1. Глоссарий
Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:
1.1. Модель -қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процесстің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процесстер жүйесі
1.2. Модельдеу – кез-келген құбылыстардың, процесстердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау
1.3. Модельдеу жүйесі – зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің математикалық және физикалық аналогтарын құру және талдау
1.4. Компьютерлік модель – бұл модельденетін объекттің ішкі құрамы мен байланысын сапалы және сандық сипаттайтын, кейде оның сыртқы сипаттамаларын да беретін компьютер ресурстары арқылы құрылған виртуальды бейне.
1.5.Компьютерлік модельдеудің мақсаты – экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық/техникалық сипатта шешім дайындап, қабылдауға пайдаланылуы мүмкін мәліметтер алу
1.6. Танымдық модель – білімді ұйымдастыру және ұсыну формасы, жаңа және ескі білімді біріктіру құралы. Танымдық модель теориялық модель болып табылады.
1.7.Прагматикалық модель – практикалық әрекеттерді ұйымдастыру құралы, жүйені басқаруға арналған мақсатты ұсыну. Онф қолданбалы модель деп те атайды.
1.8.Инструментальды модель – прагматикалық немесе танымдық модельдерді құру, зерттеу немесе пайдалану құралы.
1.9. Модельдеу тілі– зерттеліп жатқан объектіні үлгілеу үшін қажетті бастапқы ақпарат берілетін жобалау тілі.
1.10. Семантикалық модель – семантикалық жадта ұғымдарды граф түрінде ұсыну жобасы.
1.11.Семантикалық модельдеу– іске асыруда тәуелсіздігін сақтауға мәліметтердің мазмұнын (жеке-жеке формальдық тәсілмен) барынша толық жеткізу әдістерін әзірлеу мен қолдану.
1.12.Динамикалық модель – уақытқа байланысты объект күйін сипаттайды, яғни модельдер уақытқа байланысты объектіде өтетін процестерді бейнелейді. Дербес жағдайда функциялану және даму модельдерін айтуға болады.
1.13.Детерминациялық модельдер – кездейсоқ әселер ьолмайтын процесстерді бейнелейді.
1.14.Ықтималды модельдер – объектінің күйінің кездейсоқ факторлардың әсерін ескеретін, уақыт бойынша формалану процесі мен құрылымын бейнелейтін алгоритм формасындағы сипаттамалық мазмұны.
1.15.Гносеологиялық модельдер – табиғаттың объективті заңдарын оқып үйренуге бағытталған (Күн жүйесі моделі, биосфераның дамуы т.с.с.)
1.16.Концептуалдық модель зерттелетін объектіге және анықталған зерттеу шеңберіне қатысты себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды айқындауды сипаттайды.
1.17.Сенсуалдық модельдер (лат. sensualis – сезімге түйсікке негізделген) – адам сезіміне ықпал ететін сезімдік, эмоциялық (музыка, поэзия) модельдер.
1.18.Аналогтық модельдер - өзі нақты объект ретінде іс атқаратын, бірақ дәл сондай бейнеде көрінбейтін объект аналогы.
1.19. Математикалық модель-объект және объект элементтерінің қасиеттеріне, параметрлеріне, сыртқы әсерлердің күйін сипаттаумен анықталатын математикалық қатыстар (формулалар, теңсіздіктер, теңдеулер, логикалық қатыстар) тілінде жазылған жиынтық;
1.20. Интерпретация - қандайда бір жүйе (теория) элементтеріне берілетін мәндер жиынтығы
