Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы тесты ВОУД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278.53 Кб
Скачать

176 Шығыстар тұрақты, кірістер өседі, кірістер тұрақты, шығыстар азаяды, кірістер өседі, шығыстар азаяды - бұл:

A) Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімнің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістердің ауытқуының арақатынасы

B) Бюджет тапшылығын төмендетудің әдістері

C) Мемлекеттік бюджет тапшылығының тиісті өзгеруі, мемлекеттік борыш ауқымының өзгеруі

D) Салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасы

+E) Мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету әдістері

177 Мемлекет шығыстарының жүйесіне төменде келтірілгендердің қайсысы жатады:

A) Мемлекеттің шығыстарын бюджеттік қаржыландыру

B) Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор кәсіпорындарының шығыстары

C) Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың көздері

D) Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың тәсілдері

+E) Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы

178 Монетаризм экономикалық үдерістерді реттеудің басты тетігі деп мыналардың қайсысын мойындайды:

A) Cұpaным

B) Салық мөлшерлемелерінің деңгейлері

+C) Ақша айналысы

D) Акциздер; роялти

E) Ұсыным

179 Мыналардың қайсысы жанама салықтардың тобына кірмейді:

+A) Жер салығы

B) Акциздер

C) Кеден төлемдері

D) Қосылған құн салығы; арнаулы салықтар

E) Тұтынуға салынатын салықтар

180 Бюджeттepдің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, жауапкершілігі, транспаренттігі және жариялығы:

+A) Бюджет жүйесін құрудың қағидаттары

B) Бюджет жүйесінің элементтері

C) Мемлекеттік бюджеттің функциялары

D) Бюджет жүйесінің бөліктері

E) Бірыңғай бюджеттік сыныптама

181 Бюджет тапшылығының пайда болуының негізгі себептері:

A) Қоғамдық өндірістің құлдырауы, мемлекеттің бюджетті теңгеру қабілетсіздігі, ақша жүйесінің әлсіреуі

B) Инфляциялық ақшалай ұсыным, ақша жүйесінің әлсіреуі

+C) Мемлекеттің бюджетті теңестіру қабілетсіздігі, қоғамдық өндірістің шекті шығыстарының өсуі, қоғамдық өндірістің құлдырауы

D) Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі, экономикада өндірістің жалпы құлдырауы, ақша жүйесінің әлсіреуі

E) Ақша жүйесінің әлсіреуі, қоғамдық өндірістің шекті шығыстарының өсуі

182 Мемлекет кірістерінің құрамына мыналардың қайсысы жатады:

A) Салықтық және салықтық емес түсімдер, жергілікті бюджеттердің түсімдері

B) Бюджеттен тыс қорлар

C) Салықтар, мемлекеттік кредит, ұзақ мерзімді инвестициялар

+D) Мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер

E) Ақша жүйесінің әлсіреуі, қоғамдық өндірістің шекті шығыстарының өсуі

183 Бюджеттен тыс қорлардың арналымы:

A) Арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздерді пайдалану

+B) Жеке нысаналы шараларды қаржыландыру

C) Құқықтық мәртебесі

D) Бюджеттерде қаражаттарды иесіздендіру

E) Қаражаттарды неғұрлым баяу пайдалану

184 Yлecтiк жарналар, банкттің кредиттері, азаматтардың каражаттары-бұл:

A) Мемлекетік кәсіпорындардың каражаттары

B) Kоғамдық ұйымдардың қаражаттары

C) Бipлecкeн кәсіпорындардың қаражаттары

D) Жеке нысаналы шараларды қаржыландыру

+E) Aкциoнepлiк қоғамдардың қаражаттары

185 Келтірілген тізбеден мемлекеттік борыштың нысандарын анықтаңдар:

A) Iшкі, сыртқы және шартты

+B) Meмлeкeттiк қарыздар бойынша берешек, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек, Ұлттық банкке берешек

C) Kүрделi борыш

D) Iшкі және сыртқы борыш

E) Мемлекетік банктің несиесі,бюджеттің шығынға жазылған берешегі, директивалық несиелер, жинақ банктерінің қарыздары

186 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне мыналардың қайсысын кіріктіреді:

A) Кәсіпорындардың,фирмалардың,қоғамдардың қаржысы

B) Концерндердің,ассоциациялардың қаржысы

C) Салаалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың қаржысы

+D) Аталғандардың бәрін

E) Салааралық,кооперативтік ұйымдардың,мекемелердің қаржысы

187 Қоғамдық тауарлар мен игіліктер қандай қағидаттарды қанағаттандырады?

