және міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Студенттің міндетті сабақтарға қатысу жағдайы, оның ағымдық рейтингісіне әсерін тигізеді.

Студент міндетті:

  • сабақтан кешікпеуге;

  • сабақ үстінде артық сөйлемеуге, газет оқымауға, ұялы телефонын сөндіруге, сағыз шайнамауға;

  • сабақтан себепсіз қалмауға, ауырғанына байланысты жіберсе, анықтамасын көрсетуге;

  • оқу үрдісіне белсенділікпен қатысуға;

  • үй тапсырмасын барынша орындауға.

2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар

2.1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен дәріс тақырыптарының жоспары:

қ/с

Дәрістің аты мен мазмұны

Сағат

саны

Әдебиеттер

1

Грамматика және оның салалары. Морфологияның зерттеу объектісі. Зерттелу жайы.

1

2,3,5,8,10,12,35

2

Негізгі грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория.

1

1,2,3,5,8,10,9,35

3

Сөз таптары, оларды таптастырудың принциптері. Лексика-семантикалық, грамматикалық принциптер.

1

1,2,3,10,12,35

4

Зат есім, оның лексика – грамматикалық ерекшеліктері. Зат есімнің түрлену жүйесі

2

8,10,11,21,26,35

5

Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты

1

3,8,10,18,34,35

6

Сан есім, оның лексика – грамматикалық

сипаты

1

8,10,20,21,35

7

Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты

1

7,8,10,35

8

Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты. Етістіктің көсемше және есімше категориялары. Рай категориясы.Шақ категориясы

4

8,10,13,15,17,19,28,29,34,35

9

Үстеу, оның лексика – грамматикалық сипаты

1

8,10,21,35

10

Еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық сипаты

1

8,10,24,35

11

Шылау, оның түрлері. Одағай.

1

8,9,10,35

Барлығы

15

«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен тәжірибелік сабақтардың жоспары:

қ/с

Тәжірибелік сабақтың тақырыбы мен мазмұны

Сағат

саны

Әдебиеттер

1

Грамматика және оның салалары. Морфологияның зерттеу объектісі. Сөздердің морфологиялық құрылымы

1

2,3,5,8,10,12,35

2

Грамматикалық мағына. Грамматикалық форма. Грамматикалық категория. Грамматикалық мағынаның түрлері және жасалу жолдары

1

1,2,3,5,8,10,9,35

3

Сөз таптары, оларды таптастырудың принциптері. Лексика-семантикалық, грамматикалық принциптер.

1

1,2,3,10,12,35

4

Зат есім. Зат есім, оның лексика – семантикалық топтары, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметі. Зат есімнің түрлену жүйесі

2

2,8,10,11,21,26,35

5

Сын есім. Сын есімнің лексика – семантикалық топтары, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметі.

1

3,8,10,18,34,35

6

Сан есім. Сан есімнің лексика – семантикалық топтары, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметі.

1

8,10,20,21,35

7

Есімдік. Есімдіктің лексика – семантикалық топтары, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметі. Түрлену ерекшелігі

1

1,7,8,10,35

8

Етістік. Етістіктің грамматикалық категориялары, морфологиялық құрылымы. Салт-сабақты етістіктер, ьолымды-болымсыз етістіктер. Синтаксистік қызметі

4

8,10,13,15,17,19,28,29,34,35

9

Үстеу. Үстеудің лексика – семантикалық топтары, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметі. Түрлену ерекшелігі

1

8,10,21,35

10

Еліктеу сөздері. Еліктеуіштердің лексика – семантикалық топтары, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметі.

1

8,10,24,35

11

Шылау, оның түрлері. Одағайдың түрлері, синтаксистік ерекшелігі.

1

8,9,10,35

Барлығы

15

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА (Кесте 2)

Апта

Тақырыптың №

Жұмыс бағдарламасы бойынша тақырыптар және ағымдағы бақылаудың формасы

Аудиториялық сабақтың бөлінісі

СӨЖ

Бақылаудың ұпайы және түрлері

СӨЖ формасы мен №

Жоғарғы ұпай

Дәріс

Тәжіртбелік сабақ

СӨОЖ

Ағ.б

Ар.б.

1

1

Грамматика және оның салалары. Морфологияның зерттеу объектісі. Зерттелу жайы.

1

1

1

2

3

СРС №1.

тақырып бойынша

(жазбаша)

2

2

Негізгі грамматикалық ұғымдар

1

1

2

3

3

СРС №2.

тақырып бойынша

(жазбаша)

3

3

Сөз таптары, оларды таптастырудың принциптері.

1

1

1

2

3

СРС №3.

тақырып бойынша

(жазбаша)

4

4

Зат есім, оның лексика – грамматикалық ерекшеліктері.

1

1

1

3

3

СРС №4.

тақырып бойынша

(жазбаша)

5

5

Зат есімнің түрлену жүйесі

1

1

2

3

3

СРС №5.

тақырып бойынша

(жазбаша)

6

6

Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты

1

1

2

3

3

СРС №6.

тақырып бойынша

(жазбаша)

7

7

Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты

1

1

1

3

3

СРС №7.

тақырып бойынша

(жазбаша)

Қорытынды

21

25

46

8

8

Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты

1

1

1

2

3

СРС №8.

тақырып бойынша

(жазбаша)

9

9

Етістік, оның лексика –семантикалық сипаты

1

1

1

3

3

СРС №9.

тақырып бойынша

(жазбаша)

10

10

Етістіктің көсемше және есімше категориялары

1

1

2

3

3

СРС №10.

тақырып бойынша

(жазбаша)

11

11

Рай категориясы

1

1

1

2

3

СРС №11.

тақырып бойынша

(жазбаша)

12

12

Шақ категориясы

1

1

1

2

3

СРС №12.

тақырып бойынша

(жазбаша)

13

13

Үстеудің лексика – грамматикалық сипаты

1

1

1

3

3

СРС №13.

тақырып бойынша

(жазбаша)

14

14

Еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық сипаты

1

1

1

3

3

СРС №14.

тақырып бойынша

(жазбаша)

15

15

Шылау, оның түрлері. Одағай.

1

1

2

3

3

СРС №15.

тақырып бойынша

(жазбаша)

Қорытынды

24

30

54

Семестрдің қорытындысы

15

15

20

40

45

55

100

3-ТАРАУ. ГЛОССАРИЙ

Грамматика (гректің qrammatike – оқи алу,әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарын, сөйтіп сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады

Морфологияның (гректің morphe - форма, тұлға және logos - сөз, ілім деген сөздерінен құралған) да зерттейтін басты объектісі - сөз. Морфология сөздердің жалпы қасиеттерін ортақ қасиеттері арқылы - сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды.

Синтаксис (гректің syntaxic- құрылыс, тізбек, тіркес, тәртіп деген сөзінен қалыптасқан) түрлену тұлғаларының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу ерекшеліктерін, сөйлемде сөздердің атқаратын қызметтерін, сөйтіп, сөйлем құрау, олардың құрамдық, құрылыстық түрлері мен типтерінің ерекшеліктерін қарастырады.

Грамматикалық мағына-сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр түрлі қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше, белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.

Грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйе бойынша түрленуі болып табылады

Грамматикалық категория. Грамматикалық категория ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты. Грамматикаклық мағына, грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес және де, грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен байланысты.

Лексика-семантикалық принцип дегеніміз -заттың атын, заттың амал-ісін, заттың сапалық, сандық белгілерін, амал мен белгінің белгілерін білдіру болса, грамматикалық принципке бір сөздің жаңадан сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз байланыстыру, сөйлемдегі қызметі, сөз бен сөз тіркесу қабілеті енеді.

Зат есім деп - күнделікті өмірде кездесетін жәй заттармен қатар, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды ұғымдар мен түсініктерді де білдіретін сөз табын айтамыз.

Заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-түсін, көлемін және т.б. сыр сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын сын есім дейміз

Сан есім-заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады.

Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

Көсемше. Негізгі іс-әрекеттің мезгілі мен мақсатын, сын –сипат, себеп-салдар т.б. құбылу амалын білдіретін етістіктің түрі көсемше деп аталады.

Есімше сын есім сияқты заттың тұрақты сынын білдірмейді. Ол сынды белгілі бір шаққа балап көрсетеді.

Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік (арай) категория деп аталады.

Модальдік категорияның етістік формалар арқылы берілетін амал-тәсілінің жүйесі етістіктің райы деп аталады.

Амал, я әрекет, қимыл я қозғалыс тәрізді процестердің не сөйлесіп отырған уақытта істеліп жатқан не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істелініп тынған, не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелінбекші амалдарды білдіретін етістік формалары шақ категориясы деп аталады.

Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді.

Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, 2-ші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді: бір тобы еліктеуіш (еліктеме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер деп аталады.

Шылау дегеніміз ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, қызметтері жағынана да өздерінің бастапқы төркіндерінен біржолата қол үзген, өз алдына категория болып қалыптасқан сөздер.

Одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге жекіру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында да қолданылады.

3- ТАРАУ. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ

Тақырып 1. «Грамматика және оның салалары. Зерттелу жайы»

Дәрістің мақсаты:Студенттерге грамматиканың морфология және синтаксис саласына бөлінетінін түсіндіре отырып, «Морфология» пәнінің зерттеу объектісін меңгерту. Морфологияға қатысты зерттеу еңбектерімен таныстыру.

Дәрістің жоспары: 1.Грамматика және оның салалары туралы түсінік

2. Морфологияның зерттеу объектісі

3. Тілдің грамматикалық құрылысы

4. Морфологияның зерттелу жайы

Грамматика (гректің qrammatike – оқи алу,әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарын, сөйтіп сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Осындай тексеру объектілерінің ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Морфологияның (гректің morphe - форма, тұлға және logos - сөз, ілім деген сөздерінен құралған) да зерттейтін басты объектісі - сөз. Әрине, морфология лексикология сияқты және сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқанын, функциянальдық- стильдік сипаттарын емес, сөздердің жалпы қасиеттерін ортақ қасиеттері арқылы - сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды. Ал синтаксис (гректің syntaxic- құрылыс, тізбек, тіркес, тәртіп деген сөзінен қалыптасқан) түрлену тұлғаларының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу ерекшеліктерін, сөйлемде сөздердің атқаратын қызметтерін, сөйтіп, сөйлем құрау, олардың құрамдық, құрылыстық түрлері мен типтерінің ерекшеліктерін қарастырады.

Грамматиканың басты объектісі –тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.

Морфологияның зерттелу жайы. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы-1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген А.Байтұрсынов жазған оқулық. Осы еңбегінде автор қазақ тіліндегі сөздердің құрылысын «Сөз тұлғасы» деп атап 5 түрге бөледі. Олар түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы, қосымшалар деп аталған да әрқайсысы жеке-жеке талдап түсіндірген. Сөздерді топқа бөлуде осы оқу құралынан басталады. Оқулық авторы сөздерді үш топқа бөледі де; 1-не зат есім, сын есім, есімдік, етістік; 2-не үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, 3-не одағайды өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп 2-ге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін «Тіл құралының» 1924 жылы басылымында да кеңейте, дәлелдей түседі. А.Байтұрсынов оқулықтары қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбектер болғанмен, көптеген мәселелерді өте білгірлікпен, көрегендікпен айта алған. Мысалы: қосымшалар туралы былай дейді: «Қосымшаларда өз алдымен мағына жоқ, сөзге жалғанбай айтылмайды. Қосымша екі түрлі болады: бірі сөздің тұлғасы ғана өзгертеді, мағынасы өзгертпейді, бұл - жалғау, екіншісі - сөз тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді, бұл – жұрнақ».

Сөйтіп, морфология ғылымның бастауы, негізгі А.Байтұрсынов еңбегінен басталады. Орыс түркологтары жазған қазақ тілі грамматиканың ең соңғы- 1927ж. Г.А. Архангельскийдің құрастыруымен Ташкентте басылған. Еңбекте өте ықшамды түрде фонетикалық, морфология мен синтаксистік мәлімет берілген.

1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерін де, әсіресе сол кездегі ғылыми-педагогикалық журналдар - «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі-жиі көріне бастайды. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз таптарына, қосымшаларға арналған 30-ға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жұбанов, Х. Басымов, Ш.Х. Сарыбаев, Е.Жиенбаев, О.Аманжоловтар жазған. Және де 1936 жылы Қ. Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығы шыққан. Автор қазақ тіліндегі сөздерді екі түрлі белгісіне қарай жіктейді:оның 1-і тұлғасына қарай, 2-сі лексика -грамматикалық белгісіне қарай жіктеу. Тұлғасына қарай сөздерді алты топқа бөледі. Олар: түбір сөз, қосымшалы сөз, біріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқы сөз. Бұл арада автордың А.Байтұрсынов қолданған терминдерді біраз өзгертіп қолдануға тырысқанымен, басқа жаңалығы онша емес және термендері де өмірлік бола алмады. Бұдан басқа жұрнақты үстеу немесе үстеуіш де, үстеуге жататындарды мезгіл-мекен есім де атауы да қазақ тіл білімінде қабылданбады.

Ал 1938 жылы Аманжоловтың авторлығымен «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта жарық көрген. Алдыңғы еңбектер сияқты мұнда да сөздерді тұлғасына, тобына қарай жіктейді, дегенмен алдындағы оқулықтармен салыстырғанда теориялық дәрежесі төмендеу болды. Бұл он жылдықтың атап айтуға тұрарлық бір жаңалығы –қазақ тіл білімінің салаларын даралап арнайы зерттеу, салаларының негізінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау болды. Мәселен етістіктің есімше, көсемше, етіс, шақ категориялары, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.

40-жылдар ішіндегі морфологияға қатысты еңбектің бір елеулісі –Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиев жазған «Қазақ тілінің грамматикасы» болды.. Осы еңбекте «морфема» дейтін грамматикалық термин қазақ тіл білімінде алғаш рет қолданылды. Қ.Жұбанов еңбегінде өзгертіліп қолданылған грамматикалық терминдерді соңғы авторлар Байтұрсынов қолдаған атаумен атап, құрастырған. Сөздерді есімшелер, етістіктер, есімдіктер, үстеулер, көсемшілер, одағайлар деп алты топқа бөледі. Сөйтіп, терминдік классификацияның алақұлалығына қарамастан қазақ тілі морфологиялық жүйесі ілгері дамыды.

1950 жылдан бері қарай уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзеге тарта ғылыми мақала, 20-ға тарта монографиялық зерттеулер мен кітаптар жарық көрді.

Етістік категорияларын зерттеуге арналған: Мамановтың, Қалыбаева, Оралбаева, Ерғалиевтің еңбектерін. Сын есім категорияларына арналған: Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов еңбектерін. Сан есімге арналған: Ә.Хасенов, одағай, еліктеуіш сөздерді зерттеген Ш Сарыбаев, Катенбаева, үстеуді А.Ысқақов, есімдікті Ибатов, шылауды зерттеген Р.Әміров, Т.Қордабаев еңбектерін атауға болады.

1954ж. Академиялық «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы шығарылды. 1967жылы «Қазақ тілі грамматикасы» I, II бөлімі, ал 2002 ж. «Қазақ грамматикасы» жарыққа шықты.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  2. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, - 1992ж.

Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория туралы түсінік бере отырып, грамматикалық мағынының түрлерін, жасалу тәсілдерін меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Негізгі грамматикалық ұғымдар туралы түсінік

2. Грамматикалық мағына және оның түрлері

3. Грамматикалық мағынаның берілу жолдары мен

тәсілдері

4. Грамматикалық форма

5. Грамматикалық категория

Грамматиканың басты объектісі –тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.

Грамматика мағына және оның түрлері. Тілдегі әрбір сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы-нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден 2-ші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына-сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр түрлі қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше, белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.

Грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең деген өлең жолдарын талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бір лексикалық мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр.

1. туғанда, лексикалық мағынасы- нақты туу қимылы; грамматикалық мағынасы: а)жалпы қимылды білдіру; ә) салтылық мән; б) өткен шақтық мән; 2.дүние-лексикалық мағынасы-әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағынасы: а) жалпы абстракт зат атауы; ә) қатыстық меншіктілік мән.

3. есігін - лексикалық мағынасы-үйдің бір бөлігі болып табылатын нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары:а) жалпы зат атауы болуы; ә) 2-ші бір затқа тәуелді бөлшегі болу, ол тәуелділік 3-жаққа қатысты.

4.ашады-лексикалық мағынасы-ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары:а)жалпы қимылды білдіру; ә)ол қимылдың сабақты болуы; б) ауыспалы осы шақ мәнін білдіру.

5.өлең-лексикалық мағынасы-нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағынасы: а) жалпы зат атауы болуы; ә) ашу қимылының грамматикалық субъектісі болуы.

Осы шағын талдаудан көрінетіндей сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі. Осы сөздерді кейбір ортақ грамматикалық мағынасына қарап топтауға да болады. Мысалы: жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай дүние, есігін, өлең сөздерін бір топ етіп, жалпы қимылды білдіру жағынан ашады, туғанда сөздерін бір топ етуге болады. Сонымен бірге туғанда, ашады сөздерінің жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіруі мен сабақты я сабақтылық мағыналары нақты қимылдың жалпылануы арқылы пайда болады. Сөйтіп бұл грамматикалық мағына білдірудің семантикалық тәсілі болады.

Сонымен, грамматикалық мағына дегеніміз 1- ден, сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы пайда болады, 2-ден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де туады, 3-ден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады. Грамматикалық мағынаны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөлуге болады. Жалпы грамматикалық мағына сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады. Мысалы: үй, бала, Алматы, жақсы, аң, әдемі, кел, ойла, т.б.

Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағына категориялық мағына деп аталады. Мысалы: 1) беймаза, бишара, наразы, 2) сөз таптарының түрлену жүйесі.

Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. арқылы беріледі. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атаймыз. Мысалы: Бала ойнап жүр. Бала бүркіт түлкіден аянбайды. Бұл – кітапты көп оқиды. Бұл кітап дүкенде сатылып жатыр деген сөйлемдердегі интонацияға назар аударуымыз керек.

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары. Грамматикалық мағынаны білдірудің ең 1-ші тәсілі - семантикалық тәсіл. Ол-сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асады.

2-ші синтетикалық тәсіл. Ол арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, екпін арқылы, суплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке сөздер арқылы берілуі.

3-ші аналитикалық тәсіл. Олар негізгі сөздердің тіркесуі арқылы: алтын сағат, ағаш үй, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі (көмекші етістік, шылау), сөздердің қосарлануы, сөздердің орын тәртібі арқылы, дауыс ырғағы, интонация арқылы (көрме-көрме, кеспе-кеспе) беріледі.

Грамматикалық форма. Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің бір типі- грамматикалық формалар. Сонымен, грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйе бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық мағына беріледі. Осы уақытқа дейінгі оқулықтарда (А. Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі», К.Аханов. Грамматикалық теорияның негіздері. А,.72) грамматикалық форманы грамматикалық мағынаны білдіруінің сыртқы жағы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп айтылып келеді. Алайда лексикалық мағынаның абстракцияланып жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына, сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін қатыстық грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз-ак берілетін байқауға болады (Исаев С. «Қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар». 1992). Мысалы: тау, тас, үй, көл, бала, әке сияқты сөздерді жалпы заттық мағына алғашқы топтағы сөздерде жансыз (нелік) заттар, соңғы топтағы сөздерде адамға байланысты (кімдік) заттар мағынасы грамматикалық мағыналар екендігіне ешбір күмән жоқ. Бұлардың ешқайсысы да ешбір грамматикалық форма арқылы берілмеген. Сондай-ақ аналитикалық тәсілдің түрлері болып табылатын негізгі сөздердің бір-бірімен тіркесуі, негізгі сөзбен көмекші сөздің тіркесі арқылы, сөздердің қосарлануы сөйлемдегі орын тәртібі, интонация т.б. арқылы грамматикалық мағынаны білдіруде ешбір форма жоқ.

Қазақ тілінде грамматикалық форма дегенге белгілі бір грамматикалық

топтағы сөздердің түрлену, өзгеру жүйесі болып табылатын форма тудырушы қосымшалары жатады. Олар: көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары және форма тудыратын: сын есімнің шырай тұлғалары, болымсыз, күшейтпелі етістік, тұйық етістік, шақ, көсемше есімше, рай жұрнақтары жатады.

Сөз формалары. Грамматикалық форма деген ұғыммен байланысты қолданылатын тағы бір ұғым - сөз формалары. Сөз формалары деген ұғымға белгілі бір лексикалық мағыналы сөздің грамматикалық мағынаны білдіретін белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруы енеді. Мысалы: сөз, сөздер, сөзді, сөздік, сөйлеген, сөйлем, сөйлемге дегендерге назар аударайық. Алдымен, осылардың әрқайсысы жеке-жеке сөз бе? Әрине жоқ. Сөз тұрғысына келсек, бұл топтан сөз, сөздік, сөйле, сөйлем деген сөзді бөліп аламыз да, ал қалғандары осы төрт сөздің түрлі формалары болып табылады..

Сөз бен сөз формасы деген ұғымдардың аражігі айырмашылығы олар білдіретін лексикалық мағынаның бір я бөлек-бөлек болуына негізделген. Сөздердің көптеген формаларының ішінен біреуі сөздің сол форманы жасауға негіз болады. Ол көбіне белгілі бір сөз табының түбір (негіз және туынды) тұлғасы болып табылады. Мысалы: зат есімнің сөз формасына негіз болатын зат есімнің түбір тұлғасы т.б. Сөз форманың қазақ тілінде екі түрі бар:1) сөзге форма тудыратын қосымшалар жалғану арқылы жасалатын синтетикалық формалар немесе сөздің синтетикалық формалары, 2) негізгі сөзге көмекші сөздердің тіркесу арқылы жасалатын аналитикалық формалар немесе сөздің аналитикалық формалары. Сөздің аналитикалық формаларына сын есімнің күшейтпелі тұлғалары жатады. Мысалы: тым жоғары, әп-әдемі.

Сондай-ақ етістіктің ашық рай (осы шақ, өткен шақ-келе жатыр, айтқан), қалау рай (барғысы келді), болымсыз етістік (барған жоқ) формалары да жатады.

