- •Жалпы токсикалық синдроммен жүретін жұқпалы аурулардың салыстырмалы диагностикасы 1*22*1
- •Жалпы токсикалық синдроммен жүретін жұқпалы аурулардың салыстырмалы диагностикасы 2*39*5*
- •Жалпы токсикалық синдроммен жүретін жұқпалы аурулардың салыстырмалы диагностикасы *3*51*3*
- •Диареялық синдроммен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *1*2*1*
- •Диареялық синдроммен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*55*4*
- •Диареялық синдроммен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*56*3*
- •Гепатит синдромымен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *1*1*1*
- •Гепатит синдромымен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*51*5*
- •Гепатит синдромымен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *3*57*4*
- •Лимфаденопатия синдромымен өтетін аурулардың дифференциалды диагностикасы *2*83*4*
- •Лимфаденопатия синдромымен өтетін аурулардың дифференциалды диагностикасы *3*61*4*
- •Респираторлы синдроммен жүретін аурулардың дифференциалды диагностикасы *2*35*4*
- •Респираторлы синдроммен жүретін аурулардың дифференциалды диагностикасы *3*34*3*
- •Экзантемалармен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *1*11*1*
- •Экзантемалармен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *2*90*5*
- •Экзантемалармен өтетін аурулардың салыстырмалы диагностикасы *3*72*5*
Лимфаденопатия синдромымен өтетін аурулардың дифференциалды диагностикасы *2*83*4*
#337
*!48 жастағы әйел адам, аяқ бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына шағымданады. Анамнезде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы – 38,9ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, көз склералары субиктериялы. Денесі мен қолдарында петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері улкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Иерсиниоз
*Бруцеллез
*+Лептоспироз
*Вирустыгепатит
*Геморрагиялық васкулит
#338
*!40 жастағы ер адам, ауруханаға балтыр бұлшық еттерінің айқын ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына, бел аймағының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезде: жеміс қоймасында жүк тасушы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 38,7ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склералары субиктериялы. Беті ісінген. Денесі мен аяқ-қолдарында петехиальді бөртпе көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бел аймағында соққылау симптомы «оң». Зәр көлемі азайған. Қанның жалпы анализінде: лейк.-11,3×109/л. Зәрдің жалпы анализінде: белок-2,0‰, лейк.-30-40 к./а., эритр.-15-25 к./а. Қанның биохимиялық анализінде: креатинин 221 ммоль/л, мочевина – 18 ммоль/л.
Қандай асқыну дамыған?
*Гиповолемиялық шок
*Инфекциялық-токсикалық шок
*+Бүйректің жедел жетіспеушілігі
*Бауырдың жедел жетіспеушілігі
*Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
#339
*!19 жастағы студент жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауруының 4-ші күні тамағының ауыру сезіміне, дене қызуының 39ºС-қа дейін жоғарылауына, бас ауыруына, әлсіздікке шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындымен жабылған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған. Склерлары субиктериялы. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейк.-12,5×109/л, т/я нейтр.-1%, с/я нейтр.-40%, лимф.-42%, мон.-11%, атипті мононуклеарлар-8%.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Иерсиниоз
*Лептоспироз
*Вирустыгепатит
*Жедел тонзиллит
*+Инфекциялық мононуклеоз
#340
*!32 жастағы ер адам, ауруханаға 10-шы қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемейді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, шынтақ лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*+Иерсиниоз
*Лептоспироз
*Сальмонеллез
*Вирусты гепатит
*Жедел тонзиллит
#341
*!37 жастағы ер адам, ауруханаға балтыр бұлшық еттерінің айқын ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына, бел аймағының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 38,7ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склералары субиктериялы. Беті ісінген. Денесі мен аяқ-қолдарында петехиальді бөртпе көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бел аймағында соққылау симптомы «оң». Зәр көлемі азайған. Қанның жалпы анализінде: лейк.-11,3×109/л. Зәрдің жалпы анализінде: белок-2,0‰, лейк.-30-40 к./а., эритр.-15-25 к./а. Қанның биохимиялық анализінде: креатинин 221 ммоль/л, мочевина – 18 ммоль/л.
Қандай асқыну дамыған?
*Гиповолемиялық шок
*Инфекциялық-токсикалық шок
*+Бүйректің жедел жетіспеушілігі
*Бауырдың жедел жетіспеушілігі
*Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
#342
*!34 жастағы ер адам, ауруханаға 10-шы қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемейді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, шынтақ лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*+Иерсиниоз
*Лептоспироз
*Сальмонеллез
*Вирусты гепатит
*Жедел тонзиллит
#343
*!36-жастағы әйел қаңтардың 26 стационарға түсті. 2- күн аралығында әлсіздік, іштегі ауру сезімі, 5 реттік сұйық нәжіс байқалған. Базарда жұмыс істейді, сол жерде тамақтанады, жиі көкөністерден жасалған салаттар қолданады. Дене қызуы 38,50С. Бет терісі гиперемияланған, конъюнктивит, аңқасында гиперемия, фарингит байқалған. Мойын, қолтық лимфа түйіндері пальпацияланады. Кеуде аяқ- қол терісінде шектелген папулезді бөртпе. Іші жұмсақ оң жақ мықын аймағы ауырады, құрылдау естіледі, бауыры +1,0 см.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Листериоз
*+Иерсиниоз
*Бөртпе сүзегі
*Іш сүзегі
*Менингококкцемия
#344
*!38- жастағы әйел адам 15 мамырда стационарға келіп түсті. 4 күн бойы дене қызуының көтерлуіне, әлсіздікке, бас ауруына, денесінің ауру сезіміне шағымданған. Бүгін шектелген, мұрынан қан кету болған. Қызылорда обылысының шиелі ауданының тұрғыны. Дене қызуы 39,00С.бет терісі, мойны гиперемияланған, конъюнктивит, аңқасында гиперемия. Оң жақ қолтық асты шұнқырында гемморагиялық бөртпелер анықталады.Іші жұмасақ, ауру сезімсіз, бауыры +1,0 см.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*+ККГҚ
*Иерсиниоз
*Бөртпе сүзегі
*Іш сүзегі
*Менингококкцемия
#345
*!38- жастағы ер адам шопан, 14 шілдеде стационарға жатқызылды.2 күн бойы дене қызуы көтерілген, әлсіздік, бас ауруы, оң шап аймағында ауру сезімді түзіліс мазалаған. Қызылорда обылысы арал ауданының тұрғыны. Дене қызуы 40,00С. Оң жақ шап аймағында лимфа түйіндері ұлғайған, қатты аурырады, айналасындағы тіндермен жабысып, қозғалмайды, айқан шекарасы жоқ, терісі қызарған. Оң жақ балтырдың беткей жағында ішінде қоңыр қанды сұйықтығы бар ауыратын пустула анықталады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Иерсиниоз
