- •2. Елді мекендер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен сумен жабдықтаудың жүйелері мен схемалары
- •4,Ластанған суды тазалауының биологиялық әдістері. Негізгі схемалары мен ғимараттары
- •5.Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері
- •1. Жер бетіндегі көздерден су қабылдау ғимараттары
- •2. Су сапасының негізгі көрсеткіштері және оларға қойылатын талаптар
- •3.Суды әкету торабын тартудың алғашқы тереңдігін анықтау
- •4. Ластанған суды тазалауының биологиялық әдістері. Негізгі схемалары мен ғимараттары
- •1.Суды сүзу
- •2.Суды тұтынудың негізгі категориялары мен нормалары
- •3 Суды әкету схемалары, олардың міндеті мен қолдану жағдайлары
- •4.Тұндырғыштар, олардың түрлері мен конструкциясы
- •5. Қорғаныш жабулар жасау жұмыстары
- •1.Санитарлы-қорғау аймағы
- •2. Жер астындағы көздерден суды қабылдау ғимараттары
- •3.Авто және темір жолдарынан өтпелердің құрылымы
- •4.Ластанған сулар және олардың жіктелуі
1.Суды сүзу
Суды тұндырғыштарда не мөлдіреткіштерде мөлдіреткеннен кейін оның сапасын әрі қарай жақсарту үшін сүзгілерде сүзеді. Сүзу процесінде су сүзгіш материалдың қабатынан етіп майда қалқыма заттардан босанады, сөйтіп судың лайлылығы, түстілігі кейде бактериялардың да саны төмендейді.
Сүзгінің гүрі сүзгіш материалмен жүктелген, суды жеткізетін, суды жинап әкететін және сүзгіш материалды жуып тазалайтын жүйелермен жабдықталған резервуар тәрізді болады. Сүзгіш материалды жуу себебі былай. Сүзгі біраз жұмыс істегеннен кейін сүзгіш қабаты қалқыма заттарға толып бітеледі, сөйтіп гидравликалық кедергісі өсіп сүзгінің өнімділігі төмендейді. Сүзгіш қабат кері төменнен жоғары қарай жуылады.
Сүзгіш материалына байланысты сүзгілердің жіктелуі:
1) торлы сүзгілер;
2) қаңқалы сүзгілер;
3) түйірлі сүзгілер;
Осының ішіндегі ең көп тараған түйірлі сүзгілер. Сүзгіш материал ретінде көбінесе құм, антрацит, керамзит пайдаланады.
Түйірлі сүзгілер өзінше былай жіктеледі:
1) сүзу жылдамдығы бойынша
- баяу сүзгі (V = 0,1 - 0,3 м/сағ);
- жедел сүзгі (V = 5,0 - 12,0 м/сағ);
- жүйрік сүзгі (V = 36,0 - 100,0 м/сағ).
2) қысымына байланысты
- ашық немесе арынсыз сүзгі;
- арынды сүзгі.
3) ағынның бағытына байланысты
- бір ағынды;
- екі ағынды.
4) сүзгіш материалдың ірілігіне байланысты
- майда түйірлі;
- орташа түйірлі;
- ірі түйірлі.
5) сүзгіш қабаттың санына байланысты
- бір қабатты;
- екі қабатты;
- көп қабатты.
2.Суды тұтынудың негізгі категориялары мен нормалары
Су тұтыну мөлшері деп - уақыт бірлігінде белгілі бір қажеттіліктерге немесе өндірілетін өнімнің бірлігіне жұмсалатын судың мөлшері (саны) аталады.
Шаруашылық – ауыз су тұтыну мөлшерлерін елді мекендерге және өнеркәсіптік кәсіпорындарға ажыратып бөлуге болады.
Елді мекендерде шаруашылық – ауыз су тұтыну мөлшерлері түрғын үй аудандарының жабдықталу дәрежелеріне және климаттық шарттарына байланысты ҚНжЕ бойынша тағайындалады.
Су тұтыну мөлшерлерінің ең аз мәні климаттары жылы аудандарға жатады.
Ірі қалалар мен шипажайлар үшін судың мөлшері жоғары, арнайы негізде қабылданады .
Өндірістік қажеттіліктерге арналған су тұтыну мөлшерлері. Өнеркәсіптің көптеген салаларында (химиялық, тоқыма, металлургия және басқа) судың едәуір мөлшері жұмсалады. Әдетте су тұтыну мөлшерінің шығыны дайындалатын өнімнің бірлігімен (1тонна металл, 1 тонна талшық, 1тонна нан және т.б.) бағаланады. Бұл мөлшерлер қабылданған технологияларды есепке ала отырып, өндіріс технологтарымен өңделеді.
Өрт сөндіруге арналған судың тұтыну мөлшері. Бұл мөлшерлерде ҚНжЕ бойынша тағайындалады. Су тұтыну мөлшерінің есептік шығыны елді мекендер үшін II.3 [1] кесте бойынша, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін II.4 [1] кесте бойынша анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін су мөлшерінің шығыны бөлек ғимараттарда өрт сөндіруге арналған су шығындарымен анықтайды. Есептеуде ең үлкен шығын қабылданады.
3 Суды әкету схемалары, олардың міндеті мен қолдану жағдайлары
Елді мекендердің, қалалардын және ӛнеркәсіп орындарының шекаралатықпа пайда болған ластанған суды жинау, әкету (тасымалдау), тазалау, зиянсыздандыру және оларды суатқа шығару үшін арналған инженерлік ғимараттар мен санитарлық іс-шаралардың кешенін су әкету жүйесі дейді. Сонымен қатар су әкету жүйелері еріген қар суы мен жаңбыр суын әкетуді және тазалауды камтамасыз етуі керек
Су әкету жүйесі келесі негізгі элементтерден тұрады: 1. Ғимараттар және квартал ішіндегі су әкету жүйелері; 2. Сыртқы су әкету жүйелері; 3. Реттеуші резервуарлар; 4. Сорғыш бекеттері және арынды құбырлары; 5. Тазарту ғимараттары; 6. Тазарған суды және суды апат кезінде тастау.
