- •Агенттіктің орталық аппараты
- •II. Азаматтық қорғаныстың құрылымдық бірлігі
- •Апаттан кейін адам дем алмағанда көрсетілетін алғашқы көмек.
- •2. Радиациялық, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.
- •3. Химиядан қорғайтын жеке пакеттің (ипп-8, 10) мақсаты мен құрылысы.
- •IV.Жұқпалы аурулар
- •3. Терінің паразитарлы аурулары
- •Адам өмірінің тіршілігінің табиғи сипаттағы тж-ы.
- •2.Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілері
- •Ядролық қарудың құрылу тарихы туралы не білесіз?
- •Ядролық қарудың қандай зардаптары болуы мүмкін?
- •1.Алғашқы жер сілкінісі кезінде не істеу қажет?
- •2. Жер сілкінісінің түрлері
- •3.Эвакуациялық шараларды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Химия факультеті
Бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы
СОӨЖ
Орындаған: ХТНВ-11 тобының
студенті Касабаева Б.А.
Тексерген: Физиология кафедрасының
Аға-оқытушысы – Сарсембаева А.Ш.
Қарағанды 2017
СОӨЖ №1Тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне кіріспе. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері саласындағы заңды және құқықтық актілер.
Келесі ұғымдарға жазбаша жауап беріңіз.
«Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері»- адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Азаматтық қорғаныс– бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау факторларының әсерінен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
Шаруашылық жүргізуші объект– дегеніміз өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық өндіріс пен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланатын, тәртіптер мен нормалар қызметінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.Ұйым – дегеніміз бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асыру үшін және белгіленген ережелер мен нормалар негізіндежұмыс жасайтын адамдар тобы.
Қ
Агенттіктің орталық аппараты
Р АҚ-на тікелей басшылық ҚР-ның ТЖ жөніндегі агенттіккежүктелген. ТЖ жөніндегі ҚР агентігі ҚР үкіметінің құрамына кірмейтін, салааралық үйлестіруді, сондай-ақ, табиғи және техногенді сипатты ТЖ ескерту мен жою, ҚР Азамттық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау кен саласындағы бақылау арнайы атқарушы және рұқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады.
Департамент бөлімшесі
Құрылымдық бөлімшесі
Қазіргі уақытта агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:
ТЖ-ды ескерту департаменті;
Жедел іс-әрекет департаменті;
Мемлекетті өрттен қорғау департаменті;
АҚ және әскери бөлімдер департаменті;
ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі департаменті;
Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаменті.
Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерімен келісе отыра агенттік төрағасы тағайындайды.
Агенттік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:
Облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда);
Қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары);
Аудандық бөлімшелер, сондай-ақ агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;
Біліктілікті көтеретін республикалық курстар;
Республикалық дағдарыс орталығы;
Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;
Химиялық-радиациялық зертханалар;
Республикалық жедел-құтқару топтары;
Облыстық жедел-құтқару орталықтары;
Аймақтық аэромобильді топтары;
АҚ әскери бөлімдері.
АҚ туралыҚазақстан Республикасының Заңы1997 жылғы 7 мамырда қабылданды.
АҚ негізгі міндеттері:
Басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
АҚ күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;
Радиациялық, химиялық, биологиялық жығдайды қадағалау және оған зертханалық бақылау жасау;
АҚ әскери құрамаларын жұмылдыруға әзірлікті қамтамасыз ету;
Шаруашылық жүргізу шаралары мен нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
Қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және әзірлікте ұстау;
Халыққа орталық және жергілікті атқару органдарға адмдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау;
Іздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
Азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, жем-шөпті, мал мен өсімдіктерді радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.
АҚ жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.
Аймақтық дегеніміз– әр облыс, қала, аудан территориясында құрылады.
Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың органдары болады. ҚР АҚ-қа жалпы басшылықты ҚР-ның премьер-министрі жүргізеді.
АҚ құрамаларыбейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қатері төнгенде жәнетуындағанда авариялық құтқару жұмыстарымен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған.
АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық өндірістікпринцип бойынша құрылады және аумақтық, объектілік болып бөлінеді.
АҚ құрамаларының негізгі түрлері:
құтқару құрамалары – барлау, іздестірі және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады және құрама құтқару отрядынан, құтқару командасынан немесе адамдарды іздестіру тобынан, барлау тобынан тұрады;
инженерлік құрамалар – инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетін аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бүліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылады. Олар инженерлік, жол-көпір командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады.
АҚ-ты ұйымдастыру заңдылықтары мен тәртіптері АҚ республиканың бүкіл аумағында аймақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.
АҚ және ТЖ қызметтері – ҚР Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, қалалық АҚ пен ТЖ-лар қызметтері.
АҚ басқару органдарына мыналар жатады:
ҚР-ның Премьер-министрі;
Республикалық АҚ штабы;
ТЖ жөніндегі комиссия;
Облыс әкімі;
Қала әкімі;
Аудан әкімі;
Әр мекемедегі бірінші бастық.
АҚ қызметкерлері:
Байланыс қызметкерлері;
Барлау қызметкерлері;
Медицина қызметкерлері;
Өрт сөндіру қызметкерлері;
Техника қызметкерлері;
Радиациядан қорғау қызметкерлері;
Химиялық қарудан қорғау қызметкерлері.
ІІ. Келесі тапсырмаларды орындаңыз
1.«Тіршілік қауіпсіздік негіздері»- бұл адамның өзінің қоршаған орта мен оны қорғаудың ара қатынасына бағыттталған, шаралар кешені, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерді тұрақты функционирлеу, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою және ескерту, сонымен бірге қазіргі заманғы құралдарын қолдану.
