Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Проектирование.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.98 Mб
Скачать

4.5 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы.

Киімнің сыртқы пішінінен мынадый факторлар әсер етеді:

-матаның фактурасы, түр-түсі,әшекейлер,әрлеулер, көрінетін тігістер:

-адам ден бітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін

көрсететін оның еркінділік дәрежесі:

-пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылымы.

Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамсы.Түрлі ассортименттегі киім конструкциясының негізгі түрлі пішіндерге ие.Киім пішіні құрастыру және сәндік деп бөлінеді.Көп жағдайда осы сызықтармен анықталады. Сондай-ақ сэлуэттік депте сипатталады.

       Сэлуэттік сызықтар  киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы

пішінімен кескінінің пропорциясын сипаттайды.

       Киімді модельдеуде әртүрлі жастағы, өлшемдік және толықтық

жетекші сэлуэттер болып табылады.

       Құрастыру сызықтары  киім бетіндегі бөлек бөліктерге бөлінеді. Еңкөп кездесетіндері мынадай бөліктер. артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға тағыда басқа. Киімнің негізгі бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Киімдегі әшекей құрастырушы деп те айтуға болады.

Сәндік сызықтарға әртүрлі әрлеу сызықтарын сондай-ақ бөлік

шеттерінің контур сызықтарын жатқызады.

Киім пішімі деп киімнің конструктиптік құрлымының жалпы

сипаттамасы түсіндіріледі.

     Қосымшалар  негізінде сыртқы иықты киімдерге және жеңіл

киімдерге қосылатын қосымшалар болып бөлінеді. Сыртқы киімге

қосылатын қосымша көп болады. Олар :

Пг -көкіректің жарты орамына берілетін қосымша4см.

Пт –белдің жарты орамына берілетін қосымша 1,5см.

Пб –бөксенің жарты орамына берілетін қосымша 1 см.

Пшгор –мойының жарты орамына беріледі 1см.

Пдтс –белге дейінгі берілетін қосымша 0,5см.

Пспр- қолтық  ойындысына берілетін қосымша 2,5см.

Пшп-көкірек еніне берілетін қосымша 0,5см.

Пдтп-алдыңғы бойдың белге дейінгі үзындығы 0,5см.

5 Киім конструкциясы, пішіні және өлшемнің характеристикасы

5.1 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы

Киімнің сыртқы пішіні оның негізгі элементтері болып табылады. Киімнің сыртқы пішініне мынадай факторлар әсер етеді:

  • матаның фактурасы, түр-түс, әшекейлер, сызықтар, әрлеулер, көрінетін тігістер;

  • адам денебітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін көрсететін оың еркіндік дәредесі;

  • пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылым;

  • адам денебітімінің сыртқы пішіні.

Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамасы. Түрлі ассортименттегі киім конструкциясының негізгі түрлі пішіндерге ие. Олар пішіннің құрамдас бөліктерінің өлшемдері арқылы ажыратылады. Киім пішіні құрастыру және сәндәк деп бөлінеді. Сондай-ақ, силуэттік деп те сипатталады.

Киім силуэті, оның жазықтықтағы бейнеленуі мен кескінделуі көп жағдайда құрастыру және сәндік сызықтармен анықталады.

Силуеттік сызықтар (бұйымның иығы, кеудесі, белі, және етегі) киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы кескінінің пропорциясын сипаттайды.

Киімді модельдеуде әр түрлі жастағы, өлшемдік және толықтық топтағы сұраныстарға жауап беретін бірқатар жетекші силуэттер қабылданған:

  • түзу, бел сызықтарының қатысынсыз, иық сызықтарының кеңейтілуімен сипатталады;

  • жартылай қынамалы, кеуде сызығы бойынша кішілеу көлемді мықын және бел сызықтары бойынша аз қынамалығымен, бұйым етегі сызығы бойынша азырақ кеңейтілуімен сипатталады;

  • трапеция негізді, етегі тартылған немесе кеңейтілген.

Құрастыру сызықтары (тігістер) киім бетін бөлек бөліктерге бқледі. Ең көп кездесетіндері мыназай бөліктер:

  • артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға, белдемшенің алдыңғы жаймасы, белдемшенің артқы жаймасы;

  • шалбардың алдыңғы жартысы, шалбардың артқы жартысы.

