- •Рецепт жазыңыз – преднизолон
- •Ситуациялық есеп
- •2.Рецепт жазыңыз – фозикард
- •Эталон ответов к билету №4
- •Ситуационная задача
- •Ситуациялық есеп
- •Эталон ответов к билету № 5
- •2. Рецепт жазу - энам
- •Эталон ответов к билету №6
- •План лечения:
- •Диспансеризация:
- •2.Рецепт жазу
- •Эталон ответов к билету №7
- •2)План дополнительного обследования:
- •Эталон ответов к билету №8
- •2.Зәрдің жалпы анализі
- •3.Қанның биохимиялық анализі:
- •Билет №16 ибс: Стенокардия напряжения фк 2 или 3
- •Зимницкий бойынша зәр сынамасы
- •Құрсақ қуысы органдары, бүйрек және өт қабының удз
Зимницкий бойынша зәр сынамасы
Үлес салмағы 1006-1018 бір тәуліктегі диурез 1500 мл, ДД-1200 мл, НД-300 мл.
Қорытынды: гипостенурия
Құрсақ қуысы органдары, бүйрек және өт қабының удз
Қорытынды: Бүйректердің орналасуы қалыпты. Оң жақ бүйрек – өлшемі: 8,0х3,1, ұлпасы – 1,4; ұлпасының жаңғырықтығы жоғарылаған. ТТЖ- 2-3 мм, түбекше 8 мм. Сол жақ бүйрек - өлшемі 7,8х3,0см., ұлпасы – 2,0см.; ұлпасының жаңғырықтығы жоғарылаған. ТТЖ 3-4 мм, түбекше 7 мм.
Өт қабы: қабырғасы 2 мм, сыртқы және ішкі контуры тегіс, көлемі 200 см3, қуысында гомогенді сұйықтық бар. Микциядан кейін қалдық зәр жоқ.
Бауыры, көкбауыры, ұйқыбезі жағынан өзгерістер жоқ.
Тапсырма:
1.Науқастағы клиникалық синдромдарды көрсетіңіз.
2.Диагнозды тұжырымдаңыз.
3.Диагнозы нақтылау үшін қандай қосымша зертханалық және инструменттік тексерулер қажет?
4.Ем тағайындаңыз
5.Осы ауру бойынша ДЗ рецептін жазыңыз.
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
№19 Билет
Құрастырған: Аринова А.Н.
Рецензент: доц. Смагулова А.Б.
Әйел, 55 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге мына шағымдармен келді: ішінің жоғарғы бөлігінде тамақ ішкен соң және шалқасынан жатқан кезде күшейетін орташа «белдемелі» ауырудың жиілеуі, бірнеше рет құсу, ішінің кебуі мен құрылдауы, үлкен дәреті 3-5 ретке дейін жиілеген, нәжісі көп мөлшерде, майлы, ботқа тәрізді, ауызы құрғап, шөлдейді.
morbi анамнезінен: 5 жыл бойы созылмалы холециститпен ауырады. Бұрын жылына 2-3 рет оң жақ қабырға астында жауырынға берілетін ұстама тәрізді тұйық ауырсынулар байқалған, спазмолитик қабылдаған кезде басылады. Аурудың өршуі құрамында өт айдағыш компоненттері (майлар, уылдырық, жұмыртқа сарысы, майонез, т.б. ) бар тағамдарды ішкен кезде болады. Терапевт пен хирургке қаралған, хирургиялық операциядан әйел бас тартқан. Соңғы 1,5-2 жылда жиілеген, пішінсіз үлкен дәрет тұрақталған, 3 кг арықтаған, ауызы құрғап, шөлдейтін болды, сұйықтықты көп ішеді, зәр бөліну жиілеген. Қабылдауға келгенге дейін 2 күн бұрын ем-дәм бұзылуына (майлы, қуырылған тамақ ішкен) байланысты науқаста осы аталған шағымдар пайда болды.
