Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Morfogenez_negizi_retinde_genderdi_1187_zhiktelu_belsendiligi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.08 Кб
Скачать

Морфогенез негізі ретінде гендердің жіктелу белсенділігі. Онтогенездің кезеңдері.

Онтагенез екі кезңнен тұрады: эмбриордық (ұрықтану) даму және постэмбриондық дааму , яғни ағзаның жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгім кезеңі.   Жасушадағы Эмбриондық даму басталған кезде мүшелерінің дамуын қамтамасыз ететін хромасомалардың әр түрлі кесіндісінің жұмысы күшейе түседі.   Постэмбриондық даму.

Постэмбриондық даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсаққа дамитын сүтқоректіңлерде туа салысымен басталады. Дамудың постэмбриондық кезеңі ағза туылғаннан соң немесе жұмыртқа не ұрық қабығынан босанып шыққаннан кейін басталады. Әр түрлі жануарлар түрлерінде постэмбриондық кезең бірнеше күннен ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.Постэмбриондық онтогенезді 3 кезеңге бөледі: 1) жастық (ювенильдік) кезең; 2) жыныстық жетілген (репродуктивтік) кезең; 3) кәрілік кезең. Постнатальдық онтогенез ағзаның дүние салуымен аяқталады. Постэмбриондық дамудың бірден-бір сипаты болып ағзаның өсуі саналады. Өсу дегеніміз ағза мөлшерінің, салмағының сандық өзгеруі болып табылады. Адамның постэмбриондық дамуының басқа сүтқоректілерден, сонымен қатар приматтардан, ерекшелігі оның балалық шағының ұзақ болуы, мысалы қыздарда 11—13 жасқа, ұл балаларда 13—15 жасқа дейін. Мұның тек қана биологиялық емес, сол сияқты, әлеуметтік те маңызы бар, себебі осы кезде ағзаның физикалық дамуымен қатар оның ұжымдық өмір сүру жағдайларына бейімделушіліктері қалыптасады.  

Эмбрионалдық кезең,эмбригенез.Эмбриогенез зиготаның пайда болуынан басталады.Ұрықтың дамуы сатылы сандық және сапалық күделі өзгерістердің жүруімен сипатталады.Эмбриогенез зигота, бөлшектену және бластуланың қалыптасуы,гаструляция,гисто- және органогенез сатыларынан (стадияларынан) тұрады.Сперматозоидтың жұмыртқаға енісімен аналық клетканың цитоплазмасында қарқынды  цитоплазмалық  сегрегация  процестері жүреді.Сары уызы және пигменттік гранулалар,органеллалар орын ауыстырып , ұрықтанған  клетканың бөлігі болашақ  ұрықтың  нақты бір құрылымына бастама  беретіндей өзгереді.Мұндай бөлімдер презумптивтік бөлімдер деп аталады.

2.Дамудың қатерлі кезеңдері

Ұрық дамуның қауіпті кезеңдері туралы оқу 1921 жылы К.Стоккардпен құрылып, кейіннен П.Г. Светловпен тереңдетіле қарастырылды. П.Г.Светлов бойынша жеке даму бірнеше этаптардан тұрады, ал сол этаптар қауіпті кезеңдерден басталады. Қауіпті кезеңдер сыртқы орта әсерлеріне жоғары сезімталдықпен сипатталады. Эмбриональді дамудың ерте кезеңдерінде қауіпті периодтар бүкіл организмнің дамуына қатысты болады, кеш зиянды әсерлер дәл осы уақытта ең активті түзілу процестерінен өтіп жатқан мүшелерге әсер етеді. Бір мезгілде әсер ететін түрлі факторлар бірдей әсер көрсетуі мүмкін, ал бір фактор түрлі кезеңдерде  мүлдем басқа әсер көрсетуі мүмкін.

  Бірінші қауіпті кезең – имплантация алдындағы эмбрион қоршаған ортаның патогенді агенттеріне қысқа уақытқа сезімталдығы жоғарылайды. Осы кездегі әсер эмбриотоксикалық әсер деп аталады.

 Екінші қауіпті кезең  – эмбрион жүйелерінің бастамалары пайда болу кезеңі. 3-7 апталарға сәйкес келеді. Бұл кезде патогенді фактор тератогенді деп аталады. Ұрық ақауына әкеліп соғады.

  Үшінші қауіпті кезең – плацентация, ол 9-12 апталарға сәйкес келеді. Зиянды факторлар фетоплацентарлы жүйенің жетіспеуіне әкеліп соғуы мүмкін.

  Ұрық дамуының қауіпті кезеңдері туралы оқуға сәйкес ұрық өлімінің алдын алу үшін және туа біткен ақаулардың алдын алу үшін әйел организімінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен, әсіресе жүктіліктің алғашқы 3-8 апталарында, қорғау қажет. Зерттеулер көрсеткендей, адам ұрығы плацентация және активті органогенез кезінде ғана емес одан кейін де сезімтал болып келеді.  Фетальді дамудың қауіпті кезеңдеріне 15-20 апта және 20-24 апталарды жатқызады. Сонымен, жалпы қарастырғанда, адам онтогенезінің бірнеше қауіп-қатерлі  кезеңдерін атап кетуге болады:

  1. Прогенез – жыныс жасушаларының дамуы

  2. Ұрықтану

  3. Имплантация – дамудың 7-8-тәуліктері

  4. Ағзалардың білік бастамаларының дамуы және плацента қалыптасуы – дамудың 3-8 апталары

  5. Мидың қарқынды өсу кезеңі – 15-20-апталар

  6. Организмнің негізгі функциялық жүйелері қалыптасуы және жыныс аппаратының дифференциялануы – 20-24 апталар

  7. Нәрестенің дүниеге келуі

  8. Нәрестелік кезең – 1 жасқа дейін

  9. Жыныстық жетілу (11-16 жас).

Осы тармақта қарастырылған  мәселелер жүктілік кезінде ана  мен бала денсаулығын алдын алу  және қорғау шараларының негізін  құрайды.

3.Провизорлық мүшелер

Провизорлық мүшелер (нем. provisorisch — алдын-алы, уақытша) — омыртқалылардың ересек дараларында болмайтын, тек ұрықтың дамуы үшін ғана қажет уақытша мүшелер. Оларға - саруызды қапшық және ұрық қабықтары-қағанақ (амнион), хорион, аллантойстар жатады. Провизорлық мүшелер ұрықты механикалық зақымданудан сақтайды, оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар - сұйық орта қалыптастырады және тыныс алу, қоректену, бөліп шығару, қозғалу, қантүзу және т.б. қызметтерді атқарады  Провизорлық мүшелер  ұрықтың өсуіне және дамуына қажет көп мағыналы қызметтерді атқарады.Кейбіреулері ұрықты  сырттан қоршайды , сондықтан оларды ұрықтың қабықтары деп те атайды. Провизорлық мүшелерге сарыуыз, шірішті қабық, амнион, аллантоис, хорион және плацента жатады

  Амнион қуысындағы сұйықтық ұрықтың  еркін дамуын жағдай жасайды, механикалық  соққылардан сақтайды , қорғаныштық қызмет атқарады.

     Шырышты қабық жорғалаушылар мен құстарда және жұмыртқа салатын сүтқоректілерде ұрықты оттегімен  қамтамасыз  ететін провизорлық  газ алмасу және зәр шығару мүшесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]