  • Киімнің негізгі бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Сондықтан да, құрастыру сызықтары көп жағдайда киім тігістерінің орналасуымен сәйкес келеді. Киімдегі әшекейлі-құрастырушы форма құрушы сызықтарға бүкпені жатқызады. Бүкпе – бұйымның барлық ұзындығы немесе еніне жүргізілмейтін тігіс.

Кейбір тігістер, мысалы бетерлік және иініш тігістері екі түрлі қызмет атқарады: құрастыру және сәндік.

Сәндік сызықтарға әр түрлі әрлеу сызықтарын, сондай-ақ бөлік шеттерінің контур сызықтарын (жаға, латскан, өңір және т.б.) жатқызады.

Киім пішімі. Пішім (покрой) деп киімнің конструктивтік құрылымының жалпы сипаттамасы түсіндіріледі. Киім пішімі жеңді қондырып тігу сызықтарымен алдыңғы боймен артұы бойдың тік сызықтарымен немесе көлденең бөліндімен сипатталады.

Негізгі жең пішімдерін төмендегідей жіктеуге болады:

  • қондырмалы (Қ);

  • реглан (Р);

  • тұтаспішілген (Т).

жеңнің негізгі пішімдерінің үйлесуі нәтижесінде қосымша пішім-қиыстырылған пішім (ҚП) жасалады. Көкірекшемен белдемшенің қосылу сипатына байланысты киімнің мынадай түрлері болуы мүмкін:

  • қиылған (О+Б)

  • бел сызығы бойынша қиылмаған.

Пішін (форма) қалыптасу - костюм бөліктерінің адамның дене бітіміне, қоршаған ортаға байланысты өзара әрекет жасау процесі, оның қалыптасуы, дамуы.

Пішін қалыптасу процесінде бұйымдардың функционалдық, конструктивтік, кеңестік - пластикалық, технологиялық құрылымы пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, пішін қалыптасуы - жеке заттарды құрастыру (бөлшектеу және қайта құрау).

Костюм үлгісіндегі сәндік ауысымдар пішінінің үздіксіз қозғалыста болуын қамтамасыз етеді.

Пішін қалыптастыру костюмді жобалау ісінде үлкен рөл атқарады, себебі бұл процесс композициялық ізденіспен пішіннің жүйелі құрылымын қажет етеді. Пішін қалыптасуы пішін құруға және пішін элементтерін өзара үйлесімділік байланысына негізделген принциптерінің жалпы заңдылығына сүйенеді.

Пішін қалыптасуы, ең алдымен, пішіннің кеңістікпен уақытта «қосылуы». Пішін қалыптасуы пішіннің сапалы және сансыз белгілерінің үздіксіз өзгеруі мен көбеюіне байланысты дамып отырады.

Пішін қалыптасуы элементтердің үнемі орын ауыстырып отыру процесі. Бір қарағанда, костюм пішіні жиі өзгермеуі мүмкін. Фактура, матаның түсі, сызықтар, бөлшектері, әшекейлер мобильдік элементтер деп аталады. Костюмді пішінге келтіру барысында дәл осы элементтер пайда болады, жоғалады, орын ауыстырады. Оларды пішінге келтіруші мобильді элементтер деп атауға болады.

1-сурет. Пішіндегі өзгеретін мобильдік элементтер

Бұдан басқа да, пішінге келтіру процесіне тұрақты және құрылымдық элементтер қатысады, олар пішіннің көрініс табуымен пайда болуына тірек болады. Оған матаның құрылымы, бұйымның тұрақты геометриялық формасы, бөліктерінің пропорционалдық қарым-қатынасы, метрлік параметрлері жатады.

Костюмнің қалпын жалпы өзгертуде мобильді элементтер маңызды рөл атқарады. Даму барысында олар ескі пішінді бұзып, оның өзгеріске ұшырауына дайындық жасайды. Мысалы, әуелгі пішінде таза сызықтар болады, олар құрастырумен белгіленеді, сосын олар әшекей бөліктердің өсуімен, фурнитураның, ою - өрнектердің, сызықтардың күрделенуінен ығысып қалады.