*Туляремия
*Листериоз
*+Оба
*Сібір жарасы
#346
*!25 жастағы ер адам, дәрігерді үйіне 10 наурызда ауырғанына 6 күн болғанда шақырыды. Жедел ауырған, дене қызуы көтеріліп, қалтыраған. Басының ауруы мазалап, жүрегі айнып, құсқан, іші бүріп ауырып, тәулігіне 2˗3 рет іші өтті, тамағындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел, артралгия мазалауда. Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштердің іздері байқалған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы жоғары. Денесі мен аяқ˗қолдарында дақты˗папулезді бөртпе анықталады, тілі өңезделген, тамағы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, сол жақ бадамша безінде іріңді˗некроздық жабынды анықталады. Барлық топтағы лимфа түйіндер 1,0x1,0 см. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Оң жақ мықын аймағында ішектінің шұрылы бар. Нәжісі сұйық.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:
*+Иерсиниоз
*Ку қызбасы
*Іш сүзегі
*Сальмонеллез
*Инфекциялық мононуклеоз
#347
*!25 жастағы ер адам 10 наурызда, ауырғанына 6 күн болғанда ауруханаға түскен. Ауруы жедел қызбадан, басының ауруы мен жүрегі айнып, құсудан басталған. Шағымдары: ішінің ауруы, тәулігіне 2˗3 ретке дейін ішінің өтуі, тамағының ауруы, құрғақ жөтел, артралгия. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,90С.. Денесі мен аяқ˗қолдарында дақты˗папулезді бөртпе, тілі өңезделген, тамағы қызарған, іріңді˗некрозды баспасы бар. Барлық топтағы лимфа түйіндер 1,0x1,0 см. Бауырының төмеңгі шеті қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Оң жақ мықын аймағында шұрыл анықталады. Нәжісі сұйық. Қанды және аңқадан алынған жағындыны бактериологиялық зерттегенде Iersinia enterocolytica бөлінді.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Иерсиниоз, гепатитті түрі
*Иерсиниоз, баспалық түрі
*Иерсиниоз, абдоминалды түрі
*Иерсиниоз, асқазан˗ішектік түрі
*+Иерсиниоз, біріншілік генерализацияланған түрі
#348
*!19 жастағы ер адам ауруханаға келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39°С˗ға дейін көтеріліп, қалтыраған, буындары мен бұлшықеттері сырқырайды. Қарап тексергенде: ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ІІ дәрежеге дейін ұлғайған, оң және сол бадамша бездерде іріңді˗некроздық жабынды, мойын,жақ астық лимфаденит байқалады. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Эпидемиологиялық анамнезінде шикі көкөністерден (сәбіз, қырыққабат) жасалған салаттарды жиі қолданады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:
*+Листериоз, баспалық түрі
*Іріңді˗некроздық баспа
*Иерсиниоз, жайылмалы түрі
*Вирусты гепатит, сарғаю алды кезеңі
*Созылмалы тонзиллит декомпенсация кезеңі
#349
*!32 жастағы әйел, айырғанына 8 күн болғанда ауруханаға келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С.дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С.. Барлық топтағы лимфа түйіндері бұршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты˗папулезді бөртпе анықталады. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:
*+Иерсиниоз
*Лептоспироз
*Жедел вирусты гепатит
*Инфекциялық мононуклеоз
*Созылмалы вирусты гепатит
#350
*!15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түседі. Дене қызуының 38.80С.дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, барлық топтағы лимфа түйіндері 1,0 x 1,0 см көлемді, мойынарты лимфа түйіндері ауырады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі қырықабырға доғасынан 2,0 см төмен пальпацияланады, ауырмайды, көк бауыры 1,0 см үлкейген. Ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы, таңдай доғалары аздап қызарған, бадамша бездері III дәрежеге дейін ұлғайған, іріңді жабындылары анықталады, шпателмен оңай алынады
Қандай клиникалық белгі осы ауруға ЕҢ тән?
*Сарғаю
*Спленомегалия
*Паратонзиллярлы абсцесс
*Тұрақты қызба
*+Генерализацияланған лимфоаденопатия
#351
*!16 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Дене қызуының 38.80С.дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, барлық топтағы лимфа түйіндері 1,0 x 1,0 см көлемді, мойынарты лимфа түйіндері ауырады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен пальпацияланады, ауырмайды. Ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы, таңдай доғалары аздап қызарған, бадамша бездері III дәрежеге дейін ұлғайған, іріңді жабындылары анықталады, шпателмен оңай алынады. Гемограммада: аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, ЭТЖ 10 мм/сағ.
Қандай аурулардан ажырату керек?
*Грипп
*Сальмонеллез
*Брюшной тиф
*Жедел бруцеллез
*+Иерсинеоз
#352
*!17 жастағы студент, ауырғанына 7-күн болғанда тамағының ауруына, ауру сезімінің жұтынғанда күшеетіндігіне, басының ауруына, жүрегінің айнуына, әлсіздікке, зәрінің қоюлануына шағымданып ауруханаға келді. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген, терісі мен шырышты қабаттары аздап сарғайған, ірі бұршақ көлеміне дейін ұлғайған мойынның және жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады, тамағында – некрозды баспа белгілері айқын. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см. төмен анықталады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:
*Иерсиниоз
*Лептоспироз
*Вирусты гепатит
*Жедел тонзиллит
*+Инфекциялық мононуклеоз
#353
*!23 жастағы әйел адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, дене қызуының 37,3°С-қа дейін 20 күн бойы жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспес ауырған. пассивный гомосексуалист, год назад поменял полового партнера. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясын күдіктенді.
Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):
*I (бірінші)
*II (екінші)
*+III (үшінші)
*IV (төртінші)
*Терминальді
#354
*!24 жастағы ер адам 12 күн бұрын ауыра бастаған: дене қызуы 38,2°С-қа дейін жоғарылаған, тамағында қышу сезімі, әлсіздік пайда болған. Ауруханада ауруының 7-ші күні қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 37,4°С. Ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаты аздап қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындылар жоқ. Полилимфаденопатия. Бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған. Басқа ағзаларында өзгерістер жоқ. Анамнезде: жыныстық серіктесі 2 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайтыны анықталған. Жалпы қан анализінде: Hb – 140 г/л, лейкоциттер – 4,5х109/л, т/я нейтр.– 4%, с/я нейтр. – 22%, лимфоциттер – 68%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Лимфоциттер арасында 12 жасушаның кең ашық түсті протоплазмасы анықталған. Пауль-Буннель реакциясы – теріс, RW – теріс.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болады?
