Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zadacha_2_etap_OVP_2016_-_17_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Ситуациялық есеп

Ер адам 36 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге сол жақ иыққа берілетін жүрек тұсының қысып ауыруына, тыныс алғанда және арқасымен жатқанда ауру күшейетініне, тоңуға, дене қызуы көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ентігуге, жүрек соғуының жиілеуіне, жүректі шалыс соғуына, шаршағыштыққа шағымданып келді. Екі апта бұрын жоғары қызбамен, ауыр интоксикациямен өткен тұмаумен ауырған, бір апта бұрын жүрек тұсының ауыруы мен жүктеме кезінде ентігу пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр. Терісі бозарған. Өкпенің төменгі бөлігінде әлсіреген везикулярлы тыныс, ылғалды анық емес ұсақкөпіршікті сырылдар. Жүрек аускультациясында сол жақ ІҮ қабырға арасында парастернальды сызық бойымен шектелген аумақта «тырнау» тәрізді шу естіледі, тыныс алғанда және стетоскоппен басқанда күшейеді. Айқын тахиаритмия. Бауыры қабырға доғасынан 3,5 см шығып тұр. Тізесі ісінген. Шұғыл алдын ала тексеру жүргізілді: ЖҚА: лейк-13 мың, СОЭ-37 мм/час. ЭхоКГ: жүрек қуысының дилатациясы, диффузды гипокинезия. ФВ-38%

ЭКГ:

1.Алдын ала диагноз қойыңыз

2.ЭКГ нәтижесін талдаңыз

3.Науқасты ары қарай бақылау тактикасы. Ауруханаға жатқызу қажет пе?

4.Калий және магний аспаргинат инъекциясына рецепт жазыңыз

КОП мәжілісінде талқыланып, бекітілді, 10.11.2016 ж. №2 хаттама

2- ЖДТ кафедрасының меңгерушісі

Карибаева Д.О.

Эталон ответов к билету № 5

1.Диагноз: Острый фибринозный перикардит.

2. Срочная госпитализация в кардиологическое отделение

3. На ЭКГ: Синусовая тахиаритмия. Прерывается частыми желудочковыми экстрасистолами. Низковольтная ЭКГ.

4. Эталон выписки рецепта

Больному Cокасову Ф, 1936 года.

Врач --------------------------------------------

Rp. Sol. Каlii-Magnii Asparginati

D.t.d. № 3 in flakоnis

S. По250 мл для медленного внутривенно-капельного введения.

6 Билет

Құрастырған: Капарова К.М.

Рецензент, доц. Аканова К.К

Ер адам 55 жаста, ЖТД-ге қалыпты физикалық жүктеме кезінде ентігу, жүрек қағуы пайда болып, тыныштық кезінде жойылатынына, тізесінің ісінуіне, шаршауға, тез шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке шағымданып келді.

Анамнезінен: 48 жасында миокард инфарктін алған. «Д» есепте тұрмайды. Соңғы жыл ішінде науқас қарқынды, содан кейін қалыпты физикалық жүктеме кезінде ентігу және жүрек қағуы пайда болатынын байқады.

Өмірлік анамнезінен: науқастың әкесі 54 жасында жүрек ауруынан қайтыс болған.

Объективті қарау: жағдайы орташа ауыр. Терісінің түсі әдеттегідей. Еріндері көгерген. Тізесі ісінген. Кеуде клеткасы қалыпты пішінде, симметриялы. ЖСЖ – минутына 20 рет. Салыстырмалы перкуссия кезінде кеуденің симметриялық аймақтарында анық өкпе үні естіледі. Аускультация кезінде өкпе үстінде везикулярлы тыныс алу, артқы-базальды бөлікте бірлі-жарым ылғалды сырыл. Жүректік қатысты тұйықтық шекарасы: оң жағы – кеуденің оң жақ шетінде, сол жағы - сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа қарай 1,5 см қабырға арасында, жоғарғы жағы – ІІІ қабырғаның жоғарғы шетінде. Жүрек аускультациясында үндері әлсіреген, шу жоқ. Жүрек ырғағы дұрыс. ЖСЖ – минутына 94 рет, АҚҚ 125/80 ммрт.ст. Іші жұмсақ, ауырмайды. Курлов бойынша бауыр көлемі: 9х8х7 см.

Тексеру мәліметтері:

Қанның жалпы анализі: гемоглобин - 150 г/л, лейкоцит - 6,9х109/л, эритроцит - 4, 5х109/л, эозинофил - 2%, таяқша ядролы 3%, сегментті ядролы – 65%, лимфоцит – 24%, моноцит – 6%. СОЭ – 6 мм/час.

Зәрдің жалпы анализі: салыстырмалы тығыздығы 1018, реакциясы қышқыл; ақуыз, глюкоза жоқ; эритроциттер көру аймағында - 0, лейкоциттер көру аймағында - 1-2.

Қанның биохимиялық анализінде –холестерин деңгейі 6,5 ммоль/л.

ЭхоКГ: сол жақ жүрекше көлемі - 3,6 см (норма 4 см дейін). Сол жақ қарыншаның соңғы диастолалық көлемі -5,8 см (норма 4,9-5,5 см). Лақтыру фракциясы 45% (норма 50-70%). Сол жақ қарыншаның артқы қабырғасы мен қарынша аралық қалқаншаның қалыңдығы – 1,0 см. Инфаркт алған аумақта акинеза зонасы байқалады.

Тапсырма:

  1. Соңғы диагноз қандай?

  2. Науқасқа қосымша тексерулер қажет пе?

  3. Науқасқа қандай ем тағайындау керек?

  4. Науқасты диспансерлік бақылау, ауруханаға жатқызу және МСЭ жіберу қажет пе?

  5. Науқасқа мүгедектіктің қай тобын беруге болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]