- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Жұмыс бағдарламасына негізге алынған құжаттар:
- •Мазмұны:
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •І тарау. Пәннің жұмыс бағдарламасы: силлабус
- •1.1. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:
- •1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен дәріс тақырыптарының жоспары:
- •Тақырып 1. «Грамматика және оның салалары. Зерттелу жайы»
- •Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»
- •Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»
- •Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»
- •1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, нақты және абстрактiлi зат есiмдердi табыңыз.
- •Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»
- •Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»
- •Тақырып 1. «Сөздің морфологиялық құрылымы»
- •Тақырып 2. «Негізгі грамматикалық ұғымдар»
- •Тақырып 3. «Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері»
- •Тақырып 4. «Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары»
- •Тақырып 5. «Зат есімнің түрленуі»
- •Тақырып 6. «Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 7. «Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 8. «Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 9. «Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»
- •Тақырып 11. «Сыпат категориясы»
- •Тақырып 12. «Шақ категориясы»
- •Тақырып 13. «Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 14. «Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты»
- •Тақырып 15. «Шылау және оның түрлері. Одағай»
- •7.1. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •7.2. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •7.2.3. Қорытынды бақылауға ( емтиханға) дайындық сұрақтары.
- •1. Грамматика дегеніміз
- •2. Грамматика зерттеу объектілерінің ерекшеліктеріне қарай неше салаға бөлінеді?
- •3. Морфологияның синтаксистен ерекшелігі
1. Грамматика дегеніміз
А. Жеке сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқандығын зерттеп сипаттайды
В. Сөздердің функциянальды – стильдік сипаттарын қарастырады
С. Сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс,сөздердің бір – бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады
Д.Тіліміздегі дыбыстарды, олардың түрлерін, дыбыстардың бір – біріне үндестігін ,буын т. Б. мәселелерді қарастырады
Е. Тіліміздегі сөздердің жасалуын, сөзжасам тәсілдерін, туынды сөздер, олардың түрлерін зерттеп,қарастырады
2. Грамматика зерттеу объектілерінің ерекшеліктеріне қарай неше салаға бөлінеді?
А. 4
В. 3
С. 2
Д. Бөлінбейді
Е. 5
3. Морфологияның синтаксистен ерекшелігі
А. Түрлену тұлғаларының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу ерекшеліктерін қарастырады
В. Сөйлемде сөздердің атқаратын қызметтерін қарастырады
С. Сөйлем құрау, олардың құрамдық, құрылыстық түрлерін қарастырады
Д. Сөйлем типтерінің ерекшеліктерін қарастырады
Е. Сөздердің жалпы қасиеттерін ортақ қасиеттері арқылы сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін соның нәтижесінде пайда болатын мән – мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды
4. Қай оқулықта қазақ тілінің грамматикалық құрылысы ана тілімізде алғаш зерттеліп, жарыққа шықты?
А. Қазақ тілінің грамматикасы
В. Ақ жол
С. Тіл құралы
Д. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Е. Қазіргі қазақ тілі
5. Сөз және оның формалары туралы ғылым
А. Фонетика
В. Лексикология
С. Синтаксис
Д. Сөзжасам
Е. Морфология
6. Негiзгi грамматикалық ұғымдар көрсетiлген қатар.
A. Грамматикалық мағына, лексикалық мағына, сөзжасам
B. Грамматикалық тәсiл, грамматикалық құрылыс, грамматикалық ұғым
C. Грамматикалық категория, грамматикалық форма, грамматикалық құрылыс
D. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсiл, грамматикалық категория
E. Грамматикалық құрылыс, грамматикалық мағына, грамматикалық тәсiл
7. Жалпы грамматикалық мағына дегеніміз
А. Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына
В. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын мағына
С. Сөздің басқа сөздермен тіркесуі арқылы пайда болатын мағына
Д. Негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы пайда болатын мағына
Е. Дауыс ырғағы, интонация арқылы берілетін мағына
8. Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына қай тәсілмен жасалады?
А. Синтетикалық тәсіл
В. Аналитикалық тәсіл
С. Семантикалық тәсіл
Д. Аралас тәсіл
Е. Синтаксистік тәсіл
9. Түбір дегеніміз
А. Сөздердің морфологиялық тұрғыдан әрі қарай бөлшектеуге келетін бөлігі
В. Сөздердің ең түпкі мағынасыз бөлігі
С. Сөздердің морфологиялық тұрғыдан әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы бөлшегі
Д. Сөздерді морфемаларға ажыратуға болатын бөлшегі
Е. Білмеймін
10. Сөздердi топтастыруға негiз болатын семантикалық, морфологиялық, синтаксистiк белгiлердiң қайсысы негiзгi?
A. Үшеуi бiрдей дәрежеде
B. Морфологиялық
C. Синтаксистiк
D. Семантикалық
E. Морфологиялық және синтаксистiк
11. Зат есiмдер семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан қандай топқа бөлiнедi?
A. Жеке және көптiк мәндi зат есiмдер
B. Конкреттi және абстракты зат атаулары
C. Эмоционалды – экспрессивтi зат есiмдер
D. Жалпы, жалқы есiмдер
E. Бәрі де дұрыс
12. Эмоционалды – экспрессивтi реңдi есiмдер.
