- •3.1 Киім сапасы туралы негізгі түсініктер және өнімнің сапалық көрсеткіштері
- •3.2 Өнім сапасының қасиеттері мен көрсеткіштері
- •3.3 Квалиметрия ұғымы және оның түрлері
- •4. Адам денесінің өлшемдік типологиясы
- •4.1 Адам денесінің анатомиялық қозғалыс аппараты
- •4.2 Адам денесінің сыртқы пішінінің сипаттамасы
- •4.3. Адам денесінің морфологиялық белгілері. Пропорциясы, дене бітімі, келбеті.
- •4.4 . Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
- •4.5 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы.
- •5 Киім конструкциясы, пішіні және өлшемнің характеристикасы
- •5.1 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы
- •5.2 Конструктивті сызықтар
- •5.3 Киімнің еркін қонымдылығына қосымшалар
- •7.1 Киімнің конструктивті модельдеуі
- •7.2 Модельдерді талдау.
- •7.3. Бастапқы конструкцияны іріктеу
- •8. Конструктивті модельдеудің принциптері
- •8.1. Киім формасын өзгертпей конструктивті модельдеу
- •8.1.1. Ілгектер
- •8.1.2. Құрыс-тырыстар
- •8.1.3. Қалталар
- •8.1.4. Бүкпелер әр түрлі әсемделуі мүмкін
- •8.1.5. Күрделі конфигурациялы бүкпелерді көшіру
- •8.1.6.Бөлшектердің қосымша мүшеленуі
- •9.2. Киім бөлшектерінің ұңғымаларын құрастыру әдістерінің жіктелуі
- •12.1 Қымтаулы тігістің қайта модельденуі
- •12.2 Қолтық ойындысы.
- •12.3 Қолтық ойындысы тереңдетілген бұйымдардың конструкциясы құрылымының ерекшеліктері
- •13.1 Бүтіндей тігілген жеңнің конструкциялық ерекшелігі
- •15.1 Аналог модельдерді таңдау
- •17.1 Модельдің сыртқы түрінің сипаттамасы
- •17.2 Киімнің құрылымдық жобалануы.
- •17.3 Модельді зерттеу барысында оның ерекшеліктерін және де алдын ала қалыптасқан құрылымы мен базалық ауытқуын айқындайды. Модель туралы.
- •2. Жаңа үлгідегі киімді құрастырып шығару дайындықтарының кезеңдері. Әрбір кезеңнің мақсаттары мен міндеттері
- •Конструктивтік ақаулар
- •Көлденең қатпарлар
- •Тығыз көлденең қатпарлар
- •Баланстың бұзылуы
- •1.Инженерлік және көркемдік конструкциялау қағидалары
- •2.Жобалау үрдісінің кезеңдері
- •3. Ажж құрамдастары және қамтамасыз етулері
$ 1. Жобалау негіздері
Жаңа киім үлгілерін жобалау бірнеше кезеңнен тұратын, күрделі шығармашылық процесстердің бірі. Құрастыру және құрастыру модельдеу кезеңін толық әрі мұқият зерттеуден өткізгеннен кейін ғана , жаңа киім үлгілерінің әр түрлі ассортиментін жобалауға немесе модельдеуге кірісуге болады.
Жаңа киім үлгілерін өңдеу екі негізгі әдістер арқылы жүргізіледі: көлемді кеңістік және жазықтықта түрлендіру арқылы қолданылатын 2 және 3 ретті жобалау кезінде. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп сферасында, ауқымды түрде киім үлгілерін жобалауда жазықтықта түрлендіру әдісі қолданылады, бұл әдіс екіншіге қарағанда әлдеқайда оңайырақ және кең көлемді бастапқы ақпаратты қажет етпейді.
Электронды есептеуіш машиналарын қолдану киімді құрастыру кезінде жобалау мерзімін, материал шығынын және бұйым сапасын жақсартып,өндірушінің өнімділігін арттырады. Иілгіштігі нәтижесінде электронды есептеуіш машиналар киім құрастыруда негізгі автоматтандырылған құрылғы болып саналады.
Жаңа киім үлгілерін құрастыруда автоматтандырылған жүйелерде жазықтықта түрлендіру әдістері қолданылады: киім конструкциясын бірыңғай элементтерден жобалау және негізгі конструкцияаларды түрлендіру арқылы. Дегенмен, жаңа киім үлгілерін жобалау мақсатында киімді түрлендіру көбінесе базалық конструкциялар негізінде әзірленеді. Нәтижесінде киімнің модельді конструкциясының әр түрлі көрсеткіштерін алуға болады.
Киімді құрастыру және модельдеу кезеңінде ерекше қиындық тудыратын, ол киім бөліктерін конструктивті модельдеу. Дәл осы кезеңде дизайнердің немесе модельердің шығармашылық таланты, қабілеттілігі, маман ретіндегі дәрежесі айқындалады. Жобалау үшін модельді конструкцияның түптұлғасын таңдау үш нұсқамен шектеледі; конструктивті үлгінің ұқсастығы (аналог) – жобаланып отырған үлгімен, ертерек өңделген үлгі конструкциясының ұқсастығы. Бастапқы үлгі конструкциясы –алғашқы түптұлғасы жоқ кезде қолданылатын, модельді конструкцияны жобалау: сонымен қатар негізгі (базалық) сызбаларды қолдану арқылы конструктивті модельдеу.
Тігін өнеркәсібінде модельдеу ұйымдарына талдау жүргізу нәтижесінің көрсеткіштері бойынша, жаппай өндіру нәтижесінде әлдеқайда көп өзгеріске конструктивті модельдеу ұшырайды, ол киімнің негізгі бөліктерімен оның түрлі бүкпелерінің, тігістерінің өзгеріске ұшырауымен тығыз байланысты.
Киім үлгісінің түпнұсқасын анықтау үшін, жобалау кезінде белгілі мәліметтерді анықтап алу керек: тұтынушының жасы мен жынысын, оның өлшемін, киім фасонын, силуэтін және басқа да бөліктерінің сұранысқа сәйкес ерекшеліктерін. Әлдеқайда шағын анықтамаларға киімнің сыртқы құрастыру сызықтарының түрін, функционалды декоративті элементтердің болуын, бүкпелерінің орналасуын, параллель немесе конусты пішімді детальдарды анықтап алу қажет.
Бұйым пішіні, сызбалық конструкциясының құрастыру сызықтарының дәлдігімен, жазықтықтағы өлшемімен анықталады. Конструкция сызбасы форма қалыптастырушы принциптерге және ережелерге бағынуға тиіс және оның ары қарай түрленуі шығармашылық ізденістерге сәйкес жалғастырылады.
Жаңа киім адамның образына сәйкес келіп, жарасымды көрінуі керек. Адам дене бітімінің сымбаты мен көркін айқындап, бұйымның пропорционалдылығы , құрылымдық ерекшеліктері бір бірімен үйлесім табуы керек.
Сонымен қатар, көздің қабылдау заңдылығына сәйкес, иллюзиялық көрініспен адам дене бітімі пропорционалды өзгерістерге ұшырайды. Яғни, толықтықты арық қылып немесе керісінше басқа да жолдарымен көрсетуге болады. Бұның барлығы киімді пішу тәсілдері мен дизайнердің шығармашылық талаптарына байланысты. Киімнің декоративті және конструктивтісызықтарының орналасуы немесе жылжуы, оларды анықтау, сән үрдісінің киім элементтерінің иллюзиялық қабылдауы нәтижесінде анықталады.
Жаңа киім үлгілерін жасау кезінде, тұтастықты негізге алу керек. Яғни, кез келген дизайнер үшін әр түрлі киім үлгілерінен жиынтық (коллекция) дайындау үшін, бірінші талап коллекциялық тұтастықты қамтамасыз ету болып табылады. Стильдегі тұтастық– киімнің тағайындалуы, сәннің бағыты, силуэті мен формасы, фигура пропорциясы. Сонда ғана, киім үлгілері аяқталған күйге жетеді.
$ 2. Киім туралы жалпы мәліметтер
Негізгі зерттеу объектісі киім болып табылады. Заманауи киімнің пішін қалыптастырушы заңдылықтарын түсіну үшін, тарихқа шолу жасауымыз керек.
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады.Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала киімі, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше киімі, ақсақал киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты.
2.1 Киімнің шығуы және пайда болу тарихы
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Қазақтардың ұлттық киімі халқымыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүруіне ыңғайлы етіп тігіледі. Оларға аяз бен боранға , ыстыққа төтеп беретін киім қажет болды. Орта Азиямен, Қытаймен сауда саттық жасаудың нәтижесінде жүн, жібек, мақта маталарын ала бастады. Ал XVIIIғасырдан бастап орыстың фабрикалық арзан маталарын айырбасқа ала бастады. Бұл ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен киім дайындады. Киімнің пайда болу тарихына көңіл бөлсек, алғашқы адамзат өкілдері киім деген нәрсені ұғына білмеген.
Төрттік дәуірден бастап маймыл тектес адамнан келе-келе матреархат дәуірінде адамдар туралы іс - әрекетін бейнелеу.
Аң аулау пайда болғаннан кейін және де мұзбасу дәуірінде күннің күрт өзгеруіне байланысты аулаған аңдардың терілерін үстіне кие бастаған.
Мысалы: Үйсіндер жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім, ішік, тері шалбар, бешпент тігу үшін тері илеу ісі дамыды. Ал ғұндарда мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер тігіп киген.
Киімнің шығу тарихын толық зерттеп, ежелгі тас дәуіріндегі палеолит және мезолит дәуіріндегі киімдердің пайда болуын зерттеу киімнің шығу тарихын әлі де біле бермейді. Біздің келешек ұрпаққа тәрбиелеп жатқан ұл – қыздарға таныстырып, оларды ұғындыру киім үлгілерін жарғақ, жырға, шидем, кебенек, аба, шалма т. б. Киімдерді суреттеп және де сол дәуірдің киімдерін қолдан тігіп, оларға үйретіп және киім тіккізіп ұғындыра білу, қазіргі жастарға киімнің эстетикалық жағын, оң әсер етуін көрсету, көз жеткізу.
Алғашқы киімді ерлері де, әйелдері де тек белдеріне байласа, кейіннен ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, аулаған аңдардың терілерін үстіне орап, барлық дене бітіміне орап байлап кигендігінің іс - әрекетін көрсету.
Киімді көбінесе Орта Азиядағы алғашқы қауым өнімдері мал шаруашылығымен айналыса бастау көшіп қонып, жүруіне ыңғайлы етіп тігу.
Киімді малдың иленген терісінен, киіз бен қойдың, түйенің жүнінен дайындауға болады. Мысалы: тері тымақ, тері тон, күпі, кенеп, шекпен, сырмалы шапан, т.б.
Х ғасырда біздің ата – бабаларымыз табиғаттың тылсым күштеріне байланысты ежелден бастап кие бастаған киімнің дәл қай уақыттан бастап кие бастағаны белгісіз. Көбінесе киім отырықшы қалаларда жақсы дамыған, ол көшпелі мал шаруашылықта киім көбінесе малдың терілерінен және жүндерінен тігілген. Ал қазіргі таңда киім әр заманның өзіне лайық дамып келе жатқаны белгілі.
Киім адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәдениетімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдіктер, ағаштар, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Адамдар аң терілеріндегі жүндер мен түктерге денесі тигенде біртүрлі жұмсақтық пен жылылықты сезетін. Енді оларды үстіне жамылса, суықтан, жаңбыр мен желден қорғануға болатынын көрді. Бірақ тері жамылғылары аң аулау кезінде қолайсыз болған соң, енді оларды өздерінің денесіне ықшамдап тікті. Ол үшін сүйектерден ине жасады. Жануарлардың тарамыстарын жіп ретінде пайдаланды. Киім тігу мен киім кию осылай басталған.
Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінген. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа, киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы: үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; гректер гиматий; солтүстік халықтар теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен киім дайындайды. Аяқ киім түрлері ағаш, тері, көннен жасалады.
Кеуделі киім пішілуіне қарай тұйық және алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып бөлінеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктерін танытады.
Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күлпара) , балуан, батыр киімдері болған.
Жас ерекшеліктеріне қарай бала киімдері, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше киімі, ақсақал киімдері үлгісінің әшекейі, тігілуі, сырылып кестеленуң әр түрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамдардың киімі денеге қонымды кең, мол пішілген, әшекейі аз, қарапайым кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат, шапан. Сонымен бірге бақсы киімі, сал – сері киімініңде өзіндік сәндік және кейбірінде салтанат киімі болады.
Бір киер киім дер қымбат маталардан әшекейлеп тігілген той – думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе – жекке түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген. Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ әскерилердің өзге де мамандықтардың арнаулы киімдері, сәндік киімдер түрлері бар.
Қорыта келгенде сәнен қалған киімдерді жаңғырта отырып, қазіргі заманға сай сән үлгісіне өңдеуді үйрете отырып, ұлттық киімдерді дәріптеу.
2.2 Киім туралы негізгі түсініктер және олардың қызметтері
Киім – утилитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы.
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім белгілі бір дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этникалық ортасын танытады. Ұлттық талғамдар мен дәстүрлер әсіресе киімге тағылатын зергерлік бұйымдардан айқын сезіледі.
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне , қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Қазақтардың ұлттық киімі халқымыздың негізгі кәсібі – мал шаруашылығына байланысты көшіп – қонып жүруіне ыңғайлы етіп тігілді. Оларға аяз бен боранға, ыстыққа төтеп беретін киім қажет болды. Орта Азиямен, Қытаймен сауда – саттық жасаудың нәтижесінде жүн, жібек, мақта маталарын ала бастады. Ал XVIII ғасырдан бастап орыстың фабрикалық арзан маталарын айырбасқа ала бастады. Бұл ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады.
Қазіргі киімдердің мынадай түрлері бар: 1) ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдері; 2) жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен курорттарға киетін киімдер; 3) әскери адамдардың, теміржолшылардың, т.бт адамдардың киімдері; 4) спорттық киімдер.
Киімнің
атқаратын қызметі
Утилитарлық
Ақпараттық
– эстетикалық.
Физиологиялық
- гигиеналық
Қорғану
Эстетикалық
Ақпараттық
Kиімнің атқаратын негізгі қызметі.
Киім сөзімен мағыналас қолданылатын « костюс » ұғымы кең мағынаны қамтиды.
Костюм – адам денесіне киетін киімдерінің ( аяқ киім, бас киім, қолғаптар және т.б.) оларға қосымша сән беретін заттармен, сондай – ақ шаш қою үлгісі, бет – әлпетті әрлер сияқты элементтермен біртұтас утилитарлық – көркемдік тұтастықты құрайтын тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын кешен.
Қазіргі заман костюмінің атқаратын қызметі сан алуан. Киім адам баласының бірінші кезектегі қажеттіліктерінің бірі болғандықтан, ең алдымен қорғаныш қызметін атқарады. Өйткені, киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістік ортаның әр түрлі әсерлерінен қорғайды. Сол сияқты адамның денесіне киген киімі қимыл – әрекетіне ыңғайлы да ықшам болып, физиологиялық – гигиеналық қызмет атқаруы керек. Ақпараттық қызмет киім туралы ( қолданылуы, заманауилығы, жаңалығы ) және адам туралы ақпарат ( мамандығы, талғамы, мәдениеті және т.б. ) береді. Киімнің адамның сыртқы келбетіне жарасылымдығы, бұйым композициясы элементтерінің жеткіліктілігі және киім дайындаудағы сапа деңгейі ( тауарлық түр ) оның эстетикалық қызметі арқылы айқындалады. Киімнің негізі атқаратын қызметтері.
Сызбадан көріп отырғанымыздай, атқаратын қызметтерінің бірінші деңгейі утилитарлық және ақпараттық – эстетикалық болып бөлінеді. Утилитарлық қызмет екінші деңгейінде қорғану және физиологиялық – гигиеналық қызмет болып, ал ақпараттық – эстетикалық қызмет – ақпараттық және эстетикалық болып бөлінеді.
Киімнің атқаратын қызметі оның тағайындалуына да байланысты. Мысалы, тұрмыстық киімдер қызметінің спорттық костюмдер, ұлттық киімдер және өндірістік киімдер және өндірістік киімдер қызметіне қарағанда бірталай айырмашылығы бар. Спорттық киімнің атқаратын қызметтері айқындалған: утилитарлық, қорғаушы, белгілеуші, теңеуші, дәстүрлі және эстетикалық. Бұл аталған қызметтер спорт түрлеріне байланысты спорттық киімдердің барлығында да көрсетілген. Мысалы, спорттың кейбір түріне арналған костюмде ( футбол, баскетбол, волейбол, хоккей ) қорғаушы және белгілеуші қызметі, ал басқа түріне ( мәнерлеп сырғанауда ) – эстетикалық және белгілеуші, ал тағы бір түрінде ( жүзу, суға секіру ) утилитарлық, төртінші түрлерінде ( сайысу, ат спорты ) – дәстүрлі және т.б. қызметтері жетекші орын алады.
2.3 Киімді топтастыру және оның көрсеткіштері
Қазіргі заманғы киімдер жіктелімінің ( классификация ) негізіне өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері үшін қабылданған топтау мен кодтаудың жалпы принциптері алынған.
Киімді қорғаныш қызметі тұрғысынан екі класқа бөлуге болады: 1) тұрмыстық; 2) өндірістік.
Тұрмыстық киім – адам ағзасын түрлі климаттық әсерлерден қорғау үшін тұрмыстық және қоғамдық жағдайларда киюге арналған.
Өндірістік киім – адам ағзасын климаттық ортадағы ғана емес, сонымен қатар өндірістік ортадағы қолайсыз әсерден қорғау үшін өнеркәсіптің өнеркәсіптің түрлі салаларында киюге арналған.
Киім кластарын пайдаланым шарттарына сәйкес класс тармақтарына, түрлерге, топтар мен шағын топтарға бөледі.
Тұрмыстық киім класы көп салалы болып келеді, оны келесі класс тармақтарына бөледі: 1.1 – сыртқы киімдер; 1.2 – костюмдік бұйымдар; 1.3 – көйлектік бұйымдар; 1.4 – іш киім бұйымдары; 1.5 – формалық киімдер; 1.6 – бас киімдер; 1.7 – қолғаптар. Әрбір киім класы тармақтары іштей топтарға бөлінеді.
Мысалы, костюмдік бұйымдар класс тармағы келесі түрлерге бөлінеді: 1.2.1 – пиджактар; 1.2.2 – жакеттер; 1.2.3 – курткалар; 1.2.4 – жилеттер; 1.2.5 – шалбарлар; 1.2.8 – көйлектер; 1.2.9 – костюм – көйлектер; 1.2.10 – белдемшелер және т.б.
Жыныс ерекшеліктеріне қарай киімді мынандай топтарға бөледі: Е (М) – ерлер, Ә(Ж) – әйелдер және Б(Д) – балалар киімдері. Балалар киімі бірнеше түрлерге бөлінеді: нәресте киімі, ясли жасындағы балалар киімі, мектеп жасына дейінгі балалар киімі, бастауыш сынып оқушылар киімі, жоғары сынып оқушылары киімі және жасөспірімдер киімі.
Жыл мезгілдеріне және климаттық аймаққа байланыстыкиім топтарын мынандай шағын топтарға бөледі: К/К(В/О) – көктемгі – күзгі; Ж(Л) – жазғы; Қ(З( -қысқы; БМ(В/С) –барлық маусымдық. Барлық маусымдық киімге жыл мезгілінің кез келген уақытында киілетінкиім жатады.
Тұрмыстық киімдер нақты жағдайда қолданылуына байланысты былайша бөлінуі мүмкін: күнделікті киетін, салтанатқа киетін, үй киімі және т.б.
Спорттық киімдер – спорт түрлеріне қарай класс тармақтарына, жыныс ерекшелігіне қарай топтарға бөлінеді.
Өндірістік киімдер класы атқаратын қызметтеріне қарай үш класс тармағына бөлінеді: 3.1 – арнайы киімдер; 3.2 – ведомстволық (формалық ) киімдер; 3.3 – технологиялық ( санитарлық – гигиеналық ) киімдер.
Арнайы киім адам денесін тек қоршаған климаттық ортаның әсерінен ғана емес, сонымен бірге өндірістік әсерден де ( шаң, батпақ, балқытылған металл бүркіндерінен және т.б.) қорғайды. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: курткалар, комбинезондар, шалбарлар, плащтар, алжапқыштар және т.б.
Ведомстволық киімдердің класс тармағы теміржол көлігі, өзен, теңіз саласы және авиациялық флот қызметкерлеріне арналған формалық киімдерді қамтиды. Ведомстволық киімнің негізгі турлеріне шинель, гимнастерка, китель, пальто, көйлек, белдемше, шалбар, бас киімдер және т.б. жатады.
