Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЕ-терапия 2015г. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.92 Кб
Скачать

(Митралды қақпақша стенозымен науқас)

Студентке арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сізге 28 жастағы аздаған физикалық күш түскенде ентігуге, жүрек тұсында шаншып ауруға, жөтелге, қан түкіруге, жүрек жұмысындағы ырғақ бұзылуына шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: жүрек ауруымен бала кезінен ауырады. Жүрек аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.

Экзаменаторға арналған ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Бағалау критериилері

Балл бойынша бағалау

1.

Жүрек аускультациясы кезектілігін сақтады ма (митралды клапан-жүрек ұшында, қолқа қақпақшасы төстің оң жағында 2-ші қабырға аралығында, өкпе бағаны- төстің сол жақ 2-ші қ/а. Үш ашпалы қақпақша-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізінде, қолқа қақпақшасы- Боткин-Эрба нүктесінде).

10

5

0

2.

І және ІІ тондарға сипаттама берді ме (әлсіреу және күшеюі, ІІ тон акценті, екіге бөліну, екі еселенуі). І және ІІ тондардың ең жақсы естілетін нүктелерін, қосымша тондардың болуын көрсетті ме. (Жүрек ұшында шапалақ тәрізді І тон, қосымша 3-ші митралды қақпақша ашылу тоны( бөдене бытпылы) өкпе бағаны үстінде 2 тон акценті, 2 тонның екі еселенуі).

10

5

0

3.

Жүректегі шуларға сипаттама берді берді ме:

- систолалық н/е диастолалық (жүрек ұшында диастолалық шу, пресистолалық);

- шудың белгілері (сипаты, күші, ұзақтығы)

- шудың орналасуы (ең жақсы естілетін нүкте-жүрек ұшында)

- шудың таралу бағыты (әдетте жүрек ұшында шектеулі аймақта)

10

5

0

4.

Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме (науқас тұрған кезде).

10

5

0

5.

Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма (митралды қақпақша стенозының аускультативті көрінісі).

10

5

0

6.

Осы клиникалық жағдайда студент пульс пен артериалды қысымның мүмкін өзгерістерін сипаттай алды ма (pulsus differens, pulsus parvus, жыпылық аритмиясында- аритмиялық пульс; АҚҚ әдетте қалыпты, САҚҚ сәл төмендеуі және ДАҚҚ жоғарылауы мүмкін ).

10

5

0

7.

Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (сол жүрекше мен оң қарынша ұлғаюы мүмкін-жүрек белінің жоғалуы, жүректің митралды конфигурациясы ,жүрек шекарасының оңға және жоғары кеңеюі, кіші радиус доғасы бойымен контрастты өңештің ауытқуы, кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарылағанда өкпе артериясы доғасы кеңеюі).

10

5

0

8.

Осы клиникалық жағдайда студент электрокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (оң қарынша мен сол жүрекше гипертрофиясы белгілері, ЖЭО оңға ығысқан, оң жақ кеуде әкетулерінде жоғары R , сол жақ кеуде әкетулерінде S айқын, Р тісшесінің ұзақтығы мен мәні артады).

10

5

0

9.

Осы клиникалық жағдайда студент эхокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (митралды клапанның алдыңғы және артқы қақпақшаларының алдыға қарай бірбағытты қозғалысы; алдыңғы қақпақшаның диастолалық жабылуының жылдамдығының азаюы; клапанның алдыңғы қақпақшасының қозғалу жылдамдығы азайған, сол қарынша қуысы кеңеймеген, кеңейген оң қарынша айқын көрінеді.)

10

5

0

10.

Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма( протодиастолалық шу (Стилл шуы) өкпе артериясында(міндетті түрде естілмеуі мүмкін), жүрек ұшы соққысы болуы, диастолалық (пресистолалық) діріл «мысық пырылы», бала кезінде физикалық дамуының артта қалуы)

10

5

0

Барлығы:

100

50

0

«4,0» (95-100%)- 9,5 – 10,0 балл, «3,67» (90-94%)- 9 балл, «3,33» (85-89%)- 8,5 балл, «3,0» (80-84%)- 8 балл, «2,67» (75-79%)- 7,5 балл, «2,33» (70-74%)- 7 балл, «2,0» (65-69%)- 6,5 балл, «1,67» (60-64%)- 6 балл, «1,33» (55-59%)- 5,5 балл, «1,0» (50-54%)- 5 балл, «0»- 5 балдан төмен.

Станция бойынша максималды балл -10,0

2-3 Клиникалық жағдай