Vitae анамнезінен: Тbs, вен. аурулармен, Боткин ауруымен ауырмаған. Кәсіби зияндылық жоқ. Зиянды әдеттері жоқ. Жарақаттану болмаған, операция жасалмаған. Аллергоанамнезі қалыпты. Айтуынша тұқым қуалаушылығы ауыр емес.
Объективті: қараған кезде жағдайы орташа ауыр. Бойы 169 см, салмағы 50 кг. Терісі мен көрінетін шырышты қабаты қалыпты, құрғақ. Кеуденің сол жақ VIII бөлігінің иннервация аумағында терінің гиперестезиясы байқалады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек үні тұйықталған, шу жоқ. Жүрек ырғағы дұрыс. ЖСЖ – мин.80. АҚҚ – 130/85 мм.рт.ст. Тілі ылғалды, өңезделген. Іші жұмсақ, симметриялы, тыныс алу актісіне қатысады. Шоффардың холедохо-панкреаттік-дуоденальды аумағында орташа ауырсыну байқалады. Курлов бойынша бауыр көлемі: 10 – 8-7 см, бауыр оң жақ орталық бұғана сызығы бойынша қабырға доғасынан шықпайды. Өт қабы басқанда білінбейді. Көкбауыры білінбейді.
Зертханалық-инструменттік тексерулер.
Қанның клиникалық анализі: HB-132г/л, лейкоциттер-9х109/л,таяқша ядролық нейтрофилдер-4%, сегментті ядролық нейтрофилдер-68%, эозинофилдер-0 %, лимфоциттер-19%, моноциттер-5%, СОЭ-15 мм/сағ.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин-16,9 ммоль/л, түзу билирубин-3,8 ммоль/л, АСТ-28 МЕ/л, АЛТ-37 МЕ/л, амилаза-321 МЕ/л, ЩФ-230 МЕ/л, глюкоза-7,3 ммоль/л.
Зәр анализі: диастаза-143МЕ/л.
Нәжіс анализі: пішінсіз, консистенциясы ботқа тәрізді. Бұлшық ет талшықтары, көп мөлшерде май анықталды.
ЭГДС: асқазанда көп мөлшерде шырыш анықталды, ұлтабар буылтығы өзгеріссіз.
Құрсақ қуысы органдарының УДЗ – бауырдың көлемі үлкеймеген, контуры тегіс, паренхима құрылымы біртекті жаңғырықтығы аз. Қақпақша тамыр кеңеймеген (диаметрі 8 мм). Қабырға қалыңдығы (4 мм аса) және өт қалтасы мөлшері артқаны анықталды. Өт қалтасы қуысында дөңгелек пішінді бір тас (диаметрі 7 мм) табылды. Жалпы өт жолы кеңеймеген (5 мм жуық). Ұйқы безінің қабығы қалыңдаған, жаңғырықтығы төмендеген және оның басы мен денесінің мөлшері үлкейген, контуры тегіс. Ұйқы безі басының ісінуі байқалады.
Тапсырма:
1.Диагнозды нақтылаңыз.
2.Диагнозы нақтылау үшін қандай қосымша зертханалық және инструменттік тексерулер қажет?
3.Емдеу жоспарын тағайындаңыз (дәрі-дәрмекке рецепт жазу)
4.Диспансеризация.
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
№ 20 Билет
Құрастырған: Колбаев М.Т.
Рецензент: доц. Смагулова А.Б.
Ер адам 51 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына қайтадан келді, әрең бөлінетін жабыспалы ылғалды қақырықпен (бірлі-жарым түкірік) ұстама тәрізді жөтелге, күнделікті күндіз де, түнде де пайда болатын тыныс шығаруы қиын тұншығу ұстамасына, аздаған физикалық күш түскенде ентігуге, мұрын бітуіне шағымданады.
