Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология-кешен.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
841.22 Кб
Скачать

Тақырып 10. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің көсемше және есімше категориялары туралы түсінік бере отырып, олардың сөз түрлендіруші жұрнақтарын меңгерту. Бір-бірінен айырым белгілерін түсіндіру.

Тапсырмалар:

1) Қазiргi қазақ тiлiндегi есiмше аффикстерiнiң қызметiн, деңгейiн бiлдiретiн мағыналық шеңберiн айқындаңыз.

2) Қазiргi қазақ тiлiндегi көсемше тұлғаларының жүйесiн, оның функциясы мен семантикасын айқындаңыз.

3) Көсемшенiң есiмшеден айырым белгiлерiн атаңыз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, ондағы есiмшелердi табыңыз, жасалу жолын анықтаңыз.

Абай қыстаудың iргесi көтерiлгенде кеткен болатын. Осы ауылдарын көшiрiп, жөнелтiп болған соң, Құнанбай, дәл бүгiнгiдей, Шыңғыс өңiрiндегi әбiгер мен қарбаласты тез пайдаланбақ болды. -Үндеме, неге әкелгенiмдi кейiн бiлерсiң, - дедi. Таң құлан иектене бастағанда көшкен едi, қазiр Сары адырдан асты. Жамалдың сөзiне құлақ қоймастан, көзiн бағжитып, егiншiлерге қарай қалды.

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, ондағы көсемшелердi табыңыз, жасалу жолын анықтаңыз.

Жастайынан домбырада шебер ойнап, көзге тұскен шәкiрт бала

А. Жұбановтың шақыруымен Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрiнiң құрамына енедi. Сонау Мәскеуден, одан Орынбордан шыққан хабар ел құлағы елумен бiрге жеткенше көнерiп өңі қашады немесе түрлене құбылып, өзгеше болып жетедi.

Әдістемелік нұсқаулар: Негізгі іс-әрекеттің мезгілі мен мақсатын, сын –сипат, себеп-салдар т.б. құбылу амалын білдіретін етістіктің түрі көсемше деп аталады. Көсемше етістіктің негізгі түбіріне және туынды түбір етістіктерге жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Көсемше жасайтын тұлғалар дара және күрделі аффикстер болып екіге бөлінеді: дара аффикстерге –а,-е,-й, және –ып, -іп- п, ал күрделі аффикстерге –ғалы,-гелі,-қалы,-келі,-ғанша, -генше жатады.

Есімше-етістік пен сын есім арасындағы категория. Бірақ оның бойынан етістікке тән ерекшеліктердің бәрі де табылады (салт, сабақтылық, рай, шақ, жақ, етіс және етістіктің болымсыз түрі –ма, -ме,-ба,-бе,-па,-пе). Сондықтан ол етістік құрамында қаралады. Есімше сын есім сияқты заттың тұрақты сынын білдірмейді. Ол сынды белгілі бір шаққа балап көрсетеді.

Өткізілу нысаны: Коллоквиум

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Ерғалиев Т. Қазақ тілінің есімше категориясы. Алматы, -1958ж.

5. Сауранбаев Н. Деепричастие в современном казахском языке. Алматы,-1940г.

Тақырып 11. «Рай категориясы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің рай категориялары туралы түсінік бере отырып, оның түрлерін меңгерту.

Тапсырмалар:

1) Рай категориясының iшкi мағыналық ерекшелiктерiн, олардың берiлу жолдарын сипаттаңыз .

2) Бұйрық райдың жiктелу үлгiсiн көрсетiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1.Сөйлемдердi көшiрiп жазыңыз, етiстiк құрамындағы рай жасаушы морфеманың астын сызып, қай райды жасап тұрғанын түсiндiрiңiз.

Шана шеккен ат басымен алысады. Ендi кiшкене жүрсек, өтiп те кетемiз. Бiрақ өткiмiз келмейдi. Аттың басын тежей берем. Кiм бiледi, бұдан кетсе Әбдiрахман Шұғаны мәңгі көре алмас, яки көрсе де, бiраз уақыт сағынуға тура келер деген ой елестейдi. Бiр-бiрiмiзбен сөйлеспесек те, бiрiмiздiң ойлағанымызды екiншiмiз бiлiп келемiз.

2. Сөйлемдердегi бұйрық рай тұлғалы етiстiктердi тауып, бұйрық райды iшкi мағыналық ерекшелiктерiне қарай талдаңыз.

