- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Жұмыс бағдарламасына негізге алынған құжаттар:
- •Мазмұны:
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •І тарау. Пәннің жұмыс бағдарламасы: силлабус
- •1.1. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:
- •1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен дәріс тақырыптарының жоспары:
- •Тақырып 1. «Грамматика және оның салалары. Зерттелу жайы»
- •Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»
- •Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»
- •Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»
- •1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, нақты және абстрактiлi зат есiмдердi табыңыз.
- •Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»
- •Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»
- •Тақырып 1. «Сөздің морфологиялық құрылымы»
- •Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»
- •Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»
- •Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»
- •Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»
- •Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»
- •Тақырып 11. «Сыпат категориясы»
- •Тақырып 12. «Шақ категориясы»
- •Тақырып 13. «Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 14. «Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 15. «Шылау және оның түрлері. Одағай»
- •7.1. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •7.2. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •7.2.3. Қорытынды бақылауға ( емтиханға) дайындық сұрақтары.
- •1. Грамматика дегеніміз
- •2. Грамматика зерттеу объектілерінің ерекшеліктеріне қарай неше салаға бөлінеді?
- •3. Морфологияның синтаксистен ерекшелігі
І тарау. Пәннің жұмыс бағдарламасы: силлабус
1.1. Пән туралы мәліметтер:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Несие – 2
Өткізілетін орны: 3 «б» - оқу корпусы
Оқу жоспарының көшірмесі:
Курс |
Семестр |
Кредит |
Дәріс |
Семинар |
СӨОЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау нысаны |
3 |
5 |
2 |
15 |
15 |
20 |
45 |
90 |
тест |
1.2. Пререквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» - қазақ тіліндегі сөздердің лексика – грамматикалық топтары, олардың тілдегі грамматикалық мағыналары мен формалары туралы пән. Сондықтан студент сөздердің лексика – грамматикалық топтарын, олардың әрқайсысына тән грамматикалық сыр – сипатын, сөздердің тұлғалық өзгеру, түрлену жолдарын т.б. меңгеруі қажет.
Постреквизиттер: Морфология сөзжасам, тарихи грамматика пәндерімен тығыз байланысты қарастырылады.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бағдарлама міндетті курстың 54,8 сағат көлеміндегі 0,5 жылдық оқыту курсына есептелген ( 5 – семестр емтихан, аптасына 1 несиелік сағат бойынша);
Пәннің оқытылу мақсаты: «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» курсын оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр тапқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр – сипаты жөнінде терең теориялық білім беру және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыдан талдау жасай отырып, морфология пәнін меңгерту.
Негізгі міндеттері: «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері –сөздердің лексика – грамматикалық топтарын, олардың әрқайсысына тән грамматикалық сыр – сипатын , сөздердің тұлғалық өзгеру, түрлену жолдарын т.б. меңгерту болып табылады. Оқытушының міндеті - тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, негізгі грамматикалық ұғымдар, сөз таптары, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздері, шылау, одағай, олардың грамматикалық ерекшеліктері, түрлену, тұлғалану жолдары мен тәсілдері сияқты мәселелерін оқытып түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: - студент қазіргі қазақ тілі морфологиясы саласы нені зерттейтінін білуі керек;
әр сөз табының лексика-грамматикалық сипатын меңгеруі қажет;
сөздерді тұлғалық жақтан түбір және қосымшаларға ажырата білуі тиіс;
морфология пәнінің терминдерімен жете таныс болулары қажет;
морфология пәнінің зерттелу жайымен, ғылыми еңбектермен, тұжырымдармен таныс болулары қажет.
1.5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:
№ |
Жұмыс түрі |
Жұмыстың мақсаты мен міндеті |
Ұсынылатын әдебиет |
Орындалу мерзімі |
Ұпайы |
Бақылау түрі |
Өткізілу мерзімі |
1 |
Дәріс сабақ-тары |
Интерактивті әдіс бойынша материалдарды қамту |
Негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша |
Семестр бойы аптасына 1 рет |
|
Аралық бақылау |
Апталық бақылаудың қорытындысы |
2 |
Семинарлар |
Оқытылған матер-иалдарды активті түрде тапсыру |
Негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша |
Семестр бойы аптасына 2 рет |
|
Аралық бақылау |
Әр семинар-дың қоры-тындысы бойынша |
3 |
СОӨЖ |
Тақырыпты меңгеруде туындайтын сұрақтар бой-ынша студенттерге консультация өткізу |
Негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша |
Семестр бойы аптасына 3 рет |
|
Аралық бақылау |
Әр сабақтың қорытындысы бойынша |
4 |
СӨЖ |
Дәріспен семинар сабақтарына дайындалуда студенттің оқу материалдары-мен өзінше жұмыс жасауы |
Тақырып бойынша берілген негізгі әдебиеттер. Дәріс пен конспектілер |
Семестр бойы аптасына 3 рет |
|
Семинарда жазбаша және ауызша жұмыстар |
Әр сабақтың қорытындысы бойынша |
5 |
Тест |
Модульді меңгеруде студенттің алған білімін тексеру |
Әдебиеттер |
1 сағат |
|
Тест |
Семестр бойынша 2 рет |
6 |
Аралық бақылау |
Апталық бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша бақылау жұмысы |
Негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша |
2 сағат |
|
Тест |
Апталық бақылаулардың қорытындысы бойынша |
7 |
Емтихан |
Алынған білім бойынша қоры-тынды бақылау |
Негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша |
1 сағат |
|
Тест |
Семестр соңында |
