Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сөзжасамның кешені.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
541.7 Кб
Скачать

Тапсырмалар:

1) Сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық және лексика-семантикалық тәсiлдері туралы жалпы сипаттама берiңiз (конспектi жасау).

2) Құрамында туынды түбiрлерi және күрделі сөздері бар көркем әдебиеттен 5-6 сөйлем жазыңыз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Төмендегi сөздерден синтетикалық тәсiл арқылы жасалған туынды түбiрлердi табыңыз: бөлме, құн, төсек, аяқта, кiлем, жатақ, бүгiн, iлiк, зат, аспаз, қысқы, сызғыш, бiлезiк.

2. Мәтiндi көшiрiп жазып, аналитикалық тәсiл арқылы жасалған сөздерді тауып, оның сыңарларын ажыратыңыз:

Шай келдi. Ерiткен сары май, балғаймақ, қызыл ала мәмпәси, қалаш, қуырдақ. Бұланбайдың үйiне шешесi ала келген Кенжеғараның алтын ернеулi стақаны да ере келiптi

3. Мәтiндi көшiрiп, туынды түбiрлердi табыңыз. Оның құрамындығы негiз сөз бен жұрнақты ажыратыңыз:

Ерте көктемнiң суық, көңiлсiз кешiнде Аягөз қаласының бiр мейманханасындаүш адамның басы бiрiктi. Бiрi бойшаң, сымбатты келген жасөспiрiм бала. Қалған екеуi – ауыл қазақтары (Т. Ә.).

4. Төменде берiлген сөздердiң омонимдiк сөздiкте берiлген мағыналарын жазыңыз: жаз, түс, ер, қорық, айт.

Әдістемелік нұсқаулар: Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жақтарын ескеріп, жинақтап, үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып келеді. Олар: синтетикалық(морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік), лексика-семантикалық тәсілдер. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жаңа сөз түбірге сөзжасамдық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Сөзжасамның аналитикалық тәсiлiнде екi я онан да көп сөздердiң бiр сөзге бiрiгуi, қосарлануы, тiркесуi, қысқаруы арқылы туынды сөздер жасалады. Тiлiмiзде соған орай аналитикалық тәсiлдiң мынадай iшкi түрлерi бар:1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тiркестiру, 4) қысқарту. Сөзжасамның лексико-семантикалық тәсiлiнде сөздер жаңа мағынаға иеболып, ең бастысы, омонимдiк қатарда келуi арқылы жасалады.

Өткізілу нысаны: Реферат

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. - Алматы, 1991.

3 - Модуль. Есім сөздердің сөзжасамы

Сабақтың мақсаты: Есім сөздер жасайтын жұрнақтар мен түбірлер құрамы туралы мәлімет бере отырып, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік және үстеудің сөзжасамын меңгерту.

Тапсырмалар:

1) Туынды зат есiмнің жасалу тәсілдеріне жеке-жеке сипаттама беріңіз (конспектi жасау).

2) Туынды сын есiмге сипаттама берiңiз (конспектi жасау).

3) Күрделі сан есімдердің жасалуын түсіндіріңіз

4) Есімдіктің жасалу жолдарына сипаттма беріңіз.

5) Туынды түбір және күрделі үстеудің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөздердi көшiрiп жазып, туынды түбiр зат есiмдердiң қай сөз таптарынан жасалғанын анықтаңыз:

Соғыс, көктем, ойла, батырлық, жылқышы, баспа, оқырман, кеңдiк, құсша, бiрлiк, жылтыл, қуғыншы, жаңалық.

2. Төмендегi күрделi зат есiмдердi жасалу ерекшелiгiне қарай топтаңыз:

Қолғанат, салт-дәстүр,қолғап, БҰҰ, тоң май, жаз бойы, белбеу, аққұтан, қыз-қырқын, киiз үй, филфак, асық жiлiк, АқтУ.

3. Мәтiндi көшiрiп жазып, күрделi сын есiмдердi табыңыз:

Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкi мұрт, шүңiрек көз жiгiтпiн. Сұр шапан, сары сафиянғақ ала жапқан күмiс белбеу, аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуiмдегi жарғақ далғабайым, шашақты сары қынды мүйiз сапты өткiр кездiгiм, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шектiгiм менiң өнерсiз жiгiт еместiгiме айғақ болар (Ж. А.).

4. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, туынды түбiр сан есiмдердi табыңыздар. Оның құрамындағы негiз сөз бен жұрнақты ажыратыңыз.

