Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТКН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать
  1. Апаттан кейін адам дем алмағанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Егер адам дем алмаса сізде оған көмектесу үшін 1-2 минут ғана бар, өйткені адамның миына 3 минуттан артық уақытқа дейін оттегі бармаса, клиникалық өлім пайда болады. Іс-әрекеттеріңізді әңгімелеңіз.

І әрекет. Адамның пульсін тексеру,егер адам дем алмаса пульс жоқ болады, еріні, құлағы, беті ақырын көгере бастайды. Кеудесі көтерілмейді.

ІІ. Адамның дем алудың жолын тазарту. Мүмкін адамның аузы толған құсығынан немесе сілекейден демалмай жатыр, тілі тамағына түсіп кеткен, тамағы қатты тартылып жұқалап кетті және сол себептен адам дем алмай жатыр.

Сондықтан:

  1. Адамның басын шайқалтыңыз, жақты көтеріп аузыңды ашыңыз.

  2. Адамның тілі тамағына түссе, оны саусақтармен дұрыстап жіберіңіз.

  3. Адамның басын не солға, не оңға бұрып, оның аузын сілекейден және құсығынан босатыңыз.

  4. Егер адамның аузы қатты тістеленіп жатса, онда төменгі жақтың бұрыштарын алға тартып, содан кейін подбородокті төмен түссіріп ауызынды ашыңыз.

  5. Егер адам жоғарыда айтып кеткен қимылдан өзі демалып қалса, онда оны кеудесіне жатқызып басын не оңға не солға шайқалтыңыз.

  6. Егер адам дем алмаса, онда оған жасанды дем беру бастаңыз( ауздан аузына немесе қолдарын көтеріп төмен түсіру)

  7. Егер адамның жүрегі соқпаса және пульс жоқ болса, онда жасанды дем берумен бірге жүректің тура емес массажды жасау қажет.

СОӨЖ №5.Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі

  1. Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі

Техносфера– адамдардың көмегімен жасалған техниканың əсерінен тікелей жəне жанама əсер ететін биосфераның регионы (техносфера – қала регионы).

Ғылыми-техникалық үрдіс адамзатқа үлкен өзгеріс алып келгенмен адам және қоршаған ортаға ешбір жаңалық әкелмеді. Фиизкалық және химиялық тіршілік ету ортасының техногенділігі артты, өмір ритмі жеделдете бастады, психологиялық еңбек пен әр түрлі кәсіби тұрмыстық топтардың жағдайлары өзгерді.

Айқын техногенді өзгерістер ортаның сапалы және сандық сипаттамасы өндірістік ортада байқалады. Өндірістің дамуы адамның тіршілік әрекеті үшін оның зиянды және қауіпті факторлер деңгейінің жоғарлауымен және оның сандық өсуімен байқалады.

Мысалы, материалдары плазмалы өңдеудің прогресивті қолданылуы мен енгізілуі электромагнитті өрістен, шу деңгейінің жоғарлығынан, улы аэрозольден, электр желісінің жоғарғы қысым әсерінен қорғану құралдарын қажет ету жағдайын туғызады. Жеңіл көлік шығару транспорт мәселелерін шешкенімен, бірақ ол жолдағы жоғарғы жарақаттану деңгейіне алып келді, ол улы ластанудан табиғат ортасы мен адамның қорғанысы бойынша қиын шешімі жоқ мәселелерге әкеліп соқты.

Өндірісте техникалық құрылғылардың санын, жүйесін, технологияларын пайдалану жұмыскерлердің денсаулығына әсер ететін жағымсыз факторлер санының өсуіне алып келді. Өндірістік-шаруашылық қызметтің көлемі әсерінен өндірістік ортада, биосферада жағымсыз жағдайлар пайда болып жатыр оның экологиялық сипаттамасы адам потологиясына әсер етуде.

