- •Рецепт жазыңыз – преднизолон
- •Ситуациялық есеп
- •2.Рецепт жазыңыз – фозикард
- •Эталон ответов к билету №4
- •Ситуационная задача
- •Ситуациялық есеп
- •Эталон ответов к билету № 5
- •2. Рецепт жазу - энам
- •Эталон ответов к билету №6
- •План лечения:
- •Диспансеризация:
- •2.Рецепт жазу
- •Эталон ответов к билету №7
- •2)План дополнительного обследования:
- •Эталон ответов к билету №8
- •2.Зәрдің жалпы анализі
- •3.Қанның биохимиялық анализі:
- •Билет №16 ибс: Стенокардия напряжения фк 2 или 3
- •Зимницкий бойынша зәр сынамасы
- •Құрсақ қуысы органдары, бүйрек және өт қабының удз
2.Зәрдің жалпы анализі
көлемі |
150мл |
түсі |
сары |
үлес салмағы |
1025 |
ақуыз |
жоқ |
лейкоцит |
2-4 в п/з |
эритроцит |
1-0 в п/з |
3.Қанның биохимиялық анализі:
Ақуыз |
72 мкмоль/л |
Креатинин |
92мкмоль/k |
Мочевина |
6,3 ммоль/л |
Натрий |
138 ммоль/л |
Калий |
4,2 ммоль/л |
Билирубин |
11,5 ммоль/л |
Амилаза |
76 Ед/л |
Холестерин |
6,9ммоль/л |
Триглицеридтер |
2,7 ммоль/л |
ЛПНП |
3,1ммоль/л |
ЛПВП |
0,9ммоль/л |
Қан глюкозасы |
10,2 ммоль/л |
4.Гликемиялық бейін таңертең 8.00- 6,8 ммоль/л, сағ.11.00 - 12,1 ммоль/л
5.Гликозиді гемоглобин - 7,7%
6.Құрсақ қуысы органдарының УДЗ: қорытынды: майлы гепатоз белгілері
7.ЭКГ: синусты ырғақ, ЖСЖ мин. 76 рет. ЭОС орналасуы көлденең. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.
Сұрақтар:
1.Қорытынды диагноз қандай? (толық тұжырымдама)
2.Қосымша тексеру жоспары қандай?
3.Емдеу жоспары қандай?
4.Осы аурумен диспансерлік бақылау үлгісі қандай?
5.Науқасты ауруханаға жатқызу қажет пе?
6. Науқасты МСЭ жіберу қажет пе?
7.Тағайындаған дәрінің рецептін жазыңыз.
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
№12 Билет
Құрастырған: Латкина К.С.
Жауапты, доц. Салимова С.С.
Қыз 17 жаста. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бас айналуына, бас ауруына (көбінесе кешке қарай), шаштың түсуіне, сынғыштығына, түсі көмескіленуіне, тырнақтың жұқарып, сынғыштығына, жүрек қағуына, көз алдында «шіркейлер» ұшуына, күндіз ұйқысы келіп, түнде нашар ұйықтауға, ашуланшақ, ұрысқақ, жылаңқы, есте сақтауы мен зейіні төмендеуіне, тәбеті нашарлауына шағымданады.
Анамнезінен: ауырғанына 2 жыл болған. Етеккірі әрбір 24 күнде келеді, мөлшері көп, ауырсынумен өтеді. Топырақ, бор, бояудың иісі ұнайды.
Объективті: жағдайы орташа ауыр. Терісі мен көрінетін шырышты қабаты таза, бозарған. Езу бұрышы жарылған. Терісі құрғақ, қабыршықты. Шаштары көмескі, сынғыш. Тырнақтары жұқа, көлденең сызықтармен, сынғыш. Тынысы везикулярлы, сырыл жоқ, минутына 18 рет. Жүрек үні анық, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу. Пульс минутына 92 рет. Артериялық қан қысымы 90/60 мм.рт.ст. Іші басқан кезде жұмсақ, ауырмайды. Науқастың айтуынша іш қатуға бейім. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
Тапсырма:
1. Алдын ала диагноз қойыңыз
2.Тексеру жоспарын тағайындаңыз
3. Емдеу жоспарын тағайындаңыз
4. Диспансерлік бақылау тағайындаңыз
5. Науқасты ауруханаға жатқызу, МСЭ жіберу қажет пе?
