Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zadacha_2_etap_OVP_2016_-_17_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Билет №16 ибс: Стенокардия напряжения фк 2 или 3

Составитель: Сисенгалиев Е.К.

Отв. Доц. Алиманова Ж.М.

КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама

2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі

Карибаева Д.О.

17 Билет

Құрастырған: Мышкина И.Н.

Жуапты, доц. Алиманова Ж.М.

Ер адам 43 жаста, жоғары қызба және ауыр интоксикациямен өткен тұмаумен ауырған соң 2 апта ішінде ентігу, оң жақ қабырға астында ауырлық, түнгі уақытта тұншығу сезімін, аяқтарының ісінуін байқады. Кеше қан түкіру пайда болды.

Объективті: Жағдайы ауыр. Терісі бозарған, өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз везикулярлы тыныс, ылғалды көмескі ұсақкөпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға кеңейген, жүрек үні қатаң. ЖСЖ - 95 рет/мин., жүрек ұшында – жұмсақ систолалық шу. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр. Аяқтары ісінген.

Қан анализінде: лейкоцит-12 мың, СОЭ-33 мм/час. Тропонин – жоғарылаған.

ЭКГ: Жүрекше фибрилляциясы. Экстрасистолия.

Эхокардиографиялық тексеруде: Лақтыру фракциясы - 29%. Жүрек камерасының жалпы кеңеюі, сол жақ қарыншаның жиырылу функциясының диффузды төмендеуі, митральды-септальды сепарацияның артуы, митральды қақпақша «балық ауызы» түрінде, митральды регургитация.

Сұрақтар:

  1. Алдын ала диагноз қойыңыз.

  2. Дифференциялық диагностика жасаңыз.

  3. Науқасты ары қарай бақылаудағы Сіздің тактикаңыз.

  4. Аталған симптомдардың қайсысы қолайсыз болжам болып табылады?

  5. Рецепт жазыңыз - Дигоксин ерітіндісі иньекциялық.

КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама

2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі

Карибаева Д.О.

18 Билет

Құрастырған: Жадыкова А.Ж.

Рецензент: доц. Смагулова А.Б.

Қыз 17 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге мына шағымдармен келді: бел аумағының ауыруы, дене қызуының 37,5ОС дейін көтерілуі, тез шаршау, әлсіздік, таңертең бетінің ісінуі, лайлы зәр бөлінуі.

Анамнезінен: 2 жыл бойы «Созылмалы пиелонефрит» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Бірнеше рет тексеруден өтіп, стационарда емделіп шықты. Дәрі-дәрмектік ем қабылдаған. Жиі суық тиіп ауырады. Науқастың айтуынша ауырғанына бір апта болған. Емханаға қаралып, қан, зәр анализін өткізді, УДЗ жасатты.

Тbs, вен.аурулармен, Боткин ауруымен ауырмаған. Кәсіби зияндылық жоқ. Зиянды әдеттері жоқ. Жарақаттану болмаған, операция жасалмаған. Аллергоанамнезі қалыпты. Айтуынша тұқым қуалаушылығы ауыр емес.

Объективті: дене қызуы- 36,5°С, бойы 165 см, салмағы 54 кг; АҚҚ 120/70 мм.рт.ст., ТЖ – 19 рет мин. ЖСЖ – 80 рет минутына. Жағдайы орташа ауыр. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тәбеті сақталған. Ісіну, домбығу жоқ. Терісі мен көрінетін шырышты қабаты таза, бозғылт-қызыл түсті. Көмекейде, тамағында қабыну көріністері жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы дұрыс. Іші кеппеген, жұмсақ, терең басып көргенде аздап ауырады. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Екі жағында да ұрғылау симптомы әлсіз оң. Үлкен дәреті пішінді, күніне 1 рет. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Зертханалық-инструменттік тексерулер

Қанның жалпы анализі

Бағаланатын параметр

Нәтижесі

Норма/референсті мәні

Гемоглобин, г/л

130г/л

130-160 (М)

120-140 (Ж)

Эритроцит х1012

3,8

3,5-4,5 (М)

3,9-4,7 (Ж)

ЦП

0,9

0,85-1,05

Лейкоцит, х109

12

4,0-9,0

Тромбоцит, х109

227

180,0-320,0

Нейтрофил %

с\я %

65

47-72

п\я %

1-4

Эозинофил

2

0,5-5

Базофил

0-1

Моноцит%

8

2-9

Лимфоцит %

25

18-40

СОЭ мм/сағ

30

2-10 (М)

2-15 (Ж)

Қанның биохимиялық талдауы

Бағаланатын параметр

Нәтижесі

Норма/референсті мәні

Жалпы ақуыз, г/л

72

66-87

Альбумин, г/л

41

34-45

Мочевина, ммоль/л

4,5

2,3-8,3

Креатинин, мкмоль/л

50

45-115 (45-97)

Глюкоза, ммоль/л

3,7

3,0-5,5

Калий, ммоль/л

4,5

3,5-5,1

Натрий, ммоль/л

130

135-145

АЛТ, ммкат/л

0,16

до 0,68

АСТ, ммкат/л

0,12

до 0,62

Билирубин жалпы, ммоль/л

15,0

до 22,2

Холестерин, ммоль/л

3,2

3,1-5,2

Зәрдің жалпы анализі

Бағаланатын параметр

Нәтижесі

Норма/референсті мәні

Мөлшері

85,0

Түсі

сары

сабан түсті сары

Тұнықтығы

әлсіз лайланған

толық

Салыстырмалы тығыздығы

1011

1012-1025

Реакциясы

сілтілі

әлсіз-қышқыл

Жалпақ эпителий

5-7

0-1 көру аймағында

Ақуыз

теріс

теріс

Лейкоциттер

15-16

0-1 көру аймағында

Өзгермеген эритроциттер

0

0-1 көру аймағында

Өзгерген эритроциттер

0

0

Бактериялар

+++

0

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]