- •Қозғалу қызметін және беткей рефлекстерді зерттеу
- •Меншікті рефлекстерді зерттеу
- •Патологиялық рефлекстерді және клонусты зерттеу
- •Аяқ басының патологиялық рефлекстерін зерттеу
- •Бұлшықет парезін анықтайтын сынамалар
- •Беткей және шеткілік нервтердің тартылып-керілу белгілерін тексеру зерттеу
- •Меншікті және күрделі сезімдерді зерттеу
- •Жұп нервтерді зерттеу (і, іі, ііі, іv, vі)
- •Үш тармақты нервті зерттеу
- •Жұп нервтерді зерттеу (vіі, vііі)
- •Жұп нервтерді зерттеу (іх, х, хі, хіі)
- •Менингеальдық белгілерді зерттеу
- •Мишық қызметін зерттеу
- •Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттеу
- •Вегетативті нерв жүйесін зерттеу
- •Люмбальды пункция жасап, ликвор сұйықтығын алу
Ф-МК-003/026
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
«Неврология, психиатрия, наркология» пәнінен
тәжірибелік дағдыларды бағалау парағы
Қозғалу қызметін және беткей рефлекстерді зерттеу
№ |
Іс-әрекет алгоритмі |
|
|
Белсенді қозғалыстың көлемін зерттелушіге «қолыңызды көтеріңіз», «басыңды оңға бұр», «оң аяғыңызды көтеріңіз» секілді бұйрықтарды беру арқылы зерттеді. Пирамидалық жол зақымдалса, белсенді қозғалыс көлемі шектеліп, гемипарез болатынын анықтады. |
|
|
Қол-аяқтарындағы бұлшықет тонусын зерттелушіге пассивті қозғалыс жасау арқылы пирамидалық жол зақымдануынан спастикалық гипертония, перифериялық салдануда гипотония екендігін айтты. |
|
|
Қол-аяқтарында бұлшықет күшін анықтау үшін шынтақтан бүгілген қолдың қарын жазу үшін дәрігер сырқаттың шынтағын сыртынан ұстап, күшпен жазуға тырысады (аяқтың бұлшықеттерін де қарсыласу арқылы анықтайды, максимальды 5 балға дейін). Орталық салдануда күші кемігендігін айтты. |
|
|
Бұлшықет трофикасын визуальды түрде бұлшықеттердің солғандығын, азғандығын (перифериялық салдануда) байқайды немесе сантиметрлік таспаның көмегімен қол-аяқтарының жуандығын өлшеп салыстырып зерттеді. |
|
|
Конъюктивальді рефлексті зерттеу үшін, зерттелуші көзін жоғары және сәл сыртқа бұрады, сол кезде ұшталған тампон немесе жіңішке жұмсақ қағаз арқылы, кірпіктеріне тимей корниальдық қабын (қарашыққа тигізбей) тітіркендіреді. |
|
|
Көмей рефлексін зерттеде шпательді оң және сол жақ жұтқынқыншағына жанастырған кезде қалыпты жағдайда ол лоқсиды кейде жөтеледі. |
|
|
Жұмсақ таңдай рефлексін зерттеу үшін жұмсақ таңдайға штапель тигізгенде жұмсақ таңдай көтеріледі, |
|
|
Жоғарғы құрсақ рефлексін зерттеу үшін қабырға доғасы бойымен сырттан ішке штрих тәрізді сызып өткенде жоғарғы құрсақ бұлшықеттірінің жиырылуы |
|
|
Ортаңғы құрсақ рефлексін зерттеу үшін кіндік деңгейінде сырттан ішке қарай штрих тәрізді сызып өткенде сол тұстағы құрсақ бұлшықеттірінің жиырылуы |
|
|
Төменгі құрсақ рефлексін зерттеу үшін мықын қыры бойымен сырттан ішке қарай штрих тәрізді сызып өткенде төменгі құрсақ бұлшықеттірінің жиырылуы |
|
|
Табан рефлексін зерттеу үшін табанның ішкі және сыртқы жағын тітіркендіргенде бақайлардың иілуі. |
Меншікті рефлекстерді зерттеу
№ |
Іс-әрекет алгоритмі |
1. |
Қас үсті рефлексін зерттеу үшін қас үстіне балғашықты тигізгенде қабақтың жұмылуы |
2. |
Назопальпебральдық рефлексте мұрнының ұшына балғашықты тигізгенде қабақтың жұмылуы |
3. |
Төменгі жағының рефлексін зерттеу үшін зерттеу үшін, зерттелушінің сәл ашылған аузының иегіне неврологиялық балғамен жоғарыдан төмен қарай немесе зерттелушінің саусағы иегіне тірелген тырнақтық фалангасын алма-кезек балғамен зерттейді немесе шпательді төменгі жағының (оң және сол) ит тістеріне тақап, оларды да балғамен зерттейді. Қалыпты кезде жауаптары төменгі жақтың көтерілуі байқалады. |
4. |
Екі басты бұлшықет рефлексін зерттеу үшін, екі басты бұлшықеттің сіңірінен балғашықпен ұрғанда, шынтақтың бүгілуі. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады. |
5. |
Үш басты бұлшықет рефлексін зерттеу үшін, үш басты бұлшықеттің сіңірінен балғашықпен ұрғанда, шынтақтың жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады. |
6. |
Карпо-радиальды рефлексін кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғашықпен соққанда, қолдың білезік тұсында бүгілуі. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады. |
7. |
Жауырын-иық рефлексін зерттеу үшін жауырынның ішкі қырынан паравертебральді аймақтан балғашықпен ұрғанда иықтың ішке иілуі. |
8. |
Құрсақтың меншікті рефлексін зерттеу үшін симфизден 1,5см сыртқа неврологиялық балғашықпен соққылағанда сол аймақтағы бұлшықеттердің жиырылуы. |
9. |
Тізе рефлексін зерттеу үшін тізе тобығын неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшықеттің жиырылуына байланысты аяқтың тізеден жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады. |
10. |
Ахилл рефлексін зерттеу үшін өкше сіңірін балғашықпен соққылағанда үш басты бұлшықеттің жиырылуына байланысты табанның керіліп жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады. |