Грамматикалық категория. Грамматикалық категория ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты. Грамматикаклық мағына, грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес және де, грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен байланысты.

Грамматикалық категория әрі өзара тендес, мәндес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қайшы мәндегі бірнеше грамматикалық мағынадан немесе мағыналар жиынтығынан тұрып, ол грамматикалық мағыналар белгілі тұлғалар жүйелері арқылы беріледі.

Грамматикалық категориялар тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтетикалық категория деп бөлінеді.

Морфологиялық категория сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз табының барлығында бірдей грамматикалық категория бола бермейді. Кейбір сөз табында (мысалы: сан есім, есімдік, үстеу т.б.) грамматикалық категория атымен жоқ. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары зат есім, сын есім және етістік.

Зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы, сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салт-сабақты етістік категориясы, болымсыз етістік категориясы, рай категориясы, шақ категориясы бар.

Грамматикалық (морфологиялық) категорияның түрлену жүйесі мен семантикалық сипаты біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық мағына ғана үстеп, сол сөз табының түрлендіру жүйесінің формалары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан гөрі түбірдің семантикасына азда болса өзгеріс мағыналық реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа ие болады. Сын есімнің шырай категориясының, етістіктің етіс, салт-сабақты етістік категориясының, болымсыз етістік категориясының семантикалық мәні жағынан, грамматикалық сипаты анық байқалады. Ал зат есімнің көптік, септік, тәуелдік, етістіктің жақ, рай, шақ категориясының семантикалық мәні байқалады. Осыған орай грамматикалық категорияның бір тобын лексика-грамматикалық категория деп, 2-ші тобын таза грамматикалық категория деп бөлеміз.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Аханов К. Грамматикалық теорияның негіздері,- А. 1972ж.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері,- А.1973ж.

  3. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.- А. 1992ж.

  5. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. «Қазақстан мектебі» журналы, 1962. №7

  2. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері.- А.,1978ж. 21-28бб.

Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге сөзді топтастыру принциптерін (лексика-семантикалық, грамматикалық) меңгерту. Атауыш сөз, көмекші сөз, одағай сөздердің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Дәрістің жоспары: 1. Сөздерді таптастырудың негізгі принциптері, ол принциптердің мәні мен сипаты

2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы

  1. Қазақ тіліндегі сөз таптары

Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико-грамматикалық топтарға бөлу болып табылады. Сөздерді бұлай болу жыл санауымыз алдындағы V-IV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Панини грамматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері қарай айтылып келеді. Тілдердегі сөздерді есім, етістік, шылау деп 3 класқа бөлуде сол заманда басталған болатын. Платон мен Аристотельден басталған жоғарғы 3 топ құрамына енетін сөздерді ең аз болғанда 5, ең көп болғанда он бір топқа бөлу-тіл білімінде әбден орныққан, тұрақты үлгіге айналған дәстүр. Ғылымда орныққан сол үлгіні түркологтар түркі тілдерін зерттеуде де қолданды. Даяр тұрған үлгіні түркі тілдеріне қолданудың алғашқы тәжірибесі Казамбектен, Гигановтан, Бетлингтен басталды. Кейін келе қара жолға айналған сол соқпақпен қазақ тілін зерттеушілері де жүрді.

Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы әліппесін жазған адам Н.И.Ильминский еді. Бірақ қазақ тілін зерттеген орыс түркологтарының ешқайсысы да қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлгенде қандай принципті басшылыққа аламыз деген сұрауды қойған жоқ та, оған жауап берген де жоқ.

П.М.Мелиоранский зат есім мен сын есімді бірге алып, қазақ тілінде 8 сөз табы бар деп, басқалары сын есімді бөлек сөз табы деп есептеп, сөз табының жалпы санын 9 деді. Атын атап, мысал келтіру ғана болмаса, ешбір сөз табы жан-жақты сипатталған жоқ. Элленизм дәуірінде өмір сүрген Стоиктерден бері қарай келе жатқан дәстүр бойынша қазақ тілін зерттеушілер де шылауды жалғаулық, септеулік, демеулік деп 3 түрлі сөз табы ретінде қарады. Әр сөз табына тән ұсақ категорияларды анықтауда да бірізділік болмады.

Ана тілімізде сөз таптарының алғаш зерттелуі Ахмет Байтұрсынов еңбегімен байланысты екенін және қандай топтарға бөлгендігі туралы өткен жоғарыдағы лекцияларда айтқанбыз. Яғни ол былай бөлген еді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеуіш, демеуіш, жалғауыш,одағай (еліктеуіш, септеуіш).

Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, ең алдымен үш үлкен топқа бөлінеді. Олар – атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер. Атауыш сөздер өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан контекстен тыс та, контексте де қажетіне қарай қолданыла береді. Олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша түрленіп те, түрленбей де жұмсалады, өз алдына сөйлем мүшесі болады. Ол сөздерден қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша жаңа сөздер тудыруға болады.

Атауыш сөздерді ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне жақын белгілеріне қарай, іштей бірнеше топтарға бөлуге болады. Оларды есімдер және етістіктер деген екі салаға бөледі, ал есімдерде іштей бірдей емес. Мысалы: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер ішінара ұқсас болғанмен, үстеу мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жақын. Осыған орай, олардың алғашқы тобын атаушы есім деп, соңғы тобын, үстеуіш есім деп екіге бөледі. Ал етістіктер өз алдына бір топ. Атауыш сөздерді осылайша 3 топқа бөлу олардың категориялық семантикасына (қызметінің мағыналары) байланысты болады. Атаушы есімдер заттық ұғымдардың жеке ойша зат ретінде тұспалданатын түсініктердің аттарын білдірса, үстеуші есімдер әр қилы іс-әрекеттің белгілерін білдіреді, ал етістіктер амал-қимыл, іс-әрекеттің аттарын білдіреді.

Көмекші сөздер-мағыналық дербестігі жоқ, өз алдына дербес сөз ретінде қолданылмайды, тек контексте атаушы сөздермен селбесіп қана жұмсалады. Осыған сәйкес, сөйлемде өз алдына мүше бола алмайтын және жаңа сөздер жасалмайтын сөздер. Көмекші сөздерде іштей шылаулар, көмекші есімдер, көмекші етістіктер болып бөлінеді. Әрі қарай шылауларды атқаратын қызметіне орай жалғаулық, демеулік, септеулік шылаулар деп бөлсек, көмекші етістіктерді толымды, толымсыз көмекші етістіктер деп бөлеміз.

Одағай сөздер - тек адамның әр алуан көңіл-күйін, әр қилы райларын білдіру үшін қолданылатын сөздер. Олар өзге сөздермен ешқандай да грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді, өздері сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағай сөздер іштей тиісті топтарға бөлінеді,олардың саны аз.

Бұл аталған 3 топ бір-бірімен жіті байланысты. Себебі-бәрекелді,әттеген-ай, ойпырмай, мәссаған тәрізді одағайлармен бірге, шейін, туралы, сияқты, сондықтан, гөрі тәрізді көмекші сөздердің –түпкі төркіндері - атаушы сөздер. Сонда атаушы сөздер осы үш топтың ішіндегі ең көбі де, әрі ең негізгі ұйтқысы балып табылады.Сөйтіп, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың лексика-семантикалық және грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) ерекшеліктеріне байланысты екен.

Лексика-семантикалық жағы дегеніміз -заттың атын, заттың амал-ісін, заттың сапалық, сандық белгілерін, амал мен белгінің белгілерін білдіру болса, грамматикалық жағына бір сөздің жаңадан сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз байланыстыру, сөйлемдегі қызметі, сөз бен сөз тіркесу қабілеті енеді.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білімнің негіздері. Алматы,- 1973ж

  2. Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.

  3. Төлеуов О. Сөз таптары. Алматы,- 1982 ж.

  4. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы -1993ж.

  5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

  6. Хасанов С., Әбдіғалиева Т. Кестелі грамматика. Алматы, -1996 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1.Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан (мақала)/Қазақстан мектебі, 1985,№7

2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. АЛматы, - 1988ж.

Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге зат есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Зат есім туралы түсінік

2. Зат есімнің лексика-грамматикалық ерекшелігі

3. Зат есімнің мағыналық топтары

4. Көмекші есімдер

Зат есім деп - күнделікті өмірде кездесетін жәй заттармен қатар, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды ұғымдар мен түсініктерді де білдіретін сөз табын айтамыз. Мысалы: гүл, үй, алма деген сөздермен қатар қар, тұман, нарық, ақыл деген сөздер де жатады. Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Олар сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға тән қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады; 2-ден зат есімдердің сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар.

Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйытқы, әрі өзегі болып қызмет атқаратындықтан, әдетте сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді. Дегенмен зат есімнің ең негізгі қызметі - бастауыш, толықтауыш, анықтауыш болу.

Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттың ұғымды білдіретіндіктен, олар негізінен алғанда іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтиды. Мысалы: ағаш, тас, үй тәрізді сөздер, әдетте көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі заттармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл, адамгершілік, зұлымдық секілді сөздер ойлау арқылы танылатын абстракті заттармен байланысты ұғымдарды білдіреді. Конкретті зат есімдерден абстракті зат есімдер, керісінше, абстракті зат есімдерден конкретті зат есім жасала береді.

Оқу-оқушы.

Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мысалы: құрт, құмырсқа, төсек, орын тәрізді дара сөздер белгілі заттардың аты болса, құрт –құмырсқа, төсек-орын, кемпір-шал сияқты қос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың топ-тобымен атын білдіреді. Мысалы: мая-мая, төбе-төбе, жал-жал сияқты қос сөздер даралау я бөлу ұғымын білдіреді.

Зат есімдер семантика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай: адамзат (кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін, жалқы есімдер, көптік мәнді есімдер, эмоциялы-экспрессивті зат есімдер, көмекші есімдер болып бөлінеді. Зат есімнің негізгі сұрақтары кім? не? Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады.

Адам атаулары деп: 1) жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, ұл, шал, кемпір); 2) туыс атауларын (әке,шеше,әже,жиен,іні, т.б); 3) іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (арбашы, әнші, оқушы, оқытушы); 4) әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директер, төре, әкім, президент); 5) кісі аттарын (Асан, Гүлжан, Омар т.б) айтамыз.

Зат есімнің бұл тобына жалпы алғанда, адам атауларымен байланысты ұғымның аттары және кісі аттары енетіндіктен, оларға осы ерекшеліктеріне орай адамзат есімдері деп атауға болады. Не? деген грамматикалық сұрақ, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың күллі заттар мен, нәрселердің атауларына қойылады. Оған жататындар: 1) деректі я дерексіз барлық заттар мен заттық ұғымдардың атаулары (құм, кітап, сана, қол т.б); 2) өсімдік, жеміс-жидек, көкініс атаулары (өрік, қияр, алма жусан т. б ); 3) ас пен ішімдік атауы (ет, сүт, көже, нан, қант); 4) жан-жануар, хайуанат атаулары (жылқы, қой,жылан); 5) балық атаулары (шорттан, сазан); 6) құрт-құмырсқа атаулары (маса, шыбын, шіркей т.б ); 7) мекен, қора-қопсы, құрал-жабдықтар атаулары (үй, қора, балға, балта т.б). Сөйтіп, зат есімнің бұл есімнің бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің заттың ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан оларды ғаламзат есімдері деп атайды. Егер әдет бойынша кім? деген сұрау қойылатын кісі аты жер-су я мекен атауына ауысса, онда не? деген сұрау қойылады. Мысалы, Орал институтта оқиды. Орал-әсем қала.

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады. Ал белгісі бір ғана затты арнайы даралай атайтын жалқы есімдер де бар. Оларға кісі аттары (Асқар, Гүлнар), үй хайуандарына қойылған аттар (Тайбуырыл, Ақтөс т.б), өндіріс, мекеме, ұйым аттары (Қайнар, Қаламқас, Желтоқсан т.б), газет-журнал, жеке шығармалар, жеке кітап аттары («Абай жолы», «Ұлан»), географиялық атаулар(Алатау, Үстірт), қала, көше, алаң аттары (Ақтау, Байтұрсынов атындағы көше) жатады..

Жазу дәстүүрімізде жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады да, жалпы есім бірыңғай кіші әріппен жазылады. Тілімізде жалпы есімнен жалқы, жалқы есімнен жалпы есім туа береді. Мысалы: Қаражанбас, Маңқыстау (жалпы→жалқы) Итжеккен-Сібір, Панама-қалпақ (жалқы→жалпы).

Арнайы көптік жалғауын жалғамай-ақ өз бойынан көптік мән табылатын зат есімдер де бар. Оларға: 1) сұйық, газ тектес заттардың аттары (айран, шай, азон, бу, тұман т.б), 2) уақ, ұнтақ, заттардың аттары (құм, тары т.б), 3) дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары (ойла, дау, қайғы, сүйеніш т.б), 4) жаратылыс табиғат құбылысының атауы (боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т.б) жатады.. Зат есімдердің ішінде затты я заттың ұғымды, әдетте, атаумен қатар, сол аталған заттың сын-сипат жағынан қандай екендігін қоса-қабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын әсірелеу не бейнелеу түрде қолданатын топтары бар.Олар төмендегідей жұрнақтар бойынша жасалады.

1.-еке, -қа, -ке, жалпы және жалқы есімдерге жалғанып, сыйлау, құрметтеу, үлкен тұту сияқты мағыналық реңктер үстейді: ағаке, жездеке, Жәке.

2.-й сыйлау, құрметтеу: апа-й, аға-й.

3.-жан, әрі еркелету, әрі кішірейту сыйлау реңін жамайды: Абайжан, Ардақжан, жан ата, жан әже т.б.

4.-тай, ізет көрсету, жалыну сияқты реңк үстейді: аға-тай, апа-тай.

5.-қан, -ақан (еркелету, кішірейту): бұзауқан, балақан, ботақан т.б

6.-қай, -кей: балақай, шешекей.

7.-шаң, -шен, кішірейту, еркелету мәнін үстейді: келіншек, құлын-шақ, іні-шек,

8.-шық, -шік, кішірейту: үйшік, қапшық, көлшік.

9.-ша, -ше: көрпеше, өгізше, сандықша.

10.-сымақ, қомсыну, кекету: ақынсымақ, өзенсымақ.

11.-шығаш, -шігеш, -екеш, қомсыну: байшігеш, тас екеш тас та өзгереді.

Зат есімнің синтаксистік қызметі. Сөз таптарының бәріне де негізгі ұйтқы болғандықтан зат есім солардың әрқайсысымен сөйлем ішінде әр түрлі жағдайда тіркесіп, әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Осындай әр тараптылығының нәтижесінде зат есім сөйлемнің барлық мүшелері де бола береді.

Дегенмен, семантикалық жағынан негізінен заттық ұғымдарды білдіретіндіктен зат есімнің ең негізгі де және ең басты қызметі бастауыш пен толықтауыш болу. Оқушылар мектепке жиналды. Үсті-басым, бет аузым лезде үйреншікті күйге түсті. Осы сөйлемдері бастауыштар-зат есімдер. Ал Асан кітапты оқыды. Мен Анармен сөйлестім деген сөйлемдері толықтауыштар да зат есімдер. Қандай сөзбен тіркесуіне және қай орнында туруына қарай зат есім анықтауыш,пысықтауыш, баяндауыш та балады.

Мысалы, Біз үйге қарай жүрдік. Ол қаладан келді деген сөйлемдерін үйге қарай, қаладан деген пысықтауыш та зат есім. Ал мен осы мектептің оқытушысымын. Біз бір үйде -6 баламыз дегендердегі баяндауыш зат есімнен жасалған.

Зат есім өзді-өзі, бір-бірімен тіркесіп анықтауыш болып қызмет етеді. Зат есімнің өзді-өзі бір-бірімен тіркесу жүйесі түрік изафеті деп аталады.

1) екі зат есімнің екеуіне де қосымша (1-іне ілік септік жалғауы, 2-іне тәуелдік жалғауы) жалғанады (үйдің иесі, баланың пальтосы).

2) екі зат есімнің біреуіне (тек соңғысына) қосымша қосылып, екіншісіне (алдыңғысына) қосылмай тіркеледі.

3) екі зат есімнің екеуіне де бірдей ешқандай қосымша қосылмай тіркеседі (тас үй, қой қара).

Көмекші есімдер. Зат есімнің көпшілігі өздерінің лексикалық мағынасында жұмсалып, өздеріне тән түрлену жүйелерін және сөйлемде өз алдарына дербес мүше болу қасиетін сақтап отырады. Ал кейбір зат есімдер өздеріне тән байырғы қызметінен жартылай айрылып, көбінесе көмекші сөздер яғни көмекші есімдер есебінде жұмсалады.

Көмекші есім деп - лексикалық мағынасы бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүшесінде кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан көп емес: алды, арты, асты, үсті, жаны,қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, түбі сияқты сөздер жатады.

Көмекші есімдер зат есімше қолданылады, демек бұл сөздердің бойында зат есімге тән семантикалық дербестін те, морфологиялық жағынан дәл сол зат есімдердей түрлену қабілеті де толық сақталады.

Мысалы: Сыртын көріп, ішінен түңілме. Ол қанша артта қалса да, пікірі алда. Осы сөйлемдегі сыртын деген табыс септігі, ішінен-шығыс септігі, алда, арта-жатыс септіктегі формалар. Ал Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп кетті. Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында сып – сып әңгіме басылмады. Осы сөйлемдегі даудың ішіне, құдық басында, от басында, ауыл сыртында деген тіркестердің бәрінде іші, сырты, басы сөздерінің лексикалық мағыналары солғындаған көмекші есімдер ретінде қолданылады. Сондықтан бұл сөздердің бәрі де сол сөйлемдерде жеке дара мүше емес, өздерінен бұрынғы негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамына енетін көмекші компоненттер есебінде қызмет етіп тұр да, олардың әрқайсысы семантика жағынан сол негізгі сөздердің мағыналарына өзінше әр қилы қосымша мағыналар үстеп тұр.

Көмекші есімнің негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналары көбіне көлемдік қатынастарды, мезгілдік, мекендік қатынастарды білдіреді. Осындай ерекшеліктеріне орай, көмекші есімдер көлемдік, мезгілдік, мекендік мағыналарды білдіретін барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік формаларында қолданылады.

Көмекші есімдерді шылау сөздермен морфологиялық сипаттары жағынан бір қатарға қоюға болмайды. Өйткені шылау сөздер - морфологиялық жағынан белгілі бір формаларда қалыптасып орныққан көмекші сөздер болса, көмекші есімдер өздерінің көмекшілік қызметтерін қажетіне қарай көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын және кейбір жұрнақтарды да қабылдай отырып атқара береді. Мысалы: Үйдің сыртына машинадан бір кісі түсіп жатыр. Олардың қастарына бірден жетіп бардым деген сөйлемдердегі сырт-ы-на, қас-та-ры-на деген формаларда көптік, тәуелдік, септік жалғаулары бар.

Көмекші есімдер, қай формада тұрсын мейлі, өздерінен бұрынғы ілік септіктегі есімдермен тіркеседі де, солармен бірнеше сөйлемнің күрделі мүшесінің құрамына енеді. Мысалы: үй алдынан, отан алдында деген тіркестер күрделі мүше қызметін атқарып мекен пысықтауыш болады.

Көмекші есімдер бір-бірімен синонимдес (мәндес), антонимдес (қарсы мәндес) болып келеді. Мысалы: үсті және басы, арты және сырты, басы және қолы, жаны-жағы, алды-беті, басы-төбесі деген көмекші есімдер өз ара мәндес ал арты-алды, асты-үсті, іші-сырты, беті-түбі, беті-асты, шеті-ортасы сияқты көмекші есімдер өзара антонимдес. Көмекші есімдер қосарланып та қолданылады. Жан-жағы, үсті-басы, басы-қолында.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.

3. Исаев С. Қазіргі қазақ тілінің кейбір мәселелері. Алматы, -1997 ж.

4. Хасанов С., Әбдіғалиева.Т...., Кестелі грамматика. Алматы,- 1996 ж.

5. Жанұзақов.Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. Алматы,- 1965 жыл.

6. Мергенбаев. Е. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі. Алматы,- 1994 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы,- 1973ж.

  2. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі септік жалғауының берілетін мағыналары. Труды научной конференции, посвященном 40-летию КазПИ им. Абая. Алматы,-1968

Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»

Дәрістің мақсаты:Студенттерге зат есімнің көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары туралы түсінік беру, олардың өзіндік ерекшелігін меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Зат есімнің көптелуі

2. Зат есімнің тәуелденуі

3. Зат есімнің септелуі

4. Зат есімнің жіктелу ерекшелігі

Зат есімнің көпше түрі. Қазақ тілінде зат есімдер нақтылы лексикалық мағынасына орай сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа, екі категорияға айыра көрсетуге негіз боларлық ең басты грамматикалық сыртқы белгі-оларға көптік жалғауының жалғануы. Қазақ тілінде көптік жалғауы -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер тәрізді алты түрде фонетикалық вариантта ұшырайды.

Көптік жалғауы жалғанғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса өзінің бастапқы лексикалық мәніне орай сөйлем ішінде мынадай мағыналық реңктерге ие болады:

1. Атап отырған нәрсеміздің өз алдына дербес-дербес санап көрсетуге болатын бөлшектерден тұратындығын көрсетеді. Мысалы: өзендер, жануарлар. Келтірілген мысалдардан көптік жалғауының мұндағы өзен, жануар дегендердің ұзын санының молдығынан гөрі олардың түрлерінің көптігін білдіру мақсатында жұмсалатындығын көреміз.

2. Сонымен бірге, көптік жалғауы өзі жалғанған зат есімдерге молшылық, қисапсыз көптік секілді мағыналарды да үстей алады: гүлдер, үгінділер.

3. Көптік жалғауы зат есімге жалғанғанда пайда болатын бұдан кейінгі басты бір мағыналық реңк белгілі бір адамдардың тобын, жиынтығын білдіруі: жастар, оқушылар, қазақтар.

