Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Проектирование.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.98 Mб
Скачать

7.3. Бастапқы конструкцияны іріктеу

Бастапқы конструкция(ИК) ретінде, оны модельдікке өзгерту үшін базалық конструкция(БК) немесе соған конструктивті шешімі бойынша ұқсас модельді қолдануы мүмкін.

ИК таңдау кезінде, жобаланатын модельге барынша жақын, келесі критерийлерді басшылыққа алуға болады:

  • бірінші сатының критериі киім мен мата түрін, силуэт пен пішім, өлшем, ұзындық, жаймалық тобын сипаттайды. Егер өлшем бойынша сәйкес ИК жоқ болса, жаңа БК әзірлейді;

  • ИК бағалаудың екінші сатысының критериі оның негізгі габариттік өлшемдер бойынша әзірленіп жатқан модельдің ұқсастық дәрежесі болып табылады;

  • үшінші сатының критериі конструкцияның негізгі бөлшектерінің мүшелеумен байланысты. Реглан пішімді және бірге кесілген жеңді модельдерді әзірлеу үшін ИК таңдағанда қосымша жеңнің өлшемі мен формасын бағалау қажет.

8. Конструктивті модельдеудің принциптері

8.1. Киім формасын өзгертпей конструктивті модельдеу

Бұл бастапқы конструкцияның ең қарапайым модификациясы. Бұнда ілгек, қайырма, өңір, жағаның соңының өлшемі мен контуры, түймелер мен ілмектердің саны мен орын ауыстыруы, қалталар мен т.б. орналасуы мен формасы өзгеріске ұшырайды, бұйымның ұзындығы айқындалады, құрыс-тырыстар жобаланады, мүшелеу сызықтарын ауыстыру, (тігістерді қоспағанда) бөлшектерді біріктіру немесе оларды қосымша кішкентай өлшемдерге мүшелеу қолданылады.

8.1.1. Ілгектер

Түймесіз киімдерде ілгектер көбінесе алдыңғы жақтың орталығында орналасады. Ілмектер горизонтальді, вертикальді, көлбеу болуы мүмкін. Вертикальді ілмектер планкада қолданылады. Ілмектен өңір жиегіне дейінгі арақашықтық түйме диаметрінен ¾ кем болмауы тиіс. Өңірдің жиегінде әрлеу тігістері бар болған жағдайда бұл арақашықтық үлкейеді, яғни түйме әрлеу тігісін жауып тұрмауы қажет.

Түймелер бетінің жуандығы мен тегістігіне қарай ілмектердің ұзындығы олардың диаметрінен 2-5 мм-ге көбірек. Өңірдің ені(полузаноса) түйме диаметріне, материалдың қалыңдығына, ілмектердің(түйме) қиылған тілігіне тәуелді. Бір өңірлі бұйымда ол түйме диаметрінің 1-1,5 тең, екі өңірліде – түйме диаметрінің 1-1,5 + түйме қатарларының қашықтығының ½ . Орталық ілгекті, аралас ілгекті, екі өңірлі бұйымдар үшін өңір енінің типтік мағыналары бар.

Қайырмалы ашық ілгек арнайы құрылымды талап етеді. Қайырма алдымен бүктеулі күйінде, модельдің суретіндегідей, оның жиегінен жең ойындысының және т.б. сызығына дейінгі арақашықтық пен ені арасындағы бағалау қатынасына сүйене отырып құрастырылады. Өңір сызығы мен қайырманың құрастырылу келесідей ретпен жүзеге асады:

- өңір жиегінің сызығынан ілмектердің орналасу дәрежесін белгілейді

- қайырманың иілу сызығын анықтайды. Қайырма иілуінің төменгі нүктесі өңір жиегі сызығының жоғарғы ілмегінен 1,5 ... 2,0 см үстіңгі жағында орналасқан. Жоғарғы нүктесі – иық тігісінің төменгі бағана биіктігі минус 0,5см тең өлшемде жалғасқан;

- қайырманың иілуіндегі раскеп сызығының орналасуы масштаб қолдану арқылы бел сызығынан анықталады.

Қайырманың симметриялық көрінісі оның иілу сызығына байланысты қолмен құрастыру барысында әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін (шаблон тәсілі, перпендикуляр, сызбаны асыра сілтеу, керкті сызықтарды кескішпен көшіру).