Ғазиз қазiр институттың екiншi курсының студентi.. Күнiне үштен, төрттен бордақы семiз қойларды сойғызып үйткiзедi. Ерте кезде бұл жайлауға жазда жүздеген ауылдар келiп қонатын. Қонақтарды стол басына бестен отырғызды.

5. Сөйлемдердi көшiрiп жазып, туынды түбiр есiмдiктердi табыңыздар. Оларды тұлғалық жақтан ажыратыңыз.

Мынау терiсi жуан елi қайыс болып қалған, пиғылы қараңғы адам оңайлықпен алдырар емес. Барлық жұмысты қалдырып неге барамын. Ар жақтың да анау Затон жағы, шетi- шетi көп аударып тұр деседi. Мынау қандай әдемi көрiнiс десеңшi! Бiрақ басқару- барша жұрттың, өзiңiздi сайлаған жұрттың тағдырына өз бiлгенiңiзше билiк жүргiзу деген сөз емес.

6. Берiлген үстеулердi дара және күрделi үстеулерге топтап жазыңыз.

Бүгiн, ауызекi, бозалаңда, әзiр, кешқұрым, келе-келе, тым тез, оң жақ, ерте, құлан таза, биыл, үстi-үстiне, астыртын, жазға салым, ертемен, мәре-сәре, құсша, былтыр, жаздыгүнi, тотыдайын.

Әдістемелік нұсқаулар: Есім сөздердің қалыптасқан сөзжасам жүйесi бар. Сөзжасам тәсiлдерiнiң бәрi де есім сөздердің жасалуына қолданылады. Жасалу жолдарына қарай туынды есім сөздер туынды түбiр есімдер, күрделi есімдер болып бөлiнедi.

Есімдердің жұрнақ арқылы жасалуына, әсiресе етiстiк, зат есiм, сын есiм сөздер қатысады.

Өткізілу нысаны: Коллоквиум

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. - Алматы, 1991.

4 - модуль. Етістіктің сөзжасамы

Сабақтың мақсаты: Етістік жасайтын жұрнақтар мен түбірлер құрамы туралы мәлімет бере отырып, етістіктің сөзжасамын меңгерту.

Тапсырмалар:

1) Етістік сөзжасамына толық сипаттама берiңiз (конспектi жасау).

2)Етiстiктiң сөзжасамына етiс жұрнақтарының қатысын мысалдармен түсiндiрiңiз.

3) Күрделi етiстiктердiң қандай түрлерi (қазақ тiлi мамандарының бөлуiн ескере отырып) бар екенiн мысалдар арқылы дәлелдеңiз.

4). Қыл, бол, ет – көмекшi етiстiктерiнiң қызметiн мысалдар арқылы дәлелдеңiз.

Жаттығу жұмыстары:

1.Сөйлемдердi көшiрiп жазып, туынды түбiр етiстiктердi табыңыз, жұрнақтарын ажыратыңыз. Жұмыскерлер ет жеп болған кезде, жартыланып тұрған ай арқан бойы көтерiлген едi. Кейбiреулер тыраштанып жуынып жатыр. Ақсақал өңiрiн жиiп, қобдиланып, тамағын кенеп, ұлық келе жатқандай шалқайыңқырап сiресiп қалды. Екi шал бiр-бiрiне қарап, көздерiн қысысып, бастарын изезiп, жымиысып қалды.

2. Төменде берiлген етiстiктердi бiрде тiрек компонент етiп, бiрде ауыспалы компонент етiп күрделi етiстiк жасаңыз. Байластырушы элементiне тоқталыңыз. Кел, жатыр, сал, шық, кет, бар, ал.

3.Төменде берiлген сөйлемдердi көшiрiп, құранды етiстiктердi табыңыз. Компоненттерiне талдау жасаңыз.

Ақындар кезек-кезек өлең айтып, ән салып, кешкi ойынды әбден қыздырған кез едi. Еркем саған ағаңның бiр сөзiн айтайын, көз жұмарда саған адам бол деп едi. Жеңгең Кәкiтай да, жеңiлген ақындар да, оларды құптаушылар да Абайдың зiлсiз мысқылына мәз бола түстi. Сөйлей келе тапқыр ойы үдей түскен Абай ендi тағы бiр тың жайды еске алды.

Әдістемелік нұсқаулар: Етiстiк – күрделi сөзжасам жүйесi бар сөз табы. Ол туынды сөздерге бай, етiстiк сөз құрамын тiлдiң тарихи дамуы бойында үнемi толықтырып отырған. Етiстiктiң сөзжасам жүйесiнде түрлi сөзжасамдық тәсiлдер қолданылады. Олар – синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсiлдер. Етiстiкте бұл тәсiлдердiң алғашқы екеуi өте өнiмдi.Туынды түбiр етiстiктер басым көпшiлiгi түбiр морфемаларға жұрнақтар қосылу арқылы жасалады. Тегiне қарай есiм негiздiлер және етiстiк негiздiлер болып топтастырылады.