4. Көптік жалғауы туыстық жақындықты білдіретін зат есімдердің тәуелденген түріне жалғанған кезде, ондай сөздер біреудің есімін сый тұтуды, құрмет тұтуды білдіреді. Мысалы: әжемдер, апамдар, атамдар.

5. Мезгіл мөлшеріне байланысты айтылатын кейбір зат есімдерге жалғанған көптік жалғауы сөзге тұспалдау, шамалау мағыналарын үстейді.

Мысалы: қыстың орталарында, шілденің бастарында.

Ал өзге сөз таптарына жалғанған көптік жалғауы мағынаның үстіне сөз мағынасын заттандырушы қызмет атқарады. Мысалы: миллиондар, ақылды.

Зат есімнің жіктелуі. Жіктік жалғауы - жіктеу есімдіктерімен тікелей байланысты белгілі бір іс-әрекет, қимылдың немесе заттың үш жақтың біріне қатысты екенін білдіру үшін қолданылатын грамматикалық тұлға.

Жіктік жалғауы - әрі етістік, әрі зат есімге тән сөзбайлам қосымша. Осы себепті олар зат есімнің жіктелуі және етістіктердің жіктелуі деген атпен екі жерде, екі сөз табының тұсында айтылады және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Ал енді өзен, тас, аю, өрмек, аяз, қар, қағаз секілді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарларға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, олар өздерінің тура мағынасында жіктік жалғауын қабылдамайды да, жақсыз категорияға жатады.

Нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аты болып келетін зат есімнің адамға біткен әр алуан қасиетті бейнелі түрде көрсету үшін кейде көркем әдебиетте, поэзияда жоғарыда аталған адам ұғымындағы зат есімнің орнына жүретін кездері де болады. Шамдансам, жығар асаумын,

Шымырқансам, сынар болатпын.

Зат есімнің тәуелденуі. Иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу категориясы деп аталады.

Қазақ тілінде тәуелдеу категориясы үш түрлі тәсіл арқылы жасалады:1-сі морфологиялық тәсіл, 2-сі синтаксистік тәсіл, 3-шісі аралас тәсіл.

Синтаксиситік тәсіл біз, сіз есімдіктерде ілік септік қосымшасын жалғап (мысалы біздің, сіздің), оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді ешбір қосымшасыз-ақ тіркестіру арқылы жасалады: біздің үй, сіздің үй.

Аралас тәсіл бұрынғы компоненті есімдіктермен қатар, басқа есімдерден болып және соңғы компонентінің үнемі тәуелді жалғаулы сөз болатындығы жағынан: біздің үйіміз, олардың балалары.

Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдеу категориясы мынадай екі түрлі қосымша арқылы жасалады. 1)-нікі (-дікі,-тікі) жұрнағы арқылы.

2) тәуелдік жалғауы арқылы.

Тәуелдеу ұғымын тудыратын -нікі-дікі-тікі жұрнағы тарихи жағынан алғанда ілік септіктің –ның (-нің,-дың,-дің,-тың,-тік) жалғауына –қы,-кі,-ғы,-гі жұрнағының бірігуінен жасалған. Бұл форма арқылы туатын меншіктілік меншіктелуші заттан жеке де айтыла береді. Мысалы: менікі, сенікі, сіздікі.

Егер қандай да зат кімге меншікті екенін білдіру қажет болса, сол зат иеленуші субъектіден я объектіден бұрын қолданылады. Мысалы: мал шопандікі, кітап сенікі.

Тәуелдік жалғау, әдетте бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінен зат есімге тән қосымша болса тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар: Сөздің соңғы дыбысы:

1. дауысты болса,

I жақ (- м) 2. дауыссыз болса, I жақ (-ым,-ім)

II жақ (-ң,-ңыз,-ңіз) II жақ (-ың,-ің)

III жақ (-сы, -сі) (-ыңыз,-іңіз)

III жақ (-ы,-і).

Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктерімен тікелей байланысты болады.

Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденсе, бір зат бір ғана адамға (я затқа) тән екендігін білдіреді. Ал сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Бұндай тәуелдеуді оңаша тәуелдеу деп атайды. Мысалы: менің бөбегім, менің балаларым. Жалғау жалғанған сөзбен байланысты ілік септіктегі жіктеу есімдіктері кейде түсіріліп те, түсірілмей де айтыла береді, өйткені стилистикалық талап пен талғамға, сөйлемдегі өзге сөздердің қолданылу ерекшелігіне т.б. жағдайға байланысты болады. Мысалы: Жас болғанға төбеме секірдің.

Тәуелдіктің I, II жақтан гөрі 3-ші жақтың өрісі кең, себебі тәуелдіктің I, II жақтарының қосымшалары өздері жалғанған сөзді тек я 1-ші, я 2-ші жаққа тәуелді етсе, III жақ қосымшасы өзі жалғанған сөзді (затты) тек III жақта емес, жалпы бөгде жақтарға тәуелді етеді. Сонда III жақ оның деген есімдіктің орнына тиісті заттың (я кісінің) аты қойылып, айтыла береді. Оның кітабы →Анардың кітабы. Кітапхананың кітабы.

Байланыстың бұл түрі матасу деп аталады. Тәуелдеулі сөзбен байланысқан ілік септіктегі сөздің қосымшасы кейде ашық айтылады, кейде түсіріліп айттылады, совхоз директоры. Тәуелдеулі есім (зат есім) сөйлемде бастауыш болса, баяндауыштың жалғауы онымен жан-жағынан қилыспайды. Өйткені тәуелдеулі сөз қай жақта тұрса да баяндауыштың жіктік жалғауы III жақта тұрады. Мысалы, апам келді.

Тәуелдік жалғау көптік жалғаудан кейін келеді (кітаптарым), ал туыстық қатысты білдіретін кейбір сөздерде тәуелдік жалғау көптік жалғаудан бұрын келеді. Мысалы, әкелерім-әкемдер.

Тәуелдік жалғау септік жалғауынан, жіктік жалғауынан да бұрын жалғанады, студенттіңмін.

Тәуелдік жалғаулар қосымша эмоциялық-экспрессивтік райда я мәнді білдірерліктей міндет атқарады. Мысалы, айым, әкем, шырағым, сәулешім. Осылайша айтылған сөздер тыңдаушы адамды жақын тұту, жақсы көру, құрметтеу, еркелету сияқты қатынастарды да аңғартады.

Зат есімнің септелуі. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратын қосымшалар септік жалғау деп аталады. Сөздер екі түрлі форма бойынша септеледі. 1.Жай септеу. 2.Тәуелді септеу.

Жай септеу деп септік қосымшасының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын айтамыз. Ал, тәуелді септеу деп септік жалғаулардың зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз. Екі септеуде де 7 түрлі форма, 6 түрлі жалғау бар.

Атау септігі. Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы болмайды. Атау формадағы сөздер кім, кімдер, не, нелер, кімің, нем, несі деген сұрауларға жауап береді. Атау септігі сөз бастауыш жіктік жалғау жалғанып баяндауыш, кейде анықтауыш болады. Атау септігі сырттай формасы жағынан өзіне тән қосымшасы болмайтын, іштей мазмұн жағынан заттың белгісіздігін білдіретіндіктен, белгісіздік септік деп те аталады. Мен кітапты оқыдым.

Атау септігі сөздер септеулік шылаулармен жұмсала береді, үшін (сен үшін, ел үшін), туралы (әдебиет), сияқты (өлең, келген) жөнінде (оқу, мал), бойынша (облыс, аудан).

Ілік септік. Ілік септіктің қосымшасы я меншікті, я басқа бір қилы қатынасты білдіреді. Мысалы, оқушының дәптері дегеннен дәптер оқушының меншігі екені білінсе, кірпіш заводы дегеннен тек қатыстық қана мағына білінеді. Ілік септігінің жалғаулары: - ның, -нің, - дың, - дің, -тың, - тің.

Ілік септік жалғауы сөзге жалғанып та, жалғанбай да қолданылады. Мысалы: кітаптың беті, қыс ортасы. Ілік септігі сөз әрқашан анықтауыш болады. Ердің атын еңбек шығарады.

Барыс септік. Бұл септігі сөз етістік мүшемен тікелей де, жанай да байланысып, негізінде, қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Ол ертең Ақтауға жүреді.

Барыс септігінің жалғаулары: -ға,-ге; -қа,-ке,-на,-не,-а,- е. Қайда, кімге, неге, кіміме, кіміңе, неңе, кіміне, несіне деген сұрақтарға жауап береді..

Ол сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та болады.

Табыс септік. Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет атқарады. Түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтам. Табыс септіктің жалғауы да бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданыла береді. Мал жер емеді, адам мал емеді. Ол кітапты қолына алды.

Табыс септігінің жалғаулары: ды,-ді; -ты, -ті,-ны, -ні,-н.

Жатыс септік. Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік, мезгілдік мағына береді. Жат қораны күзеткен қартаң шалда сана жоқ. Жатыс септігінің жалғаулары: -да, -де; -та, -те. Сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш, кейде баяндауыш қызметін атқарады.

Шығыс септік. Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін және әрқилы мағына береді. Осы мағынасына орай сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та болады.

Әкемнен әліп биді үйде оқыдым. Шығыс септік жалғаулары: -нан, -нен,-дан, -ден; -тан, -тен.

Көмектес септік. Бұл септік іс-амалдың құрамы мен тәсілін, мекені мен мезгілінің, ортақтау, бірлесу, аспасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын және т.б. мағыналарды білдіреді. Сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та болады. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. Көмектес септік жалғаулары: -мен, -пен, -бен.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002 ж.

3. Хасанов С., Әбдіғалиева.Т...., Кестелі грамматика. Алматы,- 1996 ж.

4. Мергенбаев. Е. Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі, Алматы 1994 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы,- 1973ж.

  2. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі септік жалғауының берілетін мағыналары. Труды научной конференции, посвященном 40-летию КазПИ им. Абая. Алматы,-1968

Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге сын есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары, шырай категориясы туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Сын есім, оның анықтамасы

2. Сын есімнің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

  1. Сын есімнің түрлері

  2. Сын есімнің шырайлары

  3. Сын есімнің синтаксистік қызметі

Сын есім – семантика-грамматикалық мағынасы жағынан да, морфологиялық ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі жағынан да, синтаксистік қызметі мен қолданылуы жағынан да қазақ қазіргі тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі.

Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру болады.

Мысалы, Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын (Абай).

Сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын өзіне тән белгілер:

1) Қазақ тіліндегі сын есімдер өз мағыналарында септелмейді, оларға көптік, тәуелдік жалғаулары да қосылмайды. Егер бұл қосымшаның бірі сын есімге қосылса, ол онда заттанып, субстантивтетіп кетеді. Септік, көптік, тәуелдік категориясы-сын есімге емес, зат есімге тән құбылыс. Сын есімнің бұл ерекшелігі оны - зат есімнен бөлек, дербес сөз табы екенін айқындайды.

Мысалы: Біреуі көк, біреу жер тағысы адам үшін батысып қызыл қанға. Қызылға қонған қорғадай.

2) Қазақ тіліндегі сын есімдер категориясының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - олардың морфологиялық формаларының, шырай жұрнақтарының болуы. Сын есімнің бұл ерекшелігін көптеген тюркологтар оны дербес сөз табы ретінде тануға басты критерий етіп ұсынады. Алайда азербайжан және түрік (Түркия) тілдерінен –рақ,-рек формасы қолданудан шығып қалды, оның орнына басқа тұлғадағы сын есімдер жұмсалады, ал қазақ тілінде-рақ, -рек формасы жиі ұшырайды.

Мысалы: Махамбет образы Исатайдың образынан өзгешерек. Бұл формалар сапалық сын есімге жалғанады да, басқа сөз таптарында қолданылмайды.

3) Сын есімнің 3-ші бір ерекшелігі-түркі тілдерінде олардың қап-қара, сап-сары тәрізді күшейтпелі формасының болуы. Мысалы: Мынау бір жап-жас бала екен десек те, тап – тас екен, ап – ағаш екен деп айтуға болмайды.

4) Сын есім өзінің семантикасы арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Заттың сынын білдіре отырып, сын есім кейде қимылдың сынын көрсететін үстеумен астасып келеді. Бұл жағдайда бұл сөз табының бір ерекшелігі - сын есім үстеу қызметінде жұмсала отырып, соның өзінде сын есім болып қалады. Мысалы: Жақсы бала жақсы оқиды.

5) Зат есімдерге септеулік шылаулардың қай-қайсысы болсада тіркесе береді (адам сияқты) ал олар сын есімнің негізгі мағынасында оған тіркеспейді. Ал күшейтпелі мағынаны білдіретін өте, тым, аса, тіпті, керемет тәрізді үстеу сөздер сын есімнің алдында келіп еркін тіркесе береді (ал олар керісінше зат есімге тіркеспейді). Мысалы: тым әдемі – тым шөп т.б.

Сонымен, заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-түсін, көлемін және т.б. сыр сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын сын есім дейміз

Сын есімнің түрлері. Семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай қазақ тіліндегі сын есім мынадай топқа бөлінеді:

1 ) сапалық сын есім, 2) қатыстық сын есімдер.

Сапалық сын есім. Сапалық сын есім есімдер қосымша формаларынсыз-ақ тұрып, өзінің семантикасы жағынан тікелей заттың сынын білдіреді. Мысалы: қызыл, жасыл, ақ, қара, үлкен, ауыр т.б. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет. Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Сапалық сын есімдерінен арнаулы формалар арқылы шырай категориясы жасалады. Қазақ тілінде, негізінен сапалық сын есімдерге жалғанатын шырай жұрнақтары бар. Мысалы: -ғылт,-ғылтым,-шыл,-шылт,-ғыл тек түсті білдіретін сапалық сын есімдерге жалғанып, сол түстің бәсеңдеу реңкін білдіреді. Сапалық сын есімдерге бұлардан басқа да сындық белгінің әр түрлі реңкін білдіретін ұлғайту, кішірейту, солғындықты көрсететін жұрнақтар, яғни шырай формалары, талғамай жалғана береді. Мысалы: қалың-дау, жіңішке-леу, толық-ша, қалың-ырақ.

Одан басқа сапалық сын есім күшейтпелі мағынада жап-жасыл, боп-боз тәрізді үстеме форманы қабылдай алады. Мысалы: Кешегі құмды дала жап-жасыл алқапқа айналды.

Малдың түсін білдіретін кейбір сын есім сөздер белгілі бір шекте ғана қолданылады, мысалы: тарғыл түс тек ірі қара малға (сиыр) байланысты қолданылса (жылқының түсіне байланысты тарлан сын есім жұмсалады) қой, жылқы т.б. түсін білдіру үшін қолданылады.

Сапалық сын есім жалғанатын шырай, күшейтпелі мағына үстейтін морфологиялық формалар, қатыстық сын есімдерге жалғанбайды. Сол себепті сын есімді сапалық-қатыстық деп бөледі.

Сапалық сындар жалпы сын есім атаулының негізгі ұйтқысы, қазығы есебінде қызмет етеді, өйткені сын есімге тән негізгі ерекшеліктердің қай-қайсысы болса да сапалық сынның бойынан табылады.

Демек, сапалық сын есімдер морфологиялық құрылымы жағынан негізгі сындар, ешбір қосымша формаларынсыз тұрып заттың әр түрлі сапа, сыр-сипатын тікелей білдіретін түбір сөздер болып табылады. Дегенмен, қазіргі кезде түбір сөз деп аталып жүрген көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қараған да, белгілі қосымшалар жалғанған туынды сөздер.

Мысалы: қызыл сөзін өзімен түбірлес қызу, қызару, қызғылт дегендермен салыстырсақ бастапқы түбір қыз екенін байқаймыз. Сол сияқты ұзын (ұзару, ұзақ)→ ұз.

Қатыстық сын есім. Басқа да түркі тілдеріндегідей қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдер өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен сыбайлас келіп, сол заттың жай-күйдің белгісін басқа бір заттың, істің қатысы арқылы білдіреді. Қатыстық сын есімдер көбіне әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады.

-лы,-лі ,-ды,-ді, -ты,-ті арғы тегі -лағ,-лақ, -лық,-лығ, -тағ,-тақ,-тығ,-тік шыққан. Күні бүгін де екі жұрнақ болып, екі түрлі қолданылады: минералды су, минералдық қоспа.

-шаң,-шең,-шыл,-шіл қосымшасы арқылы бір затқа я құбылысты бейімділікті, икемділікті білдіретін қатыстық сын есім жасалады. ұйқышыл, бойшаң, сөзшең. Кісі киімі-кіршең, кісі аты- тершең.

-сыз-сі:з таусыз, сусыз. Боранды күннен борансыз күн көп.

-ғы,-қы,-гі,-кі мекендік, мезгілдік шақта мағынада қолданылады: қысқы, күзгі, ауызғы, төргі т.б.

Сын есімнің синтаксистік қызметі. Сын есімдер мағына жақтан заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде анықтауыш мүше болып қызмет атқарады.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Сын есімдер сөйлемде баяндауыш болады. Ондайда сөйлемнің бастауыштары жіктік есімдіктерінен болса, сын есімнен болған баяндауыштарға жіктік жалғауы қосылады. Мен керемет жүйрікпін.

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелерінің алдында тұрса, пысықтауыш болады. Жақсы студент жақсы оқиды.

Сын есімдерге көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанбайды. Егер сын есімдерге не көптік, не тәуелдік, не септік жалғаулары жалғанса, зат есім орнына жұмсалады. Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Жастарға-жас адамдарға, мұндайда сын есім атау тұлғада тұрып кім? не? деген сұраққа жауап берсе, бастауыш, ал іліктен басқа септіктерде тұрса толықтауыш болады.

Сын есімнің шырай категориясы. Заттарды бір-біріне салыстыру арқылы олардың белгілерін бірде анық, бірде күңгірт немесе сәл ғана артық я сәл ғана кем сияқты неше түрлі дәрежеде көрсетуге болады. Мысалы: ащы-тұщы, ақ-қара, қою-сұйық, ыстық-суық, ауыр-жеңіл және т.б.

Тілімізде әр алуан түстер мен сапаларды емес, бір ғана түстің я бір ғана сапалық әр қилы түрлері мен реңдерін білдіретін сөздер бар.

Мысалы: тұщы деген белгінің тұшқылтым, тұщылау, тұп-тұщы, тұщырақ, тым тұщы деген тәрізді әр алуан дәрежені білдіретін түрлері де бар.

Заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі,сапасы, көлемі, аумағы, салмаға, сыры т.б) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады.

Заттың сындық белгілерінің реңдері мен мәндерін білдіретін формаға

-ғыл (қыл),-(қылт),-ғылт,-ғылтым (-қылтым),-ғыш,-ғана (-кене,-қай,-кан,-ақ

(-ек),-шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім,-ша,-ше қосымшалары жатады. Бұл қосымшалардың туынды формалар жасау қабілеттері онша емес. Кейбіреулері тек бір ғана сөзге (көг-ілдір, құба-қан), кейбіреулері 2-3сөзге (кішкене, азғана, кішкентай, азғантай, ақшыл, көкшіл) ғана жалғанса, кейбіреулері 5-6 сөздің аясында ғана қолданды. Мысалы: -ғыш жұрнағы арқылы сарғыш, қызғыш, сұрғыш деген сөздер жасалады.

Өзге қосымшаларға қарағанда жаңа формалар тудыру жағынан –ша (-ше), -аң (-ең,-ң) жұрнақтары құнарлы.

Ақша, сарыша, көкше, қызылша, сұрша, семізше, арықша, қысқаша.

Бұл жұрнақ жалғанған сын есімнен сапалық кішірею, бәсеңдеу реңі байқалады. Мысалы: Ақ үйдің жақында кішкене қоңырша үй, ал солында қараша үй тұр.

-аң, (-ең, -ң) формасы да сапаның толымсыз, олқылығын байқатады. Жасаң, бәсең, ашаң, жадаң т.б.

Сын есімге жетімсіздік бәсеңдік, солғындық реңдерін жамайтын қосымшаның қатарына –дақ (-дек), -тан,(-тен) жұрнағы да жатады.

Тіліміздегі сын есімдерге тән қосымшаның ішінен салыстыру мәнін туғызатын да, салыстыру қызметін атқаратын да формалар - -лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу және –рақ,-рек,-ырақ,-ірек жұрнақтары.

-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу жұрнақтары өзі қосылатын сындық белгіге бәсеңдік, солғындық рең жамаса,-рақ,-рек,-ырақ,-ірек жұрнағы керісінше басымдық, артықтық, молдық рең жамайды. Осыған бәйкес, олар салыстыру формалары деп те аталады.

-лау(-леу...) жұрнағы негізгі және туынды сын есімдерге еркін жалғана береді: аласалау, биіктеу, әдемілеу, баялау, ашықтау.

-рақ,-рек...жұрнағы да негізгі және туынды сын есімдерге еркін жалғана береді: ащырақ, тәттірек, малдырақ, алысырақ.

Заттың белгісінің реңі сын есімге тән үстеме буын арқылы да беріледі.

Мысалы: қызыл мен қып-қызыл қызыл сөзі кәдімгі қалыпты қызыл деген түсті білдірсе, қып-қызыл сөзі қан қызыл, өте қызыл деген өсіңкі түсті білдіреді.

Заттың белгісінің реңі күшейту үстеулерінің қабатталу арқылы да өзгереді.

Мысалы: үлкен, тым үлкен, аса үлкен.

Тілімізде сын есімнің төрт түрлі шырайы бар.

1. Жай (негізгі) шырай заттың белгісін, түсін сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, т.б. негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептеледі.Мысалы: биік тау, үлкен үй, қызыл сия.

2. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстыратын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді.

Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:

а)-рақ,-рек,-ырақ,-ірек

ә)-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу, Ол кішілеу қара көзді еді.

б)-қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт,-тым,-шыл,-шіл,-қай,-аң.

Жігіттің сұрғылт жүзі енді көкшіл тартқан сияқты.

Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш, үстеме буынды қабаттастыру арқылы жасалады. Үй іші жап-жарық, тап-таза.

Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Асырмалы шырай сын есімнің алдына аса, өте, тым тым-ақ, тіпті, нағыз, нақ, ең, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл тым-ақ қиын іс болды.