*Баспа
*Лимфома
*+АИВ-инфекцисы
*Аденовирусты инфекция
*Инфекциялық мононуклеоз
#355
*!Ер адам 32 жаста, жақындарының сөздері бойынша бір апта бойы аурады: дене қызуы 37,5-38°С-қа дейін жоғарылаған, бірте-бірте бас ауруы күшейе түскен, соңғы екі күнде – жиі құсу мазалаған: Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы байқалады, дене қызуы 38°С, есі шатасқан (кірерлі-шығарлы), құсу қайталанып жатыр, құрысулар байқалады. Науқас невропотолог кеңесінен кейін жедел түрде неврология бөлімшесіне жатқызылды. Патогенетикалық терапияға қарамастан 2 күн бойы науқастың жағдайы нашарлауда. ИФА және иммунды блотинг әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. Компьютерлік томографияда мидың оң жақ жарты шарының қыртысты қабатында ошақты тығыздалулар мен қоршаған тін аймағының ісінуі анықталған.
Науқаста аурудың қандай клиникалық сатысын болжамдауға болады (ДДҰ жіктелуі бойынша)?:
*I (бірінші)
*II (екінші)
*III (үшінші)
*+IV (төртінші)
*Терминалды
#356
*!Ер адам 32 жаста, жақындарының сөздері бойынша бір апта бойы аурады: дене қызуы 37,5-38°С-қа дейін жоғарылаған, бірте-бірте бас ауруы күшейе түскен, соңғы екі күнде – жиі құсу мазалаған. Қарап тексергенде: тері жабындыларыбозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы байқалады, дене қызуы 38°С, есі шатасқан (кірерлі-шығарлы), құсу қайталанып жатыр, құрысулар байқалады. Науқас невропотолог кеңесінен кейін жедел түрде неврология бөлімшесіне жатқызылды. Патогенетикалық терапияға қарамастан 2 күн бойы науқастың жағдайы нашарлауда. ИФА және иммунды блотинг әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. Компьютерлік томографияда мидың оң жақ жарты шарының қыртысты қабатында ошақты тығыздалулар мен қоршаған тін аймағының ісінуі анықталған.
Осы жағдайға қандай екіншілік ауру тән ?
*Миеломдық ауру
*Ходжкиндік емес лимфома
*Бас миының ісігі
*+Церебралды токсоплазмоз
*Бас миының эхинококты кистасы
#357
*!25 жастағы жүкті әйелді жүктіліктің 30-32 аптасында иммунды-ферментті анализ арқылы тексергенде АИВ-вирусына қарсы антиденелер анықталып, иммунды блотинг әдісімен дәлелденген. Нәрестенің қай жасында (қанша айдан, жылдан кейі) АИВ-инфекциясының диагностикасы ересектерге арналған стандарттар бойынша жүзеге асырылады (ҚР ДСМ-ң «Қазақстан Республикасындағы анадан нәрестеге АИВ-инфекциясының берілуін алдын алу туралы») № 272 бұйрығы (18.04.12ж.):
*12 ай
*+18 ай
*24 ай
*36 ай
*5 жыл
#358
*!30 жастағы ер адам 10 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайды. Соңғы 2 ай бойы ауызында тағам қабылдау кезінде күйдіру сезімі, дене салмағының төмендеуі, кейде қоймалжың нәжіс, әлсіздік, ұйқының бұзылуы мазалаған. Науқас 2 жыл бойы ЖИТС-пен күресу орталығында диспансерлік есепте тұрады, антиретровирусты ем қабылдайды. Ауыз қуысын қарап тексергенде қызыл иегі, ұрты, қатты таңдай шырышты қабаты қызарған, ақ түсті ірімшік тәрізді жабындымен жабылған ошақтар байқалады. Тілі жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Мойынның артындағы және алдындағы, қолтық лимфа түйіндері ұсақ, ауыру сезімсіз. Іші аздап кепкен, барлық аймақтарда аздаған ауыру сезімі анықталады.
Науқаста аурудың қандай клиникалық сатысы ЕҢ ықтимал болып табылады (ДДҰ жіктелуі бойынша)?
*I (бірінші)
*II (екінші)
*+III (үшінші)
*IV (төртінші)
*Терминальная
#359
*!22 жастағы ер адам, дәрігерге мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюын анақтағанына шағымданып келді. Дене температурасы қалыпты. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Мойынның алдынғы және артқы лимфа түйіндері 1,0 см дейін, қолтық лимфа түйіндері 1,5 см дейін, шап лимфатүйіндері 1,0 см дейін үлкейген, эластикалық, ауырмайды. Білегінде инъекция іздері бар.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Саркоидоз
*Хламидиоз
*+АИВ-инфекциясы
*Лимфогрануломатоз
*Инфекциялық мононуклеоз
#360
*!29 жастағы ер адам, бір жыл бұрын Нигериядан келген. Әлсіздік сезініп, дене температурасы 37,5ºС дейін көтерілген, денесінде кейде бөртпелер шығады, күнде іші 2-3 ретке дейін өтеді. Дене салмағы 10 кг көпке азайған. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Бруцеллез
*Листериоз
*Бөртпе сүзегі
*+АИВ ˗инфекциясы
*Лимфогранулематоз
#361
*!27 жастағы ер адам, ауырғанына 4 апта болған, дене температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, тамағы жыбырлаған, әлсіздік дамыған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы – 37,4°С. Мұрынжұтқыншақ қызарған, бадамша бездері ұлғайған. Қолтық, жақасты, мойнының, шаптың лимфа түйіндері 1,5 см ұлғайған, аздап ауырады. Анамнезінде: жанастық партнері көктамырға есірткілерді еңгізеді.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Тонзиллит
*Лимфома
*+АИВ-инфекциясы
*Аденовирусты инфекция
*Инфекциялық мононуклеоз
#362
35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Тексергенде өкпесінің екі жақтық пневмониясы анықталады.
АИВ инфекциясында пневмонияның ЕҢ жиі қоздырығышы қандай?
*Вирусты
*+Пневмоцисті
*Пневмококктық
*Токсоплазмоздық
*Стафилококктық
#363
*!35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Дәрігер өкпе жағынан өзгерістер бар деп күманданған.
АИВ инфекциясына тән өкпедегі өзгеріс қандай?
*Өкпе абсцессі
*Астмоидты бронхит
*Қайталамалы плеврит
*+Пневмоцистті пневмония
*Пневмококкты пневмония
#364
*!Әйел адам 30 жаста, ауруханаға бұлшық еттердегі ауру сезімі, әлсіздік, тәбетінің нашарлауына, ыстыққа шағымданып түсті. Жедел ауырған: дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, тамақта ауру сезімі, бас ауру, енжарлық, тәбеттің жоғалуы пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері және шырышты қапаттары таза қалыпты түсте. Аңқада: бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындымен жабылған. Мойын қолтық асты лимфотүйіндері ұлғайған, ауру сезімді. Гепатомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде: 12 күн бұрын жеке адамдардан бұзау сатып алған, етін бөлу кезіндеоң қолының саусағын кесіп алған. Жараны өңдемеген. ҚЖА: лимфомоноциттер (75%). ТГАР 1:160 листериоз антигенимен.