Өткізілу нысаны: Баяндама

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4.Хасенова А. Қазақ тiлiндегi туынды түбiр етiстiктерi. Алматы, 1959.

5. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi етiстiктер.

-Алматы, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

2. Қасымова Б. Құранды етістік./Қазақ тілі грамматикасы және лингодидактика мәселелері. –Алматы,1997.

5-ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ)

1-модуль. Сөзжасам теориясы

Тақырып 1. «Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы, оның мақсаты мен мазмұны»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге «Сөзжасам пәнінің зерттеу объектісін меңгерту. Тарихи сөзжасам мен қазіргі сөзжасамның арақатынасын түсіндіру. Зерттелу жайы туралы мағұлмат беру.

Сауалнама:

1. Тіл біліміндегі сөзжасам терминінің мәні не?

2. Тарихи сөзжасам мен қазіргі сөзжасамның арақатынасы қандай?

3. Сөзжасамдық қандай зерттеу еңбектері бар?

Әдістемелік нұсқау: Түсіндірме және аударма сөздіктерді қолдана отырып, сөзжасам терминіне, зерттеу нысанына түсініктеме беру. Сөзжасамның жалпы тероиясы бойынша библиография жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Тақырып 2. «Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы»

Сабақтың мақсаты: Сөзжасамның тіл білімінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларымен байланысын меңгерту.

Сауалнама: 1. Сөзжасамның морфологиямен байланысы қандай?

2. Сөзжасам лексикологиямен қалай байланысады?

3. Сөзжасам синтаксиспен қалай байланысады?

Әдістемелік нұсқау: Сөзжасам саласының басқа тілі білімі салаларымен байланысын дәлелдеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Тақырып 3. «Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары»

Сабақтың мақсаты: 1. Сөзжасамның негізгі ұғымдары туралы білімін қалыптастыру.

Сауалнама: 1. Сөзжасамдық мағына дегеніміз не?

2. Сөзжасамдық тип дегенді қалай түсінесің?

3. Сөзжасамдық үлгіге мысаладр келтіріңіз.

Әдістемелік нұсқау: Сөзжасамдық мағына. Сөзжасамдық үлгі. Сөзжасамдық тип (конспектілеу).

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Тақырып 4. «Туынды сөздер, олардың түрлері»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге туынды сөздердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалатындығын және түрлерін (туынды түбір, күрделі сөздер) меңгерту.

Сауалнама: 1. Туынды түбірдің белгілері қандай?

2. Күрделі сөздердің қандай өзіндік белгілері бар?

Әдістемелік нұсқау: Ғылыми әдебиеттерден туынды сөздерді, олардың түрлерін конспектілеу. Туынды сөздерге көркем әдебиеттен мысалдар келтіру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

2-модуль. Сөзжасам тәсілдері

Тақырып 5. «Сөзжасамның синтетикалық тәсілі»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге жаңа сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру. Сөзжасамның синтетикалық тәсілін меңгерту.

Сауалнама: 1. Синтетикалық тәсілмен сөз жасауға қандай тілдік бірліктер қатысады?

2. Сөзжасамдық жұрнақ дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқау: 1. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерге талдау жасап түсіндіру. Түбір морфемалар мен жұрнақтардың бір-бірінен ерекшелігіне сипаттама беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Тақырып 6. «Сөзжасамның аналитикалық және лексико-семантикалық тәсілдері»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге сөзжасамның аналитикалық және лексико-семантикалық тәсілдері арқылы жаңа сөздердің жасалу жолдарын меңгерту.

Сауалнама: 1. Аналитикалық тәсілмен сөз жасаудың ішкі қандай түрлері бар? Мысалдар

келтіріңіз..

2. Лексико-семантикалық тәсіл арқылы сөз жасауды түсіндіріңіз.

Әдістемелік нұсқау: Көркем шығармадан мысалдар келтіре отырып, аналитикалық және лексико-семантикалық тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздерге сөзжасамдық талдау жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

3-модуль. Есім сөздердің сөзжасамы

Тақырып 7. «Зат есімнің сөзжасамы. Туынды түбір зат есімдер»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге зат есім жасайтын жұрнақтар мен түбірлер құрамы туралы мәлімет бере отырып, зат есімнің сөзжасамын меңгерту.

Сауалнама:

1. Зат есім жасауға қатысатын түбірлер мен жұрнақтардың құрамы қандай?