Ауру анамнезі: көп жыл бойы тұрақты мұрын бітуі мазалайды, екі жыл бұрын полипты риносинусит диагнозы қойылып, мұрынға полипотомия жасалды. Бір жыл бұрын ЖРВИ-мен ауырған соң ұстама тәрізді жөтел ұзақ сақталды. Жағдайы көктемде нашарлады, сәуір айында алғаш рет тұншығу ұстамасы пайда болды, тамыр ішіне эуфиллин еккен соң басылды. Ары қарай науқас өз бетімен антигистаминді дәрілер, эуфиллин қабылдаған, одан нәтиже болды. Соңғы ұстама тағы да ЖРВИ-дан кейін. Тұншығу ұстамасы күндізгі уақытта жиіледі, түнгі кезде де пайда болды. Тексеріліп, ем тағайындау үшін науқас емханаға келді.
Өмірлік анамнезі: вирусты гепатит, тері-венерологиялық аурулары, туберкулез, қант диабеті болмаған. Тұқым қуалаушылығы ауырламаған. Айтуынша гемотрансфузия жасамаған. Бронх демікпесі, ИБС және артериялық гипертензиямен бірнеше жыл бойы ауырады, Конкор, Капотен, Кардиомагнил ішеді. АҚҚ қатты көтерілуі 180/100 мм.рт.ст. дейін, бейімделген АҚҚ 120/80 мм.рт.ст.дейін. Науқас тоқыма кәсіпорнында тоқымашы болып істейді, ұдайы жүнмен байланысты. Соңғы жылы ЖРВИ жиі – жылына 2-3 рет байқалады. Анамнезінде аллергиялық реакция болатыны көрсетілген: ампициллинге - мұрыны біту, жас ағу; цитрустар мен құлпынайға – есекжем. Науқастың анасында цитрусқа есекжем түрінде тағамдық аллергия бар.
Объективті қарау: негізгі ауруына байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт-қызыл, ылғалды, диффузды цианоз. Кеуденің алдыңғы-артқы көлемі үлкейген, бұғана асты және үсті ойығы тегістелген. Дауыс дірілі әлсіреген. Кеуденің экскурсиясы төмендеген. Кораптық дыбыс әлсіреген аумақтармен кезектеседі. Тыныс алу қозғалысы – минутына 28. Аускультация мәліметтері: өкпенің жоғарғы бөлігінде қатаң тыныс, басқа бөлімдерде – әлсіреген, құрғақ ысқырық тәрізді шашыраған сырыл естіледі. Жүрек үні бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Жүрек жиырылуының жиілігі – минутына 90 рет. Артериялық қысым екі қолында да 120/80 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, ауырмайды.
Тексеру нәтижелері:
Қанның жалпы анализі: гемоглобин - 120 г/л, эритроцит -4,5 млн, ЦП - 0,79, лейкоцит - 8,0 мың (с/я - 63%), лимфоцит -21%, эозинофил - 13%, моноцит - 3%, СОЭ - 10 мм/ч.
Зәрдің жалпы анализі: консистенциясы жабыспалы, сипаты шырышты, лейкоциттер - 1-5 көру аймағында, эозинофилдер - 20-40-60, эритрицит жоқ, Куршман спиральі - 1-3 препаратта, Шарко-Лейден кристаллдары - 5-7 препаратта; атипті жасушалар, созылмалы талшықтар, БК табылған жоқ.
Электрокардиограммада – оң жақ қарынша гипертрофиясы белгілері.
Кеуде клеткасының рентгенографиясы: ошақты және инфильтратты өзгерістер анықталмады, диафрагма төбесінің қалыңдағаны, өкпе тінінің жеңілдеуі жоғарылаған, бронх қабырғасының қалыңдауы байқалады.
ФВД: ЖЕЛ - 84%, ОФВ1- 55%, МОС 25 - 66%, МОС 50 - 42%, МОС 75 - 38%. 400 мкг сальбутамол ингаляциясынан кейін: ОФВ, - 84%, МОС 25 - 68%, МОС 50 - 59%, МОС 75 -58%.
