Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_5B0710_kaz_red_3_Metodologia_vybora_materialov.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.95 Mб
Скачать

3.2 Қасиеттердің жүйеленуі.

Екі негізгі топқа бөлінеді:

– пайдалану (жұмыстық) - беріктік, ыстыққа беріктік, жемірілуге қарсы тұрақтылық, электрөткізгіштік және т.б.

  • технологиялық - балқыту температурасы, сұйық аққыштық, илемділік, шөгу, пісірілгіштік және т.б.

Қарапайым заттардың қасиеттерін жүйелеу үшін және оларды анықтайтын факторларды тұжырымдау үшін Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің «қасиет- элемент реті» тәуелділігі пайдаланылады. Оларды өзгеру түріне қарай периодтық және периодтық емес деп бөлуге болады. Периодтты өзгеретінге жататындар:

– сызықты – әр периодта қасиеттер – илемділік, валенттілік, иондалу потенциалы, кристалдану кезінде көлемдік өзгерістер «ара» тәрізді сызық ережесімен өзгереді;

– тангенциальды – бір периодтағы бірден үшке дейінгі тангенсиальды формадағы қасиеттер (электрөткізгіштік, беріктік, жылжыпсырғымалық, жемірілуге қарсы тұрақтылық, химиялық қосылыс құру жылуы, бір элементте ерігіштігі) экстремум жүйесін құрайды;

– синусоидалы – периодта қасиеттер жазықтық максимумдарымен синусоид жүйесін құрайды (тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, серпімділік және қозғалыс модульдері, сығылуы, атомдық және иондық көлем, тұтқырлығы, беттік керілуі, электронның шығу жұмысы, шағылу қасиеті, жылулық ұлғаю коэффиценті). Периодты емеске жататындар:

– тұрақты емес, топтағыағы орналасуына емес, атомдық кезегіне тәуелді қасиеттердің жекелей кенеттен өзгерісін құрайтындар (магниттік қабылдағыштық, жоғары өткізгіштік, полиморфизм, тор түрі, түсі);

– күрделі – тұрақты емеске жатады, бірақ өлшемдердің қатты шашыранқылығымен ерекшелінеді (жер бетіндегі таралуы, минералдағы көлемі, өндірістік көлемі);

– тұрақты – түзу сызық, гипербола немесе қисық экстермум түрінде атомдық кезек пен қасиеттер арасындағы байланыспен сипатталады (жылусыйымдылық, атомдық салмақ, космоста таралуы, рентгендік сәуле толқындарының ұзындығы);

3.3 Қорытпалар синтезінің жалпы күйінің ұстанымы.

Жаңа қорытпаны жасау тапсырмасы жалпы күйде мына түрде құрылуы мүмкін:

Берілгені: Д.И.Менделеевтің периодтық элементтер жүйесі және элементтердің қасиеттері туралы барлық қажетті деректер, сонымен қатар олардың техникалық – экономикалық көрсеткіштері.

Шарт: жасалатын қорытпа үш категорияға бөлінетін нақты қасиеттер кешеніне ие болуы керек. – басты қасиет, оңтайлы мәндерге ие болу (беріктік, жемірілуге тұрақтылық, баға, технологиялығы).

– шектеулі қасиеті, шекті мәннен аз не көп болуы алдын – ала келісіледі; (соққы тұтқырлығы, аз легірлеуші элементтердің концентрациясы, бағасы, улылығы және т.б.).

Екі қасиетте үлгілер мен технологиялық сынаулармен анықталады.

– «өзіндік» құрамы, жоғары жылдамдық пен жоғары жүктемелерде тасымалдау қасиетін қанағаттандыру және нақты өндірістік орталарда технологиялығын сынаумен анықталады.

Талап етіледі: есептiң барлық шарттарын орындауларды қамтамасыз ететiн балқыманың құрамы және оның өңдеуiн тәртiп табу.

Бірқатар жағдайда шешімге алып келетін және келесі ұғымдарды қосатын тапсырмалар нақтылануы қажет:

– Қорытпаларды әзірлеу – нысанды зерттеу жолында жұмсалған еңбекті, энергияны, жұмысты білдіреді, бірақ шығарылатын тапсырманың мәнін түсіндірмейді.

– Қорытпаны таңдау – зерттеу үшін болжамдалған объектілерден ең жаксысы таңдалады. Барлық ұсынған балқымалардың сынау және қателiк әдiсiмен таңдаумен iске асады.

– Қорытпалардың оңтауландыру – легірлеуші элементтердің шектеулі концентрациясымен берілген кейбір ауданның едәуір жақсырақ құрамын таңдау операциясы. Барлық жұмыстың басты бөлігінің бірі.

– Балқыманы әзірлеу – бұл аймақта бұрын ештеңе iстелмегенi ескеріледі. Қазіргі кезде ондай аумақты табу мүмкін емес.

– Балқымалардың синтезі – қорытпалардың қасиеттерінің, құрамы қандай болатындығына жауапты тұжырымдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]