Технологиялық киім адамды медицинадағы, ас әзірлейтін бөліктердегі және т.б. еңбек құралдарынпн қорғауға арналған.
Барлық өндірістік киімдер жыныс ерекшеліктеріне қарай Е – ерлер, Ә – әйелдер киімі деп бөлінеді. Климаттық жағдайларға байланысты Ж – жазғы, Қ – қысқы, БМ – барлық маусымдық деп бөлінеді.
$3. Киім сапасы және оған қойылатын талаптар.
Өнімнің сапасы, оның дүние жүзілік саудадағы бәсекеге қабілеттілігі ғылыми техникалық жетістіктегі негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары сапалы өнімнің техникалық, экономикалық, әлеуметтік кемшіліктерін жақсарту өндірістің барлық салаларынының әр түрлі кезеңдерінде қамтиды: жобалау-өндіріс-тауар айналымы-тасымалдау.
Бұл ертеден келе жатқан кемшіліктердің бірі. 50 жылдардың өзінде әр түрлі мемлекеттің мамандарының зерттеулері мен талдаулары бойынша, жасалған тұжырым әрбір өнімге жеке(подход) ыңғайын табу.
«Жүйе», «жүйелік ыңғайлылық» және «жүйелік әдіс» терминдері кең түрде ғылымға қолданысқа түсті, күрделі объектілерді зерделеу, соның ішінде өнім сапасын жоғарылату кең түрде етек жайды.
3.1 Киім сапасы туралы негізгі түсініктер және өнімнің сапалық көрсеткіштері
Бүгінгі таңға дейін өндіріс ұйымының ең негізгі көрсеткіші болып өнім сапасы, оның өтім базарындағы бәсекеге қабілеттілігі қарастырылды.
Әр түрлі заттардың сапасын анықтау әрекеттері ерте заманнан – ақ қолданылған. Платон (б.з.д 427-347 жж.) бұйым сапасы оның жетілгендік дәрежесі деп есептеді; Аристотельдің (б.з.д. 384-322 жж.) тұжырымы бойынша сапа осы заттың дәл сондай түрден айырмашылығын айқындайтын қасиеттердің жиынтығы. Кез келген өнім, соның ішінде киім де қолданылуы талаптарына сәйкес болуы тиіс. Киім ең алдымен тұтыну заты саналатындықтан, оның сапасы адам – тұтынушы қоятын талаптарға сәйкес анықталады. Егер өндіріс талабын, техникалық мүмкіншіліктер мен экономикалық өнім дайындаудың тұтастығын бір уақытта ескермесе бұйым сапасын толық елестету мүмкін емес. Өйткені өнім өндірістентыс, материалсыз, конструкциясыз, энергия шығындарынсыз және адам еңбегінсіз және т.с.с. оныңидайындалуына қажетті құралдарсыз тұтынуға ұсынылмайды.
Сайып келгенде, киім сапасына қойылатын барлық талаптар тұтынушылық және техникалық – экономикалық болып бөлінеді. Тұтынушылық талаптар функционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, эксплуатациялық талаптар болып жіктеледі.
Тұтынушылық талаптарға бұйымдардың қоғамдық сұраныстарға сәйкестігін, олардың өндіріске және өтім мақсаттарына лайықтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік талаптар жатады. Сондықтан әлеуметтік талаптар бұйым ассортименттерінің мақсатқа лайықтылығымен анықталады. Әлеуметтік факторлардың рөлі базардың тауарлармен толуы және халық әл – ауқатыныңьжақсаруы нәтижесінде артады.
Функционалдық талаптар бұйымның негізгі функционалдық тағайындалуы мен тұтынушылардың сыртқы келбетіне киімнің үйлесімділігін есепке алады. Тағайындау модельге, конструкцияға және матаға қойылатын талаптарды анықтайды. Тұтыну шарттарының әр алуандығы киімнің кең ассортименін анықтайды.
Функционалдық талаптар қазіргі өмір құрылымына, тұрмысқа, (яғни қазіргі даму құралдарына, сәулет өнеріне, жиһазға және т.б.) пайдаланымның нақты жағдайына, адам қызметінің түріне, оның сыртқы келбетіне, жас және психологиялық ерекшеліктеріне киімнің сәйкестік дәрежесін қамтамасыз етеді.
