Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз казак адебиети.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Педагогикалық технологиялар институты

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ОӘЖ проректоры

_________ М.Б.Имандосова

«____»__________ 2015

Пәннің оқу-әдістемелік кешені кка3216 қазіргі қазақ әдебиеті

Мамандықтың шифры мен атауы: 050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Кредиттер саны: 4

Семестр: 5

Актау, 2015 ж.

ПОӘК Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен ҚР ҒжБМ 11.05. 2005. №289 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасының мазмұны мен талаптарына сәйкес құрастырылды.

ПОӘК жасақтаған: Қабылов Әділет Дыбысұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама № ____ от «__»_______20___ ж.

Кафедра меңгерушісі: __________________________ А.Н.Отарова

Педагогикалық технологиялар институтының Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған.

Хаттама № ____ «__» _______20___ ж.

ОӘЕ төрағасы: _____________________________ Б.Ә.Көшімова

І тарау пәннің оқу бағдарламасы

Пәннің типтік оқу бағдарламасын ҚР ҒжБМ 11.05. 2005. №289 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарламаға сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультетінің кеңесі ұсынған (29. 09. 06. №1 Хаттама). Авторы: филология ғылымдарының докторы, проф. Т.Рахымжанов

Алғысөз

Көркем әдебиет әрдайым адамның «жан диалектикасының», қоғамдық өмірдің, тіршілік құбылыстарының айнасы болып келді. Сондықтан біз «Қазіргі қазақ әдебиетінің» бағдарламасында кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін шартты түрде төрт кезеңге бөліп қарастырамыз. Біз бұл кезеңдерді бұрынғы ескі сораппен ауыл шаруашылығының немесе өндірістің дамуына орайластырып қарастырмаймыз. Керісінше, көркем шығармашылықтың даму заңдылықтарын, заман, уақыт ұсынған әлеуметтік құбылыс, проблемаларды есте ұстауға тырысамыз.

Осы ретте тағы бір есте болатын нәрсе, әрбір кезең әдебиеті жалаң фактілердің, жекелеген есімдердің тізбесі де емес. Ол әрбір кезеңді шолып мінездейтін, қазақ әдебиетіне қосылған жаңа есімдерді, тың проблема көтерген шығармаларды, поэзия, проза, драматургия, сын сияқты белді жанрлардың даму ерекшеліктерін айқындап, ажыратады.

Сондай-ақ біз аталмыш бағдарламада әрбір кезеңдегі әдебиеттің өсі жолы, қалыптасу, даму процесін қамтумен қатар, халықтың рухани қазынасының баюына айрықша еңбек сіңірген қазақтың айтулы ақын-жазушыларына жеке-жеке монографиялық бөлімдерді арнадық. Оларда ақын-жазушылардың шығармашылық жолын, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына шолу жасаладыы, объективті баға беріледі.

1917-1940 Жылдардағы қазақ әдебиеті

1917 жылы ақпан төңкерісі жеңіп, патшаның тақтан құлауын қазақ халқының қуанышпен қарсы алуы, елдің құлдықтан босану, азаттыққа көшу тілегінің орындалатынына сенім артуы. Бұл бағыттағы С.Дөнентаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Б.Майлин, Б.Сүлеев, С.Сейфуллин, т.б. өлең жазуы.

Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ қаламгерлерінің арасындағы дағдарысты жағдай. Кеңес өкіметінің орнауы. Жаңа өкіметтің теңдік, әділдік туралы ұранының қазақ кедейлерін сендіре бастауы, С.Сейфуллиннің маңайына қазақ қаламгерлерінің топтасып, кедей теңдігі, әйелдер құқы, т.б. тақырыптарға өлең жаза бастауы. Олардың қатарында Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ш.Иманбаева, А.Тоқмағамбетов секілдді ақын-жазушылардың болуы. Олардың осы кездегі шығармашылығындағы қамтылған негізгі тақырыптар мен ізденістер.

