Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыс №5. Т статистикалы сипаттамасын зерттеу..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.34 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ. И. Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

­­­

­­­­­­________ЭЭТ____________кафедрасы

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Өрістік транзистордың статистикалық сипаттамасын зерттеу.

Жұмысты орындау сапасы

Баға диапазоны

Орындалған

%

1

Орындалған жоқ

0%

2

Орындалды

0-50%

3

Материалдық өзіндік жүйелендіру

0-10%

4

Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау

0-5%

5

Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану

0-5%

6

Орындаған тапсырманың ерекшілігі

0-10%

7

Реферат қорғау

0-20%

Қорытынды:

0-100%

Оқытушы: Сейдалиева Ұлжалғас

Студент: Жұбанов Азамат______

Мамандығы: РЭТб-15-1k______

Тобы: ­­­­­______1________________

Алматы 2017 ж

Зертханалық жұмыс №5. Өрістік транзистордың статистикалық сипаттамасын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты

1.Өрістік транзистордың негізгі артықшылықтарын оқу.

2. Транзистордың статистикалық сипаттамасын тұрғызу.

Теориялық мәліметтер

Транзисторлардың өрістік деген түрі бар. Мұнда да биполярлы транзистордағы сияқты үш электрод бар. Бірақ мұнда олар жаппа (затвор), бастау (исток) және құйма (сток) деп аталады. Ал бастау мен құйманың ток жүретін арасын арна (канал) деп атайды. Бұл транзистордың тогы бекітпе мен бастаудың арасына берілген кернеудің әсерінен пайда болатын электр өрісі арқылы басқарылады. Сондықтан да оны өрістік транзистор дейді. Мұндай транзисторларда ток арна арқылы тек бір ғана түрлі зарядпен пайда болады (электрондармен немесе ойықтармен). Зарядтарды арнаға кіргізетін электродты бастау деп атаса, зарядтардың арнадан кететін электродын құйма деп атайды. Ал арнаның кедергісін реттейтін электрод бекітпе деп аталады. Арналар бетүсті және көлемдік болуы мүмкін. Бетүсті арналар диэлектрикте донорлық қоспасы бар байытылған қабаттардан немесе сыртқы өрістің әсерінен пайда болатын инверсиялық қабаттардан тұруы мүмкін. Көлемдік арналар беттен азайған қабатпен бөлінген біртекті өткізгіштің бөліктерінен тұрады.

Транзисторға каналдарының шартты белгілері 5.1 суретте көрсетілген.

а) n-типті арнамен, б) p-типті арнамен.

5.1 Сурет. Өрістік транзистордың шартты белгілері

Өрісті транзистордың ішкі кернеу жинақтамасы, 5.2 суретте көрсетілген.

5.2 Сурет. Өрістік кедергінің өрістік транзистормен қосылғандағы сұлбасы

Бастау мен құйма арасындағы кернеу жинақтаушысы басқарады. Басқарушы р-п өткелді транзистордың жұмыс істеу принципі, кері кернеудің әсерінен р-п өткелдің заряд тасушылар үлесі азайған облысының енінің өзгеруі себебінен, арна кедергісінің өзгеруіне негізделген. UТБ артқан кезде р-п өткел арнаға қарай өседі, арнаның көлденең қимасы және құйма тогы азаяды. Тиекте кернеу Uтб үлкен болған кезде арна жабылады (қабысады) да, ток нөлге ұмтылады. Бекітпе мен бастау арасындағы бұл кернеу UТБток токтату кернеуі UТТ деп аталады.

Жаппалық сипаттамаларды алу үшін кернеуді Uсиөзгертеміз, басқарушы кернеу Uзи тұрақты болады және әрбір кернеудің мәніне сәйкес кіріс тогын орнатамыз.

Uзи=0 кезіндегі сипаттаманы қарастырайық.

ОА аймағында токтың Uкернеуге сызықтық тәуелділігі байқалады. Кернеудің ұлғаюымен бастаудан жаппаға дейінгі заряд тасымалдаушылар қозғалуының жылдамдығы өседі, арнаның тарылуы кернеудің өсуі әсерінен елеусіз болады, жаппа тогы аз.

АВ аймағында жаппа тогы ұлғаяды, ал арнадағы кернеу қатты төмендейді, сәйкесінше ол жаппа жаққа қарай тарылып, арнаның кедергісі өседі, ток жылдамдығы төмендейді, сипаттамасы жазық бола бастайды. Осылайша, жаппа тогының үлкеюі жылдамдығының төмендеуінің негізгі себепшісі болып табылады.

Uкернеудің өсуіне қарамастан, В нүктесінен аймақта жаппа тогының өсуі тоқтайды. В нуктесінде арнаның максималды тарылуы болады, оны шартты түрдеарнаның жабылуы деп атайды.

Бастау мен жаппа арасындағы арнаның жабылуы кезіндегі кернеу - қанығу кернеуідеп аталады, ал жаппа тогы U>Ucи.наскернеу кезінде Uкернеуінен тәуелсіз және жапа тогынқанығу тогыдеп атайды.

Әр транзистор үшін pn-өткелдің электрлік сынуы және кенет бастау тогы ұлғаятын Uкернеуі болады. Ескеру керек,pn-өткелге кері U+Uзи кернеуі беріледі, сондықтан Uзи кернеуі үлкен болса, Uси кернеуі сынуға әкелмейді.

Кіріске Uзи кері кернеу берілген кезде, U=0 кернеу жағдайында арна қимасы азаяды, ал арна кедергісі ұлғаяды. Сондықтан сипаттаманың бастапқы аймағы қуысты болады.

Uзи кернеуі үлкен болса, қанығу U кернеуінің аз мәнінде болады. Кері кернеу үлкен болса, шығыс сипаттама төменірек орналасады, себебі арна кедергісі ұлғаяды және бастау тогы төмендейді.Өрістік транзистордың беріліс сипаттамасы - U = const кезіндегі Ic = f(Uзи) тәуелділіг