ЕҢ дұрыс диагноз:
*Листериоз, гепатиті түрі, орташа ауырлықта.
*Листериоз, септикалық түрі, орташа дәрежесі.
*Листериоз, абдоминальді түрі, ауыр ағымы.
*Листериоз, көздік-бездік түрі, орташа ауырлықта.
*+Листериоз, ангинозды-септикалық түрі, орташа ауырлықта
#365
*!17 жастағы қыз бала жақын жердегі Орталық аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Ауру анамнезі анасының айтуы бойынша жиналды. Ауырғанына 6 күн болған. Аймақтық терапевт дәрігері «Қызылша, ауыр ағымы» болжама диагнозын қойған. Қарап тексергенде: есі-сопор жағдайда, қарашығы екі жағында да бірдей, жарыққа сезімтал, клонико-тоникалық тырысулар байқалып аузынан көпіршіктер ағуда. Керниг симптомы екі жағынан да оң. Денесінің барлық жерінде көптеген, бір бірімен қосылған дақты-папулезді бөртпелер бар. Акроцианоз. Тынысы шулы, ТЖ-28 рет мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ритмді, толымы әлсіз, минутына 110 рет соғады. ҚҚ – 110/70 мм с.б.
Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мумкін?
*Энцефалит
*Нейротоксикоз
*+Менингоэнцефалит
*Эпилептикалық статус
*Инфекционно-токсический шок
#366
*!Әйел адам 30 жаста, ауруханаға бұлшық еттердегі ауру сезімі, әлсіздік, тәбетінің нашарлауына, ыстыққа шағымданып түсті. Жедел ауырған: дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, тамақта ауру сезімі, бас ауру, енжарлық, тәбеттің жоғалуы пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері және шырышты қапаттары таза қалыпты түсте. Аңқада: бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындымен жабылған. Мойын қолтық асты лимфотүйіндері ұлғайған, ауру сезімді. Гепатомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде: 12 күн бұрын жеке адамдардан бұзау сатып алған, етін бөлу кезіндеоң қолының саусағын кесіп алған. Жараны өңдемеген. ҚЖА: лимфомоноциттер (75%). Алдын ала диагноз: Листериоз, ангинозды-септикалық түрі.
Салыстыру диагностикасы жүргізеді:
*Тілмемен
*+Дифтериямен
*Жедел дизентериямен
*Жедел бруцеллезбен
*Менингококкты менингитпен
##367
*!Әйел адам 30 жаста, ауруханаға бұлшық еттердегі ауру сезімі, әлсіздік, тәбетінің нашарлауына, ыстыққа шағымданып түсті. Жедел ауырған: дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, тамақта ауру сезімі, бас ауру, енжарлық, тәбеттің жоғалуы пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері және шырышты қапаттары таза қалыпты түсте. Аңқада: бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындымен жабылған. Мойын қолтық асты лимфотүйіндері ұлғайған, ауру сезімді. Гепатомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде: 12 күн бұрын жеке адамдардан бұзау сатып алған, етін бөлу кезіндеоң қолының саусағын кесіп алған. Жараны өңдемеген. ҚЖА: лимфомоноциттер (75%). Алдын ала диагноз: Листериоз.
Инфекцияның ЕҢ ықтимал берілу факторы:
*Су
*+Шикі жемістер
*Ет тағамдары
*Тұрмыстық заттар
*Медициналық құралдар
#368
*!Әйел адам 30 жаста, ауруханаға бұлшық еттердегі ауру сезімі, әлсіздік, тәбетінің нашарлауына, ыстыққа шағымданып түсті. Жедел ауырған: дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, тамақта ауру сезімі, бас ауру, енжарлық, тәбеттің жоғалуы пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері және шырышты қапаттары таза қалыпты түсте. Аңқада: бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындымен жабылған. Мойын қолтық асты лимфотүйіндері ұлғайған, ауру сезімді. Гепатомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде: 12 күн бұрын жеке адамдардан бұзау сатып алған, етін бөлу кезіндеоң қолының саусағын кесіп алған. Жараны өңдемеген. ҚЖА: лимфомоноциттер (75%). Алдын ала диагноз: Листериоз.
Инфекцияның ЕҢ ықтимал берілу жолы:
*Контактілі
*+Алиментарлы
*Трансмиссивті
*Парентеральді
*Трансплацентарлы
#369
*!Участкелік дәрігерге әйел адам тамақтағы ауру сезімі, жұтынған кезде күшейуіне, дене қызуының 39,2ºС дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері және шырышты қапаттары таза қалыпты түсте. Аңқада: шырыштары қызарған, бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындымен жабылған. Мойын қолтық асты лимфотүйіндері ұлғайған, ауру сезімді. Гепатомегалия. Бактериологиялық тексеру кезінде жұтқыншақ жағындысынан Listeria monocytogenes анықталған.
Бұл жағдайда ЕҢ маңызды жұқтыру жолы қандай?
*Жыныстық
*Контактілі
*Трансмиссивті
*+Фекальді-оральді
*Трансплацентарлы
#370
*!Әйел адам, 33 жаста, ауруханаға жоғарғы қызба, айқын интоксикация симптомымен, оң менингиальді белгілермен (шүйде бұлшық етінің регидтілігі, Кернига симптомы) түсті. Жұлын сұйықтығын алған (лимфоцитарлы плеоцитоз анықталған). ТГАР 1:400ге листериоз антигенімен.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*Листериоз, септикалық түрі, орташа ауырлықта.
*Листериоз, абдоминальді түрі, ауыр ағымы.
*+Листериоз, менингеальді түрі, орташа ауырлықта.
*Листериоз, көздік-бездік түрі, орташа ауырлықта.
*Листериоз, ангинозды-септикалық түрі, орташа ауырлықта
#371
*!Әйел адам, 33 жаста, ауруханаға жоғарғы қызба, айқын интоксикация симптомымен, оң менингиальді белгілермен (шүйде бұлшық етінің регидтілігі, Кернига симптомы) түсті. Жұлын сұйықтығын алған (лимфоцитарлы плеоцитоз анықталған). ТГАР 1:400ге листериоз антигенімен.
Салыстыру диагностикасын жүргізу қажет:
*Қызылшамен
*Дифтериямен
*Жедел дизентериямен
*Жедел бруцеллезбен
*+Менингококкты менингитпен
#372
*!Әйел адам, 25 жаста, дәрігерге жыныс жолдарынан шырышты бөлінділердің бөлінуіне дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Қараған кезде: дене қызуы – 38.4ºС. Шап лимфо түйіндері ұлғайған. Дәрігер клиникалық лабораторлы тексеру жүргізгенен кейін алдын ала «Генитальді листериоз» деген диагноз қойды.