Талантты ақын М.Жұмабаевтың шығармашылығының тақырыптары мен жаңалықтары. «Шын сорлы», «Сорлы қазақ», «Туған жерім – Сасықкөл», т.б. өлеңдерінде рушылдықты, ескі салт-сананы сынауы, бай мен кедей өмірі арасындағы әлеуметтік кереғарлықтың көріністері. Мағжан шығармашылығындағы орыс символистерінің әсері, өлім мен өмірді жырлау, жабығу, рухани күйзеліс сарындарыны: «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Өмір», «Алдамшы өмір», «Мені де, өлім, әлдиле» т.б. Ақынның тарихқа назар аударып, «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертек», «Батыр Баян», «Жүсіпхан» поэмаларын жазуы. «Батыр Баяндағы» қазақ тарихында елеулі орны бар Абылай, Батыр Баян образдарының жасалуы. «Жүсіпхан» поэмасындағы зұлымдық-қатыгездіктің сыналуы. Жүсіпхан образының символикалық мәні. Ақынның кейінірек заман шындығына бағыт алып, «Тоқсанның тобы» дастанын, махаббат, табиғат тақырыбына, балаларға арналған бірталай өлеңдер жазуы.

ВК(б)П ОК 1925 ж. 18-маусымдағы «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы» қаулысы. 1925 ж. РАПП, 1926 ж. ҚазАПП құрылуы. Бұл ұйымдардың көркем әдебиетті кеңес үкіметінің саясатына бағындыруға тырысуы. Бұл идеологияның кеңестік дәуірдегі әдебиетке тиигізген кері әсері. Әйтсе де, қазақ әдебиетінде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтің өз шығармаларында Абай негізін салған шыншыл реализм тәсілінен көп ауытқымауы. Соның салдарынан олардың қуғындалуы.

1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), 1928 жылы «Жас әдебиет» (кейіннен «Әдебиет майданы»), «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналының шыға бастауы.

20-жылдардың ІІ жартысында қазақ поэзиясында сюжетті поэмалардың үлгілері туып, онда бүгінгі өмір мен өткен феодальдық қоғамның келеңсіз көріністерінің орын алуы. Жаңа тақырыпқа С.Мұқановтың «Октябрь өткелдері», «Батырақ», «Балбөпе» (1927), Ә.Тәжібаевтың «Құлғара» (1927), Қ.Жұмалиевтің «Ерғожа мен Егінбай» (1928) поэмаларының жазылуы.

Ауыз әдебиетінің ертегі, аңыз, әңгіме жанрының түрлі оқиғасы негізінде туған С.Мұқановтың «Сұлушаш», Ж.Сыздықовтың «Майкөл тамы», «Әли қарттың әңгімесі», И.Байзақовтың «Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі» поэмаларының тууы. Қазақ ауылын колхоздастырып, ұжымдық еңбекке ұйымдастыру бағытында Б.Майлиннің «Қара шелек», «Ұлболсын», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Қырманда», Ғ.Мүсіреповтің «Шұғыла», «Қос Шалқар», т.б. Ғ.Мұстафиннің «Кек», «Қан», «Қашқын» т.б. әңгіме, повестерінің жариялануы.

Қазақ кеңес әдебиетіндегі роман жанрының алғашқы қарлығашы «Адасқандардың» (С.Мұқанов) дүниеге келуі. Роман оқиғасының дайын штамп-схемаға құрылуы, көркемдік, идеялық кемшіліктері.

Дарынды жазушы Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» (1926), «Ақбілек» (1927-1928) романдары. Олардағы басты кейіпкерлері Ақбілек пен Қартқожаның феодалдық қоғамдағы надандықтың, ескі салт-сананың бұғауын бұзып, оқу-білімге ұмтылып, өмірден өз орындарын табуы.

Қазақ әдебиетінде драматургияның пайда болуы. С.Сейфуллиннің «Бақыт жолында» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920), М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» (1917) трагедиясы мен Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Неке қияр» пьесаларының қала, ауыл сахналарында қойылып, ел арасында кең тарауы.

