Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.34 Mб
Скачать

4.16. Сурет. Аралықты болат бағанаға топса арқылы бекіту:а) аралықтардың тірелу сызбасы; б) аралықтар мен бағаналар үшін тірек сызбасын есептеу;

1-аралықтар; 2-бағаналар; 3-болат аралықтар; 4-бұрандамалар;

5.8. Сурет. Түрлі білік қималары бар болат бағаналар бастары:

а) бағана біліктері қимасы – қоставр; б) құбыр; в) төрт бұрыштар; 1-бағана білігі; 2-тіреуіш тақта; 3-орталықтандырушы пластинка; 4-қатты қабырға.

Орталық сығылған болат бағаналар негіздері. Бағана негізі жүктемелерді тарауға және іргетасқа жеткізуге арналған. Егер жүктемені таратпайтын болсақ, онда болат пен бетонның төзімділігі әртүрлі болуына байланысты болат біліктің кіші өлшемді ауданы едәуір салмақты бетонға беріп отыратындықтан, мұндай бағана іргетас бетонын қиратады. Сонымен қатар, негіз бағаналарды іргетасқа бекітуші болып табылады.

Орталық сығылған бағаналарда негіздердің екі типі қолданылады: фрезамен өңделген бөренелері бар негіздер және таратушы конструкциясы – травесі бар негіздер. Қарапайым жағдайда орталық сығылған бағаналар негіздері бағана біліктері бекітілген тірек тақтайлардан тұрады. Бағана іргетасқа қысымды тірек тақтайлары арқылы түсіреді.

Бағана негіздері бойынша келесі көрсеткіштер есептеуге жатады: тірек тақтайлар өлшемі (тақтайдың ауданы мен қалыңдығы), траверстің биіктігі мен қалыңдығы және т.б.

Ауыр жүктелген ортадан тыс сығылған бағаналар үшін негіздерді есептеу едәуір қиындау.

Қарапайым жағдайда тірек тақтайдың өлшемдерін (ұзындығы мен енін) есептеумен анықтау керек. Бұл жағдайда тірек тақтайдың қалыңдығы есептеусіз-ақ 20-60 мм аралығында алынса да болады.

Тірек тақтай өлшемдерін іргетас материалының (бетонның) төзімділік шартына сәйкес анықтайды.

Травес бағана біліктерінен тірек тақтайлары бойына күштердің таралуына әсер ететіндіктен, таратушы конструкциялары (траверсі) бар негіздер тірек тақтайдың қалыңдығын азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай негізден тұратын бағаналарды жобадағы орнына бұрандамалар арқылы бекітіп, одан кейін тақтайдың жоғарғы жиегіне дейін бетондалады, және де ол анкерлік бұрандамалармен бекітіледі.

Анкерлік бұрандамалар диаметріне конструктивті түде 20 – 30 мм, ал траверс қалыңдығына 10 – 20 мм алынады.

    1. Сурет. Ұстын базасы

1-ұстын стержені; 2- траверса; 3- тірек плитасы; 4- анкерлі бұрандалар; 5- іргетас;

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Сығылған сырықтар қолданылатын бағаналар не үшін арналған?

Бағана қандай бөліктерден тұрады?

Орталық-сығылған сырықтардың көтеруші қабілеті теориялық түрде қалай орнатылады?

Иілгіштіктің қандай физикалық мағынасы бар?

6 Тақырып. Болат арқалықтар және арқалық торлары

  1. Жалпы деректер. Арқалықтарды қолдану аймағы.

  2. Прокат арқалықтарын есептеу

  3. Арқалық торлары

  4. Болат арқалықтардың түйіндері мен бөлшектері

  5. Қазіргі арқалықтар

  1. Жалпы деректер. Арқалықтарды қолдану аймағы.

Арқалықтар құрылыс кезінде ең кең қолданылатын элемент.

Олар ғимараттардың жабындары мен қабатаралық жабуларында, кранасты эстакадаларда, өндірістік цехтардың жұмыс алаңдарында, көпірлер мен басқа алуан түрлі құрылыс түрлерінде қолданылады.

Арқалықтар орнына бойлай конструкциялар қолданылуы мүмкін, бұндай конструкциялардың еңбексыйымдылығы жоғары, ал материал шығыны (кейбір аралықтарда) азырақ болады, сондықтан арқалықтарды аз аралықтарды жабу үшін қолданады.

Көпшілік жағдайда екітаврлы көлденең қималы арқалықтар қолданылады. Тік бетті қабырға дейді, ал көлденең беттерді - белдік немесе сөре деп атайды.

Арқалық биіктігі деп сөрелердің сыртқы ернеулерінің арақашықтығын айтады (яғни, арқалықтың толық биіктігі).

Қабырға немесе иілген швеллер

Сөре немесе белдік