2. Есім негізді зат есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

3. Етістік негізді туынды зат есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Әдістемелік нұсқау: Зат есім жасауға қатысатын түбірлер мен жұрнақтардың құрамына сипаттама беру. Туынды түбір зат есімнің жасалу жолын мысалдармен түсіндіру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.

Тақырып 8. «Зат есімнің сөзжасамы. Күрделі зат есімдер»

Сабақтың мақсаты: Күрделі зат есімнің жасалуын меңгерту.

Сауалнама:

1. Біріккен күрделі зат есімдер қалай жасалады?

2. Қосарланған күрделі зат есімдер қалай жасалады?

3. Тіркескен күрделі зат есімдердің жазылу емлесі қандай?

4. Қысқарған зат есімдердің қандай үлгілері бар?

Әдістемелік нұсқау: Ғылыми әдебиеттерден күрделі зат есімдердің түрлерін конспектілеу.

Көркем шығармалардан мысалдар келтіру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.

3. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

4. Қасым Б.К. Күрделі зат есімдер сөздігі. – Алматы, 1999

Тақырып 9. «Сын есімнің сөзжасамы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге туынды түбір сын есім және күрделі сын есімнің жасалу жолдарын меңгерту.

Сауалнама:

1. Туынды түбір сын есім жасауға қатысатын түбір мен жұрнақтардың құрамы қандай?

2. Аналитикалық тәсілмен жасалған сын есімдер қалай жасалады?

Әдістемелік нұсқау: Туынды түбір сын есімнің жасалу жолын түсіндіріңіз. Күрделі сын есімнің жасалуына сипаттама беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.

3. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

4. Шакенов Ж. Қазiргi қазақ тiлiндегi сын есiм категориясы. -Алматы, 1961

Тақырып 10. «Сан есімнің сөзжасамы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге туынды түбір сан есім және күрделі сан есімнің жасалу жолдарын меңгерту.

Сауалнама:

1. Туынды түбір сан есім жасауға қатысатын түбір мен жұрнақтардың құрамы қандай?

2. Аналитикалық тәсілмен жасалған сан есімдер қалай жасалады?

Әдістемелік нұсқау: Туынды түбір сан есімнің жасалу жолын түсіндіріңіз. Күрделі сан есімнің жасалуына сипаттама беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.

3. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

4. Оралбаева Н. Қазiргi қазақ тiлiндегi сан есiмнiң сөзжасам жүйесi.

-Алматы, 1989.

Тақырып 11. «Есімдіктің сөзжасамы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге туынды түбір есімдік және күрделі есімдіктің жасалу жолдарын меңгерту.

Сауалнама:

1. Туынды түбір есімдік жасауға қатысатын түбір мен жұрнақтардың құрамы қандай?

2. Аналитикалық тәсілмен жасалған есімдіктер қалай жасалады?

Әдістемелік нұсқау: Туынды түбір есімдіктің жасалу жолын түсіндіріңіз. Күрделі есімдіктің жасалуына сипаттама беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

2. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.

Тақырып 12. «Үстеудің сөзжасамы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге туынды түбір үстеу мен күрделі үстеудің жасалу жолдарын меңгерту.

Сауалнама:

Сауалнама:

1. Туынды түбір үстеу жасауға қатысатын түбір мен жұрнақтардың құрамы қандай?

2. Аналитикалық тәсілмен жасалған үстеулер қалай жасалады?

Әдістемелік нұсқау: Туынды түбір үстеудің жасалу жолын түсіндіріңіз. Күрделі үстеудің жасалуына сипаттама беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. - Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. - Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4-модуль. Етістіктің сөзжасамы

Тақырып 13. «Етістіктің сөзжасамы. Туынды түбір етістік»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістік жасайтын жұрнақтар мен түбірлер құрамы туралы мәлімет бере отырып, етістік сөзжасамын меңгерту.

Сауалнама:

1. Етістік жасауға қатысатын түбірлер мен жұрнақтардың құрамы қандай?

2. Есім негізді етістіктер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

3. Етістік негізді туынды етістіктер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Әдістемелік нұсқау: Етістік жасауға қатысатын түбірлер мен жұрнақтардың құрамына сипаттама беру. Туынды түбір етістіктің жасалу жолын мысалдармен түсіндіру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

2. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

3. Хасенова А. Қазақ тiлiндегi туынды түбiр етiстiктерi. - Алматы, 1959.

Тақырып 14. «Етістік сөзжасамы. Күрделі етістік»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге күрделі етістіктердің жасалуын меңгерту, ауыспалы және тірек компоненттер туралы мағұлмат беру.