1922-1925 жылдары Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Рабиға», «Қанапия-Шәрбану», «Шернияз», «Ел қорғаны» пьесаларының жариялануы. Драматургтің етекбасты ескі өмірді айыптап, оған төреші болуы («Мансапқорлар»), 1916 жылғы көтерілістің, халық басына төнген ауыр нәубеттің қыр-сырын ашуы («Қанапия-Шәрбану»), адамгершілік проблемасын көтеруі («Шернияз»).

Бұл жылдарда қоғамдық өмірдегі болған өзгерістер. Ауыл шаруашылығын колхоздастыру, республикада ауыр өнеркәсіпті дамыту. КСРО Конституциясының қабылдануы. Рухани, мәдени өмірдегі өзгерістер: ҚазМУ, КСРО ҒА Қазақ филиалының, опера және балет театрының ашылуы.

1936 жылы республиканың Қазақ ССР болып қайта құрылуы. Қоғамдық құбылыстардың әдебиеттегі көріністері. Қаламгерлердің шығармашылық тәжірибесінде социалистік реализм әдісінің орныға бастауы. ҚазАПП-тың әдебиетті саясатқа бағындыруының салдары.

БКП(б) ОК-нің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» 1932 ж. 23 сәуірдегі қаулысы. РАПП, ҚазАПП және басқа әдебиет ұйымдарының таратылып, КСРО Жазушылар ұйымының құрылуы. Қазақстан Жазушыларының І съезі. Съезде қаралған мәселелер. Қазақстан Жазушылар Одағының қаламгерлердің басын бір жерге біріктіріп, әдебиет мамандарын дайындаудағы ролі. Сонымен бірге оның компартияның қолшоқпарына айналып, әдебиетті саясатқа икемдеудегі қызметі.

1937 жылғы репрессия. Қазақ зиялыларының қуғын-сүргінге ұшырауы. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, т.б. «халық жауы» ретінде ұсталуы.

Қазақ әдебиетінің жастардың жаңа легімен толығуы. Голошекиннің асыра сілтеу, бұрмалауын әшкерелеген С.Сейфуллиннің «Қызыл ат», еңбек адамдарының ерлігін баяндаған С.Мұқановтың «Колхозды ауыл осындай», «Күзетте» (А.Тоқмағамбетов), «Шәуілдір» (Ғ.Орманов), «Жылқышы» (Қ.Жұмалиев), «Қуат» (Д.Әбілев) поэмалары..

Поэзияда ән-күй, өнер тақырыбына кең құлашты эпикалық дастандардың жазыла бастауы: І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» (1935), «Құлагер» (1936), Ә.Тәжібаевтың «Оркестр» (1935), «Абыл» (1940) поэмалары. Тың тақырып - өндірістің әр саласына арналып, Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Слановтың «Арман ағысы» романдарының жазылуы. розадағы өмірбаяндық шығармалар: «Тар жол, тайғақ кешу» (С.Сейфуллин), «Менің мектептерім» (С.Мұқанов). Драматургия: М.Әуезов «Түнгі сарын», «Абай» (Л.Соболевпен бірге), «Жалбыр», «Дұға» (Б.Майлин), «Ер Тарғын» (С.Қамалов), «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (Ғ.Мүсірепов). Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігі (1936). Қазақстан Жазушыларының ІІ съезі (1939).

Әдебиет тарихын зерттеу мен сын жанрының өрістеуі. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтардың оқулық-хрестоматияларының мәні мен маңызы. «Қазақ әдебиеті» (1932, С.Сейфуллин), «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932, С.Мұқанов), «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» (1933, М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б.). Сыншы Ғ.Тоғжановтың шығармашылығы. Ғ.Тоғжановтың Абай туралы әдеби шындыққа қайшы пікірлері.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945 жж.).

1941-1945 жылдары Қазақстанның кеңес одағының құрамында фашистік Германия мен оның одақтастырна қарсы соғысқа қатысқандығы. Социалистік Отанды қорғау идеясы елді соғыста жеңіп шығу жолындағы іске жұмылдырғаны. Осы кездегі қазақ поэзиясының басты тақырыбы – Ұлы Отанды жаудан қорғау, майдандағы жауынгерлерді жеңіске деген сезімге жігерлендіру болғандығы.