Қан болайын демесең, шық үйден, жоғалт көзiңдi,- дедi зiркiлдей.- Айтсайшы, Сәке, тыңдайық,- деп Жанысбай жайнаң қаЈып, құлдық ұрды. –Осы бетiңнен тайма, адам бол, жаным,- дедi Зия.- Тапқышым-ау, үздiктермей айтсаңшы,- деп, Бейсен бiр жағынан қамшылап жiбердi. Әскерде болғаныңды тiрi жанға тiсiңнен шығарушы болма. Елiмiздiң тәуелсiздiгi жасасын!

Әдістемелік нұсқаулар: Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік (арай) категория деп аталады. Модальдік категорияның етістік формалар арқылы берілетін амал-тәсілінің жүйесі етістіктің райы деп аталады.

Сөйлемде айтылатын ой не пікір объективті шындыққа тура я анық болуы немесе не шындыққа тура келмеуі мүмкін (не реалды). Осыған орай, амалдың ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай, етістік райлары іштей ашық (негізгі) райлары және неғайбыл (жәрдемші) райлар деген екі салаға бөлінеді.

Өткізілу нысаны: Баяндама

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Омарбеков С. Қалау рай және кейбір түрлері жөнінде. ҚазССР ҒА-ның хабарлары, филология және өнертану сериясы, 1960,1 шығуы.

Тақырып 12. «Шақ категориясы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің шақ категориялары туралы түсінік бере отырып, оның түрлерін меңгерту.

Тапсырмалар:

1) Қазiргi қазақ тiлiндегi шақ формаларының жасалу жолдарын, көрсеткiштерiн анықтаңыз.

2) Шақ формасындағы етiстiктердiң жiктелу үлгiсiн көрсетiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, етiстiктердi табыңыз, қай шақта қолданылғанын ажыратыңыз.

Досының еңбегiне Хасен өте қуанып қалды. Оқып шығысымен өзi басқарып отырған баспасөз редакциясына басуға ұсынды. Өзеннiң арғы бетiнде төбесiн бұлт шалған дәу Көшкентау құзы қарауыта төнiп тґр. Осы ауылдарын көшiрiп, жөнелтiп болған соң, Құнанбай, дәл бүгiнгiдей, Шыңғыс өңiрiндегi әбiгер мен қарбаласты тез пайдаланбақ болды.

2. Құрамында шақ формалары бар 5-6 мақал-мәтел жазып, жұрнақтарын, қай шақта қолданылғанын анықтаңыз.

Әдістемелік нұсқаулар: Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория делініп есептеледі. Себебі етістік амал-әрекет ұғымдары атауларының қай-қайсысы болсын үнемі белгілі бір мезгілде жүзеге асырылады. Қазақ тілінің шақ категориясы өткен шақ, осы шақ, келер шақ деп аталатын үш саладан құралады. Өткен шақ деп сөйлеу кезінен бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтамыз. Осы шақ сөйлесіп отырған уақыт бойында болатын я болып жатқан іс-әрекетті суреттейді. Еклер шақ амал-әрекеттің алдағы уақытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны –аспайтыны я асырылатыны не асырылмайтыны туралы түсінік беретін формалар.

Өткізілу нысаны: Коллоквиум

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі.Етістік. Алматы,-1967ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. Алматы,- 1953ж.

Тақырып 13. «Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге үстеу туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, морфологиялық құрылымы туралы мағұлмат беру.

Тапсырмалар:

1) Үстеудiң лексика-грамматикалық ерекшелiктерiне, түрлерiне сипаттама берiңiз .

2) Негiзгi және туынды үстеулерге мысалдар келтiрiп, жасалу жолдарын түсiндiрiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, үстеулердi табыңыз. Олардың мағыналық топтарын ажыратыңыз.

Қыз-келiншектердiң кейбiрi суын әкелiп, кейбiреулерi жолда дем алып, ән салысып, жаңа бара жатыр. Шәмши ұзап барып, артына жалт-жұлт қарап, масаттанып қояды. Қазан-ошақ, ыдыс-аяқ сияқтыларды екi аяқты арбаға таңып, бiр сиырға салып, мал iшiне бас қоя бердi. Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым. Қарашаш апам да қызық, сөздерi түйеден түскендей, дөкiр, қатал, бейшараға тым қатты айтып кеттi.

2. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, туынды түбiр үстеулердi табыңыз, олардың құрамындағы морфемаларды көрсетiңiз.

Ол татар саудагерiнше киiнiп, керуенге iлесiп баратын болды. Жерге түсiп бусанған шық белуардан келiп, жүрген адам белшесiнен шетсiз айдын көлдi кешiп келе жатқандай. Екеуi аттарын суарып қаннен-қаперсiз тұрды. Көйлекшең сыртқа қалай шыққанын да аңдамай қалды.

Әдістемелік нұсқаулар: Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді. Үстеудің мағыналық топтары. Сегіз түрі бар. Мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, мөлшер үстеуі, сын (бейне)үстеуі, күшейту (ұлғайту) үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі, топтау (саралау) үстеуі. Сөйлемде пысықтауыш мүше болады.

Өткізілу нысаны: Дискуссия

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Искаков А. Наречие в казахском языке. Алма-Ата, -1960г.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

Тақырып 14. «Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге еліктеуіштер туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, морфологиялық құрылымы туралы мағұлмат беру.

Тапсырмалар:

1) Елiктеу сөздердiң түрлерiне, фонетикалық және морфологиялық белгiлерiне сипаттама берiңiз.

2) Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметiн мысалдармен түсiндiрiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, елiктеуiш сөздердi табыңыз, түрлерiне ажыратыңыз.

Шәмші ұзап барып, артына жалт-жұлт қарап, масаттанып қояды. Үстi-басы қарауытып, қылышын сүйретiп, шықыр-шықыр етiп қыс келедi. Байдың төрт ауылы ығы-жығы, бықыр-бықыр төрт түлiк көк майсаға көмiлiп, бырт-бырт жұлып бырылдап, жусатып жатыр. – Не боп қалды? – деп артына жалтақ-жалтақ қарай бердi. Қарт ханның сөзi бiтер-бiтпестен –ақ, қараңғы түндей теңiздей қара көздерi жарқ етiп, тау бүркiтiнiң көзiндей көздерi от болып жанып Толайық Әлхалла түргелдi.

2. Адам ұйықтағанда шығаратын дыбыстарды бейнелейтiн елiктеуiш сөздердi жазыңыз

Әдістемелік нұсқаулар: Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді: бір тобы еліктеуіш (еліктеме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер деп аталады.

Еліктеуіш сөздің дыбыстық ерекшелігін сөз еткенде үш түрлі мәселе ескерілуі тиіс:1)дыбыстық құрамы, 2)буын жігі, 3)айтылу ырғағы.

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек олардың дыбыстарының тіркесуінді белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың қандай сөздермен тіркесуімен байланысты.

Өткізілу нысаны: Реферат

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, - 1959ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі» 1962ж.№9.

Тақырып 15. «Шылау және оның түрлері. Одағай»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге шылау және одағай сөздер туралы түсінік бере отырып, олардың өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, түрлерін түсіндіру.

Тапсырмалар:

1) Шылаулар түрлерiне, қызметiне сипаттама берiңiз.

2) Одағайлардың түрлерiне, қызметiне, сөзжасамына сипаттама берiңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, шылауларды табыңыз, түрлерiне ажыратыңыз.

Соңғы кезге дейiн халқымыздың музыкалық аспаптарынан небәрi төрт қана түрi мәлiм едi. Тынық күнде жауған ақша қар әлi сырттың аязы мен қатты желiн көрмегендiктен, үлпiлдеп, мамықтай боп, күпсек жатыр. Ауылдық кеңеске күн сайын өкiл келiп, жұртты жинайды да жатады. Басқарма ағасы Сәлiм жас жiгiт екен-ау.

2.Сөйлемдердi көшiрiп жазыңыз. Одағайларды тауып, олардың қай түрiне жататынын ажыратыңыз.

-Жә, алға озбай, кейiн шегiнейiн, өз қызыма- өз қызығыма оралайын.-Ойпырмай, Үсен-ай, сенiң орысшаңның ударениесi орысшаны отызға кеп оқыған менiкiнен де жаман ғой.-Ух, өттi ме, қу жан-ай!-Па, па! Ерегесiп, құнан қойдың етiн қазанға тұтас салдырып, құйрық, сорпасына дейiн қалдырмай жалғыз өзi iшiп кететiн заманы ғой ол Шалқыманың,- дедi Айтжекең желпiне шалдың қолтығына су бүркiп, қошеметтей.-Мыш-мыш мысығым, көзi қысық, мысығым.-Тәйт,- деп, жұлып алды да, босағаға бiр-ақ соқты.