A. Үй, мүлiк, зат
B. Арман, қиял, көңiл
C. Жаңбыр, құйын, боран
D. Шешетай, Құлеке, Қалқаш
E. Ғафу, Сәкен, Сара
13. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз
А. Көрді
В. Келісті
С. Қатты
Д. Мені
Е. Жеді
14. Түрленетін сөз табы
А. Сын есім
В. Зат есім
С. Үстеу
Д. Сан есім
Е. Етістік
15. Қатыстық сын есім дегеніміз
А. Семантикалық жағынан заттың әр алуан сын – сипатын, сапалық белгілерін, түр – түсін білдіретін сын есім
В. Бір заттың белгісін басқа бір заттың, іс - әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сын есім
С. Бір заттың сынын, белгісін күшейтіп, не асыра көрсететін сын есім
Д. Бір заттың сынын, я сипатын, түсін, екінші заттың сынымен салыстырып білдіретін сын есім
Е. Басқа тілдерден енген сын есім
16. Қазақ тіліндегі сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
А. 4
В. 3
С. 2
Д. 1
Е. Бөлінбейді
17. Бәсең шырайдың жұрнақтарын табыңыз.
A) – рақ, - рек,- ырақ, - iрек
B) – лау, - леу, - ғый, - ғылтым, - шыл, - шiл
C) аппақ, қап - қара
D) аса, өте, тым
E) – нан, - нен, - дан, - ден
18. Заттанған сын есімнің сөйлемде атқаратын қызметі
А. Бастауыш
В. Баяндауыш
С. Толықтауыш
Д. Анықтауыш
Е. Пысықтауыш
19. Сын есім қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр?
Оңтүстікке қарай баяу жылжып жүзген жұқалаң, қабыршақ ақша бұлт көрінеді.
А. Пысықтауыш
В. Анықтауыш
С. Бастауыш
Д. Баяндауыш
Е. Толықтауыш
20. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дегеніміз
А. Күрделі сан есімдер
В. Дара сан есімдер
С. Қосарланған сан есімдер
Д. Тіркескен сан есімдер
Е. Бәрі де дұрыс емес
21. Сілтеу есімдіктері дегеніміз
А. Аралық қатынастарды көрсететін есімдіктер
В. Заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, амалын т.б. білу мақсатында айтылатын есімдіктер
С. Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсететін есімдіктер
Е. Белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты есімдіктер
22. Етістіктің лексико – семантикалық белгісі
А. Заттың санын, мөлшерін білдіреді
В. Есім сөздердің орнына қолданылады
С. Іс - әрекеттің амалын, белгісін білдреді
Д. Іс - әрекетті, қимылды білдіреді
Е. Адамның түрлі көңіл – күйін білдіреді
23. Іс - әрекеттің жүзеге асу уақытын, мезгілін, мерзімін білдіретін үстеу
А. Мекен үстеуі
В. Мезгіл үстеуі
С. Күшейткіш үстеуі
Д. Сын – бейне үстеуі
Е. Мақсат үстеуі
24. Табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір – біріне қақтығысуынан және жан – жануарлардың дыбыстау мүшелеріне шығатын әр түрлі дыбыстардың атаулары есебінде қалыптасқан сөздер
А. Есімдіктер
В. Еліктеу сөздер
С. Одағайлар
Д. Модаль сөздер
Е. Үстеулер
25. Шылаудың өзіндік ерекшелігі
А. Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды
В. Сөйлем ішінде синтаксистік қызмет атқарады
С. Сөз бен сөзді байланыстырмайды
Д. Олар көптеледі, септеледі
Е. Контексте оқшау, жеке тұрады
8- ТАРАУ. БАҒА БОЙЫНША АҚПАРАТ
. Білімді бағалау шкаласы. Барлық студенттің әр тапсырма бойынша және соңғы емтихандағы қорытынды ұпайы бойынша жинақталады. Осының нәтижесінде курсты бағалаудың орташа балы шығарылады.
Студент білімін бағалаудың критериясы болып, тапсырмалардың толық әрі сапалы орындалуы, аралық, үй және қорытынды бақылаулардың нәтижелері табылады.
Студент білімін бағалау студент белсенділігін есепке алуға жол ашатын объективтілік, шынайылылық қағидаларына негізделеді.
Курсты оқу барысында студентке қойылатын негізгі талаптар оқылатын курстың мақсаттары мен тапсырмаларынан келіп шығады
Баға |
Тапсырмалар |
Орташа балл |
Пайыздар |
А + |
Тамаша |
5 |
100 |
А |
Үздік |
4,75 |
95 -99 |
А- |
Үздікке жақын |
4,5 |
90 -94 |
В+ |
Өте жақсы |
4,25 |
85-89 |
В |
Жақсы |
4,0 |
80-84 |
В- |
Жақсыға жақын |
3,75 |
75-79 |
С+ |
Толық қанағаттанарлық |
3,5 |
70-74 |
С |
Қанағаттанарлық |
3,25 |
65-69 |
С- |
Қанағаттанарлыққа жақын |
3,0 |
60-64 |
Ғ |
Күйреу |
0 |
0-59 |
Р |
Өтті ( тек алғашқы тест үшін) |
NА |
NА |
Студент білімін бағалаудың критериясы болып, тапсырмалардың толық әрі сапалы орындалуы, аралық, үй және қорытынды бақылаулардың нәтижелері табылады.
Студент білімін бағалау студент белсенділігін есепке алуға жол ашатын объективтілік, шынайылылық қағидаларына негізделеді.
Курсты оқу барысында студентке қойылатын негізгі талаптар оқылатын курстың мақсаттары мен тапсырмаларынан келіп шығады.
Оқытушымен бірлесіп жұмыс жасағанда, белсенділік таныту үшін студент пәнді оқуға мүдделі және топтың оқуына себебін тигізуге, белсенділік және жауапкершілік танытуға тиіс.
Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалуы шарт. Студент сабаққа жоғары дайындықпен, оқытушы қоятын мәселелерді түсінетіндей болып және олардың шешілуіне шығармашылық тұрғысынан келетіндей болуы қажет.