Сәнді пішімді қалпына келтіру кезінде костюмнің өзгерістерге ұшырап, элементтерінің бұзылуы байқалады. Мысалы, киімнің енін үлкейту оның ұзындығымен бел сызықтарының орналасуын өзгертуге әкеледі, пішінді тарылту бел сызықтарының ауысуына әкеп соғады. Жең былай жасалады: силуэт қонымдылығына сәйкес ол кішірейеді, бірақ белдемше күліш етекті болса, ол төмен қарай кеңейтіледі немесе қаттамамен айқындалады; белдемшені төмен қарай тарылтқанда жеңнің жоғары жағы кеңейді де тұтас пішілген күйге айналады. Бұйым ұзындығын қысқартқанда, бел сызықтары төмен түседі, аяқ кеңірек ашылады, белдемше мен нымшаның ұзындық қарым қатынасы өзгереді.

Сән үлгісіндегі өткір ұсыныстар өз кезегінде тұрақты қалыпты жоюға әкеледі.

Пішін заттың морфологоиялық және кеңістікті - көлемдік құрылымы, ол материалдың мазмұнды өзгеруінің нәтижесінде пайда болады.

Киім пішіні (сәулет өнері, жиһаз, ыдыс - аяқ т.б., айырмашылығы) нақты қозғалыс үстіндегі объектіге - белгілі бір өлшеммен берілген адам дене бітіміне негізделеді. Киім пішінің көлемі адам дене бітімінің өлшеміне және бойына байланысты қарастырылады. Киім ұзындығы оның қызметімен өзара байланысты.

Жобалау процесінде костюм пішіні ең басты орын алады. Киім пішінін пішіннің тұтас геометриялық түрі, оның көлемі, құрылымы, бөлшектенуі (құрастырылуы), материал мен пропорция анықтайды. Құрылым негізінде түрлі вариациялары бар пішін базалық деп аталады. Бұйым сериясының негізіне жинақталған базалық пішін белгілі бір стильді білдіреді.

Стильді базалық пішін сол кезеңнің негізгі белгілерін жинақтап бере алса, классикалық болып табылады. Классикалық пішінде эстетикалық және утилитарлық қызметтердің тепе - теңдігі сақталады. Классикалық пішіннің үлгісі ретінде ағылшын костюмі, свитер, қатпарлы шотланд белдемшесі, пальто - реглан, фрак, редингот, қайық - туфли, эжейде - көйлек, шалбар, пиджак, жұмсақ фетрлі ерлер қалпағы, құлақшын, етік, тағы да басқа киімдерді алуға болады. Классикалық элементтер біздің заманысмыздың бар талабына жауап бере алатын заттар, олар: орамалдар, галстуктер, желбірек, т.б.

Костюмді жасаудың негізгі шарты - оны белгілеу және пайдалану шарты. Костюм кигенге ыңғайлы әрі әсем болуы керек. Сондықтан оның пішіні, жобалық құрылымы, материалды таңдау, бөліктері мен түсі оның негізгі қызметіне қойылатын (эстетикалық және практикалық) талаптарға сәйкес болуға қажет.

Анология бойынша, пішіннің геометриялық көрінісі дененің силуэтімен костюм пішінің көлеміне байланысты қарастырылады. Егер өткен ғасырлардағы костюмдерді салыстыратын болсақ, онда қарастырығлған пішім ауысым былай көрінеді: ежелгі грек костюмі - тік бұрыш, орта ғасыр костюмі - үшбұрыш және трапеция, қайта өрлеу дәуірінің костюмі - шаршы (квадрат), барокко, рококко стилі - сопақша, ХХ ғасыр стилі - қайтадан тік бұрыш пішінін жалғастырған.

Қай кезеңде болсын, екі пішін қатар дамиды, олар қатарласа өмір сүре отырып, басымырақ пішін өзіне басқасын бағындырады, бұл пішіндердің әрқайсысы өзінің ені мен ұзындығының ұзару кезеңін бастан кешіреді.

ХХ ғасыр костюмінің геометриялық пішінің дамуы үшеуінің біреуіне - тік бұрышты, трапециялық (үшбұрышты) және сопақша түрге негізделеді. Пішін дамуына жүргізілген ғылыи зерттеулер нәтижесі олардың мүлде жоғалып кетпейтінін, аз уақыт шектеулі күйде қалып қайтадан жаңарған күйде пайда болатынын көрсетті.

Пішін жасау тәсілі костюмнің геометриялық негізімен матриалының сапасына байланысты жүзеге асады. Мысалы, матаның қаттылығы немесе жұмсақтылығы, тез жыртылғыштығы пішінге келтіру процесіне әсер етеді.