Рецепт жазыңыз – Сорбифер – дурулес
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
№13 Билет
Құрастырған: Жукембаева А.М.
Жауапты, доц. Алиманова Ж.М.
Ер адам 44 жаста, шүйде-желке аумағыда таңертең басы ауыруына, бас айналуына, жүрек тұсының шаншып ауыруына, ұйқы нашарлауына, жалпы әлсіздікке шағымданып ЖТД келді.
Ауру анамнезі: ауырғанына 3 жыл. АҚҚ қатты көтерілуі 170/90 мм рт.ст. Диспансерлік есепте тұрмайды. АҚҚ көтерілген кезде индапты жүйелі ішкен. 2 ай ішінде жағдайы нашарлаған.
Өмірлік анамнезінен: Ата-анасы Артериялық гипертензиямен ауырған. 25 жыл бойы күніне 10-15 темекі шегеді. Банкте менеджер болып істейді. Жұмысы психоэмоциялық жүктемемен байланысты.
Объективті: Жалпы жағадйы қанағаттанарлық. Тамақтануы жақсы. Бетінің терісі қызарған. Шеткері ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ЖСЖ минутына 20. Жүректің сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа қарай 1,0 см, оң жақ және жоғарғы жағы қалыпты. Жүрек ұшындағы үн бәсеңдеген, 2 үн акценті аорта үстінде. Жүрек ырғағы дұрыс. ЖСЖ мин.94 рет. Пульс 94 рет мин. АҚҚ 165/80 мм рт.ст. Іші жұмақ, ауырмайды. Курлов бойынша бауыр көлемі: 9х8х7 см. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
Тексеру мәліметтері:
Қанның жалпы анализі: гемоглобин - 150 г/л, лейкоцит - 6,9х109/л, эритроцит - 4, 5х109/л, эозинофил - 2%, таяқшаядролы 3%, сегментядролы – 65%, лимфоцит – 24%, моноцит – 6%. СОЭ – 6 мм/час.
Зәрдің жалпы анализі: салыстырмалы тығыздығы 1018, реакциясы қышқыл; ақуыз, қант жоқ; эритроцит көру аумағында 1-2, лейкоциты 1-2, цилиндрлер жоқ.
Нечипоренко бойынша зәр анализі: 1 мл зәрдегі эр. – 800, лейк – 1000.
Қанның биохимиялық анализінде –холестерин 6,6 ммоль/л, мочевина – 6,0 ммоль/л, креатинин – 88 мкмоль/л, триглицерид – 1,5 ммоль/л, ПТИ – 100ед.
ЭхоКГ: Сол жақ қарынша қуысы аздап кеңейген, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасы қалыңдаған, лақтыру фракциясы – 65%.
Бүйректің УДЗ: бүйректердің көлемі қалыпты, тостағанша-түбекше жиынтығы өзгермеген, конкременттер анықталмайды.
Көз түбі – артерия аздап тарылған.
Невропатолог кеңесі: дисциркуляторлы энцефалопатия.
Сұрақтар:
1.Қорытынды диагноз қандай?
2. Науқасқа қосымша тексерулер қажет пе?
3.Науқасқа қандай ем тағайындау керек?
4.Науқасты диспансерлік бақылау, ауруханаға жатқызу және МСЭ жіберу қажет пе?
5.Науқасқа мүгедектіктің қай тобын беруге болады?
Рецепт жазыңыз –бисопролол.
