Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.34 Mб
Скачать
    1. Сурет . Әсер ету уақытына байланысты жүктемелер классификациясы

Құрылыс құрылымдарын есептеу барысында физикалық тұрғыдан әсер ету мүмкіндігі бар ең шамалы жүктер мен әсерлердің үйлесімділігін ескеру қажет.

ЖҮКТЕМЕЛЕР ҮЙЛЕСІМІ

НЕГІЗГІ

ЕРЕКШЕ

І ТОП

ІІ ТОП

ТҰРАҚТЫ

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ С 1=0.95

ТҰРАҚТЫ

ТҰРАҚТЫ

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ

С 1=0.95

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ

С 2=0.8

БІР ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ

БІР ЕРЕКШЕ

БІР НЕМЕСЕ ЕКІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ, 2=0.8

1.2 Сурет. Жүктер мен әсерлер үйлесімділігінің сұлбасы

  1. Жүктемелердің нормативті мәндері, жүк сенімділігі коэффициенті

Тұрақты жүктемелер

Тұрақты жүктеме үшін нормативтік мәндері құрылымның нақты салмағы жөнінде дайындаушы зауыттың мәліметтерін есепке ала отырып, жобалық геометриялық және құрылымдық өлшемдері және материалдар тығыздығының орташа мәндері бойынша анықталады.

Уақытша жүктемелер

Ғимараттарды жабуға арналған пайдалы жүктеме ғимарат мақсатына тәуелді және ҚНжЕ 2.02.07-85 «Нагрузки и воздействия» 3-кестесі бойынша анықталады.

Жүктеме бойынша γf сенімділік коэффициентінің мәні ҚНжЕ 2.02.07-85 «Нагрузки и воздействия» п.3.7 сәйкес арқылы белгіленеді.

Қар жүктемесі құрылыс аймағына тәуелді.

Қарлы аймақты ҚНжЕ 2.02.07-85 «Нагрузки и воздействия» міндетті 5 - қосымшасы 1- карта бойынша анықтаған жөн. Содан кейін осы ҚНжЕ-дегі 4-кесте бойынша қар жүктемесінің есептік мәнін анықтайды. Қар жүктемесінің нормативтік мәнін есептік мәнді 0,7 коэффициентіне көбейту арқылы табады.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

МК қолданатын жобалардың құрамы қандай?

Шекті күйлер теориясы қалай пайда болды?

Конструкция элементтерінің қандай есептеулері орындалуы керек?

2 Дәріс Металл конструкциялары жөнінде жалпы мәліметтер. Металл конструкцияларына арналған материалдар

  1. Қолданылу аймағы. МК артықшылықтары мен кемшіліктері

  2. Құрылыстық болаттар

  3. Болаттың физикалық – химиялық қасиеттері

  4. Алюминий қорытпалары

  5. Иленген пішін сұрыптамасы

1. Қолданылу аймағы. МК-ң артықшылықтары мен кемшіліктері.

Металл конструкциялары әртүрлі ғимараттар мен үймереттерде, әсіресе едәуір ашық аралықтарда, биіктіктерде және жүктемелер кезінде қолданылады.

Металл конструкцияларының қолданылу аймағы:

  1. түгелдей болатты тіректерді ашық аралықтары ұзын (жағып

жылытылатын бөлмелерде 30м және одан да жоғары, жылытылмайтын бөлмелерде – 18м және жоғары), үлкен биіктіктегі, жүк көтерімі жоғары көпірлі кранмен (металлургия өнеркәсібі, ауыр машина жасау зауыттары цехтарында) жұмыс жасайтын өндіріс ғимараттарында қолданылады;

2) түгелдей болатты тіректерді мамандандырылған кәсіпорындардың

ағымды желілерінде жасалатын типті жеңіл салмақ түсіретін және қоршайтын конструкциялар ретінде өндіріс ғимараттарында қолданады;

  1. қоғамдық мақсаттағы ғимараттарда (спорт ғимараттары, базар, көрме павильондары, театр) және өндіріс мақсатындағы кейбір ғимараттарда (ұшақтұрақ, авиажинақтау цехтарында, лабораторияларда);

  2. ұзын ашық аралықтары бар көпірлер құрылысында;

  3. орташа ашық аралықтары бар мұнаралы ғимараттар құрылысында;

  4. болат табақтардан интенсивті жылу шығаратын цехтардың ыссы учаскелеріне жамылғы жасалады;

  5. сұйық қойма, газгольдер, бункер, үлкен диаметрлі құбырлар және химия өндірісінде, мұнай өңдеу және түрлі домналық кешендерде, ғимараттарда қолданылады.

Металл конструкцияларының негізгі артықшылықтары:

  1. Жоғары салмақ көтеру қабілеті. Металл конструкциялары металлдың беріктілігінің арқасында едәуір күшті қабылдай алады;

  2. Жоғары төзімділік. Металл құрамының біртектілігіне және иілгіштік қасиетіне байланысты металл конструкцияларын дәлірек есептеуге болады.

  3. Темірбетон, тас және ағаш конструкцияларымен салыстырғанда жеңілділігі және тасымалдауға қолайлылығы.

  4. Материал мен байланыстарының бірыңғайлылығы. Суға және газға төзімді конструкциялар дайындауға мүмкіндік береді;

  5. Индустриялылығы. Конструкциялар мамандандырылған зауыттарда жасалады және ғимараттар құрылыс орнында жоғары механикаландырылған монтажбен тұрғызылады;

  6. Жүктеме көбейгенде жеңіл иіле алатындықтан пайдалануда ыңғайлы. Көбінесе ғимараттарды қайта құру кезінде қолданылады, жеңіл жөнделеді.

Метал конструкцияларының кемшіліктері:

  1. Коррозияға ұшырайды. Бұл оларды қорғау шараларын жүргізуді талап етеді.

  2. Өртке төзімділігі аз. Болат үшін 400°С-тан жоғары және алюминий қорытпалары үшін 200°С-тан жоғары температурада материал еріп жылжи бастайды (тұрақты жүктемеде пластикалық деформацияның анық артуы байқалады).

  3. Бағасының жоғарылығы. Темір кені орны толтырылмайтын пайдалы қазба болып табылады.

2. Құрылыстық болаттар

Болат – темірдің көміртекпен және басқа да қоспалармен қорытпасы.

Болаттың химиялық құрамы оның физикалық – механикалық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір химиялық элементтер қоспалаушы болып келеді. Олар болаттың кейбір қасиеттерін жақсартады. Ал, оны балқыту үрдісінен қалған кейбір элементтер зиянды, әрі болаттың қасиеттерін нашарлатушы болып табылады.

Болаттар

Қоспалаушы компоненттер құрамы бойынша

Көміртекті

Қоспалаушы компоненттер жоқ

Жоғары қоспаланған

Қоспалаушы компоненттер 10%-дан жоғары

Аз қоспаланған

Қоспалаушы компоненттер 2,5%-ға дейін

Орташа қоспаланған

Қоспалаушы компоненттер 2,5-10% аралығында

Жоғары көміртекті

Құрамындағы көміртек 0,6-2%

Орташа көміртекті

Құрамындағы көміртек 0,25-0,6%

Аз көміртекті

Құрамындағы көміртек 0,25%-ға дейін