3. Берiлген одағайлардан күрделi одағайларды тауып, жасалуын түсiндiрiңiз.

Ух,пәлi, о тоба, ойпырмай, алақай, мәссаЈан, қап, япырмау, уа, шөре-шөре, астапыралла, о дариға, бәсе, пай-пай, аһ, ей, құрау-құрау, әттегенай, жаракымалла, әттең.

Әдістемелік нұсқаулар: Шылау дегеніміз ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, қызметтері жағынана да өздерінің бастапқы төркіндерінен біржолата қол үзген, өз алдына категория болып қалыптасқан сөздер. Шылаулар сөз бен сөздің немесе сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларға тән қасиет оларда грамматикалық мағыналар басым. Тіліміздегі шылаулардың бәрінің атқаратын қызметтері бірдей емес. Осыған орай, олар үшке бөлінеді: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер. Одағайға адамның көңіл-күйiне байланысты шығатын дыбыстық ишараттар және төрт түлiк малға, үй хайуанаттарына арнайы шақыра айтылатын сөздер тобы жатады.

Өткізілу нысаны: Дискуссия

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, - 1959ж.

2. Қазақ грамматикасы. Астана,- 2002ж.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

4. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі» 1962ж.№9.

5.Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы// «Қазақстан мектебі», 1984ж. №8.

Тақырып

тың №

Тапсырманың тақырыбы

Тақырыптың мазмұны, тапсырма

Әдебиеттер

Сағат саны

Бақылау формасы

Уақыты

СӨЖ

СӨОЖ

1.

Сөздің морфологиялық құрылымы

Морфема терминінің мәні.

Түбір морфеме және қосымша морфемалар

2,8,10,35

2

1

Баяндама

1апта

2.

Негізгі грамматикалық ұғымдар

Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі. Нөлдік тұлға

2,5,8,10,35

3

2

Баяндама

2апта

3.

Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері

Сөз таптары. Модаль сөздер.

2,3,10,12,35

2

1

Реферат

3апта

4.

Зат есім, оның лексика – грамматикалық топтары

Туынды түбір зат есімдер. Күрделі зат есімдер

8,10,11,21,26,35

3

1

Баяндама

4апта

5.

Зат есімнің түрленуі

Қазақ тіліндегі септік жалғауларының тарихи дамуы

8,10,11,21,26,35

3

2

Реферат

5апта

6.

Сын есім, оның лексика – грамматикалық сипаты

Сын есімнің морфологиялық құрылымы Туынды түбір және күрделі сын

3,8,10,18,34,35

3

2

Реферат

6апта

7.

Сан есім, оның лексика – грамматикалық сипаты

Сан есімнің морфологиялық құрылымы Туынды түбір және күрделі сан есім

8,10,20,21,35

3

1

Конспект

7апта

8.

Есімдік, оның лексика – грамматикалық сипаты

Есімдіктің морфологиялық құрылымы Туынды түбір және күрделі есімдік

7,8,10,35

2

1

Реферат

8апта

9.

Етістік, оның лексика – грамматикалық сипаты

Тұйық етістік Тұйық етістіктің білдіретін мағынасы

8,10,17, 35

3

1

Баяндама

9апта

10

Етістіктің көсемше және есімше категориялары

Етістіктің көсемше және есімше категорияларының жақ категориясымен байланысы

8,10,17,35

3

2

Баяндама

10апта

11.

Сыпат категориясы

Сыпат категориясы

8,10, 17,19, 35

2

1

Практи-

калық тапсырма

11апта

12.

Шақ категориясы

Етістіктің шақтары Олардың білдіретін мағынасы

8,10,13,15,17,35

2

1

Реферат

12апта

13

Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты

Үстеудің морфологиялық құрылымы Туынды түбір және күрделі үстеу

8,10,21,35

3

1

Практикалық тапсырма

13апта

14

Еліктеу сөздер, оның лексика-грамматикалық сипаты

Еліктеу сөздердің морфологиялық құрылымы Туынды түбір және күрделі еліктеуіштер

8,10,24,35

3

1

Конспектілеу

14апта

15

Шылау және оның түрлері. Одағай

Шылаудың атқаратын қызметі Одағайдың түрлері

8,9,10,35

3

2

Реферат

15апта

6-ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ)