Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Проектирование.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.98 Mб
Скачать

8.1.4. Бүкпелер әр түрлі әсемделуі мүмкін

1 – симметриялы емес (бір жақбөлігі арнайы конструкциямен жобаланады, көбіне қиықты бұйымдарда); 2 – симметриялы (шығыңқылық көрініспен); 3 – тік сызықты симметриялы (тіктігісті жартылай автоматтарды қолданатын ең технологиялық өнеркәсіптік вариант).

Модельдегі бүкпелер кез келген жерде орналасуы мүмкін.

Бүкпелерді көшірудің 2 әдісі бар:

  1. Грфикалық – доғалар мен тіліктер әдісімен жасалады. Нақты, бірақ көп жұмысты қажет етеді;

  2. Үлгі – орындалуының қарапайымдылығына қарай кең қолданылатын әдіс.

Базалық негізгі бөліктерінің белгілі көшірме үлгісін қатты қағаздан қияды. Модельге сай кеуденің шығыңқы нүктесі мен үлгі қиығындағы нүктелерін түзу сызықпен қосып, бүкпенің жаңа орнын белгілейді. Оның сызығы бойынша Үлгіні қияды. Қырларын теңестіріп, алғашқы бүкпені жабады. Мұндай жағдайда жаңа бағытындағы бүкпе саласын құрастыратын тілік орнында, жаңа бүкпе қырлары ашылады. Қатты қағазға жазып өзгертілген үлгі нұсқаларын сызады.

Бүкпелерді көшірудің міндетті шарттары:

  1. Жаңа бүкпенің төбесі шығыңқы орталығына бағытталуы қажет.

  2. Бүкпелер саласы өз қалпында қалуы керек.

Бүкпені бедерлі тігіске көшіру. Бедерлі сызық бүкпенің ұшымен түйіскен жағдайда үлгіге модель бойынша бедерлі сызықтарды енгізеді. Үлгіні осы сызық бойынша қиып, алғашқы бүкпені жабады, сонда бүкпе саласы бедерлі сызыққа көшіріледі.

Егер бедерлі сызық бүкпенің аяғы арқылы жүрмесе, үлгіге бедерлі сызықты модель бойынша енгізеді.

Бедерлі сызықпен бүкпенің аяғындағы арақашықтың усаскесінде қысқа бүкпенің сызығын түсіреді, осы бойынша қияды. Алғашқы бүкпе саласын жабады, бұдан жандарының арасында бүкпе саласы ашылады.

Бүкпені иініштерге көшіру. Модельге сәйкес иініш сызығын үлгіге түсіреді, қияды. Алғашқы бүкпенің саласын жапқанда, иініш сызығында көшірілген бүкпенің саласы ашылады.

Бүкпені қиыққа көшіру. Модельге сәйкес қиық сызығын үлгіге түсіреді, қияды. Қиықтан жоғары орналасқан бүкпе бөлігінің саласын жабады, бұдан қиық жандарының арасында бүкпе саласы ашылады. Қиық сызығының астында орналасқан бөлшектің астыңғы бөлігін бүрмелерге жинайды не ұсақ қатармаларға салады.

Бүкпені қатарма немесе бүрмелермен ауыстыруға болады. Мұндай жағдайда барлық бүкпенің саласын қатармалардың арасына үлестіреді не бүрмелерге жинайды. Қатармалардың орналасуы мен олардың саны модельге байланысты анықталады, ал қатармалардың жандары бүкпенің ұшына қарайды.

8.1.5. Күрделі конфигурациялы бүкпелерді көшіру

Конструкция сызбасында фигуралы бүкпенің күрделі сызығын салу қиындау, яғни бұл бөлікте шаблон иық бүкпесімен қиылысқан. Жаңа конструктивті сызықты шаблонның тұтас бөлігіне сызу қажет, сондықтан күрделі конфигурациялы бүкпелерді көшіру екі кезеңде өтеді.

Модель бойынша талап етілген конструктивті сызық жүргізілетін бөлімшесін босата отырып, бөлшектің кез-келген жерінде көшіреді.

Шаблонда қажетті конструктивті сызықты қайта сызады және оған аралық орналасудағы бүкпені көшіреді.

8.1.6.Бөлшектердің қосымша мүшеленуі

Киім бөлшектерінің өз формасын өзгертпей мүшеленуі бедер мен иінішті жобалау үшін, оның бастапқы букпелерін көшіре отырып пайдаланады. Онымен қоса, шығыңқылық орталығынан өтетін және орталықтан біраз қашықтыққа жататын мүшелеуді ажыратады.

Шығыңқылық орталығы арқылы өтетін иық тігісіндегі бедерлерді бөлшек ортасына қатысты бедер сызығының орналасуынан бастап модель суретінің сәйкестігіне қарай жобалайды, бұған қоса әр түрлі бөлімшелердегі көлбеу бұрышының сурет масштабын пайдаланады. Егер көлбеу бойынша иық сызығы қарапайым типтікке жақын болса бойлық бедерді әсемдеу үшін жоғарғы бөлігіндегі оның сызығын 0,5-1 см қолтық ойындысын қарай қисайту ұсынылады. Осы жағдайда бедер өткір бұрыш бойынша иық сызығын қиып өтпейтін болады. Иық бүкпесін, бедерге ауыстырылған, бедер сызығының әсемделуін жауырын сызығы облысындағы артқы бой енін сақтай отырып ұзартады.Тік силуэтті бұйымдардың бедерлерімен, суреті жоқ матамен жұмыс жасаған кезде жанының төменгі жағына қарай бедер сызығын жеңіл ғана ажырата отырып, иллюзиялы қабылдау жөнінде есте сақтау керек (пальто үшін 1,5 см дейін).