Тіршілік қауіпсіздігі– бұл адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға бағытталған, ТЖ-да шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипааттағы ТЖ-лардың салдарын жою және ескертуге, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануына бағытталған шаралар кешені.
2. Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін.Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.
Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация).
Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.
Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.
Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).
Үшінші міндетті елімізде денсаулық сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады.
Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін.
Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:
адамның өзі;
өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;
адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.
Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уакытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі 2-суретте келтірілгсн нысан көп қажетке жарары анық,
Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс.
Шыққан тегі бойынша:
техногендік әсер ету;
антропогендік;
тұрмыстық;
спорттық;
жол-көліктік.
ІІІ. « Тіршілік қауіпсіздік негіздері» кестесі.
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» курсының мақсаты: |
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» курсының міндеті: |
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» курсының негізгі түсініктері қарастырылатын мәселелері: |
Болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірбиелік дағдылармен қаруландыру |
Зардап шеккен адамдарды құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен таныстыру |
Адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру заңдылықтары, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары |
Табиғи және техногендік сипаттағы тж-лар мен осы заманғы зақымдаушы құралдардан халықты, қоршаған ортаны, өндіріс мамандарын және ауыл шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу, сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білу және ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚР-ның заңнамалық актілерін оқып-үйрету |
Қазіргі заманғы жаңа қару түрлерімен, яғни жаппай қырып жою қару құралдары мен төтенше жағдайлардың зардабынан халықты қорғау әдістерін меңгерту |
Шаруашылық нысандарының төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері |
|
|
Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік-техникалық және ұйымдық негіздері |
СОӨЖ №2Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныстың міндеттері, құру жұмыс істеуінің міндеттері, принциптері
1) АҚ құрылымдары, бағытталуы және олардың құру тәртібі
АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қатері төнгенде және туындағанда авариялық құтқару жұмыстарымен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған. АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық, объектілік болып бөлінеді. Территориялдық құрылымдар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және сәйкесінше АҚ басшыларына бағынады.
Территориялдық құрылымдарға келесілері жатады:
Барлау – ауада, өзендерде, көлдерде және теміржолдарда барлау бөлімшелері;
Құтқару – құтқарушылар тобы, адамдарды іздеу тобы (арнайы үйретілеген иттері бар көсемдер)
Дәрігерлік – госпитальдар, отрядтар, бригадалар;
Инженерлік – инженерлік топ, жол-көпір топтары;
Өртке қарсы- өрт сөндіру топтары;
Апаттық-техникалық – электр желілері, газ тораптары, су құбырлары, канализация және жылу құбырлары желілері бойынша апаттық-техникалық топтар;
Радиациялық және химиялық қорғаныс – потенциалды қауіпті объектілердің арнайы топтары, радиациялық және химиялық бақылау бекеттері;
Материалдық-техникалық қамтамасыздау – тамақтанудың жылжымалы бекеттері, азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету;
Қоғамдық тәртіп сақшылары – қоғамдық тәртіп сақтау топтары;
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау – жануарлар мен өсімдіктерді қорғау топтары;
Басқа – жергілікті шарттарға байланысты тапсырмаларды орындау үшін ведомства қарамағындағы территорияларды құрылған басқа да құрылымдар.
2) АҚ негізгі міндеттері:
1. Басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
2. АҚ күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;
4. Радиациялық, химиялық, биологиялық жығдайды қадағалау және оған зертханалық бақылау жасау;
5. АҚ әскери құрамаларын жұмылдыруға әзірлікті қамтамасыз ету;
6. Шаруашылық жүргізу шаралары мен нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
7. Қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және әзірлікте ұстау;
8. Халыққа орталық және жергілікті атқару органдарға адмдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау;
9. Іздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10.Азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, жем-шөпті, мал мен өсімдіктерді радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.
АҚРеспубликаның бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принципбойынша ұйымдастырылды. АҚ шараларын орындауды ҚР-ның орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ҚР-ның АҚ ұйымдары, басқару органдары мен күштері және азаматтары жүзеге асырады.
3) АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылып, объектілік және аумақтық құрамалар болып бөлінеді.
Объектілік құрамаларұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделері үшін пайдаланылады.
Аумақтық құрамалараудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті АҚ бастықтарына бағынады.
І. Азаматтық қорғаныс
№ |
Анықтама |
Міндеттері |
Қызметі |
|
1 |
АҚ-тың ТЖ кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етідегі орны мен міндеттері |
Халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді, сондай-ақ оны АҚ-ның тиісті бастықтарына бекіту |
Ықтимал су тасқындары,селдерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды; ТЖ кезінде баспанасыз қалған халық үшін уақытша жасайды |
|
2 |
АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары |
Барлау, іздестіру, және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, халықты сенімді қорғауда қамтамасыз етіп, қауіпті жағдай туғанда көмек көрсету |
ТЖ уақытын болжап, апаттан қорғанудың тиімді жолдарын құрастыру, шығынды барынша азайтуды қамтамасыз ету. Материалдық қамсыздандыру; Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау |
|
3 |
АҚ негізгі міндеттері |
Басқару, құлақтандыру, іс-қимыл жасауғаұдайы әзір болу, байланыс жүйесін ұйымдастыру, құтқару жұмыстарын жүргізу және т.б жатады |
ТЖ туғанда адамдардың өмірі мен денсааулығын сақтау,ТЖ болжау мен бағалау, халықты эвакуациялауды жүзеге асыру, зақымдау ошақтарына барлау жүргізу. Жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану; Өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу |
|
