Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_2017_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.94 Кб
Скачать
  1. Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде бизнестің дамуын қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті басқару органдарының функционалды міндеттері (01.03.2017-02.03.2017)

Аудан экономикасы келешекте тек өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығына ғана тәуелді болмас үшін біз шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай туғызып, қолдау көрсетуіміз қажет. 2016 жылдың 11 айы бойынша аудан көлемінде 1141 бизнес субъектілері жұмыс жасап,  4487,4 млн. теңге көлемінде өз өнімдерін өндірді. 2015 жылмен (4231,2) салыстырғанда  106,1%-ды құрап отыр.

            Ауданымызда жыл басынан 6 әлеуметтік нысан ашылып, жұмсалған қаражат 29,200 млн. теңгені құрады, оның ішінде: 1 сауда орталығы, 1 шайхана, 2 дүкен, 1 шағын наубайхана, 1 кулинария шағын орталығы Ақтоғай ауылынан ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Осы әлеуметтік нысандар бойынша 6 жаңа жұмыс орыны ашылды.       

   «Ақтоғай» несие серіктестігі»  ЖШС-нен  43 млн. 400 мың  теңге несие 13 шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлерге берілді. Осы берілген несие ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, мал басын көбейтуге, ауылдағы жұмыссыздықты жоюға мүмкіндіктер туғызды.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру үшін ауданға 14 557 176 теңге несие бөлініп, 10 900 000 теңгесі берілді. Аудан бойынша Жидебай ауылдық округінен «Өркен» шаруа қожалығы (К.С.Иманбеков) картоп өсіру (6,5 млн. теңге), Ақтоғай ауылынан (Қ.Есенбаев) қоян өсіруді кеңейту (1,6 млн. теңге), Жалаңаш ауылындағы «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі А.А. Куземханованың мал бордақылау алаңының (2,8 млн. теңге)  жобалары Қарағанды облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның аймақтық филиалының тарапынан қолдау тауып, қаражаттарын алды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жұмыстардың бағаларын қадағалау, бағаның құрылымына жан-жақты зерттеулер жүргізіп, бағаны тұрақтандыру бағытында әкімдер мен тиісті бөлімдер арқылы дүкендердегі бағаларға  күнделікті талдау жүргізілуде, арнайы сенім телефондары да жұмыс жасайды.

2016 жылы аудан бойынша нарықтың 98 субъектісімен инфляцияны    ауыздықтау, әлеуметтік  маңызы бар аса қажетті азық-түлік  тауарларының  негізгі  түрлеріне қосылатын  үстемені 10%- дан асырмау мақсатында кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жеке кәсіпкер болып үш жақты  меморандум жасалды.

  1. «Үкімет- бизнес» қатынасының жақсаруындағы Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жауапкершілігі және функционалды міндеттері (03.03.2017-06.03.2017)

Бизнес – бұл жеке дара тұлғаның өзіне ғана сеніп, барлық болуы мүмкін ықтималдылықтарға бекініп, капитал деңгейін көтеру үшін ақша арқылы  табыс табу мақсатында қызмет жасайтын жүйедегі экономикалық  құрылым.     Бизнес кеңістің ол ең тамаша кеңістік. Еркін. Тартымды. Ұтымды. Бизнестің қолданыстағы құралы ақша екендігі сөзсіз. Қарапайым кіріс, шығыстың өзін жүргізбейтін кәсіпкерліктің өмірі қысқа болатындығы сөзсіз,  себебі  салық органдарында кәсіпкерліктің ашылуы да, жабылуы да қиындық туғызбайды. Сол себепті  егер тұлға, кәсіпкер болуды шешсе, түпкілікті шешім қабылдаған абзал.   Көпшілігіміз  саудамен айналыссақта,мал  өсірсекте,өнім  шығарып  өңдесекте  бизнес  дейміз. Яғни  сол  атқарған  еңбектен  пайда  түсіргеніміз  әр қайсымызға  жалпақ  тілмен  айтқанда  бизнес.  Еліміз  егемендік  алғалы  бері  алдыңғы  жылдардағыдай  емес,мемлекет  халқының біршама  жағдайы  тұрақталып  түзелуде.Оның  бірден бір  себепкері;мемлекеттің  халық  арасындағы  бизнеске  көңіл  аударып,қордан  қаржылай  қолдауы. Мемлекеттіңқорын  қалыптастыратын  ол  салық. Демек  бізге шағын  болсада  бизнес  ошақтарын  нығайту  тиімді  болып  отыр. Себебі  ол  ошақтан  біршама  халық  жұмыспен  қамтылып,түскен  пайда  көбейген  сайын,мемлекеттік  қорда  арта  түспек. Сол  бағытта  бүгінгі  таңда  Бизнесті  Мемлекеттік  қолдау  аясында  қыруар  жұмыс  атқарылуда.Оның  бір  дәлелі  «Даму» кәсіпкерлікті  қолдау  орталығы. Мұндай  қорлар  жыда   қайтарымсыз  ақшаға  гранттар  жариялап ,Үкіметпен  бизнес  арасындағы  қатынасты  күшейтуде. Сондай-ақ  «Даму »қоры  бизнеспен  айналысам  деушілерге 14% пайыздық  мөлшермен  несие  беруде.Оның  7%-н қор  өзі  төлеп,84 айлық  каникулмен  жеңілдік  жасап  отыр.Бұлда  болса  Үкіметпен  бизнес  арасындағы  қатынастың  бір  дәлелі.  

 Айта кету керек:«Бизнестің жол  картасы 2020» бағдарламасы  «АГРО бинес 2020»  «Инвестиция 2020» «Өнімділік 2020» бағдарламалары  Үкіметпен  Бизнес  қатынасының  күре  тамыры  болып  отыр. Біреулер  ауыл  шаруашылығын,мал  ұстауды  үлкен  бизнеске  айналдырғысы  келеді. Оларға: «АГРО  кредит», «КАЗ АГРО финанс», «КАЗ АГРО маркетинг» т.б    Қоймен  айналысам деушілерге «Асық», Сиырға «Сыбаға»,Жылқыға «Алтын  сақа» атты  мемлекеттік  бағдарламалар  қолдау  көрсетіп,халықтың  тыныс-тіршілігімен,аймақ  экономикасына  үлкен  мүмкіндік  беріп  отыр. Көзі  ашық адамға  Үкіметпен  бизнес  арасындағы   қатынас  бүгінгі  таңда  күшейген. Нарықтық экономиасы дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей ШК ұлттық экономикада маңызды қызмет атқарады : сұраныс пен ұсынысты тендестіру арқылы нарықтық қатынастар өндірісінің негізгі тетігін қамтамасыз етеді, жалпы ұлттық өнімнің жартысынан көбін өндіреді, 70% ке дейін жұмыс орнын құрайды , адам ресурсы мен   инновациялық күштерді белсендіруге елеулі әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]