Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia1_mash_mat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.16 Кб
Скачать

Қалайы негізінде қорытпалар

Б89 және Б83 ішпекті қорытпалардың құрылымын Sn - Sb екілік күй- жай кестесызбасы арқылы көрсетуге болады (12.1-сурет) Сурьма 3,5% дейін қалайыда еріп, a -қатты ерітіндісін түзеді. Қорытпа құрылымындағы сурьманың мөлшері ұлғайған сайын Sn - Sb химиялық қосылысының негізінде b- қатты ерітіндісінің кристалдары пайда болады.

12.1-сурет . Sn - Sb күй-жай кестесызбасы

Б89 қорытпасының микроқұрылымы мыспен сурьманың қалайыдағы b қатты ерітіндісі (қара аймақтар) және b-күйтүрдің қатты қатденелері (ашық шаршы) құрайды. Sn - Sb қос қорытпа қатайғанда бірінші кезекті b күйтүрі қаттыға айналады. Сұйық күйтүрге қарағанда, содан пайда болған, b күйтүрінде сурьманың көлемі әлдеқайда көп болады.

Қалайы сурьмаге қарағанда үлкен тығыздықпен ерекшеленеді, сон-дықтан b-күйтүр қалқып шығады да, салыстырмалы салмағы бойынша ликвация пайда болады. Оны жою үшін мыс енгізіледі. Ол қалайымен бірге e-күйтүр (Cu3Sn) түзіледі. Бұл күйтүр барлық көлем бойынша бірқалыпты таралады және жұлдызша секілді мысты қатденелер түрінде болады (12.2-сурет). e- күйтүрден кейін b-күйтүр қатденелері түседі, бірақ олар қалқып шыға алмайды, өйткені Sn - Sb - Сu үштік қорытпада бұған e-күйтүрінің ұсақ қатдене кедергі жасайды. b -күйтүр кристалдары оларда батып қалады және өседі.

Б83 қорытпаның құрылымы Б89 қорытпаның құрылымымен бірдей, бірақ одан b-күйтүрінің (Sn - Sb) қатденелері және химиялық қосылыс-тың Cu3Sn үлкен мөлшерінен ажыратылады.

Бұл қорытпаларда күрделі легірленген a- қатты ерітіндісі - жұмсақ негізі, ал b-күйтүрінің қоспалары мен Cu3Sn химиялық қосылыс қатты құраушылары болады.

Қалайылы баббиттер өте жақсы ішпектік қорытпалар болып табылады және бу құбырларының, құбыр басқыштарының, басқыштардың, дизель-дердің, бу машиналарының және жоғары жүктелген қондырғылардың құймаларына пайдаланады.

12.2-сурет. Б89 баббитінің микро-құрылымы; х100

12.3-сурет.БТ баббитінің микро-құрылымы; х100

Қорғасын негізіндегі қорытпалар

Қорғасын негізіндегі қорытпалар қалайылы баббиттердің ауыстыру-шылары болып табылады. Өнеркәсіпте ең көп қолданыс тапқан мыстың аз қосымшасы бар қорғасын мен сурьманың қорытпасы (БС) және қорғасын-ның кальций және натрийдің қорытпасы (БК).

Pb - Sb күй-жай кестесызбасына байланысты (12.4-сурет) БС қорыт-пасы эвтектикадан кейінгі (>13%Sb), қорытпаның құрылымы b(Sb) қатты ерітіндінің І ретті қатденелерінен және a(Pb)+b(Sb) эвтектикасынан тұрады. Дұрыс болған қатденелер түріндегі сурьма ішпекті қорытпалардың қатты құраушысы болып табылады. Оның құрамында 87% Pb болса да, ол баббиттегі a-күйтүрге қарағанда қатты немесе өте мортсынғыш мысты қорғасынды қорытпаға енгізу мен оны баббитке енгізу мақсаттары бірдей. Ол қорғасынмен байытылған сұйық күйтүрде бірқалыпты таралып Cu2Sb қосылысын түзеді және қалқып шығуына кедергі жасайды.

12.4-сурет. Pb – Sb күй-жай кестесызбасы

БК қорытпасы Pb - Cu - Na үштік жүйесіне жатады, қорытпаның құры-лымы 12.5 -суретте көрсетілген. Бұл жағдайда қорытпаның жұмсақ негізі ретінде қорғасындағы натрий мен кальцийдің қатты ерітіндісі болып табылады, қатты құраушылары - Pb3Са кристалдары. Қорғасын мен қатты ерітінділер құрайтын енгізілген натрий және кальций қосымшалары оның қаттылығын жоғарылатады. БК қорытпалардың БС қорытпаларына қарағанда мортсынғыштығы төмен, ал тозуға төзімділігі жоғары. Олар соқ қы күштердің әсеріне жақсы қарсыласады, сондықтан темір жолдарының жылжыма құрамбөліктерінің ішпектерінде жақсы жұмыс істейді.

12.5-сурет. БК баббитінің микро-

құрылымы; х100

12.6-сурет. Б16 баббитінің микро-

құрылымы; х100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]