- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
- •Алматы 2015
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті, 2015
- •1 Пәннің оқу барламасы (syllabus)
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.6 Оқу пәнінің түріне қарай сағаттардың бөлінуі
- •1.7 Пән бойынша оқу – әдістемелік материалдар
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1.2 Эмпирикалық зерттеу әдістері
- •1.3 Эмпирикалық және қағидалы зерттеу деңгейінде қолданылатын әдістер
- •1.4 Теориялық зерттеудің әдістері.
- •2.1 Конструкциялық материалды пайдалану сенімділігі
- •2.2 Материалдың технологиялылығы
- •2.3 Материал үнемділігі
- •3.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
- •3.2 Қасиеттердің жүйеленуі.
- •3.3 Қорытпалар синтезінің жалпы күйінің ұстанымы.
- •3.4 Балқымалардың синтезінің есебінің редукциясы.
- •5.1 Эксплуатациялық қасиеттердің критерилері
- •2.3. Тәжірибелік жұмыстардың жоспары
- •2.4. Студенттің оқытушының көмегімен жасайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •2.7 Өткен тақырыптар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •Сыздықова Баян Омарқызы Дегтярева Антонина Степановна
- •5В071000 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы үшін
Глоссарий
Абстракциялану – затты жоқ белгілерінен, қасиеттерінен, байланыстарынан ажыратып, зерттеушіге қызықты болатын бірнеше жақтарын ерекшелеу.
Анализ – зерттеу заттарын құраушы бөлшектерге бөлуге (нысананың табиғи элементтері немесе оның қасиеттері мен қатынастары) мүмкіндік беретін таным әдісі. Анализ аналитикалық зерттеу әдісінің негізін құрайды.
Аксиомалық әдіс – пайымдау дәлелсіз қабылданатын ғылыми теорияны құру тәсілі, ал басқа білімдер белгілі логикалық ережелер арқылы қорытындалады.
Бақылау – сезім мүшелерінің көмегімен, бірақ оларға әсер етпей жүйелі түрде алдын-ала ниетпен ойластырылған, іс-әрекеттің міндетіне байланысты мақсатқа бағындырылған объектілер мен құбылыстарды тану (қабылдау). Бақылау толық болу үшін: мақсат алдын-ала жоспарланған, белсенді және жүйелі болу керек.
Гипотеза – нақты фактілерден заңдылыққа өту. Нақты материалды түсіну, фактірден заңға өту жолы.
Гипотеза және жорамалдау – теорияның ғылыми білім жүйесі ретінде қалыптасуына гипотезаның әсері аса зор. Гипотеза нақты материалды, фактілерден заңға өту түрлерін ұғынуға мүмкіндік береді.
Методология – (грек. methodos – зерттеу жолы, теория, ілім) – жалпы философиялық түсінік бойынша білімсіздіктен білімділікке жол табуы.
Методология – құрылым туралы түсінік, құру ұстанымы, логикалық ұйымдастыру, пішіндер, тәсілдер, ғылыми танымның және қызмет (материалдардың, техникалық және инженерлік өнімнің) нысанының өзгерісінің тәсілдері.
Индукция және дедукция. Кейбір элемент жөніндегі тұжырымдаманы жасау оның барлық қасиеттерін білуге негізделеді. Нақты құбылыстарды зерттеуде жалпы ғылыми жағдайларды қолдану дедукция ілімінің әдісі болып саналады. Индукция деп зат жөнінде жеке (дара) тұжырымдамадан жалпы (толық) тұжырымдамаға өтуді түсініп білеміз. Негізгі элементтердің жалпы қасиеті және кейбір элементтердің қорытындылау ой тұжырымдамасын дедуктивті деп атайды. Индукция кезінде жекеден жалпыға өту ой тұжырымдамасы.
Идеализация (дәріптеушілік) – шын мәнінде жоқ немесе іс – жүзінде орындалмайтын (мысалы, дәріпті газ, абсолютті қатты дене, абсолютті қара дене, сызық, жазықтық) нысандарды ойша құрастыру.
Қорыту – жалпы түсінік анықтамасында негізгі түсінік, берілген сынып объектісінің сипаттамасы орын алады. Бұл әдіс жаңа ғылыми түсініктердің, заңдар мен теориялардың қалыптасуында қолданылады.
Модельдеу – табиғаттың құбылыстары мен үдерістерін зерттеуде моделді жабдық ретінде қолдану тәсілі. Моделдей деп таным нысаны және ол жөнінде мәлімет көзі болатын жүйені түсінуге болады. Моделдер түпнұсқамен өте ұқса келеді, ал айырмашылығы шамалы ғана байқалады.
Өлшеу – белгілі шаманың сандық мәнін оның эталонымен салыстыра отырып анықтау. Өлшеу келесі негізгі элементтерді болжайды: нысана және өлшем бірлігі, эталон, өлшеу аспаптары, өлшеу әдісі.
Өлшеу салыстыру операциясынан туындайды, бірақ ол одан да мықты және әмбебап таным тәсілі болып саналады.
Салыстыру – бұл заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын қарастыра отырып бірнеше нысан арқылы олардың ортақ белгілерін табу.
Синтез – бұйымның бөлек бөлшектерін тұтастыруға негізделген таным әдісі. Анализ бен синтез бір-біріне қарама-қайшы және байланысты.
Теория – ( лат. theoreo – қарау, қарастырамын) жалпыланған білім жүйесі, ол нақты аймақтағы құбылыстардың жиынтығын түсіндіреді және сол аймақта ашылған заңдарды ортақ бастамаға біріктіреді. Теория зерттеудің эмпирикалық деңгейінде алынған нәтижелерінен құрастырылады. Теорияда алынған нәтижелер реттеліп, ортақ идеямен біріктіріліп белгілі жүйеге келтіріледі, абстракциялау, дәріптеу және ұстаным теорияларына енгізу негізінде нақтыланады.
Тәжірибе (гр. рraktikos – іс-әрект, практика, эксперимент) – ғылыми ілімнің негізі болып саналады. Тәжірибе ғылыми зерттеудің материалды-техникалық жабдығы. Ғылыми таным ғылыми болжам элементтеріне ие бола келе тәжірибеден озық болу керек. Дегенмен, тәжірибе тек қана ілімнің бастапқы күйімен мақсаты емес, сонымен қатар бұл күрделі үдерістің шешуші негізі.
Ұстаным – ғылымның, тәжірибенің, технологиялардың қандайда бір саласының бастапқы күйі ұстаным ретінде қабылданады.
Формалдандыру – түрлі нысандарды олардың құрылымынжасанды тілдердің, мысалы математика тілі – формулалар көмегімен белгі түрінде көрсету.
Эксперимент (лат.- сынама, тәжірибе) – адамның объектіге белсенді және бағытталған әсер тигізуі және бар заңдылықтарды анықтау мен ұсыныллатын гипотезаларға жағдай жасау қызметтің көрінісі және танымның әдісі. Гипотеза – ғылыми негізделген ұсыныстар