Шырай жұрнақтары бірінен кейін бір үстеліп те жұмсалады: ақшылдау.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі.Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

  3. Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы,- 1961ж.

  4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары..Алматы, -1951ж.

Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге сан есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Сан есім, оның анықтамасы

2. Сан есімнің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

  1. Сан есімнің мағыналық топтары

  2. Сан есімнің синтаксистік қызметі

Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-түсін т.б. сипаттарын білдірсе, сан есім-заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Мысалы: екі кітап, бес оқушы.

Сан есімдер зат есімдерге тіркестірілмей және дара айтылғанда тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады.

Екі айда алпыс күн бар деген сөйлемдегі екі, алпыс сөздері ай, күн сияқты зат есімдерімен қарым-қатынасқа түсіп, соларды сан жағынан анықтап тұр.

Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сөз тіркесі де бола береді. Мысалы: жарым, жарты бөлшектік ұғымды, жалқы, жалғыз, дара сөздері бірлік ұғымдарды, центнер, килограмм, грамм, тонна, батпан сияқты сөздер салмақ өлшемдерін, гектар, кубаметр сөздері көлемдік өлшемді, адым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш аралық өлшемдер атаулары есебінде қолданылады.

Бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері мөлшерлік мағынада қолданылғанмен сан есім қатарына жатпайды. Себебі олар қызметіне қарай әр түрлі сөз таптарына телінетін тұрақты фразалық тіркестер.

Жарым, жарты, жалқы, сыңар, қос, егіз-сын есімдер. Центнер, қадақ, батпан, тонна, гектар, адым - зат есімдер.

Сан есімдер табиғи, негізгі қызметі сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, әр алуан өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданыла береді. Сан есімдердің өздеріне ғана тән кейбір формалары бар мысалы:-ыншы,(-інші),-ау(-еу),-ер . Бұлар тек негізгі сан есімдерге жалғанып, олардан туынды формалар ғана жасай алады. Бірақ сан есімнің басқа сөз таптарына ауысып отыру қабілеті күшті. Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есім болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан атауына жоғарыда аталған

–ыншы,-ау,-ер,-тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады.

Мысалы, бір-бірінші, екі-екеу, бір-бірер, елу-елудей.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді. Дара санның атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны-жиырма шақты.

1.2.3.4.5.6.7.8.9.10.20.30.40.50.60.70.80.90.100.1000..................

Күрделі сан есімдер осы аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады.

Он тоғыз, бір мың тоғыз жүз тоқсан бес.

Күрделі сан есімнің жасалуы:

1) бір санның үстіне басқа бір санды қосу жолмен жасалады.

Он бір (10+1), жүз сегіз (100+8). Олар жоғары дәрежелі саннан басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталып отырады

2 )Бір санды басқа бір санға көбейту жолымен жасалады: екі жүз (2 көбейту 100). Бұлар төмен дәрежелі сандармен басталып, жоғары дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: алты жүз, сегіз жүз.

Күрделі сан есімдердің құрамында көбейтілмелі сандар мен қосылмалы сандар араласа қолданылатын кездері болады. Мұндай түрін аралас күрделі сан есім тіркесі деп атайды. Мысалы: үш мың тоғыз жүз он бес – 3915.

Синтаксистік қызметі. 1.Сан есім көбінесе, зат есімнің алдында ешқандай қосымшасыз келіп, дара, күрделі немесе қосарланып тұрып та анықтауыш болады. Мысалы: Институтта 300 студент оқиды. 80-ші жылдарда экономикада құлдырау басталады.

Топтау сан есім сөйлемнің етістік баяндауышымен немесе етістіктен болған өзге мүшемен байланысып, көбінесе пысықтауыш болады. Мысалы: Столдың айналысына екіден, үштен отырдық.

Сан есімдер туынды сын есімдердің сан мөлшерін білдіре қолданылғанда анықтаушының анықтаушысы ретінде де қолданылады. Мысалы: Шолпан ол кезде төрт балалы әйел еді.

Сан есімдер контекске байланысты субстантивтенгенде сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы: Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп. (Зат е.) Сонда мен ойлап – ойлап қырыққа тоқтағам. (Тол – ш)

Ат баспаймын деген жерін үш басады (Пысық-ш). Семіздің аяғы –сегіз.

(баян-ш). Үшеуінің жүрісі мені қатты толғантты (Анық – ш).

Сан есімнің мағыналық топтар. Сан есімдер мағынасына қарай алтыға бөлінеді: 1) есептік, 2) реттік, 3) жинақтық, 4) бөлшектік, 5) топтау,

6) болжалдық сан есімдер.

Есептік сан есім дегеніміз - бір өңкей заттардың, нәрсенің дәл санын көрсету үшін қолданылатын сандар. Есептік сан есімдер неше? қанша? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Мысалы: 15 кітап.

Есептік сан есім заттың санын білдіру үшін қолданылатын болғандықтан зат есім сөзімен тіркесіп айтылғанда септелмейді, тәуелденбейді, өзгеріске ұшырамайды. Мысалы: 7 оқушы. Тек субстантивтенгенде ғана түрленеді. Жетіні беске көбейтсе отыз бес болады.

Есептік санның қатарына сан есімнің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады. Ол сандар дәрежесіне қарай, бірлік сандар, ондық сандар, жүздік сандар, мыңдық сандар болып бөлінеді.

Бірлік сандар тобына 1-9-ға дейінгі 9 сөз жатады.1.2.3.4.5.6.7.8.9.

Ондық сандар тобына 10-100 дейігі ондық атаулары есебінде жұмсалатын тоғыз сөз жатады 10.20.30.40.50.60.70.80.90.

Жүздік сандар тобына 100-100-ға дейінгі жүздік атаулары есебінде жұмсалатын тоғыз сөз жатады.

Мыңдық сандар тобына 1000-100000 дейінгі мыңдық атаулары есебінде жұмсалатын күрделі он бір сөз жатады.

1000.2000.3000.4000.5000.6000.7000.8000.9000.10000.1000000.

Бұлардан өзге әр алуан есептік сандардың бәрі де осы аталған бірлік, 10-дық, жүздік, мыңдық сандардың әр қилы жолмен тіркесе қолданылуы арқылы жасалады. 5863.

Есептік сан есімдер құрамы жағынан дара және күрделі болып екі жікке бөлінеді: Дараға-бірлік және ондық атаулары жүз, мың сөзі жатады. Күрделіге жүздік атаулары мен мыңдық атаулары және күрделі сан есімдер жатады.

Есептік сан есімнің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше. Бір сөзі есептік сан есімдерден жаңа сөздер жасайтын амал-тәсілдерінің бәріне түгел қатысады және бұл сөзден басқа қосымшалар арқылы әр түрлі жаңа формалар жасалады. Бір сөзінен лексика - семантикалық тәсіл арқылы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Мысалы: бір-бір, бір-ақ, біркелкі, бірдеңе, бірнеше, бір ауық, бір талай, әрбір, қайбір. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бірлік бар жерде –тірлік бар.

Реттік сан есімдер есептік санға -ыншы (-інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Мен 3-інші курста оқимын.

Реттік сан есімдер морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде –ыншы (-інші) қосымшасы ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: он сегінші үй.

Реттік сан есімдер дәл өз мағынасында қолданылғанда түрленбейді,

субстантивтенгенде жіктік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылады.

Мысалы: Біреулері қара бешпенттерін, екіншілері сұр шекпендерін киген.

Жинақтық сан есім 1-ден 7-ге дейінгі есептік сан есімдерге –ау (-еу) аффиксінің қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіретіндіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы,түйе біреу, ат екеу, ешкі екеу, қасқыр бесеу.

Жинақтық сан есімдер ешқашан күрделі түрде қолданылмайды.

Жинақтық сан есімдер субстантивтеніп қолданылатындықтан оларға сөз түрлендіретін грамматикалық форманың бәрі де қосылады, бірақ бір ізбен жалғанбайды. Мысалы, көптік жалғауы, тек біреу сөзіне жалғанады, онда бұл қосымша ол (біреу) сөз белгісіз есімдік ретінде қолданылса ғана жалғанады.

Тәуелдік жалғаулары жинақтық сан есімге жапатармағай қосыла бермейді, біздердің біреуміз, екеуіміз, сендердің үшеуің, төртеуің, олардың бесеуі.

Жинақтық сан баяндауыш болса, жіктіктің I-II жағының қосымшалары ғана жалғанады. III жағы грамматикалық көрсеткішсіз-ақ жұмсалады.(біз екеуміз, сендер төртеусіңдер, олар алтау). Септік жалғауы жинақтық сан есімнің жай түріне де, тәуелді түріне де жалғана береді.

Жинақтық сан есімдерден лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы біраз жаңа сөздер жасалып, көбіне өзге сөз таптарына ауысып отырады.

Топтық сан есімдер. Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан,-ден,-тан,-тен аффисін қосу арқылы жасалады, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсетеді. Мысалы: Оқушылыр екі-екіден шыға бастады.

Морфологиялық құрамы жағынан топтау сан есімі дара да, күрделі де болады. Дара түрі: екіден, оннан. Күрделі түрі: он бестен, жиырма алтыдан т.б.

Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдер-белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер.

Болжалдық сан есімдер морфологиялық жолмен жасалуына мынадай жұрнақтар жатады:

1) -дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары есептік есімдерге тікелей жалғанады.

Мектепке 450-дей бала оқиды.

-дай,-дей жұрнағы есептік сан есімдер тікелей тіркесіп анықтайтын мезгілдік, көлемдік мағыналы есімдерге жалғанады да, болжалдық ұғым тудырады.

Біз жеті сағаттай жүріппіз.

2) -ер жұрнағы өте көне форма. Қазіргі қазақ тілінде тек бірер сөзде ғана сақталған. Мысалы: Бірер адам машина күтіп тұр.

Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл бойынша жасалуы: 1) Есептік сан есімнің я өзді-өзді қосарлануы арқылы не жинақтық сан есімдермен қосарлануы арқылы жасалады. Үш-төрт жылғы әдетің, өзіңе болар жендетің.

Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына шақты, шамасында, тарта, қаралы, жуық, астам сияқты сөздер жатады. Ол сөздер сан есімдерге болжалдық мән үстеп тұрады.

Мысалы: жиырма шақты сиыр, жүз қаралы жылқы.

Болжалдық сае есімдер де өзгеріске ұшырамайды. Олар тек субстантивтенгенде ғана көптік, есептік, тәуелдік жалғауын қабылдайды.

Бөлшектік сан есімдер. Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстың бөлшегін білдіреді. Мысалы: Топтың 3-тен 2-сі жақсы оқиды.

Бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан күрделі болып келеді де, есептік сан есімнің аналитикалық тәсілмен тіркесу арқылы жасалады.

1) Бөлшектік сан есімнің құрамындағы сөздердің 1-інші сыңары ілік септік формасында, 2-ші сыңары тәуелдік жалғауы болып келеді: Үштің бірі, төртің екісі.

2) Бөлшектік сан есімнің құрамындағы сөздердің 1-ші сыңары шығыс септік формасында, 2-сі сыңары тәуелдік жалғаулы болып келеді: Екіден бірі.

3) Бөлшектік сан есімнің құрамындағы сөздердің 1-сі сыңары шығыс септік формасында 2-сі сыңары атау түрінде қолданылады: Екіден бір.

Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін, есептік сан есімдерге жарым сөзі тіркестіріліп айтылады. Үш жарым мың.

Бұдан басқа жарты, ширек деген бөлшектік ұғымды білдіретін сөздер бар.

Жарты – екінің бірі, ширек – төрттің бірі дегенді білдіреді.

Сан есімдердің түрленуі. Көптік жалғау. (-лар) сан есімдерге жалғанғанда дәл сол санның көптігін бермейді, мөлшер я болжал ұғымын білдіреді. Мысалы: 1)Жасы қырықтарға жетпеген қапсағай қара кісі(есептік сан есім).

2) Біреулері жеңіл, екіншілері қалың киініпті (реттік сан есім).

3) Біреулері келіп сөйлеп кетті (тек біреу сөзіне жинақтық сан есім).

4) Топтық сан есім көптелмейді.

5) Олар он бес-он алтыларға келгенше бізде қарап қалмаспыз. (болжалдық сан есім).

6) Бөлшектік сан есім көптелмейді..

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. Астана, -2002ж.

2. ХасеновА. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы,- 1957ж.

3.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, -1991 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, -1998ж.

Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты».

Дәрістің мақсаты: Студенттерге есімдік туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Есімдік, оның анықтамасы

2. Есімдіктің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

  1. Есімдіктің мағыналық топтары

  2. Есімдіктің түрленуі

  3. Есімдіктің синтаксистік қызметі

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде меңзеу арқылы білдіреді. Мысалы: Сен қымсынба, артыңда біз бармыз. Сен, біз дегендердің мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ал есімдіктердің дәлді мағыналары бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты анықталады.

Мысалы: Мен жаратпаған атшыға қарап едім, ол «тек отыр» дегендей басын шайқады.

Қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты, 1-ден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер, 2-ден заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді.

Заттық ұғымды білдіретін сөздерді - субстантивтік есімдіктер, 2-ден, заттың белгісін білдіретін сөздерді - аттрибутивтік есімдіктер дейді.

Субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла берсе, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есім ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді. 2-ден, есімдіктердің бәріне ортақ, бірдей ортақ заңдылық деп қарауға болатын ол-өзгеру амалдарының жоқтығы.

Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді. Оның 1-ші тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер енеді де, 2-ші тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты кейінгі кезеңдерде туып, қалыптасқан есімдіктер жатады.

1-ші топқа негізгі түбір сөздер жатады: мен, сен, ол, біз, сіз, қай, кім, не, міне, бұл, осы, сол т.б.

2-ші топқа мынадай үш түрлі есімдік сөздер жатады: а) мағыналары өзгере келе, есімдік сөз табына ауысқан сөздер: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т.б және әр, күллі, пәлен сияқты араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер жатады;

ә) морфологиялық тәсіл арқылы сұрау және сілтеу сияқты негізгі түбір есімдіктеріне -у элементінің қосылуы арқылы жасалады: мына-у, ана-у, сона-у т.б. және басқа да формалар арқылы жасалған есімдіктер жатады: қан-ша, не-ше, қан-дай, не-шінші, бар-лық; б)синтаксистік тәсіл арқылы жасалынған есімдіктерге: бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, әлдеқашан, әлдеқайда, әрбір, ешкім, ешқайсы, ешқандай сияқты жеке сөздердің бірігуі арқылы және кімде-кім, қай-қайсы, бірде-бір сияқты қосарланып қолданылатын күрделі есімдіктер жатады.

Есімдіктер қай сөз табының орнына жүретін қарай, бастауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та болып қызмет атқара береді. Субстантивтік есімдіктер сөйлемнің барлық мүшесі болатын болса, аттрибутивтік есімдіктер негізінен анықтауыштық қызмет атқарады.

Қазақ тілінде есімдіктердің саны - 60-70. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді: 1)жіктеу есімдігі; 2)сілтеу есімдігі; 3)сұрау есімдігі; 4)өздік есімдігі; 5)белгісіздік есімдігі; 6)болымсыздық есімдігі ; 7)жалпылау есімдігі.

Жіктеу есімдігі. Жіктеу есімдігі - қызмет жағынан аса жиі қолданылатын есімдіктердің бірі. Оларға: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады. Жіктеу есімдігі үнемі жақтық ұғымен байланысты келеді. Сол себепті олар ылғи да адаммен байланысты қолданылады.

Жіктеу есімдігінің III жағы, әдетте сілтеу есімдігімен ортақ болып келеді. Егер ол сөзі, адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі де, заттар мен құбылыстарды сан мен сапаны көрсетсе, сілтеу есімдігі болады.

Жіктеу есімдіктің септелуі ерекшелеу болып келеді.

А. Мен, сен, ол

І. Менің, сенің, оның

Б. Маған, саған, оған

Т. Мені, сені, оны

Ж. менде, сенде, онда

Ш. менен, сенен, одан

К. Менімен, сенімен, онымен

1.Ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбір сөздің соңғы н дыбысы түсіп қалады.

2. Мен, сен түбірлері барыс септігінде ма (н), са (н) болып өзгеріске түседі.

3. Барыс септігі-ған формалы болып келеді.

4. Көмектес септігінде-ы,-і дәнекер дыбыстары пайда болады.

5.Ол есімдігінің –л дыбысы н дыбысына айналады.

Бұл ерекшеліктер көпше түрінде кездеспейді.

Жіктеу есімдіктің жіктелуінде де ерекшеліктер бар. Оларға жіктік жалғауының барлық жақтарының қосымшалары қосыла бермейді: менмін, сенсің, ол.

Жіктеу есімдіктерінің I және II жағы тәуелденбейді, тек III жақтық есімдік қана тәуелденеді. Мысалы, ол-оным, оныңыз, онысы.

Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та бола алады.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Адам деп мені, салмадың сен хат маған.

Менің атым-Темір. Темір-сенбісің? Жіктеу есімдігі пысықтауыш қызмет атқармайды.

Сілтеу есімдіктері. Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады.

Бұл есімдіктер негізінен алғанда сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай, қайсы деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер. Сілтеу есімдіктің мағыналары бір-бірінен ерекше келеді. Осы-сілтеу есімдігінің мағынасы дәл конкретті келсе, бұл дегеннің мағынасы жалпылау болады. Сілтеу есімдігінің мағыналарын екі тұрғыдан қараған жөн: 1-шісі кеңістік аралығын білдіретіндер; 2-шісі уақыт аралығын білдіретіндер.

Кеңістікті білдіру тұрғысынан қарағанда сілтеу есімдіктері мынадай екіге бөлінеді: а) осы, бұл, мына, мынау, осынау, міне есімдіктері жақындағы затқа я құбылысқа нұсқау үшін қолданылады. Ал ол, сол, ана, анау, сонау, сона, туу есімдіктері сәл де болса алысырақтағы заттар мен құбылыстарды нұсқау үшін қолданылады. Уақыт аралығын білдіру тұрғысынан қарағанда сөйлеу кезеңінен бұрын белгілі болып ескертілген есімдіктер жатады: ол, бұл, анау, мынау, осы.

Сілтеу есімдіктері аттрибутивтік күйде еш түрленбейді. Олар тек субстантивтенгенде түрленеді. Бұлардың септелуі жіктеу есімдіктеріне ұқсас болады. Бұл, сол, ол есімдіктеріне көптік жалғауы жалғанғанда түбірдегі л дыбысы түсіп қалады: бұлар, солар, олар. Осы үш есімдікке тәуелдік жалғауы жалғанғанда түбірдегі л дыбысы н болып өзгереді: бұл-бұным, бұның, бұныңыз, бұнысы.

Сілтеу есімдіктерінің ішінде анау, мынау, осынау деген түрлері тәуелденіп барып, септеледі, бұларға көптік жалғауы жалғанбайды.

Мына, ана, сона, осыны деген сілтеу есімдіктері тікелей тәуелденбейді, жіктелмейді, бірақ кептеледі,септеледі.

Әне, міне деген есімдіктер түрленбейді, бірақ сөйлемде қыстырма ретінде қолданылады.

Сілтеу есімдіктің негіздерінен -дай,-дей жұрнағы арқылы мынадай, сонадай, осындай, анадай, ондай сияқты формалар жасалады.

Міне, әне, сонау, осынау, түу есімдіктері ешқашан да бастауыш, толықтауыш болып қызмет атқармайтын сияқты бұл, ол сөздері баяндауыш болмайды. Міне, әне есімдіктері анықтауыш болып қызмет етпейді.

Сұрау есімдіктері. Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше, қанша, қандай, қай, қалай, қашан.

Қайсы, қайдан, қайда-есімдіктері қай, деген сұрау есімдігінен туған. Қай-сы қосымшасы тәуелді жалғауының III жағы, бірақ ол қосымша қазіргі кезде тәуелдік жалғауға тән қасиеттен айырылып қалған.

Ал қай-дан, қай-да –дегендегі шығыс, жатыс септіктің қосымшаларыда сол түбірге қалыптасып кеткен. Қандай? қанша? деген сұрау есімдіктерінің қосымшасы –дай,-ша жұрнақтарымен байланысты. Бұл екі сұрау есімдіктерінің бастапқы түбірі қан деген сөз болған.

Қалай? есімдігіндегі жұрнақ –лай қосымшасымен (солай, осылай) байланысты.

Морфологиялық жағынан сұрау есімдіктің ішіне кім, не, қайсы, нешеу сияқтылар септеліп те, тәуелденіп те, көптеліп те, жіктеліп те қолданыла береді.

Көптелуі: кім-кімдер, не-нелер, неше-нешелер, қайсы-қайсылар.

Сұрау есімдігінен кім? не? қандай, қанша, қалай, нешінші дегендер жіктеледі: Мен қалаймын, Сен қалайсың, Сіз қалайсыз, Ол қалай.

Сұрау есімдіктері сөйлемде сұрау мағынасын тудырады. Кейде адамның көңіл-күйіне қарай экспрессивтік мағына береді. Ол қандай әдемі!

Сұрау есімдіктің кейбіреулері қосарланып та қолданылады. Ондай жағдайда есімдіктер жекелеу, саралау мағынасын білдіреді.

Сіздің үйге кім-кімдер келді?

Сұрау есімдіктің ішіне түрленіп (септеліп, көптеліп, тәуелденіп, жіктеліп) қолданылатындар сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқарады.

Өздік есімдігі. Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Мысалы. Мен өзім бұл жолды жақсы білемін.

Өздік есімдіктің тәуелдеулі формада қолданылуында мынадай екі түрлі ерекшелік бар:

1.Жіктеу есімдіктері қабаттасып та, қабаттаспай да қолданылады. Өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында тұрса, қабаттасатын жіктеу есімдігі де сол жақта қолданылады.

2.Тәуелдеулі өздік есімдік сөйлемде бастауыш болса, жақ жағынан жіктік жалғауын өзіне бағындырады, демек бастауыш болатын өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында тұрса, баяндауыш та жіктіктің сол жағында тұрады, тәуелдеулі зат есімде ондай қасиет жоқ.

Тәуелдеулі өздік есімдік тәуелдеулі зат есімше септеледі.