Тапсырма:
1.Диагнозды тұжырымдаңыз.
2.Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зертханалық және инструменттік тексерудер жүргізу қажет?
3.Емдеу жоспарын тағайындаңыз (ДЗ рецепт жазу)
4.Жоспарлы ауруханаға жатқызуға көрсеткіш
5. Диспансеризация.
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
№21 Билет
Құрастырған: Искакбаева А.А.
Рецензент: доц. Смагулова А.Б.
Әйел 46 жаста. Жартылай тексеруден өткен соң жалпы тәжірибелік дәрігерге қайтадан шағымдармен келді: аздаған физикалық жүктемеден кейін саусақ аралық және тізе буындарында ауыру, жүрген кезде күшейеді. Тыныштық кезде басылады. Ауыру әртүрлі, қозғалғанда сықырлайды. Әсіресе физикалық жүктеме кезінде. Алғашқы қадамды жасау қиынға түседі. Буындарының қозғалысы баспалдақпен көтерілгенде немесе түскенде сыртылдайды. Таңертең буындарының құрысуы байқалады (30 мин аспайды), бірақ тез басылады.
Ауру анамнезінен: 3 жыл бойы буындарының ауыруы мазалайды, соңғы айда ауру күшейді. Ауруды салмағының артуымен, климакс басталуымен байланыстырады.
Өмірлік анамнезі: Тbs, вен. ауру, Боткин ауруын – жоққа шығарады. Кәсіптік зияндылықтары жоқ. Зиянды әдеттері жоқ. Жарақаттану болмаған, операция жасалмаған. Аллергоанамнезі қалыпты. Айтуынша тұқым қуалаушылығы ауыр емес. Банкте менеджер болып жұмыс істейді.
Объективті: Жағдайы орташа ауыр. Бойы 162 см, салмағы 80 кг, тамақтануы жақсы. Жағдайы белсенді. Сұраққа дұрыс жауап береді. Терісінің түсі әдеттегідей, таза. Тізе буындары ісінген. ТЖ минутына 25. Жүрек үні анық, ырғақты. Артериялық қысымы 120/90мм.рт.ст., пульс минутына 75. Ішінің пішіні дұрыс, тыныс алу актісіне қатысады, үстін басқанда ауырмайды. Құрсақ тітіркену симптомы теріс. Бауыры мен көкбауыры қабырға доғасының шетінде, басқанда ауырмайды. Ұрғылау сипмтомы екі жағынан да теріс. Дәреті жүйелі, қалыптасқан. Зәр шығаруы еркін. Гинекологиялық анамнез: климакс кезеңі (етеккірі 2 жыл болмаған).
Status localis: оң жақ тізесі аздап үлкейген, жергілікті қызуы жоғары. Буынды жазғанда сыртыл естіледі (крепитация), буын қозғалысы шектелген (жазу және бүгу шектелген). Тізе буынын қараған кезде – буынның вальгусты деформациясы. Пальпация кезінде – буын саңлауы бойынша ауырады. Бұлшықетті қараған кезде – оң жақ санның төртбасты бұлшықетінің гипотрофиясы.
Тексерудің зертханалық әдістері:
1.ЖҚА: гемоглобин – 130 г/л, эритроцит – 3,9 х 1012, ЦП – 0,9, лейкоцит – 10х109, с/я – 74%, п/я – 4%, эозинофил – 5%, моноцит – 2%, лимфоцит – 15%, СОЭ – 20 мм/час
2.БХ: - зәр қышқылы – 0,36 ммоль/л
Тапсырма:
1.Диагнозды тұжырымдаңыз.
2.Тексеру әдістерінің интерпретациясы
3.Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зертханалық және инструменттік тексерулер жүргізу қажет?
4.Емдеу жоспарын тағайындаңыз (рецепт жазу)
5. Диспансеризация.
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