Сауалнама: 1. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуынан қандай тілдік бірліктер

қатынасады?

2. Күрделі етістік жасауда тірек компоненттердің қызметі қандай?

Әдістемелік нұсқау: Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатыстаын ауыспалы және тірек компоененттерге сипаттама беру, көркем әдебиеттен мысалдар келтіру.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi етiстiктер. -Алматы, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

2. Қасымова Б. Құранды етістік./Қазақ тілі грамматикасы және лингводидактика мәселелері. –Алматы,1997.

Тақырып15. «Құранды етістік»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге құранды етістіктердің жасалуын меңгерту, сыңарлары туралы мағұлмат беру.

Сауалнама: 1. Құранды етістікке қандай етістіктер тірек сыңар болып табылады?

2. Сөздік құрамнан құранды етістіктердің алатын орны.

Әдістемелік нұсқау: Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тірек компоненттерге сипаттама беру, көркем әдебиеттен мысалдар келтіру.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi етiстiктер. -Алматы, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1.Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

2. Қасымова Б. Құранды етістік./Қазақ тілі грамматикасы және лингводидактика мәселелері. –Алматы,1997.

Тақырып

тың №

Тапсырманың тақырыбы

Тақырыптың мазмұны, тапсырма

Әдебиеттер

Сағат саны

Бақылау формасы

Уақыты

СӨЖ

СӨОЖ

1.

Сөзжасам теориясы. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы, оның мақсаты мен мазмұны

Тіл біліміндегі сөзжасам терминінің мәні.

Тарихи сөзжасам мен қазіргі сөзжасамның арақатынасы.

Сөзжасамдық зерттеу еңбектері

8;13;20;22.

1

1

Сөздікпен жұмыс

1апта

2.

Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы

Сөзжасамның тіл білімінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларымен байланысы

8;13;20;22.

1

Практикалық жұмыс

2апта

3.

Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары

Сөзжасамдық тұлға, ұя, тізбек, қалып, тарам, мағына

8;13;20;22.

2

1

Конспект

3апта

4.

Туынды сөздер

Туынды түбір және күрделі сөздердің ерекшеліктері

8;13;20;22.

1

Практикалық жұмыс

4апта

5.

Сөзжасам тәсілдері. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі

Синтетикалық тәсілмен сөз жасауға қатысатын тілдік бірліктер

8;13;16;20;22.

1

1

Практикалық жұмыс

5апта

6.

Сөзжасамның аналитикалық және лексико-семантикалық тәсілдері

Сөзжасамның аналитикалық және лексико-семантикалық тәсілдері арқылы жаңа сөздердің жасалу жолдары

8;13;20;22.

2

1

Практикалық жұмыс

6апта

7.

Есім сөздердің сөзжасамы. Зат есімнің сөзжасамы. Туынды түбір зат есімдер

Зат есім жасауға қатысатын түбірлер мен жұрнақтардың құрамы

8;13;16;19;20;26.

2

1

Конспект

7апта

8.

Зат есімнің сөзжасамы. Күрделі зат есімдер

Біріккен, қосарланған, тіркескен,

қысқарған күрделі зат есімдердің жасалуы

8;13;16;19;20;26.

2

Практикалық жұмыс

8апта

9.

Сын есімнің сөзжасамы

Туынды түбір сын есім мен күрделі сын есімнің жасалуы

8;13;16;32.

2

1

Конспект

9апта

10

Сан есімнің сөзжасамы

Туынды түбір сан есім мен күрделі сан есімнің жасалуы

8;13;16;19;

1

Конспект

10апта

11.

Есімдіктің сөзжасамы

Туынды түбір есімдік пен күрделі есімдіктің жасалуы

8;11;16;19;20;26.

1

Конспект

11апта

12.

Үстеудің сөзжасамы

Туынды түбір үстеу мен күрделі үстеудің жасалуы

8;13;20;33

2

Конспект

12апта

13

Етістіктің сөзжасамы. Туынды түбір етістік

Туынды түбір етістіктерді жасауға қатыстаын түбірлер мен жұрнақтардың құрамы

8;13;16;19;28;30;31.

2

1

Практикалық жұмыс

13апта

14

Күрделі етістік

Күрделі етістік жасауға қатысатын тірек және ауыспалы компоненттер туралы түсінік беру

8;13;15;19;28;30;31.

1

1

Практикалық жұмыс

14апта

15

Құранды етістік

Құранды етістік жасауда көмекші етістіктердің қызметі

8;13;15;19;28;30;31.

1

Практикалық жұмыс

15апта

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]