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
№14 Билет
Құрастырған: Бейсембай .Г.
Жуапты, доц. Алиманова Ж.М.
Науқас 38 жаста, екі аяғындағы ауырлыққа және сыздап ауыруыға, ұзақ уақыт жүргенде қышу, күйдіру сезімі, ісіну пайда болатынына шағымданып келді. Сатушы болып жұмыс істейді. Салмағы 87 кг, бойы 165 см. Ауру анамнезінен – 30 жасында аяқтарындағы көк түсті түйіндер алғаш рет пайда болған кезден бастап ауырған, 2-ші рет босанудан соң біраз үлкейген. Соңғы 2 жылда екі тізесінің ісінуі, домбығу, аяқтың ішкі бетінде тері асты тамырларының түйінді және қалта тәрізді кеңеюі пайда болды. Демалған соң да жағдайы жақсармайды. Өмірлік анамнезінде – анасында варикозды ауру бар.
Объективті: Науқас белсенді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есін біледі. Дене тұрқы нормостениялық. Бойы 165 см, салмағы 87 кг. Терісі таза, жылы, құрғақ, тін тургоры қанағаттанарлық. Көзге көрінетін шырышты қабаты өзгеріссіз. ТЖ 17 рет/мин, ЖСЖ 74 рет мин, АҚҚ 110/70мм.рт.ст. Басқан кезде – іші жұмсақ, ауырмайды. Курлов бойынша бауыры - 12 х10х 9 см. Көкбауыры білінбейді.
Statuslocalis: Қараған кезде оң жақ аяғы сол жағына қарағанда жуандау. Табан, екі аяқтың төменгі және орта бөлігінде ісіну бар. Аяқтың төменгі үштен бір бөлігінде терісі жылтыр, түсі бозарған, түктері жоқ, құрғақ, қатпарланып ұсталмайды. Аяқтың алдыңғы және медиальдық бетінде кішірек тері іші түйіндері түрінде тамырдың варикозды кеңеюі бар. Пальпацияда: тамырлардың консистенциясы тығыз эластикалық, жеңіл қысылады, варикозды түйін үстіндегі дене қызуы басқа жерлерге қарағанда жоғары.
Сұрақтар:
1. Алдын ала диагноз қандай?
2.Тексеру жоспары.
3. Рецепт жазу
4. Диспансеризация
5. Науқасты МСЭ жіберу қажет пе?
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
№15 Билет
Құрастырған: Махамбеткулова Т.Р.
Жуапты, доц. Алиманова Ж.М.
Әйел 28 жаста, 2 апта бойы құрғақ қиналып жөтелуге, дене қызуының 38 С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, тершеңдікке, ентігуге, кеуде ішінің сыздап ауыруына шағымданып келді.
ЖРВИ диагнозымен емделген, терафлю, мукалтин, парацетамол ішкен, жағдайы жақсарған жоқ. Ары қарай кеуденің оң жағында демалғанда және жөтелгенде күшейетін шаншып ауыру пайда болды, дене қызуы 39ºС дейін көтерілді.
Объективті: жағдайы орташа ауыр, есін біледі, терісі таза, аздап көгеру бар. Перкуссияда перкуторлы дыбыс оң жақ IV қабырғаға дейін тұйықталған. Аускультацияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде тыныс алу әлсіреген. Тыныс алу актісінде кеуденің оң жақ бөлігі артта қалуы байқалады. Жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 96-98 рет, ТЖ минутына 28 рет. Тілі өңезделген, іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті жүйелі, пішінді. Зәр шығаруы еркін, ауырмайды. Ұрғылау симптомы екі жағынан да теріс.
Тапсырма:
1.Алдын ала диагноз
2. Тексеру жоспары
3. Емдеу жоспарын тағайындаңыз
4.Диспансеризация
5.МСЭ жіберуге көрсеткіш бар ма?
КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама
2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі |
|
Карибаева Д.О. |