Генитальді листериозға күманданған жағдайға анамнезінде мына жағдайлардың болғаны айтады:
*Медициналық түсіктер
*Оперативті араласулар
*Тұқым қуалайтын аурулар
*Жүктілік кезіндегі ЖРВИлар
*+Өлі туу, түсік тастау жағдайлары
#373
*!Жасөспірім қыз 16 жаста, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізді: дене қызуының жоғарлауына, буындардың және сүйектерінің қақсауына шағымданады. Ауырғанына екі апта болған. Ауруының 11-ші күні ұсақ бөртпелер пайда болған. Жер үйде тұрады. Жиі бақшада жұмыс жасайды. Тексеру кезінде: дене қызуы 39,5°С, денеде папулезді-пустулезді бөртпе бар. Мойын, қолтық асты лимфо түйіндері ұлғайған, бауыры 2 см ге ұлғайған. Пульсі – 98 рет./мин., АҚҚ 90/70. Зәр шығаруы қалыпты. Үлкен дәреті қалыпты.
Ең ықтимал диагноз:
*Қызамық
*Дифтерия
*+Листериоз
*Жедел дизентерия
*Жедел бруцеллез
#374
*!Жасөспірім қыз 16 жаста, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізді: дене қызуының жоғарлауына, буындардың және сүйектерінің қақсауына шағымданады. Ауырғанына екі апта болған. Ауруының 11-ші күні ұсақ бөртпелер пайда болған. Жер үйде тұрады. Жиі бақшада жұмыс жасайды. Тексеру кезінде: дене қызуы 39,5°С. Аңқада: шырышты қабаты қызарған, бадамшалары гипертрофияланған. Мойын, қолтық асты лимфо түйіндері ұлғайған, бауыры 2 см ге ұлғайған. Пульсі – 98 рет./мин., АҚҚ 90/70. Зәр шығаруы қалыпты. Үлкен дәреті қалыпты. Алдын ала қойылған диагноз Листериоз.
Листериоздың патогенезінде қандай клиникалық көрініс аллергиялық компонентті көрсетеді:
* Гепатит
*Менингит
*Тонзиллит
*+Полиаденит
*Гастроэнтерит
#375
*!Әйел адам, 33 жаста, ауруханаға дене қызуының көтерілуіне, әлсіздік, жүрек айну, құсуға, зәрінің қарайуына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритімді. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры 2 см ге ұлғайған. Зәрі қою. ТГАР листериоз антигеніменом 1:400.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*+Листериоз, гепатиті түрі, орташа ауырлықта.
*Листериоз, септикалық түрі, орташа ауырлықта.
*Листериоз, абдоминальді түрі, ауыр ағымы.
*Листериоз, менингеальді түрі, орташа ауырлықта.
*Листериоз, ангинозды-септикалық түрі, орташа ауырлықта
#376
*!Әйел адам, 33 жаста, ауруханаға дене қызуының көтерілуіне, әлсіздік, жүрек айну, құсуға, зәрінің қарайуына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритімді. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры 2 см ге ұлғайған. Зәрі қою. ТГАР листериоз антигеніменом 1:400.
Қанның биохимиялық анализінде ЕҢ ықтимал өзгеріс:
*Гипогликемия, ферментемия
*Гипергликемия, ферментемия
*+Ферментемия, билирубинемия
*Гипопротеинемия, ферментемия
*Диспротеинемия, билирубинемия
#377
*!19 жастағы бойжеткен, бес күн бұрын ауырып бастаған. Дене қызуы 39°С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, буындарының ауыру сезімі, денесінің сынып ауыруы мазалаған. Қарап тексергенде: аңқасы айқын қызарған, бадамша бездер ұлғайған, іріңді-некроздық жабындымен жабылған, жақ асты лимфадениті. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры +2,0 см, ауыру сезімсіз. Эпидемиологиялық анамнез: шикі көкөністерден (капуста, сәбіз) жасалынған салаттарды тағамға жиі қолданады.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:
*+Листериоз, баспалық түрі
*Іріңді-некрозды баспа
*Иерсиниоз, жайылмалы түрі
*Вирусты гепатит, сарғаю алдындағы кезең
*Созылмалы тонзиллит, декомпенсация
#378
*!25 жастағы жүкті әйел адам, дәрігерге субфебрильді температураға, бас ауыруына, ұйқының бұзылуынв, тітіркенгіштікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: лимфа түйіндері ұлғайған, әсіресе, мойын артындағы, шүйде түйіндері. Бауыры ұлғайған. Анамнезде: осы жүктілікке дейін екі өзіндік түсік болған. Эпид.анамнез: Үйінде мысықтары бар. «Токсоплазмоз» болжама диагнозы қойылды.
Аталған аурудың қоздырғышы:
*Escherihia coli
*Salmonella typhi
*Shigella flexneri
*+Toxoplazma gondii
*Neisseria meningitidis
#379
*!27 жастағы әйел адам, 8 жыл бойындағы бедеулікке шағымданып Денсаулық орталығына келген. Қарап тексергенде ешқандай клиникалық көріністер анықталған жоқ. Эпид.анамнез: Үйінде мысығы бар. Мысығын өзі күтеді.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*Қызамық
*Жедел бруцеллез
*Жедел токсоплазмоз
*Біріншілік-созылмалы бруцеллез
*+Біріншілік-латентті токсоплазмоз
#380
*!29 жастағы әйел адам, әйелдер кеңес орнында 20-22 апталық жүктілік бойынша есепте тұрады. Жоспарлық тексеру барысында Toxoplazma gondii қоздырғышына қарсы антиденелер анықталған. Шағымдары жоқ. Эпид.анамнез: Үйінде балалағын мысық бар.
Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
*Грипп
*Қызамық
*Балантидиаз
*+Токсоплазмоз
*Вирусты гепатит
#381
*!30 жастағы әйел адам, көру қабілетінің нашарлауына шағымданады. Офтальмолог қарап тексергенде ірі хориоретинальді ошақ анықталған. Үшінші жүктіліктен босанған бір баласы бар (1,5 жаста). Алғашқы екі жүктілігі өзіндік түсікпен аяқталған. Баланың ойлау қабілеті және физикалық дамуы нашар. Баланы қарап тексергенде: екі көзінің түбірінде макулярлы аймақта пигментпен қоршалған ірі атрофиялық ошақтыр анықталған. Бас қанқасының R-графиясының мәліметтері: тесіктік дефекттер. Тері ішілік диагностикалық сынама (нәтижесі «оң») және токсоплазмин енгізуге ошақтық реакция (нәтижесі «оң») өткізілген.
