- •IV курсы/курса гму тобы/группы
- •«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм қызметімен, мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы функциялардың бөлінуімен танысу (23.01.2017-24.01.2017)
- •2016 Жылға арналған
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге
- •«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм құзіреттілік функциясы (07.02.2017-08.02.2017)
- •«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм менеджментіне сипаттама беру (09.02.2017-10.02.2017)
- •«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм қызметінің бағыттары бойынша стратегиялық жоспарлаудың тәжірибесін зерттеу (13.02.2017-14.02.2017)
- •«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін анықтап, баға беру (15.02.2017-16.02.2017)
- •«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм бюджетінің құрылу тәртібі (17.02.2017-20.02.2017)
- •«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мм азаматтық қоғамға еліктіруін зерттеп білу (21.02.2017-22.02.2017)
- •Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде бизнестің дамуын қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті басқару органдарының функционалды міндеттері (01.03.2017-02.03.2017)
- •«Үкімет- бизнес» қатынасының жақсаруындағы Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жауапкершілігі және функционалды міндеттері (03.03.2017-06.03.2017)
- •Экономикаға инвестиция тартудағы мемлекеттік органның ролі (07.03.2017-09.03.2017)
- •Аймақта өмір сүру деңгейі мен кәсіпкерлік қызметтің дамуын талдау (10.03.2017-13.03.2017)
- •Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде кәсіби қызметінде әкімшілік құқық нормаларының қолданылуын зерттеу (16.03.2017-17.03.2017)
- •21.Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде әдеп бойынша өкілдің фунционалды міндеттері (29.03.2017-01.04.2017)
Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде кәсіби қызметінде әкімшілік құқық нормаларының қолданылуын зерттеу (16.03.2017-17.03.2017)
«Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Сот практикасында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы ережелерінің және Жалпы бөлігінің кейбір нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына
(бұдан әрі – Конституция), халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен (бұдан әрі – ӘҚБтК) тұрады, әкімшілік жауаптылықтың шарттары мен негіздерін, әкімшілік жазалардың түрлерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін, оның ішінде осы істердің ведомстволығы мен соттылығын анықтайды.
Соттар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен өзге де міндеттемелері Конституцияның 4-бабының 1-тармағына сәйкес оның қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылатынын негізге алуға тиіс. Істі қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының нормаларын, егер халықаралық шартпен өзге қағидалар белгіленсе, Қазақстан Республикасы үшін оның міндеттілігін келісу туралы шешім ратификациялау немесе қосылу арқылы қабылданған болса, қолдануға құқылы емес. Мұндай жағдайларда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Елдің егемендігі, Конституциямен белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысандарын өзгертуге жол берілмейтіні туралы Конституцияның ережелерін бұзатын, сондай-ақ адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіретін халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері Қазақстан үшін міндетті деп танылуы мүмкін емес ("Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 4-тармағы).
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтан адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қорғауды және ӘҚБтК-нің 6-бабының бірінші бөлігінде санамаланған басқа да міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жасаудың алдын алу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, оларды бұзу сипаты мен маңыздылығына қарай iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
19.Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде этикалық кодекс немесе мемлекеттік қызметкердің әдептік қызмет ережесін зерттеу (20.03.2017-23.03.2017)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған этика нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-құлық ережелерін белгілейді. Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті. 1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге; 2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге; 3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға; 4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға; 5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; 6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс. 2. Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеттері: 1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтау; 2) мемлекет мүдделерін қорғау; 3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесу; 4) өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару; 5) заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау; 6) қызметтік міндеттерін атқару үстінде өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария етпеу; 7) мемлекеттік қызметшінің жеке өзіне қатысты мәселелерде шешімдер қабылдауға жауапты адамдардың қызметіне араласпау; 8) республиканың беделін түсіретін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуі мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін міндеттемелерді алмау, іс-әрекетке, сөз сөйлеу мен пікір айтуға жол бермеу; 9) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты және үнемді пайдалану, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; 10) кәсіби және мәдени деңгейін ұдайы арттырып отыру; 11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою болып табылады. 3. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер: 1) басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 2) олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға; 3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге; 4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге; 5) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға; 6) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге; 7) сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сынға төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға; 8) негізсіз айыптауларға жол бермеуге; 9) сыпайы және әдепті болуға, бағынысты қызметкерлердің жеке басының қадір-қасиеттерін сыйлауға, оларға әділ және сыпайы қарауға міндетті. 4. Бағыныстылары бар мемлекеттік қызметшілер: 1) өзіне бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға; 2) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы іс-қылықтар немесе жалпы жұрт қабылдаған этика нормаларымен үйлеспейтін іс-қылықтар жасауға мәжбүр етпеуге. 3) бағынысты қызметкерлердің осы Ережелермен таныстырылуы мен олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. 5. Осы Ережелерде көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін. 6. Барлық деңгейдегі әкімдер, осы Ережелерде көзделген қызмет этикасы нормаларын сақтаумен қоса: 1)қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге; 2) жергілікті атқарушы органдарда кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 3) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сүйемелдеу жағдайларына жол бермеуге міндетті.
20.Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде қызмет ережесін қалай сақтиайтынын, кәсіби қызметке іскерлік әдепті, жұмыс уақытын тиімді пайдаланатынын зерттеу (24.03.2017-28.03.2017) «Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