Өздік есімдіктің көнеленген кейбір жалаң және қосарланған түрі басқа сөз таптарына ауысқан.

1) өзгеше, өзге-сын есім категориясына ауған.

Бұл өзгеше адам болды.

2) өз-өзі, өзімен - өзі, өз-өзінен деген қосарланған түрі мен өзімше, өзіңізше, өзіңше, өздігінен деген түрлер үстеу категориясына көшкен.

Ол өзімен -өзі сөйлесіп отыр.

Өздік есімдіктің тәуелдеулі түрі сөйлемнің барлық мүшесі де бола алады. Өздік есімдік зат есімнен бұрын айтылғанда, ілік жалғаулары түсіріліп қолданылып, үнемі анықтауыштық қызмет атқарады.

Мысалы: Өз (өзімнің) кітабым, өз (өзінің) кітабы . Мұны өзім жақсы білемін.

Бұл жерге өзім келдім. Бұл істі істеген өзіңсің. Бұл кітап өзіңде бар. Оған өзімнің уақытым жоқ.

Белгісіздік есімдігі. Белгісіздік есімдіктерінің жасалуына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы үш сөздің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.

1) Біреу, кейбіреу, кейбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.

2) Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.

3) Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан.

Белгісіздік есімдіктері деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Мысалы: Қыр жолаушысы сияқтанған біреу кіріп келді.

Белгісіздік есімдіктерінің бір, біреу, кей дегендері басқа сөз таптарынан лексикалық жолмен ауысқан.

Әр, әлде, пәлен, бірдеңе, бірнеше, кейбір, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдебір, әркім, әрне, әрбір т.б. – морфологиялық жолмен жасалған күрделі есімдіктер.

Бұл есімдіктер заттық ұғымды білдіреді де, зат есімше түрленеді (әркім, әрне, әрқайсы, әлдекім, әлдене, біреу, кейбіреу, бірдеме) де сөйлемде субстанциялық (бастауыш, толықтауыш) қызмет атқарады. Ал кейбіреулері (кейбір, қайбір, қайсыбір, әлденеше, бірнеше) затты анықтайды, енді біреулері пысықтауыш мүше болып қызмет атқарады (әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайдан).

Болымсыздық есімдігі. Болымсыздық есімдігі - негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай.

Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан жоқ) ешкім айтпады.

Бұлардың ішінен заттық (субстанциялық) ұғым білдіретіндері ешкім, ештеңе, ешқайсы дегендер ешбір, ешқандай дегендер-аттрибутивтік ұғымдағы сөздер.

Заттық ұғымды білдіретіндер септеледі, тәуелденеді, кейде көптік жалғауын да қабылдайды, бірақ жіктелмейді, сол себептен сөйлемде көбінесе бастауыш және толықтауыш болып қызмет атқарады. Ал аттрибутивтік ұғымды білдіретіндер анықтауыш болады.

Алыстан таудан басқа ештеңе көрінбейді.

Ешкімді жолатпас ем қорғап саған.

Анар ешбір жұмысты ойламай істемейді.

Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі, я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Мысалы: Ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу - баршасы да осы күні болып жатыр.

Жалпылау есімдіктерінің ішінен бәрі деген атау формада субстанциялық заттық ұғымды білдіреді де, басқалары аттрибуттық ұғымды білдіреді.

Жалпылау есімдіктерінің ішінен бар, бүкіл, күллі сөздері лексикалық жолмен өзге сөз таптарынан ауысқан, ал бәрі, барлық, барша сөздері морфологиялық тәсіл арқылы бар есімдігінен жасалған.

Бар, барлық, барша есімдіктеріне тәуелдік жалғаулары жалғана береді де, бүкіл, күллі, бүтін есімдіктеріне ешқашан жалғанбайды. Жіктік жалғаулары да жалпылау есімдіктің ешбіріне жалғанбайды. Жалпылау есімдіктің ішінде тек субстантивтенген түрлері тәуелденіп барып септеледі.

Жалпылау есімдіктері негізінен сөйлемде анықтауыш болады. Олар кейде толықтауыш мүше болып та жұмсалады, бірақ еш уақытта пысықтауыш болмайды. Мысалы, Керімбаланың ашықтығын, еркелігін бар жастар тұтас ұнатқан еді.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. Астана, -2002ж.

2. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы,- 1961ж.

3. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. Алматы,- 1966ж.

4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге етістік туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, грамматикалық категориялары, түрлері туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Етістік, оның анықтамасы

2. Етістіктің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

  1. Етістіктің салт-сабақты, болымды-болымсыз түрлері

  2. Етістіктің синтаксистік қызметі

Қазіргі қазақ тілінде етістік - ең күрделі сөз табының бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен анық байқалады.

Етістік зат есім сияқты көне сөз табы, басқа сөз таптарының жасалуына негіз болады.

Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

Есімдер мен етістіктің бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы жеке-дара тұрғандағыдан гөрі сөйлем ішінде белгілі сөз тіркестері құрамында анық байқалады. Етістіктің түбірі басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке тұрып қолданыла алмайды. Бұл жөнінде И.Е.Маманов былай дейді: «Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады». Мысалы: сабақтан келді, сабағын оқыған т.б. Сол сияқты етістік түбірлері тікелей жіктелмейді.

Тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше,көсемше, шақ, рай) жамылып және сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып жұмсалады. Қазіргі тілімізде отыр, жатыр, тұр, жүр қалып етістіктері ғана тікелей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктерінің бұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формаларының грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр- жат, отыр-ол тұр-ол тұрар тұлғасынан,, ал тұр мен жүр де етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы –ұр,-үр қосымшасы түсіп қалған.

Негізінде, сөйлемнің баяндауышы болып қызмет атқаратын етістіктер есім сөздерді меңгеріп, олардың септелу жүйесін анықтайды. Үстеулермен қабыса я жанаса байланысу да етістіктерге тән қасиет.

Сондай-ақ етістіктің түбір тұлғасы сырт қарағанда етістіктің бұйрық рай категориясының жекеше 2-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Мысалы: оқы, тыңда, жаз; сен оқы, сен тыңда,сен жаз.

Дегенмен етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана сәйкес келеді. Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол-етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2- жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық граммтикалық мағынасы болып табылады.

Етістіктер (оқы, кел, жүр) іс-әрекетті ғана емес, оның мезгілін де (ол үйіне келе жатыр, кеше мектепке бардық, ол кітапты оқыған), қимыл иесі-субъектінің жағы мен жекелік, көптігін де (мен оқыдым, сен тыңда, біз кеттік), объективті процесс пен оған деген субъектілік қарым-қатынасты да (оқығысы келмейді, оқымақпыз, оқытқалы келген болатын) білдіреді.

Есім сөздер мен етістіктер арасында байланыс сөз тудыру модельдерінде айқын көзге түседі. Сөз тудырудың белгілі тәсілдері арқылы есім сөзден етістікке, сондай-ақ етістіктен есімдерге айналу процесі тілдің сөздік құрамының толыға, молая түсуіне айрықша өнімді құбылыс болып саналады.

Есім сөздерін етістікті бөліп алып, өз алдына жеке сөз тобы ретінде қарауға негіз болатын: сөз тудырушы тәсілдері, болымды, болымсыз түрлері, сабақты-салт етістік, етіс, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше т.б. ерекшеліктер бар. Олар етістіктің лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және грамматикалық сипатын анықтап, негізгі үш салаға бөлінеді.

Етістіктің лексика-семантикалық топтары. Бұл салада етістіктің түбірлері мен олардың мағыналық саралануы айрықша орын алады. Етістікті іс-әрекет, амал, қалып процесін білдіруі жағынан бірнеше лексика-семантикалық топқа бөліп қарайды.

1.Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер: же, іш, пісір, қаз, құрт, піш, уат, кес, майла, боя, сабында, көр, оқы, ұқ, ұйымдастыр, сезін.

2.Субъектінің қозғалысын беталысын, бағытын білдіретін етістіктер: кел, кет, бар, қайт, жүр, түс, шық, көтеріл, құй, төк, ұш, самға, жүгір, шап.

3.Субъектінің қалпын, сапалық өзгеру процесін білдіретін етістіктер:ұйықта, оян, қуан, азай, ағар, әдемілен, өл, ауыр.

4.Бейнелеу етістіктері

а) Бет-бейне, дене құбылуымен байланысты айтылатындар: адырай, бүкірей, күл, мықшыңда.

ә) Дыбысталумен байланысты процесті білдіретіндер: маңыра, мөңіре, үр,сайра, айқайла.

б) Түр-түс т.б құбылмалы процестерді білдіретіндер: үлбіре, жалтылда, ағараңда, қызараңда.

5.Өсу-өнумен байланысты етістіктер: қозда, бұзаула, құлында,гүлде, жапырақта, жапалақта.

Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына- мазмұн алшақтықтарына қарай оларды омоним етістіктер, синоним етістіктер, антоним етістіктер деген топтарға да жіктеуге болады. Мысалы: омоним етістіктерге: ор, өр, ау, бу, жүз, қара, кез. Сондай-ақ мағыналас болып келетін етістіктерге: азу мен жүдеу, көңілдену-шаттану, қайғыру-ренжу т.б. жатқызамыз.

Буын санына қарай: жу, бөл, піш, шеш тәрізді бір буынды, ашы, кейі, бора, үде т.б екі және абдыра, ыдыра, орналастыр сияқты үш одан да көп буынды етістіктер де түбір тұлғалы сөздердің шеңберінде қаралады.

Сондай-ақ түбір етістіктерді грамматикалық семантикасына, соған сәйкес қалыптасқан негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады:

Бірінші сала. Бұларға өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын әрдайым толық сақтап отыратын, соған орай, үнемі жетекшілік қызметте жұмсалатын етістіктер жатады. Мысалы: аз, айт, ас, аш, байла, бақ, ек, жар, жел, жең, кеш, күл, қама т.б.

Екінші сала. Бұл топқа өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа бір негізгі етістікпен тіркескенде, лекскалық мағыналарын не жартылай, не бүтіндей жоғалтып, негізгі етістікке қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жәрдемші ретінде де қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады. Мұндай бірде негізгі, бірде көмекші болатын етістіктердің саны тілімізде отыз шамалы. Оларға, мысалы: ал, бар, баста, бақ, біл, жат, жүр, кел, көр, қара, отыр, сал, түс, шық т.б.

Үшінші сала. Бұл топқа өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтып, тек негізгі етістіктермен тіркесіп, оларға көмекші есебінде ғана жұмсалатын е, еді, екен, жазда етістіктері жатады.

Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу тәсілдері. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң және күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Жалаң етістіктерге түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мысалы: ек, жек, оқы, жаз, баста, арала, кіріс, жуын т.б.

Жалаң етістіктер, сөйтіп құрылымына қарай, түбір етістіктер және туынды түбі етістіктер деген екі топқа жіктеледі.

Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтын етістік формалары жатады. Мысалы: аз, айт, ас. Ер, жет, тасы. Ұр т.б.

Бірақ өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отыратындықтан, олардың қатары да бірте- бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала келіп, бірте-бірте түбір мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер де бар. Мысалы: сөйле (сөз+ле), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер), тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра) т.б. Осыларға орай байырғы түбір етістіктерді түпкі я негізгі және көнеленген түбір деп шартты түрде бөлуге болады.

Сонымен, қазіргі тіліміздегі етістік түбірі әрі қарай бөлшектеуге болмайтын түпкі бөлшек болады. Сол сияқты жоғарыда айтып кеткен, әбден тұтасып бір тұлға болып қалыптасқан формалар да түбір сөз саналады.

Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Мысалы: ой+ла, той+ла, ем+де, сын+а, ес+ей т.б.

Тегіне қарай туынды түбір етістіктерді есім негізді етістік негізді етістіктер деп бөлеміз. Етістікке негіз болатын есімдердің ішінде зат есімнің орны ерекше. Бұдан соң сын есім, сан есім, үстеу, одағай,, еліктеуіш сөздер. Барлық сөз табына қосылып етістік жасайтын ортақ аффикстер де бар. Олар: -ла,-ле,-да,-де,-та,-те және одан өрбіген –лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен аффикстері.

Етістік негізді етістіктер. Бұл салаға етістік негіздерінен арнаулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер жатады. Бірақ бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктері мен қызмет қабілеттеріне қарай екі салаға бөлуге болады. Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына амалдың (істің) жиілену, еселену, қайталану, үстемелену сипаттарын білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады, олар, шартты түрде амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады; екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар етіс жұрнақтары деп аталады.

2. Амалдың субъектіге қатысын білдіретін жұрнақтар:

1) –ыс,-іс жұрнағы өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың кемі екія онан да көп (бірнеше) субъектінің қатысы арқылы жүзеге асатынын білдіретін реңк үстейді:сөйлес, аралас, айтыс, біліс т.б.

2) –т,-тыр,-тір,-дыр,-дір жұрнағы өзі жалғанатын етістік мағынасына амалды басқа бір я бөгде адам арқылы істелетінін білдіретіндей реңк жамайды: сөйлет,қалат,жүгірт,көтерт, айттыр, келтір, білдір т.б.

3) –қыз,-кіз,-ғыз,-гіз жұрнағы өзі жалғанатын етістік негізінің мағыналарына істі біреу арқылы жүзеге асыруды көрсетерліктей мән қосады: ашқыз, айтқыз, еккіз, қойғыз т.б.

4) –ыл,-іл,-л жұрнағы өзі жалғанатын етістік негізінің мағыналарына істің істелетінін,бірақ оны кім істейтінін білдірмейтінін, демек, оны жүзеге асырушы адамның көрінбейтінін аңғартатындай мән үстейді: қамалды, жиналды, үзілді, жуылды т.б.

5) –ын,-ін,-н жұрнағы өзі жалғанатын етістік негізінің мағыналарына істі субъекті өзі үшін жүзеге асыратынын білдіретін мән үстейді: таран, оран, көрін, киін т.б.

Күрделі етістіктер және олардың жүйесі. Күрделі етістік дегеніміз кемінде екі етістіктің тіркесінен құралып бір күрделі қимыл ұғымын беруді айтамыз.

Мысалы: алып кел, барып қайт т.б. Ал осы тәсіл арқылы басқа сөз табынан етістік жасау онша дамымаған. Дегенмен азда болса тілімізде мұндай элементтер кездеседі. Мысалы: жәрдем ет, адам бол, гүл атты т.б.

Сонымен күрделі етістіктің 1) 1-ші сыңары етістіктен, кейде есім сөзден болады. 2) 2-ші компоненттің бәрі де етістік болғанымен олардың мағыналары тең емес, яғни 2-ші компонент болатын етістік толық мағыналы болуы мүмкін не мағыналсы жоқ көмекші етістік болуы мүмкін. Осы ерекшеліктеріне байланысты күрделі етістіктерді екі үлкен топқа бөлуге болады:күрделі етістік және құранды етістіктер.

Түркологияда күрделі етістік деген термин өте кең мағынада қолданылып, оған сырттай ұқсастығы бар тілдің түрлі фактілері жатқызылып келді. Мысалы: қызмет қыл, жүрек жұтқан, келіп кет, келе алмау сияқты түрлі типті сөздердің бәрін күрделі етістік деп тану түркологияда біраз уақыт орын алып келді. Қазіргі кезде зерттеушілер олардың әрқайсысының ерекшелігін ашып, оларды: құранды етістіктер, күрделі етістіктер, аналитикалық формалы етістіктер, тұрақты тіркесті етістіктер деп қарастырды. Егер бірінші сыңар есім сөздерден, екінші сыңары көмекші етістіктен құралса, онда ол - құранды етістік (адам бол, қызмет қыл), егер тіркестің компоненттері бір – бірінен жекеленбей, бір тұтас тексикалық мағына құраса, онда, ол- күрделі етістік (барып қайт, ала бар), егер тіркестегі компоненттің біреуі негізгі мағынасын сақтап, өзгелері өз лексикалық мағыналарын я солғындатып, я жоғалтып, тек көмекші болып, грамматикалық қызмет атқарса ол аналитикалық етістік деп аталады (келе қой, айтып жібер), егер компоненттері орын жағынан әбден тұрақталып, не лексикалық, не идиомалық тұлғаға айналса –ондай тіркес тұрақты етістік саналады (бас-көз бол, жүрек жалға).

Күрделі етістік толық мағыналы тең компоненттерден жасалады. Күрделі етістіктің компоненттері, 1-ші компоненті ауыспалы, 2-ші компоненті тірек

компонент болып екіге бөлінеді.

Болымдылық, болымсыздық етістіктері. Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады. Ол түбір, туынды, күрделі етістіктер арқылы білдіреді:оқы, сөйле, кіріп келді, ойла.

Ал іс-әрекеттің жүзел аспауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады.

Болымсыз түрі негіздерге -ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: барма, кіргізбе, хабарлама, айтып барма т.б. Етістік негіздерінен туатын оның өзге формаларының бәрі етіс формасын басқалары осы болымсыз түр қосымшасынан кейін тұрады.

Мысалы: барма-ау, барма-ған, барма-сын, келме-с.

Күрделі етістіктерге де болымсыздық қосымшасы жетекші етістікке де, көмекші етістікке де немесе олардың 1-не ғана жалғанып жұмсалады.

Бармай қойды, алмай қойды, бере салмады. Емес, жоқ сөздерін қолдануға болады: барған емес, барған жоқ.

Салт және сабақты етістіктер. Салт және сабақты етістік кімді? нені? деген сұрауларға жауап беретін табыс септігі сөзге сабақталатын етістіктер, сабақты етістіктер деп аталады.

Мысалы: аш, айт, бер, жаз, ер, сыз, тап, тер, іш, апар, әкет.

Етістіктің ішінде кімді? нені? деген сұрауларға жауап күтпейтін табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретін етістіктер де бар.

Ау, бар, жат, жет, жүр, кел, күл, кір, қаш, өс, піс, олар салт етістіктер деп аталады.

Етістіктің бәрі бірдей я салт, я сабақты бола бермейді, ішінде салт, әрі сабақты болатындары бар. Мысалы: үйге жүр, үйге тараң, шашты тара.

Салттық, сабақтылы қасиет тек түбір етістіктерге емес, жалаң туынды етістіктерге де, күрделі етістерге де тән.

Мысалы: арқала, қамала, міне, өсір, салдыр - сабақты етістіктер.

көбей, ағар, мұзда, шөлде - салт етістіктер

апар, әкел, әпер, әкет - сабақты етістіктер.

Сонымен, құрамы мен құрылымына өзгеріс енуіне байланысты салт етістік сабақтыға, сабақты етістік салт етістікке ауысады.

Мысалы: ал (сабақты), кет (салт) - әкет (сабақты)

ал (сабақты), кет (салт) - әкел (сабақты)

Осындай өзгерісті етіс жұрнақтарынан да көруге болады. Мысалы, жу, тара сабақты етістіктеріне өздік етіс жұрнағы жалғанса жуын, таран онда олар салт етістікке айналады.

-с,-ыс,-іс ортақ етіс жұрнағы жалғанса сабақтылық өзгермейді.

-л,-ыл,-іл жалғанса (ырықсыз етіс) салтқа ие болады. (жуын, таран),

керісінше, жет, кел, күл тәрізді салт етістіктеріне өзгелік етіс (-кіз,-тір) жалғанса, туынды етістік (жеткіз, кестір, күлдір) сабақтыға айналады,

Қалып етістіктері. Адамзат атаулының қай-қайсысы болсын я жатқан, я тұрған, я жүрген, я отырған жағдайда ұшырасады және олардың іс-әрекеті сол аталған қалыптың бірінде жүзеге асады. Осындай табиғи күй-жағдайлардың атауы есебінде жұмсалатын етістіктер қалып етістіктері деп аталады. Оларға жүр, жатыр, отыр, тұр етістіктері жатады.

1) Бұлар өзіне тән лексикалық мағынасын толық сақтаған, жеке дербес сөз ретінде қолданылып, негізгі етістік қызметін атқарады.

Мысал: ол үйде жатыр, сыртта тұр, орындықта отыр, сыртта жүр

және аналитикалық етістіктің құрамында келіп көмекші етістік қызметін атқарады: оқып жүр, бара жатыр, жазып тұр, барып отыр.

Нақ осы шақ категориясын құрауға негіз болады.

2) Төрт етістіктің мағынасынан 4 түрлі қалып анық көрінеді.

3) Бұлар жатыр етістігінен басқалары, бұйрық райдың II жақ анайы түрі есебінде және ашық райдың III жағының формасы есебінде қызмет етеді.

4) Қалып етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдайды.

5) Қалып етістіктерінен өзге етіс формалары жасалғанымен өздік етіс жасалмайды.

Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге етістіктің көсемше және есімше категориялары туралы түсінік бере отырып, олардың сөз түрлендіруші жұрнақтарын меңгерту. Бір-бірінен айырым белгілерін түсіндіру.

Дәрістің жоспары: 1. Көсемше және оның жасалу жолдары.

2. Есімше, оның жасалу жолдары.

3. Есімшенің етіктікке және есімдерге жақындастыратын белгілері

4.Есімшенің көсемшеден айырым белгілері.

Көсемше. Негізгі іс-әрекеттің мезгілі мен мақсатын, сын –сипат, себеп-салдар т.б. құбылу амалын білдіретін етістіктің түрі көсемше деп аталады. Көсемше қайтіп? қалай етіп? неге? не істеп? не істегелі? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы:асығып сөйледі, асыға сөйледі десек, көсемшеде тұрған етістік соңғы сөйлеу етістігінің қалай болғандығын сипаттап тұр.

Көсемше етістіктің негізгі түбіріне және туынды түбір етістіктерге жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Көсемше жасайтын тұлғалар дара және күрделі аффикстер болып 2-ге бөлінеді: дара аффикстерге –а,-е,-й, және –ып, -іп- п, ал күрделі аффикстерге –ғалы,-гелі,-қалы,-келі,-ғанша,

-генше жатады.

Құрамында осы аффикстердің біреуі кездесетін көсемше тұлғалы сөздердің ішінде етістік сөз табынан шығып, үстеу және шылауға айналып кеткендері бар. Мысалы: сөйлей-сөйлей, көре-көре, қайта сұрады үстеуге, соған бола, жүзеге тарта-дегендер көмекші сөздерге айналған.