Костюм пішінің түрі оны конструкцясына да қатысты болады. Киім адамның дене пішініне, ұсынысы мен талабына байланысты (бұйымның технологиялық сапасы мен материал сапасына байланысты) әртүрлі бөлікке бөлінуі мүмкін.

Адамның қызмет ету салаларының дамуы киімнің жаңа технологиялық түрлерін (мысалы, астронавтар, экологтар костюмі) туғызады. Өзгеріс белгілері тек пішіннің геометриялық түріне ғана емес, оның конфигурациясында және көлемінде де байқалды. Бір элементтің өзгеруі басқаларының да өзгеруіне әкеп соғады. Пішіннің массасы оның жеке бөліктері өлшемінің өзгерісіне ғана емес, түрлі сызықтарға бөлік, бөлшек, фактура, сурет сапасына, түріне, бөлшек өлшеміне және осылармен толтырылуына тәуелді болды.

Костюм пішіні эстетикалық талғамға сәйкес силуэті айқын, костюм бөліктерінің пропорциясы анық, элементтердің ырғақты құрамы нақты, костюм құрылымына, түсі сай болғанда ғана өз тұтастығын сақтап, мақсатқа сай падаланылуы мүмкін.

Киімнің жағдайы үш қалыпта айқындалады: алдынан қарағандағы көрінісі, артынан және қырынан қарағандағы көрінісі, т.б., яғни силуэті.

Костюм силуэті деп оның негізгі ерекшеліктерін айқындайдтын пішін көлемінің тегістігін айтады. Бірақ силуэт бұйым пішінінің немесе жалпақтығының көшірмесі емес, дәлірек айтқанда, бұйымның реттелген символы (бейнелі силуэт А, Д, Т, Х). Силуэтті анықтау үшін оны шаршы, тік бұрыш, трапеция, сопақша, т.б. геометриялық формалармен салыстыруға болады. Бірақ та силуэт бірқатар қарапайым әрі күрделі формалардан тұрады. Осы алғашқы нобайдан ойға алған костюмнің силуэтін жасауға болады.

Силуэтті былайша жіктеуге болады:

  • геометрилық формада - тікбұрыш, трапеция, сопақша, икс тәрізді;

  • дене бітімге қонымдылығына байланысты жартылай жабысқан, тар, кең, қолпылдақ, төменгі жағы тарылған немесе кеңйтілген.

Адамның дене бітімінің артықшылықтарын немесе кемшілігін көрсететін силуэт мүсін өнерлі силуэт деп аталады. Табиғи кескіннен көрі оны бүркемелеп, дененің пішінімен пропорциясын ойша өзгертуді декоративтік деп атайды. Сонымен, костюм пішіні силуэтпен белгілі бір геометриялық формамен, өлшеммен, массамен айқындалады.

Киімнің сыртқы кескінін, силуэт контурын сызықтар кескіндейді. Сызықтар силуэтке айқындық бейнесін береді, пропорцияны анықтайды, композиция мазмұнын ашады, сән бағытын айқындайды. Костюм сәні бағытының ауысымы силуэт ауысымымен тектен - текке орайласпайды. Киімегі сән үлгісі арқа бөлігіне ауысқанда, силуэт профильді түрде жасалады.

Костюм силуэті иық сызықтары, бұйым кескіні, жеңбасы, белдік, төменгі жақ деңгейіне байланысты. Сән үлгісінде, әсіресе иық сызығы ең басты рөл атқарады (дөңгелектенген, төмен түскен немесе тік иықтар, т.б.).

Кеуде сызықтары әрқыйлы сән кезеңінде әртүрлі белгіленеді: біресе белдіктің тарылған түрінеде біресе тік силуэт түрінде.

Мықын сызығы да силуэтте үлкен рөл атқарады: кең пішіндегі белдемше нәзіктікті көрсетеді, ал жабысқан яки «сигарет»түріндегі белдемше пішін жеңілдігін көрсетеді.

Төменгі жақ сызықтары, иық сызығы сияқты, сәннің ең негізгі белгісі. Ол дене бітімнің барлық пропорциясын анықтайды.

Суретші костюмді конструкциялау кезінде әр түрлі сызықтарды пайдаланады. Бұл – көлденең, тік, диагональ, қисық, сынық, аралас, параллельді және қиылысатын сызықтар.