ЕҢ дұрыс диагноз:
*Амебиаз
*Безгек
*Балантидиаз
*+Токсоплазмоз
*Трипаносомоз
#382
*!35 жастағы әйел адам, жедел ауырып бастаған, дене қызуы 38,0ºС-қа дейін жоғарылаған, бұлшық еттерінің ауыру сезімі, улану белгілері пайда болған. Қарап тексергенде гепатоспленомегалия, хориоретинит белгілері, лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Токсоплазмозға ИФА нәтижесі: IgM+.
ЕҢ дұрыс диагноз:
*Бруцеллез
*Туберкулез
*Лейшманиоз
*+Жедел токсоплазмоз
*Біріншілік-латентті токсоплазмоз
#383
*!35 жастағы әйел адам, жедел ауырып бастаған, дене қызуы 38,0ºС-қа дейін жоғарылаған, бұлшық еттерінің ауыру сезімі, улану белгілері пайда болған. Қарап тексергенде гепатоспленомегалия, хориоретинит белгілері, лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Токсоплазмозға ИФА нәтижесі: IgM+.
ЕҢ ықтимала инфекция көзі:
*Егеуқұйрықтар
*+Мысықтар
*Иттер
*Ірі қара мал
*Ұсақ қара мал
#384
*!35 жастағы әйел адам, жедел ауырып бастаған, дене қызуы 38,0ºС-қа дейін жоғарылаған, бұлшық еттерінің ауыру сезімі, улану белгілері пайда болған. Қарап тексергенде гепатоспленомегалия, хориоретинит белгілері, лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Токсоплазмозға ИФА нәтижесі: IgM+. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Бұл ауруға тән инвазия қақпасы:
*Тыныс алу мүшелері
*Жыныс мүшелері
*Тері жабындылары
*+Ас-қорыту мүшелері
*Көздің шырышты қабаты
#385
*!35 жастағы әйел адам, жедел ауырып бастаған, дене қызуы 38,0ºС-қа дейін жоғарылаған, бұлшық еттерінің ауыру сезімі, улану белгілері пайда болған. Қарап тексергенде гепатоспленомегалия, хориоретинит белгілері, лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Токсоплазмозға ИФА нәтижесі: IgM+. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Осы ауруға аса тән жұғу механизмі:
*Жыныстық
*Аэрогенді
*Парентеральді
*Трансмиссивті
*+Фекальді-оральді
#386
*!35 жастағы әйел адам, жұқпалы аурулар бөлімшесіне «Созылмалы токсоплазмоз» диагнозымен жатқызылған. Лабораторлық тексеру жүргізілді. Жалпы қан анализінде: лейк.-3,4´109/л, т/я-2%, с/я-46%, эоз.-6%, лимф-40%, мон.6%, ЭТЖ - 36 мм/сағ.
Созылмалы токсоплазмозда ЕҢ жиі кездесетін клиникалық белгі:
*Диплопия
*Атрозо-артрит
*Жыпылықтаушы аритмия
* Ішек дисфункциясы
*+Жайылмалы лимфаденопатия
#387
*!35 жастағы әйел адам, аудандық емхананың жұқпалы аурулар кабинетінде «Екіншілік-латентті токсоплазмоз» диагнозымен есепте тұрады. Анамнезде: 20 жасында жедел токсоплазмозбен ауыран. Ауруханада ем қабылдаған.
Аталған патология кезінде резидуальді белгілер ретінде кездесуі мүмкін:
*Кереңдік
*Ұзақ диарея
*Псориаз бляшкалары
*Артериальді гипертензия
*+Склероздалған лимфалық түйіндер
#388
*!35 жастағы әйел адам, аудандық емхананың жұқпалы аурулар кабинетінде «Екіншілік-латентті токсоплазмоз» диагнзымен есепте тұрады. Анамнезде: 20 жасында жедел токсоплазмозбен ауыран. Ауруханада ем қабылдаған. Жалпы қан анализінде: лейк.-3,4´109/л, т/я-2%, с/я-46%, эоз.-6%, лимф-40%, мон.6%, ЭТЖ - 36 мм/сағ.
Созылмалы токсоплазмозы бар науқастарда ЕҢ жиі кездесетін көздің зақымдануы
*Стробизм
*Блефарит
*Диплопия
*Конъюктивит
*+Хориоретинит
#389
*!25 жастағы жүкті әйел адам, дәрігерге субфебрильді температураға, бас ауыруына, ұйқының бұзылуынв, тітіркенгіштікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: лимфа түйіндері ұлғайған, әсіресе, мойын артындағы, шүйде түйіндері. Бауыры ұлғайған. Анамнезде: осы жүктілікке дейін екі өзіндік түсік болған. Дәрігер токсоплазмоз күдіктенген.
Осы патология кезінде ЕҢ жиі зақымдалады:
*Көз, буындар
*Эндокринді жүйе
*Зәр шығару мүшелері
*+Көз, қанқа бұлшық еттері
*Парасимпатикалық ганглийлер
#390
*!25 жастағы жүкті әйел адам, дәрігерге субфебрильді температураға, бас ауыруына, ұйқының бұзылуынв, тітіркенгіштікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: лимфа түйіндері ұлғайған, әсіресе, мойын артындағы, шүйде түйіндері. Бауыры ұлғайған. Анамнезде: осы жүктілікке дейін екі өзіндік түсік болған. Дәрігер токсоплазмоз күдіктенген.
Осы ауру қоздырғышының ЕҢ ықтимал резервуары:
*+Мысық балалары
*Иттер
*Жылқылар
*Жәндіктер
*Үй құстары
#391
*!25 жастағы жүкті әйел, дәрігерге субфебрильді температураға, бас ауыруына, ұйқының бұзылуынв, тітіркенгіштікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: лимфа түйіндері ұлғайған, әсіресе, мойын артындағы, шүйде түйіндері. Бауыры ұлғайған. Анамнезде: осы жүктілікке дейін екі өзіндік түсік болған. Дәрігер токсоплазмоз күдіктенген.
Осы ауруға тәні ЕҢ ықтимал жұғу жолы
*Су арқылы
*+Алиментарлы
*Трансмиссивті
*Ауа-шаңды
*Ауа-тамшылы
#392
*!Науқасқа «созылмалы токсоплазмоз» диагнозы қойылған. Науқас ауруханаға жатқызылмаған, Туыстары науқасты оқшаулаған. Дәрігер оқшаулау қажеттілігінің жоқ екенін айтты. Себебі:
*Адам токсоплазмозбен тек қана жатыр ішілік жолмен залалданады
*+Науқас басқа адам үшін қауіпті емес
*Токсоплазмоз қоздырғышы ауа-тамшылы жолмен таралады
*Бүкіл жанұясы залалданған, сондықтан барлығын емдеу керек
*Бұл жағдай аурудың өршуінің үдеуіне әкеледі
#393
*!35 жастағы әйел адам, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 38,0ºС-қа дейін жоғарылаған, улану белгілері, бұлшық еттерінің ауыру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде гепатоспленомегалия, хориоретинит белгілері, лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Токсоплазмозға ИФА нәтижесі: IgM+. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. «Жедел токсоплазмоз» диагнозы қойылған.
