Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia1_mash_mat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.16 Кб
Скачать

Тез кесушi аспаптың болатын таңдау

8.2- кестеде метал кесетiн аспап үшiн ұсынылған болаттар келтiрiлген. Жылуға төзiмдiлiгi жоқ болаттар сирек қолданылады.

8.2-кесте

Кесетiн аспаптар үшiн ұсынылған болаттар

(Ю.А Геллердiң мәлiметі бойынша)

Аспап түрi

Ұсынылған болат

Кескiштер мен кескiш бүркеншiктер: өзiiстеулердегi үлгiлi қашауыш, сүргiлеу, кесетiн

Бұрғылар: 260-280НВ қаттылығымен, металдарды өңдеу үшiн

Үлкен қаттылығымен металдарды өңдеу үшiн

Қиын өңделетiн қорытпалар үшін

Жоңқакескiштер: бұрандалы, бұраматiстi

Р8, Р12Ф3

Р6М5, Р9, 11Р3АМ3Ф2*

Р6 М5

Р12Ф3, Р6М5К5

Р6М5К5

Р6М5, Р8М3, Р9, Р18

Жоңқакескiштер: жоғары жылдамдықпен кесу үшiн

Жоңқакескiштер: қиын өңделетiн қорытпаларды кесу үшiн

Тiс кескiштер, көп жүздi әдемiлеуiштер

Бұрандакескiштер: мәшинелi

қолмен

Дөңгелек бұрандаойғыштар:

жұмсақ металдарды кесу үшiн

қатты металдарды кесу үшiн

Қашауыштар: мәшинелi

сол, қиын өңделетiн қорытпалар

қолмен

Тескiштер: жұмсақ металдарды өңдеу үшiн

қатты металдарды өңдеу үшiн

Р6М5К5

Р6М5Ф3, Р9М4К8

Р6М5, Р8М3, Р12

Р6М5, Р18, Р9М4К8, Р6М5Ф3

У11А, У12А, 11ХФ

ХВСГ

Р6М5, Р12Ф3

Р6М5, Р9, Р12Ф3

Р6М5К5Р9

ХВСГ, Р6М5

Р6М5, Р8М3

Р9М4К8, Р8М3К6С

Аралар: дөңгелек араларға шеңберкесiндi,

пышақ тәрiздi жүздiтаспа

ағаш өңдеу үшiн мәшине және

қолмен

Қашауыштар, ұңғылауыштар, ағаш өңдейтін

балталар

Егеулер: жұмсақ металдар үшiн

қатты металдар үшiн

Р9, Р6М5

9ХФ,У10А,У8ГА

7ХФ, 6ХС

13Х, Х, У13А

Р6М5, Р8М3, Р9

* көмiртегiнiң көтерiңкi мөлшерiмен (1,02¸1,12%) тез кескiш болат 250¸280НВ қаттылығымен металдарды кесуде қолданады.

Аспаптардың көпшiлiгi тез кескiш болаттан жасалады.

Ұнтақ металлургия әдiсiмен алынған тез кескiш болаттар кеңiнен қолданылуда. Бұл болаттарда карбид күйтүрi өте ұсақ, бұл карбидтердiң аустенитте көбiрек толық енуiне және жылуға төзiмдiлiкке мүмкiндiк бередi.

Р18, Р6М5 болаттардың орнына ұсынылған негiзгi ұнтақ болаттары – РОМ2Ф3-МП,М6Ф1-МП,М6Ф3-МЛ тапшы вөлфрамы аз мөлшерде. Ванадийдiң жоғары мөлшерiне қарамастан болаттар жақсы ажарланады. Басқа да ұнтақ болаттар қолданылады, мысалы, 10Р6М5-МП, Р6М5К5-МП, Р12М3К8 (14-1-2998-80ТУ). Ұнтақ болаттардан жасалған кесетiн аспаптың тұрақтылығы, әдеттегi өндiрiсте алынған ұқсас болаттардан жасалған аспаптың тұрақтылығымен салыстырғанда 1,2-2 есе жоғары.

Ұсынылған әдебиет

Негізгі 2 [349-366]

Бақылау сұрақтары

1. Аспаптық болаттар тағайындалуы бойынша қалай сыныпталады?

2. Көміртекті аспаптық болаттар қалай ентаңбаланады?

3. Тез кескіш болаттарды қандай термиялық өңдеуге түсіреді?

4. Қатты қорытпалар қалай ентаңбалады?

9-дәріс. Штамптау болаттары. Қатты және аса қатты материалдар

Өлшеуiш аспап болаттары

Тақталардың, өлшеуiштердiң, үлгiлердiң жоғары қаттылыққа тозу берiктiгiне ие болуы, өлшемдерiнiң тұрақтылығын сақтап жақсы ажарлануы тиiс. Әдетте көп көмiртектi хром болаттары Х қолданылады (1,15-1,25%С; 1,3-1,65%Сr). Өлшеуiш аспап қалдық аустениттiң ең аз мөлшерiн алу мақсатымен мүмкiндiгiнше тым төмен температурасымен майда суарылады (әдетте 850-870 °С-тан). Суарылған көп көмiртектi болатта қалыпта температурада ұзақ уақыт бойы мартенситтiң жартылай ыдырау және қалдық аустениттiң бiршама мөлшерiнiң мартенситке айналу iсамалы жүредi. Бұл iсамалдар жоғары сыныпты дәлдiгiмен өлшеуiш аспаптар үшiн жарамайтын бұйым көлемi мен сызықтық өлшемдерiнiң өзгеруiне әкеледi. Сондықтан өлшеуiш аспаптар – 70°С суықпен тура шынықтырудан кейiн өңделедi және 120-140 °С 20-50 сағ жұмсартылады. Суықпен өңдеудi жиi көп рет қайталайды. Айтылған өңдеуден кейiн қаттылығы 63-64НRС.

Өлшеуiш тұтқалар, межесызықтар және басқа жазық және ұзын аспаптар 15,15Х табақтай болаттардан жасалынады. Жоғары қаттылығымен және тозуға берiктiгiмен жұмыстық беттi алу үшiн аспаптар көмiртектендiру мен шынықтыруға түседi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]