Бедер мен қолтық ойындысының жобалануы кезінде келесі технологиялық талаптарды ескеру қажет: ақырғы өз бөлімшесіндегі мүшелеу сызығы, оларды тігу барысында (мысалы қолтық ойындысы маңында) мүмкіндігінше тік болуы тиіс, бөлшек қиындыларын жинауға жеңілдік туғызады.

Көкірекше, белдемше, шалбар бөлшектерінің жоғарғы бөліктерін мүшелейтін иініш сызықтарымен дәл қолтық ойындысындағы бедерлердегідей жұмыс жасайды. Жауырын мен кеуде шығыңқысының орталығы арқылы өтетін иініш сызығы бойынша бүкпелердің ерітінділерін шамамен 0,5 см үлкеуту қажет.

Горизонтальді иініші бар конструкцияда бүкпені былай орналастырады, горизонтальдің үстіңгі жағы оның ерітіндісінің 2/3 келетіндей, төменге қарай – 1/3.

Шығыңқылық орталығына қатысты бөлшектің бастапқы көлемдік формасын өзгертпей жылжыған бедерді жобалау барысында бедерден шығыңқылық орталығына бағытталған бүкпесіз қалтыру дұрыс болмайды. Бедердің жылжуы үлкен болмаса, бедердің ерітіндісі үлкен емес болып шығады (жұмсақ матада 1 см дейін). Оны қиық бойынша отырғызып ауыстырады. Қиық ұзындығын жан бөлігінің қиығын ұзарту арқы түзетуге болады, бірақ бұл аздаған бастапқы көлемдік форманың өзгеруіне әкеледі, шешім варианттарын комбинирлеуге болады. Егер иініш бүкпе соңының үстінде орналасқан болса, құрыс-тырыс, бедердің жұмсақ жинақтары үшін қалған бөлігін пайдаланып жоғарғы бөлігін ғана жабады. Жинақтау мен құрыс-тырыстар бұл жағдайда бір бүкпені бірнешеуімен ауыстыра отырып, суммарлы ерітіндісі бастапқы бүкпесіне сәйкес келетіндей жобалайды. Қиықты әсемдей кезінде бұл бүкпелердіңсыртқы ұшын бірсарынды сызықпен байланыстырады.

$9. КИІМ ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛІМІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ

Тұтастай алғанда киім және оның жеке бөліктері дайын күйінде беттік кеңістікті құрайды. Киім бөлшектерін жазық материалдардан құрайды мысалы, матадан, трикотаждан, бейматалық материалдардан. Сондықтан киім құрауда ең басты талап болып, жазық матадан кеңістіктегі дененің формасын алу және кері тапсырманы шешу, яғни киім бөлшектерінің жазықтыққа бүгілуі (түзету) – киім бөліктерінің ұңғымасын құрау болып табылады. Беттік ұңғыма – бұл жазықтықта алынған, геометриялық фигура.

9.1. Киім құрастыруда қолданылатын беттік ұңғыма құраудың жалпы принціптері

Барлық көлемді беттер жазылатын және жазылмайтын болып бөлінеді. Жазылатын беттер – бұл жазықтыққа ешқандай кемістіксіз және бүкпесіз жазылатын беттер.

Жазылатын беттер ұңғымасы бастапқы жазықтыққа қарағанда изометриялы. Жазылатын беттерді жазу кезінде түзу сызықтар түзу, қисық сызықтар өз ұзындығы мен жазықтықтағы қаңдай да бір түзулермен пайда болған бұрышын сақтайды, ұңғымадағы сәйкес бұрыштарға тең болып қалады. Беттегі қаңдай да бір облыс жазықтыққа өз ұзындығын сақтайды.

Белгілі болғандай, жазылатын беттердің екің түрі болады: жазықтықтағы беттерге жаңасушы (жаңасушы беттер), және айналмала беттер (конустық және цилиндрлік).

Жазылатын бетте Гауссов қисығы К=0. Бұл беттер түзу: оларды құрайтын – түзу сызықтар. Түзу сызықтарды радиусы шексіздікке тең шеңбердің түзу сызығы ретінде қарастырсақ, онда біз К=1/∞R2=0. Барлық жазылатын беттер кеңістікте ешқандай деформациясыз жайыла алады.

Жазылмайтын беттерде бас қисықтардың екеуінің де радиусы шексіздікке тең емес (R1 ≠∞; R2 ≠∞), сол себепті К≠0. Бұл беттер жазықтықта толық жаййыла алмайды. Егер де бұндай беттерді жазу керек болса, онда оны тек жуықша орындайды. Бетті қатты дене емес, ал жұмсақ иілмелі пленка ретінде қарастырсақ, оны деформациялап немесе бүкпелеу арқылы жазықтық ұңғымасын алуға болады. Бұл жағдайда кеңістікті әрқайсысын кеңістікте жазылатын ұңғымаларға дөңгелектеп жазатын бөліктерге бөледі.

Осылайша, киім бөліктерінің беттік ұңғымаларын тек шартты және жуықталған түрде қарастыруға болады.