Жедел токсплзамоз кезіндегі жүйке жүйесінің ЕҢ жиі кездесетін зақымдалуы:
*Миелит
*Менингит
*+Энцефалит
*Ганглионит
*Энцефаломиелит
#394
*!25 жастағы әйел адам, жүктіліктің 12-13 апталық кезеңінде жедел токсоплазмозбен ауырған. Туа біткен токсоплазмозбен ауырған нәресте туылған.
Туа біткен токсоплазмозға аса тән:
*Жүрек ақауы
*Асқазан атрезиясы
*+Туа біткен катаракта
*Церебральді паралич
*Гемолитикалық сарғаю
#395
*!35 жастағы әйел адам, жұқпалы аурулар ауруханасына жолданған. Шағымдары: дене қызуының 38,5ºС-қа дейін жоғарылауы, әлсіздік, бұлшық еттер мен буындардың «ұшпалы» ауыру сезімі, қалтырау, бөртпе. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталады. Өткпесінде тынысы везіикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс. Пульсі – 88 рет/мин. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Көк бауыры қабырға астында анықталады. Дәреті мен диурезі бқзылмаған. Сэбин-Джонсон реакциясы «оң».
ЕҢ дұрыс диагноз:
*Қызылша
*Грипп
*Жедел бруцеллез
*+Жедел токсоплазмоз
*Менингококкты инфекция
#396
*!25 жастағы әйел, жүктілігінің 8 аптасында токсоплазмозды жұқтырған.
Жүктілігінің I триместірінде инфекцияның жұғу салдары қандай.
*Латентті формасының дамуы
*Жүрек ақауы
*Эпилепсия
*+Түсік тастау
*Соқырлық
#397
*!32 жастағы әйел көруінің нашарлауына шағымданып офтальмологқа келген. Тексергенде: хориоретинит ошақтары, ұзақ субфебрилитет, созылмалы интоксикация симптомдары, полилимфаденопатия, гепатомегалия, миокардит белгілері анықталған. Рентгенографияда – мидағы, бұлшықеттеріндегі кальцификаттар. Түшпара жасайтын цехте жұмыс істейті, жиі шикі фарштың дәмін көреді.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*Тениоз
*Иерсиниоз
*Трихинеллез
*Тениаринхоз
*+Токсоплазмоз
#398
*!29 жастағы әйел, үнемі мазалайтын әлсіздікке, көруінің нашарлауына, дене температурысының 37,0°С дейін көтерілуіне, басының ауруына, жүрегінің ауруына, буындарының ауруына, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Қалада тұрады, үйінде 5 мысық ұстайды, жүктілігінің I триместірінде түсік тастаған. Тексергенде: хориоретинит ошақтары, гепатомегалия, миокардит белгілері анықталған, рентгенографияда – миы мен бұлшық еттерінде кальцификаттар.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал:
*Иерсиниоз
*+Токсоплазмоз
*Тениаринхоз
*Трихинеллез
*Токсокароз
#399
*!27 әйел, жүктілігінің III триместре токсоплазмозды жұқтырған. Үйіне мысық алған. ИФА әдісімен тексергенде токсоплазмозға қарсы Ig G класындағы антиденелер анықталған, токсоплазминмен тері ішілік сынама оң.
Жүктілігінің III триместрінде инфекцияны жұқтырғанда қандай ЕҢ ықтимал форма дамуы мүмкін?
*Инаппарантты
*Манифестті
*Септикалық
*+Латентті
*Жедел
#400
*!Ер адам, 20 жаста «Жұқпалы мононуклеоз» деген диагноз қойылған.
Осы ауруға қандай клиникалық белгілер тән?
*Тұрақты түрдегі қызба
*Сарғаю
*Паратонзиллярлы абсцесс
*Спленомегалия
*+Жайылмалы лимфоаденопатия
#401
*!Ер адам 23 жаста, бөлімшеге ауруының 7-ші күні тамағының ауруына, жұтынған кезде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, әлсіздік, зәрінің қоюлануына шағымданып түсті. Қараған кезде: тері жабындылары, склерасы субиктерияланган, мойын және жақ асты лимфатүйіндері пальпацияланады, аңқада некротикалық баспаның көріністері, гепатоспленомегалия, дене қызуы 38,5°С.
Науқаста қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+Жұқпалы мононуклеоз
*Лептоспироз
*Вирусты гепатит
*Сальмонеллез
*Жедел тонзиллит
#402
*!38 жастағы ер адамға «Оба» деген диагноз қойылған.
Қандай асқыну дамуы мүмкін?
*ТШҚҰ-синдромы
*+Инфекция-токсикалық шок
*Гиповолемиялық шок
*Бауырдың жедел энцефалопатиясы
*Бүйректің жедел жетіспеушілігі
#403
*!47 жастағы әйел адам, шопан көмекшісі, ауруханаға ауыржағдайда түседі, енжар, терісі қызарған, сол жақ қолының ұшында іріңді қанды бөліндісі бар үш жара анықталады, қатты ауырады, сол жақ қолтығындағы лимфа түйіндері үлкейген, қатты ауырады, қозғалмайтын, бубон ретінде пальпацияланады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Пастереллез
*Туляремия
*Сібір жарасы
*Листериоз
*+Оба
#404
*!56 жастағы ер адам, Атырау облысында темір жолда жұмыс істейді. Жедел ауырған, қалтырап, дене температурасы 390С дейін көтерілген, сол жақ шап аймағында ауру сезімі дамыған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, қанды қақырық тастайтап, жөтелген, өкпесінде ырғалды сырылдар естіледі. Сол жақ шап аймағында қатты ауыратын, бетіндегі терісі қызарған конгломерат анықталады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+Оба
*Туляремия
*Пастереллез
*Іріңді сепсис
*Стафилококкты лимфаденит
#405
*!15 жастағы жас қыз, Атырау облысындағы жайлауда болғанда ауырған. Іші ауырып, құса бастаған, дене температурасы 390С дейін көтерілген. Кейіннен іші қан және шырыш араласып өткен. Бір тәуліктен кейін - жағдайы өте ауыр, ес түссіз, дене температурасы 36, 70С, қан аралас құсқан және іші қанмен өткен, жөтелген, қақырығы қанды көбік араласқан. Бірнеше сағаттан кейін есіне келмей қыз қайтыс болады.
Қандай ЕҢ ықтимал диагноз?
