Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция6.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.88 Кб
Скачать

Тұтастықты шектеу

Негізінен оларды ұстану қажет емес, бірақ кейде сілтеме бойынша тұтастықты талап етеді (иерархиялық модель сияқты).

Жетістігі және кемшілігі

Ертедегі ДҚБЖ қатты орындары:

  • Төменгі деңгейдегі сыртқы жадыдағы деректерді басқарудың өркендеген құралдары;

  • Эффектілі қолдаңбалы жүйелердің қолмен тұрғызу мүмкіндігі;

  • Бағыңынқы объектілерді бөлу есебінен жадыны үнемдеу мүмкіндігі (желілік жүйеде).

Кемшіліктері:

  • Пайдалану мүмкіндігі күрделі;

  • Физикалық ұйым жөніндегі қажетті білімдер;

  • Қолдаңбалы жүйелер осы ұйымға тәуелді;

  • Олардың логикасы ДҚ қатынауға ұйымдастырылған деталымен жүктелген.

Деректердің иерархиялық моделі Деректер құрылымы.

Иерархиялық типіндегі ДҚБЖ деректерді ұйымдастыру терминдермен анықталынады: элемент, агрегат, жазба (топ),топтық қатынас, деректер қоры.  

  •  Атрибут (деректер элементі) - деректер құрылымынң ең аз бірлігі. Көбінесе деректер қорын сипаттаған кезде ерекше бір ат меншіктеледі. Сондықтан аттар оған өңдеу кезінде хабарласады. Деректер элементтің жиі өріс деп атайды.

  • Жазба - атрибуттардың аталған жиынтығы. Жазбаны қолдану бір рет хабарласқан кезде-ақ қорға деректердің кейбір логикалық байланысқан жиынтығын алуға мүмкіндік береді. Сол жазбалар өзгертіледі, үстемеленеді және жойылады. Жазба типі оның атрибут құрамымен анықталынады. Жазба экземпляры-элементтердің нақты жазбасы бар нақты жазба.

  • Топтық қатынас - екі типті жазба арасындағы иерархиялық қатынас. «Аталық» жазба (топтық жазба иесі) бастапқы жазба, ал «балалық» жазба (топтық жазба мүшелері)- бағыңынқы жазба деп аталады. Иерархиялық деректер қоры тек ағаш типті құрылымдарды сақтайды.

Әр ағаштың түбірлік жазбасы міндетті түрде ерекше мәнді кілттен тұруы керек. Түбірлі емес жазбалар кілті тек топтық қатынас шегінде ерекше мәні болуы керек. Әр жазба толық тіркелген кілтпен идентификацияланады, иерархиялық жол бойынша түбірліктен барлық жазба кілттер жиынтығы түсіндіріледі.

Топтық қатынастар графикалық кескіндеуде бағытталған граф доғасын кескіндейді, ал жазба типтері - төбелері (Бахман диаграммасы). Иерархиялық модельде топтық қатынас үшін қосылудың автоматтық режимі және жылжымалы мүшелік қамтамсыз етіледі. Бұл нені білдіреді, ДҚ кез келген түбірлік емес жазбаны сақтау үшін оның «аталық» жазбасы болу керек ( жазбаны қосу және шығару режимдер жөнінде желілік модель параграфында дәлірек айтылған). «Аталық» жазбаны жою кезінде автоматты түрде барлық бағыңынқы жазбалар жойылады.

6.2 Ims архитектурасы. Ims деректер моделі. Иерархиялық рет түсінігі. Dl/1 тілінің операциясы.

Жазбалар иерархиялық реттелу керек. Деңгей саны 15 ке дейін болу керек. Сегмент типі саны 225. IMS компонентті болып, деректерді сақтауды және алып тастауды қамтамсыз ететін DL/1(Delta language 1) деректер тілі табылады. .

      1. DBD NAME = DEPTPERS, ACCESS=HISAM

      2. SEGM NAME = DEPARTAMENT, PARENT=0, BYTES=20

      3. FIELD NAME = (DEPNAME, SEQ, U), BYTES =10, START=1, TYPE=C

      4. FIELD NAME = (MANAGER, BYTES =10, START=11, TYPE=C

      5. SEGM NAME = DEPARTAMENT, PARENT=DEPARTAMENT, BYTES=22

      6. FIELD NAME = (EMPNAME, SEQ), BYTES=20, TYPE=C

      7. SEGM NAME=SKILL, PARENT=EMPLOYEE, BYTES=17

      8. DBGEN

DL/1 деректер қорын сипаттау

1 - командасы деректер қоры атын береді. Қатынау әдісін анықтайды. HISAM - иерархиялық индексті-тізбектелген қатынау әдісі; BYTES - сегмент ұзындығы; U - DEPNAME мәні қайталанбау керектігін және ешқандай екі сегментте бірдей DEPNAME мәні болмау керектігін білдіреді; TYPE – Parched Decimal character

Негізгі әдебиет [1], бет71-76

Қосымша әдебиет [2], бет 83-91

Бақылау сұрақтары

1. Деректердің иерархиялық құрылымын сипаттаңыз?

2. Тұтастықты шектеудің жалпы ережесі?

3. Деректердің желілік құрылымын сипаттаңыз?

4. Деректердің иерархиялық моделін сипаттаңыз?

5. DL/1 деректер қоры қалай сипатталады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]