1.-ып,-іп,-п ойла-п, талда-п, тап-тауып көсемшенің осы түрі арқылы етістіктің өткен шағы жасалады. Мысалы: Мен барып-пын, Сен барып-сың, Сіз барып-сыз, Ол барып-ты.

-ып, -іп, -п, тұлғалы көсемшенің мағыналары:

а) қатарынан бірінен соң бірі болып жататын іс-әрекетті білдіреді.

Асқар киініп, шығып кетті.

ә) көсемше тұлғасындағы алдыңғы етістік өзінен соңғы іс-әрекеттің сын-сипат амалын білдіреді.

Үйге келсем, ағамдар асып-сасып жүгіріп жүр екен.

Көсемшенің бұл тобына жататындардың ішінде өзінен соңғы іс-әрекеттің себебі мен мақсатын көрсететіндері де бар.

Мысалы: Қонақтар асқа тойып, ырза болып, жымиып күлісіп, көңілдене шығып кетті.

-ып, -іп, -п тұлғалы етістіктердің Сатыбалды тәрізді кісі аттарына айналуы, сондай-ақ алып кел-әкел, алып кет-әкет, алып-ап, келіп-кеп тәрізді сөздердің ықшамдалуы да кездеседі.

2.-а, -е, -й көсемшелер өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттің сын-сипатын, амалын білдіреді.

Мынадан сіз де қорықпай қарғыр ма едіңіз,- деді.

а) Өзінен соңғы іс-әрекеттің мезгілдік сипатын білдіреді.

Көп кешікпей біз де қайтіп ораламыз.

ә) Өзінен соңғы іс-әрекеттің мақсатын және себеп-салдарын да білдіреді.

Ереуіл атқа ер салмай

Егеулі найза қолға алмай

б) Сөйлемдегі іс-әрекетке қарама-қарсы қойылып қолданылады.

Онда бармай, мұнда кел.

-а, -е, -й тұлғалы көсемшелер етістіктің ауыспалы шағын тудырады.

Мысалы: құс ұшады. Ол университетте оқиды.

3. –қалы, -келі, -ғалы, -гелі. Негізгі істің мақсаты мен мезгілінің келер шақта болатындығын білдіреді.

Ат арытып алыстан, Айтысқалы келгенмін.

Көсемше формасындағы етістік құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы қызметінде қолданылады.

Мысалы: Кешке таман Төлегенді оңашаға шақырып, ақсақал құрмалдық беру жайын ақылдасты.

Мұнда көсемше екі жай сөйлемді байланыстыру қызметін де атқарады.

Көсемшенің байланыстыру қабілеті күрделі сөздің құрамында ерекше көрінеді. Мысалы: кіріп шық, алып кел, бара кел.

Есімше.. Есімше-етістік пен сын есім арасындағы категория. Бірақ оның бойынан етістікке тән ерекшеліктердің бәрі де табылады (салт, сабақтылық, рай, шақ, жақ, етіс және етістіктің болымсыз түрі –ма, -ме,-ба,-бе,-па,-пе). Сондықтан ол етістік құрамында қаралады

Есімшілер етістіктерден аффикстер арқылы жасалатын категория. Олар тілдегі сөз өзгертуші аффикстер қатарына жатады.

Есімше сын есім сияқты заттың тұрақты сынын білдірмейді. Ол сынды белгілі бір шаққа балап көрсетеді.

Есімше есімдер сияқты септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.

Есімшелер мағынасына және тұлғалық белгісіне қарай мына сияқты шақтық ұғымдарда қолданылады.

1.Өткен шақ есімше. 2.Келер шақтың есімше. 3.Ауыспалы шақтық есімше.

1. Өткен шақтың есімше тіліміздегі өте өнімді қолданылатын түрі. Бұл шақ етістіктің негізгі түбіріне, етістіктерге -ған,-ген,-қан,-кен жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Оның жұмысы бітіпті, ойлаған мақсаты орындалған.

2. Ауыспалы шақтық есімше етістіктің түбіріне алдымен көсемшенің –а, -е,-й жұрнағы, бұлардан басқа –тын (-тін) жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Мысалы: көретін, баратын, біз жиі жиналатынбыз.

3. Келер шақтық есімше –ар, -ер,-р : Үлкен басшы ғой, бір ақыл табар.

Есімшенің болымсыз түрі -мас, -мес: Көрмес түйені де көрмес.

4. Мақсатты келер шақ тудыратын -мақ, -мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнағы: Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ. Құймақ, ілмек, шақпақ тәрізді зат есімге айналғандары да бар.

Есімшені есім сөздерге жақындастыратын белгілері мыналар:

1. Есімше, есім сияқты, тәуелденеді, көптеледі, жіктеледі, септеледі.

2. Есімше сын есімдер сияқты сөйлемде негізгі атқаратын синтаксистік қызметі - анықтауыш болу.

3. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше оның іс-әрекетіне байланысты көшпелі белгісін білдіреді.

4. Есімшелер, есімдер сияқты болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы да білдіре алады.

Тіл білімінде-ма,-ме жұрнағы етістікті есімдерден, емес, жоқ сөздері есімдерді етістіктерден ажырататын қосымшалардың бірі деп пікір айтылып келеді. Есімше болымсыздықты осы екі жолдың екеуімен де білдіреді.

Есімшені етістікпен жақындастыратын белгілері:

1. Есімшелер өз ішіне етістікке тән грамматикалық категорияның бәрін де қамти алады.

2. Олар етістік сияқты, заттың іс-әрекетін жай-күйін білдіреді.

3. Есімшелер шақтық категориямен ерекшеленеді, сабақты, салт болып бөлінеді.

4. Есімше атау тұлғалы тұрғанда III жақтың мағынасын білдіреді.

Есімшені көсемшелерден ажырататын белгілері:

1.Есімшелерде райлық, шақтық мағына анық, көсемшелерде контексте белгілі болады.

2.Есімше-анықтауыш, көсемше-пысықтауыш қызметін атқарады.

3. Көсемше жіктік жалғаудан басқа қосымша қабылдамаса, есімше төрт түрде түрленеді.

4. Көсемше жұрнағы бір сөздің құрамында екі рет келмейді, есімше жұрнақтары қайталанып келе береді.

Есімшелердің сын есімге, зат есімге тіпті ру, кісі, жердің аттарына айналып кеткендері бар. Мысалы: Төлеген, Сақтаған, Қайнар, ағарған, Атбасар, Айтуар т.б.

Негізгі әдебиеттер:

1. МамановИ. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Ерғалиев Т. Қазақ тілінің есімше категориясы. Алматы, -1958ж.

5. Сауранбаев Н. Деепричастие в современном казахском языке. Алматы,-1940г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы.Жинақ. Алматы,- 1998ж. 23-25бб.

Тақырып 11. « Рай категориясы»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге етістіктің рай категориялары туралы түсінік бере отырып, оның түрлерін меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Етістіктің рай категориясы туралы түсінік

2. Рай түрлері, жұрнақтары

Адам сөйлегенде я жазғанда белгілі жайт туралы жалаң хабар беріп қана қоймайды, соған қатысты өзінше түйген көзқарасын, көңіл қошын, ой құбылысын да қоса білдіріп отырады. Ондайда хабардың анықтығы, шындығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжалдылғымен қатар аяныш, өтініш, сүйініш, өкініш сияқты көңіл күй жайлары да аңғарылып отырады.

Сөйлеушінің я жазушының көңіл қошының осындай сәттері модальдік реңк деп аталады. Модальдік реңк тек жеке сөйлеушінің я жазушының тілінде ғана емес, немесе жеке сөйлемде ғана ұшырасатын құбылыс емес, қалыптасқан жүйелі лексика-грамматикалық категория. Грамматикалық категория болғандықтан, модальдық мағыналар синтаксисте де, морфология да кездеседі. Сөйлемнің модальдылығы сөйлемге тән құбылыс болады да, лексикалық, интонациялық тәсілдер арқылы жарыққа шығады. Сөйлем модальдылығы синтаксисте қаралады.

Ал басқа модальдық мағыналар етістіктің рай формалары арқылы жасалатындықтан морфологияда қаралады. Бірақ морфологиялық құбылысының мазмұны синтаксиспен жіті байланысты, себебі рай категориясы оның формасының мағыналары, қызметтері, қолданылу ерекшелігі сөйлемге байланысты талданады.

Сөйтіп, сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік (арай) категория деп аталады.

Модальдік категорияның етістік формалар арқылы берілетін амал-тәсілінің жүйесі етістіктің райы деп аталады.

Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да аса бай категория.

Рай категориясы сөйлеуші (субъекті) мен амал-әрекеттің арасындағы қатынастың қилы-қилы реңктерін білдіреді.

Сөйлемде айтылатын ой не пікір объективті шындыққа тура я анық болуы немесе не шындыққа тура келмеуі мүмкін (не реалды). Осыған орай, амалдың ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай, етістік райлары іштей ашық (негізгі) райлары және неғайбыл (жәрдемші) райлар деген 2 салаға бөлінеді.

Олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы: 1) Ашық райда арнайы грамматикалық көрсеткіш болмайды, неғайбыл (жәрдемші) райларда арнайы қосымшалар болады. Арнаулы көрсеткіштері болатыны және болмайтынына қарай, олар бір-біріне қарама-қарсы қойылып қаралады. Ал семантика-грамматикалық жағынан ашық рай амалдың реальды екенін ал неғайбыл райлар амалдың реальді емес екенін білдіруіне орай бір-біріне қарсылас категориялар деп танылады.

2) Ашық рай амалды реальды етіп көрсететіндіктен мезгіл ұғымымен -өткен, осы, келер шақтармен байланысты болады да сөйлеу тілінде ол шақ формалары арқылы көрінеді. Ал неғайбыл райлар амалдың реальды емес екенін, яғни амалды бұйыру, қалау, шарт ету, қажет санау, тәрізді модальдік реңктер түрінде атайды да, тек келешекке меңзегені ғана болмаса, шақ категориясына тікелей қатыспайды.

3) Ашық райдың қолданылу өресі де, мағыналық қарымы да әрі кең, әрі аса бай. Ол модаль сөздер (бәлки, бәсе, мүмкін,керек), модаль шылауларды да

(-ай,-ау,-ақ,-мыс сияқты, тәрізді, шығар), модаль тіркестерді де (айта көрмеңіз,атай көрмеңіз, сөз жоқ) кеңінен қолданады.

Ашық рай. Ашық райдың арнайы қосымшалары болмағанымен, бұл категория амалдық белгілі бір мезгілде, яғни өткен, осы, келер шақтың бірінде болу я болмауын өту я өтпеуін көрсететін шақ формаларымен тікелей байланысты болатындықтан, шақ формаларының жүйесі оның грамматикалық көрсеткіштері есебінде қызмет етеді.

Сонымен, ашық рай деп амал - әрекеттің өткен, осы, келер шақта болу я болмауын білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз.

Неғайбыл райлар. Етістік формалары арқылы ақиқат шындық қана немесе реальды құбылыс қана білдіріліп қоймайды, реальсыз жүзеге аспайтын я асу-аспауы күдікті амал-әрекет те беріледі.

Мысалы: барайын, баршы, бара көр, барғайсың деген формаларынан бұйрық, тілек, ынта, жалыныш, өтініш, тәрізді мағыналар байқалады, тек келешекке ғана меңзейді.

Неғайбыл райдың арнайы грамматикалық формалары амал-әрекеттің жүзеге асу сипаты реальды емес екенін білдіретін көрсеткіштер есебінде қызмет етеді.

Бұйрық, шартты рай, қалай рай деп аталатын 3 түрге бөлінеді.

Бұйрық рай. Бұл рай іске қосу, амалды істеуге қозғау салу, түрткі болу, ұсыныс жасау, кеңес беру, тілек айту, өтініш ету, жалыну, бұйыру, әмір ету тәрізді қыруар көп модальдық мағыналарды білдіреді.

I жақ. мен бар-айын, -біз бар-айық амалды жүзеге асыруды біреуге бұйырудан гөрі, сөйлеуші орындауды өз міндетіне алғаны, оны істеуге өз ынтасы барлығын оны істеуге бекінгені анығырақ аңғырылады.

I жақ. –айын формасы –барғаймын формасынан

Бар-айық, -баралық –барғайық формаларынан туып қалыптасқан.

II жақ формалары нағыз бұйрық мәні мен қатар тілек, өтініш, кеңес, ұсыныс тәрізді модальдік мағыналарды білдіреді. Олар әр қилы контекске, интонацияға қарай анықталады.

III жақ. –сын, -сін бұйрық мәнін білдіріп амалды жүзеге асыруға қозғау салу реңін білдіреді кейде тілек, өтініш мәнінде де жұмсала береді.

Сонымен, бұйрық рай формасы III жақта 2-ші тыңдаушысы арқылы 3-ші адамға бұйрық, өтініш тәрізді мағына береді: ол оқысын, ол жүрсін.

Бұйрық формасына –шы (-ші) модальдік шылауы тіркессе, ол форма бұйрық мәнінен айырылады да сұрану (I жақ), жалыну (I жақ), өтіну (III жақ) мағынасын білдіреді.

Мен келейінші, Сен келші, Ол келсінші

Қалау рай. Қалау рай сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталатын ниетін, ынта тілегін, үміт-арманын білдіреді.

-ғы (-м, -ң) -сы кел, -са –игі еді, барғай еді, -са екен (аналитикалық форма) арқылы жасалады.

Бұл форма іс-әрекеттің жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен, осы шақ түрінде де қолданылады.

Менің барғым келді, Оның оқығысы келген екен, Оның барғысы келіп тұр

Күрделі –ғай еді сөйлеуші басқа адамның амалды орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ қалай орындалатыны көрінбейді.

-са игі еді сөйлеуші басқа субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Олар оқыса игі еді.

-са еді амалға тек арман мәнін үстейді. Ол барса еді.

-са екен форманты келешекте істелінетін амалды тек аңсап тілейді.

Мысалы: Бұл іске келісетінін айтса екен.

Шартты рай. Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне –са,-се жұрнағы жалғануы арқылы жасалады. Бұл форма мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді.

Осы мағынасына орай, шартты рай формасы етістік құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.

Мысалы: Олар барса, бірге кетерміз.

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп қолданылады.

I мен барса –м (-қ)

II сен барсаң –(-ңдар)

сіз барсаңыз- (-ңыздар)

III ол барса.

Ол «еді» көмектес етістігімен тіркескенде жіктеліп қолданылады. Құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы үнемі жіктеліп қолданылады.

Егер –шы (-ші) дәнелері тіркесіп жұмсалса, онда шартты форма шарт мәнінен айырылып, қапы қалу, өкіну тәрізді мәнді білдіреді.

Сен сабақты оқысаңшы.

Негізгі әдебиеттер:

1. Маманов. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Омарбеков С. Қалау рай және кейбір түрлері жөнінде. ҚазССРҒА-ның хабарлары, филология және өнертану сериясы, 1960,1 шығуы.

Тақырып 12. «Шақ категориясы»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге етістіктің шақ категориялары туралы түсінік бере отырып, оның түрлерін меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Етістіктің шақ категориясы туралы түсінік

2. Шақ түрлері, жасалу жолдары

Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория делініп есептеледі.

Себебі етістік амал-әрекет ұғымдары атауларының қай-қайсысы болсын үнемі белгілі бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаз. қазақ тіліндегі шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте*-бірте дамып, өзіне лайық орныққан жүйесі бар аса бай грамматикалық категория. Әдетте, шақтың мазмұны, соған лайық формалары мен қызметтері адамның сөйлеп я сөйлесіп отырған кезіне байланыстырыла айқындалады. Өйткені амал, я әрекет, қимыл я қозғалыс тәрізді процестердің қай-қайсысы болсын не сөйлесіп отырған уақытта істеліп жатқан не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істелініп тынған, не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелінбекші амалдар есебінде қабылданады (оқыдым, оқып отырмын, оқымақпын).

Қазақ тілінің шақ категориясы өткен шақ, осы шақ, келер шақ деп аталатын үш саладан құралады.

Өткен шақ. Өткен шақ деп сөйлеу кезінен бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтамыз.

Өткен шақ категориясын жасайтын көрсеткіштер жалаң да, күрделі болады.

Жалаң –ды,-ді,-ған,-ген, -атын,-етін,-ып,-іп.

Күрделі –ған еді, атын еді,-ар еді,-ып еді, -ушы еді,-ған екен, -атын екен деген сияқты аналитикалық форманттар және тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне, есімдерге толымсыз еді, екен көмекші етістіктері тіркескен күрделі формалар жатады.

Бұлардың бәрі өткен шақты білдіргенімен олардың әр түріне лайық күдіктік, анықтық, қажеттілік, міндеттілік, болжалдық және т.б реңктерді білдіретін ерекшеліктері бар.

-ды,-ған,-атын,-ып

бар-ды-қ-амалдың жуық арада істелгені

бар-ған-быз-амалдың бұрынғырақ кезде істелген

бар-ып-пыз-ұмытылған істі еске түсіру.

бар-атын-быз-әбден үйреншікке айналған, бұрын анық жүзеге асқан істі бағдарлатады..

Ал аналитикалық форманттардың бәріне ортақ компоненттер (еді, екен) өткен шақ категориясын береді де –атын, -ген, -іп,-ер,-се,-уші сияқты компонеттер бір-бірінен семантикалық жағынан саралап ажыратылатын көрсеткіштер болып табылады.

Кел-етін көр-етін

Кел-ген еді көр-ген екен

Кел-іп көр-мек

Кел-ер көр-се

Өткен шақты анық (тайғақты) өткен шақ, танық (айғақсыз) өткен шақ және ауыспалы өткен шақ деп үшке бөлеміз..

1.Анық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы әбден қанық болатындай, сенерліктей етіп хабарлайтын формаларды айтамыз. Олар мынадай көрсеткіштер арқылы жасалады.

1) -ды, -ді,-ты,-ті барды, жазды, көрді

2) –ған,-ген,-қан,-кен салған, ойған, жүрген.

3) –атын, -етін,-йтын, -йтін салатын, баратын

4) –ып еді, -іп еді, -п еді көріп еді, жазып еді.

5) –ған еді,-ген еді,-қан еді,-ген еді шашқан еді, білген еді.

6) –ушы еді ,-уші еді барушы еді, жүзуші еді.

7) тұр, жатыр, отыр, жүр етістіктері мен есімдерге еді көмекші етістігі тіркеседі. Жүр еді, отыр еді, тұр еді.

2.Танық (айғақсыз) өткен шақта болған амал-әрекетті өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа біреудің айтуына, хабарласуына сүйеніп, немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп білген мәліметке сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтамыз.

1)-ып,-іп, -п алыпты, көріпті.

2)-ған екен, -ген екен, -қан екен, -кен екен алған екен.

3)-а+ды екен (е+ді) көреді екен

3. Ауыспалы өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз.

-мақ еді (-мек еді)-бақ еді,-пақ еді,-пек еді жазбақ еді, ашпақ еді.

Осы шақ сөйлесіп отырған уақыт бойында болатын я болып жатқан іс-әрекетті суреттейді.

Ол жалпы осы шақ, нақ осы шақ, неғайбыл осы шақ болып 3-ке бөлінеді:

1.Жалпы осы шақ етістіктің негізіне көсемшенің –а,-е,-й жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Бұл форма сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де, үнемі істелетін кәсиби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де (ол совхозда тұрады, ол мектепте оқиды) дағдылы, үйреншікті қимыл, қозғалыс істі де (құс ұшады, жел еседі, жаңбыр жауады) білдіреді.

Бұл форма іс-әрекетті жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті тындаушының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және келешекте де болатындай етіп суреттеу үшін жұмсала береді. Сол себепті ауыспалы осы шақ деп аталады.

2.Нақ осы шақ. Көсемшенің –ып,-іп,-п және (-а,-е,-й) түріндегі етістік формасына тұр, отыр, жүр, жатыр деген етістіктің тіркесуі арқылы жасалады.

Ойлап отырмын, жүріп жатыр, келе жатыр.

3.Неғайбыл осы шақ.

1)-ғалы,-гелі...жатыр, тұр, жүр, отыр етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.

2)-йын деп (-йін деп) жатыр, тұр, тұр, отыр.

Бұл формалар келешекте істелінбекші болған амал туралы ойды сөйлеп отырған кезде жүзеге асырылатындай етіп көрсетеді.

Келер шақ. Амал-әрекеттің алдағы уақытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны –аспайтыны я асырылатыны не асырылмайтыны туралы түсінік беретін формалар.

Ол: жалпы (анық) келер шақ, болжалды келер шақ, мақсаты келер шақ деген 3-топқа бөлінеді.

1)жалпы анық келер шақ іс-әрекетің алдағы уақытта анық, шүбәсіз іске асатынын білдірді.

Бұл етістік негізіне-а,-е,-й қосылу арқылы жасалады.

Біз орындаймыз, біз жүреміз.

2)Болжалды келер шақ. Амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екіталай екені аңғарылады. –ар,-ер,-р. Жолығармыз, танысармыз.

3)Мақсатты келер шақ іс-әрекеттің алдағы уақытта анық шүбәсіз іске асатынын және онда бір мақсат барын қоса білдіреді.

-мақ,-мен,-бақ,-бек,-пақ,-пен. Біз ертең жиналмақшымыз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Маманов. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. Алматы, 1953ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Омарова А. Осы шақтың Ж.Жұбановқа дейінгі грамматикалалардағы көрінісі// Проф. Н.Оралбаева және қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы, - 1998ж. 48-51бб.

Тақырып 13. «Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге үстеу туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Үстеу, оның анықтамасы

2. Үстеудің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

3. Үстеудің мағыналық топтары

4. Үстеудің синтаксистік қызметі

Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді. Ал қимылдың белгілерін басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) да білдіре алады.

Мысалы: Ол осы үйде тұрады. Мен осында қонамын деген сөйлемде екі пысықтауыш бар. Жатыс септігінде қолданылатын пысықтауыш болып тұрған үйде деген зат есім тұрушының мекенін айқын білдірсе, осында деген пысықтауыш қимыл иесінің бағытын жалпы түрде ғана хабарлап тұр.