Көптеген қазақ жазушыларының қаламын қаруға айырбастап, майданға аттануы (Т.Жароков, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекхожин, Б.Бұлқышев, т.б.). С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Құсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова, т.б. елде қызмет етіп, әдеби шығармашылықпен шұғылданғаны.

Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград», Ж.Саинның «Айтылмай кеткен аманат», «Партизандар», «Жаралы партизан жырлары», Қ.Аманжоловтың «Байкал», «Ақын өлімі туралы аңыз», Ә.Сәрсенбаевтың Балкан, Балатон, Вена жырлары.

Халық поэзиясының дәстүрлі жанры – айтыстың қайта жандануы. 1943 жылы Алматы, Қарағанды қалаларында өткен ақындар айтысына Ш.Қошқарбаев, К.Әзірбаев, Н.Баймұратов, Н.Бекежанов сияқты айтулы ақындардың қатысуы. Айтыста көтерілген мәселелер.

Соғыс тақырыбы, әскери өмір суреттері Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Д.Әбілевтің ақындық талантын жаңа биікке көтергені.

Батырлар өмірінен жазылған поэмалар: Н.Баймұратов («Ер Төлеген»), Н.Байғанин («Ер туралы жыр»), Қ.Жапсарбаев («Сеңгірбаев Мұсабек»), М.Хакімжанова («Мәншүк»), Д.Әбілев («Майданбек»), Қ.Сатыбалдин («Әлия»), т.б. Тыл еңбеккерлерінің ерлігінің жырлануы: Ж.Жабаев («Темір тұлпар мінген қыз»), А.Тоқмағамбетов («Мұнай бер», «Қызыл тулы жайлау»), Ғ.Орманов («Жар жалауы», «Жылқышы») шығармалары.

Б.Бұлқышевтың өмірге деген махаббат, отаншылдық, ерлік сезімдерінің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат», «Тыңда, Кавказ», «Мен өмір сүргім келеді» т.б. мақала-очерктерінде көрініс табуы.

Ғ.Мүсіреповтің соғыс тақырыбына арнап «Ер ана», «Ақлима», «Ту да, намыс та біздің қолда» атты әңгіме, очерктер және «Қазақ батыры» (1945) повесін жазуы. Повестің кейбір кемшіліктері. Жазушының повесті өңдеп, толықтырып «Қазақ солдаты» атты романға айналдыруы.

Тылдағы қажырлы еңбек туралы, әсіресе Қарағанды көмір өндірісіндегі жұмысшылар өмірінен шығарма жазуға талпыныс. Ғ.Слановтың «Жанартау» романы, Ә.Әбішев «Жас түлектер» повесі. Кемшіліктері мен көркемдік ерекшеліктері. Сюжет құрудағы схематизмнің басымдығы.

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы. Шығармадағы 30-жылдардағы және соғыс кезіндегі елеулі қоғамдық құбылыстардың қамтылуы. Автордың коммунистік идеологияның әсерімен жалған тартысқа бой ұруы.

1942 жылы М.Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабының басылып шығуы. Бұл кітапта ХІХ ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік-психологиялық, мәдени өмірінің Абайдың балалық, бозбалалық шағымен байланыста суреттелуі.

Драматургияның дамуы: «Сын сағатта» (М.Әуезов), «Намыс гвардиясы» (М.Әуезов, Ә.Әбішев), «Қынаптан қылыш» (М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов), «Мәншүк» (Ә.Тәжібаев, Ш.Құсайынов), т.б.

Әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының дамуы. Орыс ғалымдары А.С.Орлов пен С.Е.Маловтың қазақтың батырлық эпосы, ауыз әдебиеті хақында көлемді зерттеулері. Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, М.С.Сильченконың, Б.Кенжебаевтың, Е.Ысмайыловтың, Қ.Жұмалиевтің, т.б. мақалаларының жариялануы.

С.Мұқановтың «ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің очеркі» атты еңбегінің басылуы. Бұл кезеңде қазақ әдебиеті тарихының, жанрлар табиғатының кең көлемде зерттеле бастауы.