*Тырысқақ
*+Оба
*Сепсис
*Геморрагиялық қызба
*Дизентерия
#406
*!40 жастағы ер адам, геолог. Жедел ауырған: қалтырап, дене қызуы қатты көтерілген, басы ауырады. Төсектегі қалпы шап аймағындағы қатты ауырғанына байланысты мәжбүрлі. Қарағанда – сал жақ шап аймағында қатты ауыратын бубон анықталады, шекаралары айқын емес, терімен жабысып жатады. Балтырларында бүргелер шаққан іздері мен қасыған іздер көрінеді.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Іш сүзегі
*Лимфогранулематоз
*Бруцеллез
*+Оба
*Туляремия
#407
*!62 жастағы ер адам, шопан, ауруының үшінші күні ауруханаға түскен. Дене температурасы 390С, басы ауырады, әлсіз. Науқас әлсіз, енжар. Оң жақ шап аймағында қатты ауыратын тығыз, лимфа түйіндерінен тұратын, қоршаған тіндермен жабысқан, ісінген, терісі қызарған конгломерат анықталады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Туляремия
*Сібір жарасы
*Лейшманиоз
*Лимфогранулематоз
*+Оба
#408
*!Науқас қазан айында ауырған, дене температурасы көтеріліп, басы ауырып, айқын әлсіздік мазалайды. Екі күн бұрын оңтүстік Балхаш өңірінде аң аулаған, қоян терісін сыпырған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, сол жақ қолтығында ұлғайған лимфа түйіндерінен құралған конгламерат анықталады, қатты ауырады, тығыз, қозғалмайды, үстіндегі терісі қызарған, ыстық. Сол қолының саусақтары тілінген.
ЕҢ ықтимал диагноз?
*Сібір жарасы
*Туляремия
*Иерсиниоз
*+Оба
*Тырысқақ
#409
*!Болжама «Оба, бубонды форма» деген болжама диагнозы қойылған науқасқа қай кезде ықтимал обаның жағдайы деген диагноз қойылады?
*Қайнамаған су ішкенде
*Шикі сүт ішкенде
*Малға қарағанда
*Ашық су қоймаларында шомылғанда
*+Кемірушілермен қатынаста болғанда
#410
*!Науқаста айқын интоксикация, жоғары қызба, сол жақ шап аймағында қатты ауыратын, қозғалмайтын, бетіндегі терісі үлкейген лимфа түйіні анықталады.
Қандай болжама диагноз?
*Лимфогрануломатоз
*Инфекциядық мононуклеоз
*+Оба
*Туляремия
*Сібір жарасы
#411
*!51 жастағы ер адам, Петропавл облысының тұрғыны, жедел ауырған – дене температурасы көтеріліп, жалпы интоксикация дамыған, оң жақ білегінде ауыратын жара, (бұл жерде жабысып тұрған кене болған). Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, жарасынан іріңді˗геморрагиялық бөлінулер шығады, лимфангоит, оң жақ қолтық астылық лифаденит (тығыздау, аздап ауырады)
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Іріңді инфекция
*+Туляремия
*Листериоз
*Сібір жарасы
*Пастереллез
#412
*!46 жастағы ер адам, аңшы, Алаколь ауданынан аң аулуап келгеннен соң дене температурасы көтеріліп, тамағы аурған, жақ асты және қолтық лимфа түйіндері үлкейген. Қарағанда – жалпы жағдайы орташа ауырлықта, аңқасында айқын бір жақтық некроздық баспа белгілері, сол жағындағы жақ асты және мойынның арты лимфа түйіндері пальпацияланады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Пастереллез
*Оба
*Листериоз
*+Туляремия
*Тілме
#413
*!37 жастағы ер адам, дене температурасы жоғарылған, басы ауырған, жалпы әлсіздік мазалайды. Беті қызарған, сол жақ қолтығындағы лимфа түйіні үлкейген,үлкен, ауырмайды, қозғалмалы. Эпид. анамнезі: жайлауда шөп жинап жүрген.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал
*Іш сүзегі
*Лимфогранулематоз
*Бруцеллез
*Оба
+Туляремия
#414
*!42 жастағы ер адам, жедел аурған, 4 күн бұрын, дене температурасы қалтыраудан кейін 38°С дейін көтерілген, басы ауырып, бұлшық еттері ауырған, жалпы әлсіздік мазалап, тамағы ауырған . Эпид.анамнезінде: ауырғанынан бір апта бұрын, қояндардың терісін сыпырған. Объективті: мойын лимфа түйіндері ұлғайған, аздап ауырады, айналасындағы тіндермен жабыспаған, шекаралары анық. Аңқасында іріңді-некроздық баспа.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Оба, бубонды форма
*Аңқа дифтериясы, жайылмалы форма
*Лакунарлы баспалар
*+Туляремия, баспалық-бубонды форма
*Инфекциялық мононуклеоз
#415
*!Науқуста интоксикация, қызба, сол жақ қолтық астындағы лиматүйіні ұлғайған, аздап ауырады, қозғалмалы, жұмсақ консистенциялы. Эпидемиологиялық. анамнезінде: науқас жиі аң атуға шығады
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Бруцеллез
*Лимфогрануломатоз
*Сібір жарасы
*+Туляремия
*Оба
#416
*!Ер адам, 40 жаста, шопан, жедел ауыр5ан. Ауруының үшінші күні қарағанда жалпы жағдайы орташа ауырлықта, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде) ө жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан, ауырмайды, айналасындағы тіндер ісінген.
Сібір жарасындағы біріншілік˗терілік аффектке не тән:
*Терінің бозғылттығы
*Жұмсақ тіндердің ісінүінің болмау
*Жергілікті жердің ауруы
*+Ауырмау
*Іріңді жара
#417
#*!Ер адам, 40 жаста, шопан, жедел ауыр5ан. Ауруының үшінші күні қарағанда жалпы жағдайы орташа ауырлықта, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде) ө жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан, ауырмайды, айналасындағы тіндер ісінген.
Лимфадениттің орын алуы қандай ауруға тән:
*+Сібір жарасы
*Кенелік энцефалит
*Бөртпе сүзегі
*Орнитоза
*Грипп
#418
#*!Ер адам, 40 жаста, шопан, жедел ауыр5ан. Ауруының үшінші күні қарағанда жалпы жағдайы орташа ауырлықта, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде) ө жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан, ауырмайды, айналасындағы тіндер ісінген.
Сібір жарасының қоздырғышы қай түрге жатады
*+Bacillus
*Pasteurella
*Yersinia
*Francisella
*Borrelia
#419
*!Жасөспірім 17 жаста стационарға ауруының 5-ші күні мынандай шағымдармен түскен: тамақтағы ауру сезімі, жұтынған кезде күшейуі, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауру сезімі, зәрінің қоңырлауына. Қараған кезде анықталды: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарған бадамша бездері ұлғайған лакунада іріңді жабынды. Іші жұмсақ оң жақ қабырға астында сезімтал, бауыр қабырға доғасынан +2,0+2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.
Қандай диагноз ең ықтимал?
*Лептоспироз
*Иерсиниоз
*Листериоз
*Вирусты гепатит
*+Инфекциялық мононуклеоз