2-ден, үй деген зат есім жатыс септікте тұрып қана пысықтауыш болып тұрса, осында деген пысықтауыш бастапқы түбірі осы деген есімдік болғанымен

-нда қосымшасы оның табиғи бөлшегі болып тұрақталып, көнеленіп қалған. Сол қалпында пысықтауыш қызметін де жұмсалады. Сосын бірге, бірден,бірде дегендер бірде сан есім, бірде үстеу болып қолданылады. Осылайша мағына жағынан әуелгі төркіндерінен (зат есім, сан есім, сын есім, есімдік) бөлініп, лексикалық мазмұны жағынан қимылдың алуан түрлі күй жайларын білдіретін сөздер үстеуге жатады.

Тілімізде бірге, бірде, бірден, кенеттен, кейде, шалқасынан, зорға, мұнда, сонда, осында сияқты есімдерден көнелену арқылы туған үстеулермен қатар етістік формаларын көнеленіп шыққан үстеулер де бар. Олар көсемше формаларын түрлес келеді.

Мысалы: сөйлей, сөйлеп дегендер көсемше. Олар жіктік жалғауды тікелей қабылдап, сөйлемде дара тұрып та (сөйлеймін), көмекші етістікпен тіркесіп те (сөйлесіп отырмын) қолданылады. Оларда шақтық, жақтық, амалдық қасиеттер болады. –Ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе болымсыз тұлға жалғанады.

Ал аздап, аз-аздап деген сөздерден сөйлеп деген сөздердің қасиеттері табылмайды, жіктік жалғауы жалғанбайды, баяндауыш қызметін атқармайды. Шақтық қасиет жоқ, -ма,-ме бұларға қосылмайды. Дегенмен, көсемше түрлес үстеулерді етістіктермен төркіндес үстеулер деп есептейміз.

Оларға: қайта, қайра, қайтара, айнала т.б. жатады.

Көсемше тұлғалы сөздердің қайталануы немесе мағыналас көсемшенің қосарлануы арқылы да үстеулер жасалады. Мысалы: көре-көре, айтып-айтып, сөйлей-сөйлей, сүргіне-жығыла, таласа-тармаса,

Сонымен, үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін, лексика-семантикалық жағынан өз алдына тап болып қалыптасқан, сөйлемде пысықтауыш болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.

Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан 2 топқа бөлуге болады: 1) негізгі үстеулер, 2) туынды үстеулер.

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.

Негізгі үстеуге: әрең, әдейі, жорта, үнемі, дереу, қазір, енді, ерте, тек, ерекше, аса, тып, ең т.б.

Негізгі үстеулердің өзі: әуелі, қазір, мүлде, орасан, ерен сияқты түбір сөздерден, 2-і басқа сөздерден жасалған үстеулерден тұрады: тысқары, ішкері, ұщқары, сыртқары туынды үстеулері іш, тыс, ұш, сырт деген түбірлерге -қары,-кері деген қосымшасының қосылуы арқылы жасалған.

Әрмен, бермен-әрі, бері+таман деген шылаудың ықшамдалып бірігуінен пайда болған, төтенше, керісінше, мейлінше деген сөздердің де төркіні төте, кері, мейлі болған.

Сонда, негізгі үстеудің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде әр түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер болған.

Негізгі үстеудің мынадай екі түрлі ерекшеліктері бар:

1. Негізгі үстеудің көпшілігінен шырай категориясы жасалады, оларға –рақ,-рек,-лау,-леу жұрнағы жалғанады.

бұрынырақ ілгерілеу

2.Негізгі үстеудің кейбіреулері қосарланып та, қабаттасып қолданылады.

Бостан-босқа, тектен-текке, құр бекерге, құрдан-құр.

Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарын түрлі қосымшалар арқылы сөздердің бірігуі және қосарлануы, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған үстеулерді айтады.

Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер:1)жалаң туынды, 2)күрделі туынды болып 2-ге бөлінеді.

Жалаң туынды үстеулер деп түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді айтамыз.

ша,-ше ең өнімді жұрнақ, істің қалайша, қалай істелетінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнақ жалқы, жалпы зат есімдерге де (құсша, Батыровша), олардың көпше, жекеше, тәуелді түріне де (батырша, құстарша, көзімше) жалғана береді.

Осы жұрнақ арқылы негізгі сын есімнен (жаңаша, ескіше), туынды сын есімнен (биылғыша) үстеулер жасалады.

2. -лай,-лей (-дай,-дей,-тай,-тей): жібектей, қыстай, жаздай.

3. -дайын,-дейін (-тайын,-тейін): түлкідейін, бүркітейін.

4.-шалық,-шама: осыншалық, осыншама, мұнша.

5.-шылап,-шілеп: жылқышылап, сиыршылап.

6.-қары, -кері: ішкері, тысқары.

7.-ын,-ін,-сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін.

Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер.

Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтін болып көнеленген сөздер жатады.

а) Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: бірге, босқа, алға, артқа.

ә) Жатыс септігі арқылы: артта, алда, жаңада, баяғыда, абайсызда.

б) Шығыс септігі арқылы: шалқасынан, етпейтінен, қырынан, келтесінен.

в) Көмектес септігі арқылы: жайымен, ретімен, жөнімен.

Күрделі туынды үстеулер. а) Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Мысалы: бүгін, былтыр, таңертең, жаздыгүні, бірқатар, сөйтіп.

ә) Сөздердің қосарлануы арқылы: әрең-әрең, зорға-зорға, анда-санда.

б) Сөздердің тіркесуі арқылы: ала жаздай, ала сала, келе сала

тұрақты тіркестер: аяқ астынан, құлан таза, қаннен қаперсіз.

Үстеудің мағыналық топтары. Сегіз түрі бар. 1.Мезгіл үстеуі қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді, қашан қашаннан деген сұрақтарға жауап береді. Оларға: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, күнімен, ала жаздай, әлдеқашан.

2.Мекен үстеуі қимылдың орнын, бағытын, мекенін білдіреді, қайда?қайдан?

Оларға: ілгері, әрі, төмен, жоғары, алға, артта.

3.Мөлшер үстеуі түрлі қатынасты я жалпылап я мөлшерлеп немесе қимылдың, сынның, я кемдік, теңдік дәрежесін білдіреді қанша?қаншалық?

Оларға: онша, сонша, мұншама, ондаған, көптеген.

4.Сын (бейне)үстеуі қимылдың алуан түрлі сапасын, тәсілін, бейнесін білдіреді.қалай?қайтіп ?неше?

Оларға:осылай, тікелей, шалқасынан, қолма-қол.

5.Күшейту (ұлғайту) үстеу заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерін, көлемін, аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді.

Оларға: ең, әбден, нағыз, дәл, сонша, орасан, өте.

6.Мақсат үстеуі қимылдың мақсатын білдіреді, әдейі, жорта, қасақана деген үстеулер жатады.

7.Себеп-салдар үстеуі амалдың себебін я салдарын білдіреді.

Оларға: жоққа, босқа, амалсыздан.

8.Топтау (саралау) үстеуі амалдың және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы немесе жекеленіп істелетіндігін білдіреді.

Мысалы: екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бас-басына, үйді-үйіне т.б.

Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

1.Сөйлемде пысықтауыш мүше болады.

Ерте ояндым, кеш жаттым. Олар етістіктен болған баяндауышты пысықтайды.

2.Есімнен болған баяндауышты да пысықтайды.

Бозбаламын мен де енді.

3.Кейбір үстеулер жіктеліп баяндауыш болады.

Мен сендермен біргемін.

Негізгі әдебиеттер:

1.Ыскаков А. Наречие в казахском языке. Алма-Ата, -1960г.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі .Алматы, - 1989ж.

Тақырып 14. «Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге еліктеу сөздер туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Еліктеу сөздердің анықтамасы

2. Еліктеу сөздердің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

3. Еліктеу сөздердің мағыналық топтары

4. Еліктеуіштердің синтаксистік қызметі

Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, 2-ші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді: бір тобы еліктеуіш (еліктеме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер деп аталады.

Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты. 1)Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі –белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көркем әдебиетте өте жиі қолданылады. Мысалы: Күбір-күбір адам даусы естілген тәрізденді. Сауған сайын суы молайып, күр-күр етіп, ән салады. Осындағы күбір-күбір, күр-күр деген еліктеуіш сөздер бастапқы түбірінің екі рет қайталануынан жасалған да, амал-әрекеттің үсті-үстіне әлденеше рет қайталанып жасалатынын білдіреді. Ал жалаң түрде қолдансақ, мысалы: қарқ етті, тарс етті дегенде амал-әрекеттің бір ғана рет жасалатынын білдіреді.

Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің 2-ші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады.

Мысалы: Біреу есікті тарс-тарс ұрды немесе біреу есікті тарс-тұрс ұрды деген сөйлемдердің құрылысы мен құрамында айырмашылық болмаса да мағыналарында (сәл болсада) айырмашылық бар, тарс-тарс ұрды дегенде, адам есікті әрі қатты, әрі бірнеше рет қалыпты ұрғаны аңғарылады, ал тарс-тұрс ұрды дегенде есіктің ұрылуы бір де жәй, бірде қатты, я солғын болып алмасып отырғаны аңғарылады. Дегенмен де екеуін бірінің орнына бірін қолдана беруге болады.

Басқа сөздер сияқты мағына жағынан бір-біріне жақын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді, мысалы: салдыр-гүлдір, бұрқ-сарқ.

Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты-дыбыстардың жуан я жіңішке болуы да сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді, шіңк-шіңк етеді.

Сонымен, еліктеуіш сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

2)Бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «Ә» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады дегендегі кілт және жалт деген сөздер қалай тоқтағандықтың, қалай қарағандықтың бейнесін көрсетеді.

Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің әрі шапшаң тез болатынын да білдіреді. Мысалы: Найзағай жалт етті.

Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де қосарланып қолданылады да, солар арқылы бейнеленетін құбылыстың бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы: маң- маң, жалт-жалт, ербең-ербең т.б.

Бейнелеуіш сөздердің 2-ші сыңарының ашық дыбысы қысаң дауысты еріндікке айналып, іс-әрекеттің бейнесінің бірде олай, бірде бұлай болып алмасып отыратынын білдіреді. Мысалы: жарқ-жұрқ, қалт-құлт, жалт-жұлт .

Сондай-ақ, бейнелеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың ашық я қысаң болу немесе жуан-жіңішке болуы да сол сөздердің мағыналарына әсер етеді. Мысалы: От жалт етті және От жылт етті дегендегі жалт деген сөзден көру қабілетінің күшті екендігі аңғарылса, жылт деген сөзден көріністің әлсіз екендігі аңғарылады.

Жалп-жалп етеді және желп –желп етеді деген сөздерден алғашқысының бейнесі күшті, дөрекі екендігі байқалса, соңғыда әрі нәзік, әрі майда бейне елестейді.

Еліктеуіш сөздер сияқты бейнелеуіш сөздердің дара, қосарланған түрлеріне де сөз байланыстыратын ( көптік, тәуелдік, жіктік, септік ) жалғаулар тікелей жалғанбайды. Дербес мүше болып, әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болып қызмет атқарады.

Сонымен, бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне –көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері.

Еліктеуіш сөздің дыбыстық ерекшелігін сөз еткенде үш түрлі мәселе ескерілуі тиіс:1)дыбыстық құрамы, 2)буын жігі, 3)айтылу ырғағы.

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек олардың дыбыстарының тіркесуінді белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады.

1. рс -арс, борс, дүрс, тырс т.б.

2. рт -борт, кірт, сарт т.б.

3. п- сап, сып, тып т.б.

4. рқ -рқ-барқ, зырқ, күркт.б.

5. ңқ ,-ңк-дөңк, қаңқ, саңқ, шіңк т.б.

6. лқ, лк-қылқ, солқ, селк т.б

7. лп -болп, желп, жылт т.б

8. мп -күмп,тымп,томп т.б

9. ң- даң, қаң, шаң т.б

10. р ,-ар,-дар-күр, қыр т.б

11.ж -баж, тыж, шыж т.б

12. қ -сақ, тық, шық т.б

13. лт -жалт, мылт, тылт т.б

14. у - гу, ду, зу, су т.б

15. рп -тырп, борп т.б

16. с -пыс, тыс, кіс

Еліктеу сөздердің морфологиялық сипаты. Еліктеу сөздер, сыртқы морфологиялық құрылысына қарай жалаң, күрделі болып бөлінеді. Жалаң еліктеу сөздер негізгі және туынды болып 2-ге бөлінеді.

Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылысын құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыстар мен көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінің атаулары есебінде қызмет ететін түбір сөздерді айтамыз. Мысалы: ар, арс, бұлт, бырс, жарқ, кірт, салт, шалп, шылп, ыңқ т.б.

Туынды еліктеу сөздер түбір еліктеу сөздерден де және басқа атауыш сөздерден тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз.

Мысалы: алшаң, жалтаң, кірбең, салтаң т.б. бұра-лаң, иір-елең, жайна-ң.

-ң,-аң,-ең,-ің, арс-аң, мырс-ың, иір-ең, қара-ң, арб-аң.

-лаң,-лең,-алаң,-елең, ора-лаң.

Синтаксистік қызметі.

1.Еліктеу сөздің жалаң түрі мен күрделі түрінің қай-қайсысы болсын өздеріне тән атау тұлғада тұрғанда тек етістіктермен тіркеседі, бірақ бәрімен бірдей тіркесе бермейді. Соның ішінде ет көмекші етістігімен еркін тіркесе береді. Мысалы: Сөніп қалған от, қайтадан тез лап етіп жанды.

2.Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктердің бәрімен бірдей тіркеспейді олардың ішінде тек өздерінің мағыналарына орайласатындарымен ғана тіркеседі. Мысалы: Абай селк етіп жалт қарады.

3.Еліктеу сөздер етістіктің өзге сөздермен некен-саяқ тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен тіпті тіркеспейді.

Мысалы: Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды.

4.Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың қандай сөздермен тіркесуімен байланысты.

Мысалы: Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дыбыс шықты.

Қараңғылықтан қылаң етіп бір аттылы адам шыға келді.

Ет көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер қашанда болсын құранды мүшенің құрамына енеді де, сол құрам, ет көмекші етістігінің қай формада тұруына қарай, тұтасымен тұрып бір күрделі мүше болады.

Жоғарыда сөйлемде қылаң етіп тіркесі пысықтауыш болса.

Боқай келіншегінің мінуіне мыңқ етпеді дегенде тіркес баяндауыш болады.

5. Еліктеу сөздер субстантивтеніп, есім формаларында жұмсалуы мүмкін.

Мысалы: Жер бетінде болатын шақұр-шұқыр, жарқ-жұрқтың бәрі де сарайларға қамалып қазір бір үлкен дүмпудің тұтасқан гуілін естисің.

Негізгі әдебиеттер:

1. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, - 1982ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД.,Алма-Ата, 1965г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. Алматы, - 1973ж.

Тақырып 15. «Шылау және оның түрлері». «Одағай»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге шылау сөздер, одағай туралы түсінік бере отырып, олардың өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Дәрістің жоспары: 1. Шылаулар туралы түсінік

2. Шылаулардың өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

3. Шылаулардың түрлері

4. Одағайдың өзіндік ерекшеліктері

5. Одағайдың түрлері

Шылау дегеніміз ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, қызметтері жағынана да өздерінің бастапқы төркіндерінен біржолата қол үзген, өз алдына категория болып қалыптасқан сөздер. Шылаулар сөз бен сөздің немесе сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларға тән қасиет оларда грамматикалық мағыналар басым. Тіліміздегі шылаулардың бәрінің атқаратын қызметтері бірдей емес. Осыған орай, олар үшке бөлінеді: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер.

Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемнің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Мысалы: қыс пен жаз.

Салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді өзара байланыстырады.

Олардың шығу тарихына көз жіберсек: 1) дербес мағыналы сөздер о бастағы мағынасынан айырылып, сөз бен сөзді, сөз тіркестерін, бірыңғай жай сөйлемдерді байланыстыратын болып қалыптасқан; 2) Кейбіреулері белгілі бір түбір сөздерге әр түрлі қосымшалар үнемі жұмсала келіп, сол формаларда тұрақталып, көнелену арқылы ауысқан. Мысалы: де-ген-мен, не-ме-се, сон-дық-тан. 3) Кейбір жалғаулықтар жеке сөздердің бірігуі немесе кірігуі арқылы пайда болған. Мысалы: бір-ақ, біресе – бір-ерсе. 4) Кейбір жалғаулықтар алғашқы формаларының дыбыстық өзгеріске ұшырауынан барып қалыптасқан. Мысалы: тағы (тағын), мен, менен (бірлән). 5) Өзге тілдерден ауысып келген. Араб-парсы тілінен: әм, әлде, я, яки, егер, яғни орыс тілінен: құй т.б. 6) Кейбір жалғаулықтар аналитикалық тәсіл арқылы екі шылаудың тіркесуі арқылы қалыптасқан. Мысалы: олай да, өйтсе де, бүйтсе де т.б.

Морфологиялық құрылысы жағынан шылаулар дара және күрделі шылаулар болып екіге бөлінеді. Дара шылауларға: және, да, бірақ, шейін, себебі т.б. Күрделі шылауларға тіркескен шылаулар жатады: сүйтсе де, ал ендеше, сонда да т.б.

Жалғаулықтар жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан салаластырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар болып бөлінеді.

1.Салаластырғыш жалғаулықтар бірыңғай жеке сөздер мен сөз тіркестерін және бірыңғай сөйлемдерді байланыстырады. Олар іштей: ыңғайластық және талғаулықты болып бөлінеді.

1) Ыңғайластық жалғаулықтар өзара ыңғайласып құралатын, тең дәрежедегі сөздер мен сөз тіркестерін жалғастырады да, солардың ыңғайласқан қатынасын білдіреді. Оларға: мен (бен, пен), және, тағы, әрі, да (де, та, те), әм шылаулары жатады. Мысалы: Сейіт пен Назыкеш ағызған бойы Игіліктің өз үйіне келіп тоқтап еді. Мәдібектер сәлем де берді және әрі балаша ақырын жыласып та жіберді.

2) Талғаулықты жалғаулықтар сөйлемде зат есім, сын есім, етістік және басқа атаушы сөздер арқылы жасалып, салаласа жалғасқан мүшелердің бірінен соң бірін талғап, я таңдап, я кезектестіріп, я бір-біріне қарама-қарсы қойып айту үшін қолданылады. Оларға: әлде, біресе, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй, мейлі т.б. жатады.

а) әлде жалғаулығы негізгі талғау қызметін атқарумен қатар, ойға қатысты уақиғалар мен іс-әрекеттердің шындығына күмән келтіру, күдіктену тәрізді рай реңдерін береді.

ә) бірде, біресе, кейде шылаулары өздері қатысты сөздердің алдында тұрып олардағы аталатын уақиға мен іс-әрекет, сан-сапа сияқтылардың алма-кезектесіп отыратындығын білдіреді. Мысалы: Ол бірде биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жұмсақ мінезді, бірде шешен, бірде сараң сөзді еді.

б) я, яки салаласа құрылған сөздер мен сөйлемдердегі ойларды я талғап, я салғастырып, я кезектестіріп айту үшін қолданылады. Мысалы: Соның бәрін біле тұрып, жерге кіргендей я бір арамдығы шыққандай болып несіне ұялып, қорланады екен.

Я, яки шылауларына мағыналас не, немесе, болмаса, не болмаса шылаулары қолданылады.

в) Мейлі – немқұрайлықты білдіру үшін қолданылады.

Мысалы: Мейлі жаз, мейлі күз, мейлі қыс.

Сабақты, салалы гүліміз.

г) Құй жалғаулығы да немқұрайлықты білдіреді.

Мысалы: Арызымды айтайын, құй болар, құй болмас.

2. Сабақтастырғыш жалғаулықтар – тек құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырады, солардың арақатынасын анықтап көрсету үшін жұмсалады. Ондай байланыстар: қарсылықты, салдарлық, себептік, шарттық, айқындағыш, ұштастырғыш болып бөлінеді.

а) Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бұрынғы сөйлемде айтылған ойға соңғы сөйлемдегі ойдың мағына жағынан қарама-қарсы екенін аңғартуға дәнекер болады. Оларға: бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйткенде, әйтпегенде т.б. жатады. Мысалы. Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ талған жоқ.

ә) Себептік жалғаулықтар соңғы жай сөйлем бұрынғы сөйлемдегі айтылатын ойдың себебін білдіруі үшін дәнекер болады. Оларға: себебі, өйткені т.б. жатады.

б) Салдарлық жалғаулықтар іс-әрекеттің, амалдың, нәтижесі я салдары екенін білдіруге дәнекер есебінде жұмсалады. Оларға: сондықтан, сол себепті жатады.

в) Шарттық жалғаулықтар басыңқы және бағыныңқы сөйлемнің бір-бірімен жалғасуларына дәнекер есебінде қолданылады. Оларға: егер, егер де, алда-жалда т.б. жатады.

г) Айқындағыш жалғаулықтарға: яғни, демек жатады. Ойды айқындауға не анықтауға дәнекер сөздер есебінде қолданылады.

ғ) Ұштастырғыш жалғаулықтар 1-ші сөйлемнен кейін іле 2-ші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін дәнекер есебінде қоданылады. Оларға: ал, ендеше, олай болса, ал ендеше т.б. жатады.

Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз. Септеуліктер өздері тіркескен есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектіктік, мезгілдік, қайталау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамайды.

1. Атау септігін меңгеретін септеуліктер: а) үшін септеулігі зат есім, есімдік, -ған,-ген,-қан,-кен формалары есімшелермен, -с,-ыс,-іс,-у формалы қимыл атауларымен тіркесіп қолданылады. Мақсат, себеп, арнау мағыналарын білдіреді. Мысалы: Сатай ылғи ас берген ауылда даяшы болу үшін туғандай еді.