Эстетикалық талаптар. Киім сапасын тұтыну заты ретінде бағалау кезінде бұл талаптар ерекше орын алады. Киімді дайындау барысында эстетикалық талаптарды ескермеу киімді пайдасыз затқа айналдыруға әкеп соғады. Өйткені ол негізгі мақсатты қызметтерінің бірін орындай алмайды: адамдық (эстетикалық) қажеттілігін қанағаттандыру, яғни адамның сұлулық пен шығармашылыққа мұқтаждығы. Киім осы дәуірдің жетекші көркемдік стилі мен оның көрінісі сәнді (мода) есепке алу арқылы жобаланады. Эстетикалық талаптар үш топқа бөлінеді: қазіргі заманғы стиль мен сәнге сәйкестігі, модель компазициясының жеткілікті дәрежесі, бұйымның тауарлық түрі.
Киімді эстетикалық қабылдау конструктивтік элементтерін жасау мен технологиялық өңдеудің дәл және мұқият орындалуына байланысты: атап айтқанда бұйымдағы қос бөліктердің симметриялық орналасуы, біріктіру тігістері мен әрлеу тігіндерінің ұқыпты орындалуы, астардың сапасы сен оның түсінің бұйым түсіне сәйкестігі және т.б.
Эргономикалық талаптар. Эргономика – адам мен өнеркәсіп бұйымдарыны және қоршаған орта арасындағыөзара ірекеттестік заңдылығын кешенді түрде оқытатын ғылыми пән, яғни «адам факторы» туралы ғылым.
Тігін бұйымдарына гигиеналық, антропометрикалық, физиологиялық, психофизологиялық қасиеттер кешенін анықтайтын эргономикалық талаптар қойылуы мүмкін.
Киім адам денесінің 80%-ын жауып тұрады, сондықтан адам киіммен биологиялық қарым – қатынаста болады, яғни киім адамның ыңғайлылық пен ықшамдылықты сезінуіне әсер етеді жылылықты, суықты, қысымды, психологиялық жағдайға әсер ететін бұлшық ет үйкелісін, шаршағандықты, жұмысқа қабілеттілікті, көңіл – күйді ).
Эргономикалық талаптаркиімнің жылу сақтау қызметін қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды: жылу теңдігі, вентиляциялану дәрежесі, ішкі ( киім асты ) және сыртқы ( атмосфералық ) әсерден сақтау. Эргономикалық талаптар тобына жататын психофизиологиялық талаптарға киімді киіп – шешу ыңғайлылығы, киімнің жеке элементтерін және бұқаралық киімдерді пайдалану ыңғайлылығы жатады. Киімнің нақты түріне байланысты киімнің жеке элементтерін ыңғайлы пайдалану түймеліктің рационалдық орналасуымен және оның қызметінің мықтылығымен, астар бетінің тегістігімен, мойын ойындысы қиығының өлшемі және формасымен ( ілгексіз бұйымдарда), қалталар, шұлықұстағыштар орналасуының жайлылығымен анықталады.
Эксплуатациялық талаптар ( сенімділік ). Сенімділік киімді пайдалану процесінде оның сапасын сақтау дәрежесімен анықталады. Сенімділік бұйымның қайттарымсыздығын, қзаққа сақталатынын, жөндеуге келетіндігін анықтайды. Сенімділік теориясындағы негізгі ұғым – қабыл алмау ұғымы, яғни кенеттен немесе бірте – бірте жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуы. Сондықтан киім конструкциясы жасау барысында киімнің түйіндері мен бөлшектерінің форматұрақтығын, материалдарының тозуға төзімділігін, тігістердің физикалық ауырлыққа тұрақтылығын киім конструкциясы қабілеттілігін ескеру керек.
Техникалық – экономикалық талаптар. Киім сапасына қойылатын техникалық – экономикалық талаптар оны өндіру мен эксплуатациялауға кететін шығындарды есепке ала отырып, киім дайындаудың технологиясы мен жобалау әдістерінің, конструкциясы жетілуінің техникалық дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл талаптар бұйымның еңбексыйымдылығы мен материалсыйымдылығын, механикаландыру мен автоматандыру дәрежесін, қазіргі конструкциялау мен технология дәрежесін көрсетеді.