Табиғи ортаға антропогенді дамудың әсері аумақты сипаттағы мәселеге айналып отыр. Бұл әсер зиянды ластаушы заттардың қалдықтары ұлғаюы мен атмосферада улы қоспалардың концентрациясының жоғарлауымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар табиғи орта мен адамға қышқыл жаңбыр түрінде, бу түрінде, озон қабатвнвң бұзылуы түріндегі екінші түрдегі жағымсыз әсер ету бойынша байқалады.

Атмосфераның ластануының жасанды және табиғи түрлерге ие. Атмосфераның басты және аса қауіпті ластануы көзі болып өндірістік, транспорттық, және тұрмыстық қалдықтар табылады. Бұлардың әр көз ластануларының үлесінен ауаның ластануы оның орнына байланысты қатты айырмашылығы бар.

Құрылымы мен сипаты бойынша атмосфераға әсер ету ерекшеліктері ережеге сәйкес механикалық және химиялық болып бөлінеді.

Атмосфералық ластанулар атмосфераға қатысты алғашқы және нәтижеге байланысты екінші болып бөлінеді. Атмосфераға түсетін күкірт газы күкірт ангидридін қышқылдандырады, олар су буымен байланысқа түсіп күкірт қышқылының тамшыларын түзеді. Күкірт ангидридінің аммиакпен байланысынан аммоний сульфатының криталдары түзіледі.

Қышқылды тұнбалар – күкірт және азот қышқылдары, олар күкірт диоксиді мен азоттың судағы ерітіндісінен түзіледі және ол жаңбыр, тұман, қар, және шаңмен бірге жер бетіне түседі.

Ауалы ортаның құрамындағы канцерогенді заттарды зерттеу нәтижелері, адамдарда қатерлі ісік ауруларының пайда болуы канцерогендерді аз мөлшерде ұзақ уақыт пайдалануына байланысты болатындығын көрсетті.

2.Техносфералық қауіпсіздікдегеніміз–бұл қазіргі заманғы әлемде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен тіршілігі үшін жайлы техносфераны қалыптастыру, табиғи ортаға келтірілетін техногендік әсерді барынша азайту, заманауи техникалық құралдарды, бақылау және болжау әдістерін пайдаланудың есебінен адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалу.

Тапсырмалар

І. 1. ҚӘУЗ бен улағыш заттардың негізгі түрлері

Қатты әсер ететін химиялық заттардеп шаруашылық мақсатында қолданылатын және әртүрлі бұзылған немесе зақымданған технологиялық сыйымдылықтардан, қоймалардан және кұрылғылардыңшығуы кезінде адамдардың жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.

Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қатты улануы кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі көбіне жиі қолданылады. Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:

  • ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);

  • ерекше жалпы уландырушы күші бар заттар (көміртек тотығы, ніл қышқылыжәне т.б);

  • тұншықтырушы және жалпы уландырушы күші бар заттар (акрилонитрил,күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, күкіртті ангидрит жәнет.б.);

  • нейротропты улар (күкірт көміртегі, тетаэтил-қорғасын, фосфор органикалыққоспасы);

  • тұншықтырушы және нейротропты күші бар заттар (аммиак, гептил, гидразинжәне т.б.);

  • метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б

У лағыш заттарды жіктеу:

  • Жүйке жансыздандыратын: зарин,зоман, В-газдары, ВХ;

  • Тері іріңдік немесе резербтивтік әрекетті: иприт, күкіртті және азотты люиприт;

  • Т ұншықтырғыш әрекетті: фосген, дифосген;

  • Жалпы улағыш әрекетті: СО, хлорциан, синил қышқылы, лизергин қышқылы;

  • Уақытша қатардар шығару: психологиялық және инкапостанаттар ( кереңдік, соқырлық, шок), маскалин;

  • Тітіркендіргіш әрекетті: хлорпикрин, хлорацетофенон.

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар бөлінеді:

  • Жалпылама улылар – ағзаны жалпы улайтын, жеке мүшелерді ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

  • Қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

  • Аллергия тудыратын заттар;

  • Мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;

  • Канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;

  • Бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа заттар.