ә) Сайын – зат есімдермен, -ған,-ген,-қан,-кен формалары есімшелермен тіркесіп, даралау, саралау мағыналарын үстейді, кейде іс-әрекеттің дүркін-дүркін қайталанып отыруын, үдеуін де білдіреді. Мысалы: Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым.

б) Сияқты – зат есім, есімдік, -у формалы тұйық етістігімен, -ған,-ген,-қан,-кен формалары есімшелермен тіркесіпұқсату мағынасын білдіреді. Мысалы: Украина жырлары да қазақ жырлары сияқты арнаулы әнмен ғана айтылады.

Бұлардан басқа туралы, арқылы,бойы, шамалы, шақты, қаралы, ғұрлы (ғұрлым) септеуліктері бар.

2. Барыс септікті меңгеретін септеуліктер: а) шейін – зат есім, сан есім, есімдік, -ған,-ген,-қан,-кен формалары есімшелермен тіркесіп, мезгілдің не мекеннің белгілі бір аралық шегін білдіреді. Мысалы: Жақып Рабиғаны пәтеріне шейін шығарып салатын еді.

ә) Қарай, таман – зат есім, көмекші есімдерге, есімдік, үстеу сөздерге тіркесіп, мекендік бет алыс пен бағытты білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды.

Бұлардан басқа салым, тарта, жуық, таяу деген септеуліктер бар.

3. Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер:

а) Гөрі – зат, есім, есімдік, -ған,-ген,-қан,-кен формалары есімшелермен тіркесіп бір затты екінші затпен салыстырып, таңдау үшін қолданылады. Мысалы: Алатау Динаға күйден гөрі күйшіні елестетті.

ә) Бері мезгіл атауларына, есімдік, -ған,-ген,-қан,-кен формалары есімшелермен тіркесіп, мерзімнің басталу шегін білдіреді. Мысалы: Бір жылдан бері Ұлбосын жөнді ойын-той көрген жоқ.

б) Кейін –мезгілдік ұғымды білдіреді Мысалы: Жұмыстан кейін жалғыз өзі үйіне қарай аяңдады.

Бұларда басқа соң, бұрын, бетер деген септеуліктері бар.

4. Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге – іс-әрекеттің басқа бір әрекетпен қабаттаса, жарыса жасалуын аңғартады. Мысалы: Оқу сапасын күшейтумен қатар, тәртіп мәселесінде жолға қою керек.

Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз. Олар: сұраулық, шектік, нақтылық, күшейткіш, болжалдық, болымсыздық, қомсыну демеуліктері болып бөлінеді.

1) Сұраулық демеуліктері: а) ма,-ме,-ба,-бе,па,-пе – зат есім, сын есім, үстеу, етістіктердің бұйрық, ашық, шартты райларымен, есімше, көсемше формаларымен тіркеседі. Мысалы: Жел қуған қаңбақ бөгесін бе?

ә) Ше демеулігі. Мысалы: Егер ісіңді реттеймін деп тұрса ше?

2) Күшейткіш демеуліктері күшейту мәнін беру үшін қолданылады: -ау,-ай,-ақ, да,де,та,те. Мысалы: Қап, мынау мені жеңді-ау. Біз үйден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді.

3) Нақтылық демеуліктері айтылатын ойды нақтыландыра, тұжырымдау үшін қолданылады. Оларға: қой, ғой,-ды,-ді,-ты,-ті. Мысалы: Көптің талқысы қиын ғой. Олар елге пана-ды.

4) Шектік демеуліктері іс-әрекетке, амалға, мезгілге шек қоя тұжырымдап айту үшін қолданылады. Оларға: қана, ғана, -ақ жатады. Мысалы: Бірен-саран үйшіктердің маңдарында әлсіреген оттар ғана жылтырайды. Мыңнан аса жылқыны үш-ақ адам бағып отыр.

5) Болжалдық демеуліктері - -мыс,- міс,-ау. Мысалы: Зәрі қатты қырсық әкені Абай қатты кінәлапты- мыс.

6) Болымсыздық демеуліктеріне түгіл, тұрсын, тұрмақ жатады. Мысалы: Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдық.

7) Қомсыну демеулігі – екеш. Мысалы: Құс екеш құс та балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді.

Негізгі әдебиеттер:

1. Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, - 1959ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі» 1962ж.№9.

«Одағай, оның түрлері» Одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге жекіру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында да қолданылады. Тіліміздегі одағай сөздер осындай мәніне қарай үш топқа бөлінеді: 1) Көңіл-күй одағайлары, 2) императивтік одағайлар, 3) тұрмыс-салт одағайлары(«Қазақ грамматикасы» бойынша). Ал басқа грамматикалық оқулықтарда одағайлар: көңіл-күй одағайлары, шақыр (жекіру) одағайлары, тиым салу одағайлары болып та бөлінеді (А.Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі. Морфология»).

Сондықтан да одағайлар сөйлемде белгілі бір мақсатпен қолданылғанмен, біріншіден, өз алдына жеке-дара тұрып, лексикалық мағына білдіре алмайды, нақты ұғымдық мәні жоқ, екіншіден, сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Сол себепті одағайлар синтаксистік жағынан оқшау сөздер деп аталатын топқа жатады. Бірақ одағайлардың сөйлемде білдіретін жалпы ойға қатысы бар: айтушының әр түрлі көңіл-күйін, сезімін, ишара етуді, императивтік мәнін, жеку, мал, жануарларға бағышталып айтылу мәнін т.б. білдіреді.

1) Көңіл-күй одағайлары адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіреді. Олар сан жағынан мол, семантикалық реңкі өте бай топ. Бұл топтағы одағайлар әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл-күйді білдіре алады. Осы қасиетіне қарай көңіл-күй одағайлары ішінара үш топқа бөлінеді:

а) Жағымды көңіл-күй білдіретін одағайлар: алақай, ура, паһ-паһ, бәрекелді, оһо т.б. Мысалы: Алақай! Ата!Апа! ... Есбосындар келіп қалды.

ә) Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: қап, әттеген-ай, әттең,тәйірі, түге,шішту, шіш, бай-бай-бай т.б. Мысалы: Піш, тапқан екенсің қажырлы адамды.

б) Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Бұл топтағы одағайлар көп мәнді болып келеді де, олардың мағыналары контнекс ішінде не ситуацияда анықталады. Пай-пай одағайы таңдану, сүйсіну мағынасымен қатар ренжу, наразылық мағынасында да қолданылады. Мысалы: Пай-пай, қандай жарасымды,ә?! Пай-пай, аяқтарының астында қаламыз-ау!

2) Императивтік ишарат одағайлары адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тиым салу мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. а) Адамға бағышталып айтылатын одағайларға: айда, тәйт, жә, тәк, әуп, әлди-әлди, стоп т.б. жатады. Мысалы: Жә, тоқтат, ақсақал Базаралыдан алмаған өшің бар ма?! ә) Малға, үй хайуандарына бағышталып айтылатын одағайлар: айтақ, моһ-моһ, кәуіс-кәуіс, шөре-шөре,әукім-әукім т.б. Мысалы: Қоянның ышқына қашқанын қызық көріп «Айтақ, айтақ!» деп айқай салды.

3) Тұрмыс-салт одағайлары сан жағынан шағындау болғанымен, өмірде жиі қолданылатын одағайлар. Бұған адамдардың амандасу, қоштасу т.б. сыйластық белгісі ретінде қолданылатын хош, хайыр, рахмет, Ассалаумағалейкум, құп, кеш жарық сияқты сөздер жатады. Мысалы: Құп!-деді де, қоштасып жүріп кетті агроном.

Одағай сөздер басқа сөз таптарымен салыстырғанда әуезділікке, ырғаққа, эмоционалдық құбылмалылыққа, интонацияға өте бай. Олар көркем шығарма тілінде көп кездеседі. Ал публицистика, ғылыми стильде сирек қолданылады.

Одағайлар негізінде түрленбейтін сөздер тобы. Одағайлардың өзіне ғана тән жұрнақтары жоқ. Тек олардан –ла,-ле, -шыл,-шіл жұрнақтары арқылы басқа сөз таптары туындайды: айтақ-та, уһ-ле, ойбай-шыл т.б. Олар субстантивтенгенде болмаса жалғауларды қабылдамайды.

Одағайлар құрамы жағынан екі топқа бөлінеді: түбір (негізгі) одағайлар және күрделі одағайлар. Түбір одағайлар әрі қарай бөлшектеуге келмейтін А!, О!,Ой!, Пай!, Қап! тәрізді одағайлар жатады. Күрделі одағайларға; мәссаған, бәрекелді, әттеген-ай, жаракімалла, масқарай, о тоба, ойпырмай т.б. дегендер жатады.

Одағайлардың етістікпен тіркесі. Одағайлар етістікпен тіркескенде олардың бір қатары одағайлы тіркес, бір қатары тұрақты тіркес құрайды. Одағайлар көбіне де етістігімен тіркесіп жұмсалады. Одағайлы еркін тіркеске: Апырай десеңші!, Ой де!, Бәсе деймін! т.б. Одағайлы еркін тіркеске: Әу дейтін жер, аһ ұрды, ойбай салды, шу дегеннен т.б.

Негізгі әдебиеттер:

1. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. Алматы, - 1959г.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы// «Қазақстан мектебі», 1984ж. №8.

4- ТАРАУ. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып 1. «Грамматика және оның салалары. Зерттелу жайы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге грамматиканың морфология және синтаксис саласына бөлінетінін түсіндіре отырып, «Морфология» пәнінің зерттеу объектісін меңгерту. Зерттелу жағдайымен таныстыру.

Сауалнама:

  1. Грамматика және оның салалары

  2. Морфология және синтаксистің зерттеу объектісі

  3. Тілдің грамматикалық құрылысы туралы түсінік

  4. Морфологияның зерттелу жайы

Тапсырмалар:

  1. Грамматиканың зерттеу объектісін анықтау

  2. Синтаксис пен морфологияның бір-бірімен байланыстылығын көрсету

  3. Тілдің грамматикалық құрылысы туралы түсінік беру

  4. Морфологияның зерттелу тарихына шолу жасау

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  2. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, - 1992ж.

Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категорияны меңгерту.

Сауалнама:

1. Негізгі грамматикалық ұғымдар туралы түсінік

  1. Грамматикалық мағына және оның түрлері

  2. Грамматикалық мағынаның берілу жолдары мен тәсілдері

  3. Грамматикалық форма

  4. Грамматикалық категория

Тапсырмалар:

1.Грамматикалық мағына, түрлері, тілде олардың берілу тәсілдерін анықтау. Ол туралы ғалымдар пікірі қандай?

2.Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, олардың бір-бірімен байланыстылығын ашу

3. Нольдік форманың қазақ тіліндегі сипатын анықтау

4. Грамматикалық категория ұғымына сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

  1. Аханов К. Грамматикалық теорияның негіздері,- А. 1972ж.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері,- А.1973ж.

  3. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.- А. 1992ж.

  5. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. «Қазақстан мектебі» журналы, 1962. №7

  2. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері.- А.,1978ж. 21-28бб.

Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге сөзді топтастыру принциптерін (лексика-семантикалық, грамматикалық) меңгерту. Атауыш сөз, көмекші сөз, одағай сөздердің бір-бірінен айырмашылығын айыра білуге үйрету.

Сауалнама:

  1. Сөздерді таптастырудың негізгі принциптері, ол принциптердің мәні мен сипаты

  2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы

  3. Қазақ тіліндегі сөз таптары

Тапсырмалар:

  1. Сөздерді таптастырудың негізгі принциптеріне сипаттама беру

  2. Сөз таптарының шығуы мен даму тарихына шолу жасау

  3. Бейтарап сөздер туралы түсінік беру

Негізгі әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білімнің негіздері. Алматы,- 1973ж

  2. Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.

  3. Төлеуов О. Сөз таптары. Алматы,- 1982 ж.

  4. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы -1993ж.

  5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

  6. Хасанов С., Әбдіғалиева Т. Кестелі грамматика. Алматы, -1996 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан (мақала)/Қазақстан мектебі, 1985,№7

  2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. АЛматы, - 1988ж.

Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге зат есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Сауалнама:

  1. Зат есімнің анықтамасы

  2. Зат есімнің лексико-семантикалық, грамматикалық топтары

  3. Зат есімнің синтаксистік қызметі

  4. Көмекші есімдер

Тапсырмалар:

  1. Зат есімнің өзіне тән белгілеріне сипаттама беру

  2. Зат есімнің лексико-семантикалық, грамматикалық топтарын анықтау

  3. Зат есімнің морфологиялық сипатын ашу

  4. Зат есімнің синтаксистік қызметін сөйлемдермен дәлелдеу

  5. Көмекші есімдер, олардың зат есім шеңберінде қолданылу ерекшелігіне тоқталу

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі, Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тілінің кейбір мәселелері, Алматы, -1997 ж.

  4. Хасанов С., Әбдіғалиева.Т.,... Кестелі грамматика Алматы,- 1996 ж.

  5. Жанұзақов.Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер, Алматы 1965 жыл.

  6. Мергенбаев. Е. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі, Алматы,- 1994 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы,- 1973ж.

2. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі септік жалғауының берілетін мағыналары. Труды научной конференции, посвященном 40-летию КазПИ им. Абая, Алматы,-1968

Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге зат есімнің көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары туралы түсінік беру, олардың қызметін, мағыналық ерекшелігін меңгерту.

Сауалнама:

  1. Зат есімнің көпше түрі

  2. Зат есімнің жіктелуі

  3. Зат есімнің тәуелденуі

  4. Зат есімнің септелуі

Тапсырмалар:

  1. Зат есімнің көптік категориясы, оның жасалу жолдарын анықтау

  2. Зат есімнің жіктелу ерекшелігіне сипаттама беру

  3. Зат есімнің тәуелдік категориясы, тәуелдік мағынаның берілу жолын анықтау

  4. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметіне сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі, Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.

  3. Хасанов С., Әбдіғалиева.Т...., Кестелі грамматика Алматы 1996 ж.

  4. Мергенбаев. Е. Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі, Алматы 1994 ж.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы,- 1988ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы,- 1973ж.

  2. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі септік жалғауының берілетін мағыналары. Труды научной конференции, посвященном 40-летию КазПИ им. Абая, Алматы,-1968

Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге сын есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары, шырай категориясы туралы мағұлмат беру.

Сауалнама:

  1. Сын есім, оның анықтамасы.

  2. Сын есімнің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі.

  3. Сын есімнің түрлері

  4. Сын есімнің шырайлары.

  5. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

Тапсырмалар:

  1. Сын есімнің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігін айқындау

  2. Сапалық, қатыстық сын есімдерге сипаттама беру

  3. Шырай категориясының өзіндік мағынасы, ол мағынаны білдіретін көрсеткіштер туралы түсінік беру

  4. Сын есімнің синтаксистік қызметін анықтау

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі.Алматы,- 1991 ж.

  2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

  3. Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы,- 1961ж.

  4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары.- Алматы, -1951ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. АЛматы, - 1988ж.

  2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, - 1989ж.

Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге сан есім туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Сауалнама:

  1. Сан есімнің лексика-грамматикалық ерекшелігі.

  2. Сан есімдердің түрлері.

  3. Сан есімдердің түрленуі.

  4. Синтаксистік қызметі.

Тапсырмалар:

  1. Сан есімнің өзіндік лексика-грамматикалық ерекшелігін айқындау.

  2. Сан есімнің мағыналық топтары, олардың әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігін көрсету

  3. Сан есімнің құрылымдық сипатын анықтау

  4. Сан есімнің синтаксистік қызметіне сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. Астана, -2002ж.

  2. ХасеновА. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы,- 1957ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы -1991 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Оралбаева Н. Сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, -1998ж.

Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге есімдік туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Сауалнама:

1.Есімдіктің лексика-грамматикалық ерекшелігі

2.Есімдіктің мағыналық түрлері.

3 Есімдіктің түрлену ерекшелігі.

Тапсырмалар:

1. Есімдіктің өзіндік лексика-грамматикалық ерекшелігін айқындау.

  1. Есімдіктің мағыналық топтары, олардың әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігін көрсету

  2. Есімдіктің құрылымдық сипатын анықтау

  3. Есімдіктің түрлену ерекшелігін айқындау

  4. Есімдіктің синтаксистік қызметіне сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. Астана, -2002ж.

2. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы,- 1961ж.

3. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. Алматы,- 1966ж.

4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы 1991 ж.

Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістік туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту.

Сауалнама:

  1. Етістік, оның өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі.

  2. Етістіктің лексика-семантикалық топтары.

  3. Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары

  4. Салт-сабақты етістіктер

  5. Болымды-болымсыз етістіктер.

Тапсырмалар:

  1. Етістіктің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігін айқындау

  2. Етістіктің семантикалық топтарына сипаттама беру

  3. Негізгі түбір, туынды түбір етістіктер және күрделі етістіктерге талдау жасау

  4. Салт-сабақты етістіктердің бір-бірінен айырмашылығын көрсету

  5. Болымсыздық етістіктің жасалу жолын анықтау

Негізгі әдебиеттер:

1. Маманов И.. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Аматы,- 1991 ж.

4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. Алматы, - 1980ж.

5. Қасымова Б. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы,- 1997ж.

6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, - 1989ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Алматы, - 1998ж.

  2. Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері.Алматы, - 1980ж.

Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің көсемше және есімше категориялары туралы түсінік бере отырып, олардың сөз түрлендіруші жұрнақтарын меңгерту. Бір-бірінен айырым белгілерін түсіндіру.

Сауалнама:

1. Көсемше және оның жасалу жолдары.

2. Есімше, оның жасалу жолдары.

3. Есімшенің етіктікке және есімдерге жақындастыратын белгілері

4.Есімшенің көсемшеден айырым белгілері.

Тапсырмалар:

  1. Көсемше, оның мағынасы мен жасалуына сипаттама беру

  2. Есімше, оның мағынасы мен жасалуына сипаттама беру

  3. Есімшенің есімдерге және етістіктерге тән белгілерін анықтау

  4. Есімшенің көсемшеден айырым белгілерн айқындау

Негізгі әдебиеттер:

1. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Ерғалиев Т. Қазақ тілінің есімше категориясы. Алматы, -1958ж.

5. Сауранбаев Н. Деепричастие в современном казахском языке. Алматы,-1940г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы.Жинақ. Алматы,- 1998ж. 23-25бб.

Тақырып 11. «Рай категориясы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің рай категориялары туралы түсінік бере отырып, оның түрлерін меңгерту.

Сауалнама:

  1. Етістіктің рай категориясы

  2. Рай түрлері

Тапсырмалар:

  1. Рай - мазмұн жағынан да, форма жағынан да грамматикалық категория екенін дәлеледеу.

  2. Рай түрлері, олардың әрқайсысының өзіндік (ашық рай, қалау рай, бұйрық рай, шартты рай) ерекшелігіне сипаттама беру.

Негізгі әдебиеттер:

1. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Омарбеков С. Қалау рай және кейбір түрлері жөнінде. ҚазССРҒА-ның хабарлары, филология және өнертану сериясы, 1960,1 шығуы.

Тақырып 12. «Шақ категориясы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің шақ категориялары туралы түсінік бере отырып, оның түрлерін, жасалуын меңгерту.

Сауалнама:

  1. Етістіктің шақ категориясы

  2. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірлері

Тапсырмалар:

  1. Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігін айқындау

  2. Шақ түрлері (осы шақ, өткен шақ, келер шақ), олардың мағынасы, сол мағынаны білдіретін амал-тәсілдерге сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

1. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. Алматы,- 1953ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Омарова А. Осы шақтың Ж.Жұбановқа дейінгі грамматикалалардағы көрінісі// Проф. Н.Оралбаева және қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы, - 1998ж. 48-51бб.

Тақырып 13. «Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге үстеу туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Сауалнама:

1.Үстеудің лексика-грамматикалық ерекшелігі

2.Үстеудің мағыналық түрлері.

3. Үстеудің синтаксистік қызметі

Тапсырмалар:

  1. Үстеудің өзіндік лексика-грамматикалық ерекшелігін айқындау.

  2. Үстеудің мағыналық топтары, олардың әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігін көрсету

  3. Үстеудің құрылымдық сипатын анықтау

  4. Үстеудің синтаксистік қызметіне сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

1.Искаков А. Наречие в казахском языке. Алма-Ата, -1960г.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі .Алматы, - 1989ж.

Тақырып 14. «Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге еліктеу сөздер туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық топтары туралы мағұлмат беру.

Сауалнама:

  1. Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық ерекшелігі

  2. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері.

  3. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты

  4. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі

Тапсырмалар:

  1. Еліктеу сөздердің өзіндік лексика-грамматикалық ерекшелігін айқындау.

  2. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, олардың бір-бірінен мағыналық ерекшелігін көрсету

  3. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамы мен буын жігін және құрылымдық сипатын анықтау

  4. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметіне сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

1. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, - 1982ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД.Алма-Ата, 1965г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. Алматы, - 1973ж.

Тақырып 15. «Шылау және оның түрлері»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге шылау сөздер туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, түрлерін түсіндіру.

Сауалнама:

  1. Шылаулардың лексика-семантикалық сипаты

  2. Шылаулардың түрлері, олардың қызметі

Тапсырмалар:

  1. Шылаулардың лексика-семантикалық сипатын анықтау

  2. Шылаулардың түрлері, олардың қызметі мен өз ішіндегі түрлерін ажырату

Негізгі әдебиеттер:

1. Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, - 1959ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі» 1962ж.№9.

Тақырып 16. «Одағай, оның түрлері»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге одағайлар туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, мағыналық түрлерін түсіндіру.

Сауалнама:

  1. Одағай, оның сөз табы ретіндегі ерекшелігі

  2. Одағайдың мағыналық түрлері

  3. Одағайдың синтаксистік қызметі

Тапсырмалар:

  1. Одағайдың өзіндік лексика-грамматикалық ерекшелігін айқындау

  2. Одағайдың мағыналық түрлері, олардың бір-бірінен мағыналық ерекшелігін көрсету

  3. Одағайдың синтаксистік қызметіне сипаттама беру

Негізгі әдебиеттер:

1. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. Алматы, - 1959г.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы// «Қазақстан мектебі», 1984ж. №8.

5-ТАРАУ. ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДЫЛАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ)