Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.34 Mб
Скачать

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан

аграрлық-техникалық университеті

«Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасы «Құрылыс конструкциясы-I» «Строительные конструкции-I»

5В072900 - «Құрылыс» мамандығының студенттеріне

арналған дәрістер жинағы

(қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

Орал 2014

УДК

Монтаев С.А., техн.ғыл.д-ы., проф.,

Шакешев Б.Т., техн.ғыл.канд., аға оқыт.,

Адилова Н.Б., техн.ғыл.канд., аға оқыт.,

Курманиязова Н.Ж., аға оқыт., магистр

Спрыгин Н.Ю., аға оқыт., магистр

Сын-пікір беруші: Нариков Қ.А., техн.ғыл.канд., аға оқыт.,

5В072900 - «Құрылыс» мамандығы бойынша оқитын студенттерге

қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі

«Құрылыс конструкциясы-I» пәнінен дәрістер жинағы

Оқу басылымы құрылыс конструкциялары пәні бойынша дәрістер жинағы болып табылады.

Жинаққа, құрылыс құрылымдарын шектік жағдайда есептеу әдістері, бетонның, арматураның және темірбетонның физико-механикалық қасиеттері және осы есептеу әдісін құрылыс құрылылымдарының деформациялану сұлбасының әртүрлі жағдайларында қолдану (иілу, сығылу, центрден тыс сығылу және созылу), туралы дәрістер енгізілген. Әрбір дәрістен кейін құрылыс құрылымдарын есептеудің теориялық сұрақтары бойынша өзін өзі бақылау сұрақтары келтірілген. Дәріс материалдары мазмұны бойынша 5В072900 «Құрылыс» бағыты бойынша бакалаврлар дайындаудағы мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарына сай келеді.

«Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының отырысында талқыланды №10 хаттама «24 » мамыр 2014 ж.

Машина жасау факультетінің оқу-әдістемелік бюросымен ұсынылды

№ 10 хаттама «27» мамыр 2014ж.

Университет ОӘК құпталды № ___хаттама «____ » __________2014ж.

Рмқк «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті» 2014

Мазмұны

беттер

КІРІСПЕ

1 Дәріс

Құрылыс конструкцияларын жобалау және есептеу негіздері

2 Дәріс

Металл конструкциялары жөнінде жалпы мәліметтер. Металл конструкцияларына арналған материалдар

3 Дәріс

Болат конструкцияларының элементтерін есептеу

4 Дәріс

Металл конструкциялары элементтерін жалғау

5 Дәріс

Болат бағаналар

6 Дәріс

Болат арқалықтар және арқалық торлары

7 Дәріс

Болат фермалар

8 Дәріс

Бетон классификациясы, құрылымы, түрлі салмақ түсу кезіндегі беріктігі

9 Дәріс

Алдын ала кернеуге ұшыраған темірбетонды конструкциялардың есептеу ерекшеліктері

10 Дәріс

Тік қима бойынша майысушы элементтер беріктігін есептеу

Терминдер сөздігі

ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Құрылыс конструкцияларынан дәрістер жинағы жоғарғы оқу орындарындағы 5В072900 «Құрылыс» мамандығы үшін «Құрылыс конструкциясы-I» пәнінен бір үлгідегі бағдарлама негізінде жасалған.

Осы оқу басылымының әдістемелік ерекшелігі құрылыс құрылымдарын есептеу әдісін, практикамен тығыз байланыстыра отырып баяндау.

Теориялық материал өзін-өзі бақылау сұрақтарымен толықтырылған, бұл білім алушыларға берілген материалды толық меңгеруге және оны практикалық есептеуде қолдануға мүмкіндік береді.

Дәрістер жинағын дайындау барысында, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агралық-техникалық университетінің «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасында күндізгі және кешкі бөлімдердегі 5В072900 «Құрылыс» мамандығы бойынша оқитын студенттерге, осы пәнді оқу тәжірибесі ескерілген.

Дәрістер жинағы «Құрылыс» мамандығы бойынша күндізгі және кешкі бөлімдерде оқитын студенттерге арналған.