A) Тұтынушылардың бөлінушілігі және оны шығарып тастамау

+B) Тұтынушылардың бөлінбейтіндігі және оны шығарып тастамау

C) Тұтынушылардың бөлінушілігі және оны шығарып тастау

D) Тұтынушылардың бөлінбейтіндігі және оны шығарып тастау

E) Міндеттілік дәрежесі бойынша сақтандырудың нысандары

188 Ерікті сақтандыру және міндетті сақтандыру – бұл:

A) Сақтандырудың түрлері

B) Сақтандыру салалары

+C) Міндеттілік дәрежесі бойынша сақтандырудың нысандары

D) Сақтандыру қатынастарының бөліктері

E) Сақтық қызмет түрлері

189 Сақтандыру мына функцияларды орындайды:

+A) Алдын ала, жинақтық, бақылау

B) Бөлу, бақылау, реттеу

C) Фискалдық, бөлу, бақылау

D) Өтемдік, қайта бөлу, тәуекелдік

E) Сақтық қызмет түрлері

190 Ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; орталықтандырылған ақша қорларын жасау және пайдалану – бұл:

+A) Мемлекет бюджетінің функциялары

B) Мемлекеттік қаржы саясаты

C) Республикалық бюджеттің міндеттері

D) Мемлекеттік қаржылық реттеу

E) Ұлттық экономиканы басқару

191 Мемлекеттік қарыздар шығару, қазынашылық несиелер, коммерциялық банктерде халықтың салымдарының бір бөлігін қарызға айналдыру – бұл:

A) Мемлекеттік қарыздардың түрлері

B) Инфляциялық үдерістерді жою көздері

C) Мемлекеттік бағалы қағаздар

+D) Мемлекеттік кредиттің нысандары

E) Қаржылық реттеудің түрлері

192 Жарғылық капитал, резервтік капитал, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюта, жөндеу қорлары – бұл:

A) Кәсіпорындардың айналым қорлары

B) Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштері

C) Экономикалық ынталандыру қорлары

+D) Кәсіпорындардың қаржы қорлары

E) Кәсіпорындардың айналыс қорлары

193 Табыстар мен байлықты қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу:

A) Өндірілген тауарлар көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы

+B) Мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметінің функциялары

C) Ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы

D) Тауарларды өндірудің тепе- теңдік көлемі

E) Экономикалық өсуді ынталандыру шаралары

194 Эмитенттер, инвесторлар, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, өзін- өзі реттейтін ұйымдар, сауда- саттықты ұйымдастырушылар:

+A) Бағалы қағаздар рыногының субъектілері

B) Қаржы жүйесінің субъектілері

C) Бастапқы рыноктың қатысушылары

D) Қор биржасын басқарудың аппараты

E) Қаржы қаражаттары

195 Мемлекеттің шығыстарын қысқарту, салықтарды көбейту, бюджет тапшылығын жою:

A) Инфляцияға қарсы фискалдық саясат

+B) Инфляцияның факторлары

C) Инфляцияның себептері

D) Инфляцияның алғышарты

E) Инфляция көрінісінің нысандары

196 Қаржылық қатынастардың материалдық-заттай icкe асырылуы болып табылады:

A) Қаржы қаражаттары

B) Ақша қаражаттары

+C) Қаржы ресурстары мен каржы қорлары

D) Мемлекеттің ақша қорлары

E) Ақша - қаржы қатынастары

197 Кәciпopындapдың, шаруашылық ұйымдарының және халықтың бастапқы табыстары жасалады:

A) Жиынтық қоғамдық өнімді бөлу нәтижесінде

+B) Қоғамдық өнім құнын қайта бөлу барысында

C) Өндірілген тауарлар көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы

D) Ақша қорларын бөлу нәтижесінде

E) Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру

198 Шығыстардың мультипликаторы бұл:

A) Мемлекеттік бюджет тапшылығының көрсеткіші

+B) Teпe-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімнің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістерден ауытқудың арақатынасы

C) Мемлекеттік бюджет тапшылығының тиісті өзгеpyi кезінде, мемлекеттік борыштың ауқымы қанша пайызға өзгергенін сипаттайтын сан

D) Салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің, одан туындайтын өзгерісіне қатынасы

E) Өндірілген тауарлар көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы

199 Қаржының қажеттігі мыналардың қайсысымен байланысты:

A) Құн заңының іс- әрекетімен

B) Мемлекеттің өмір сүруімен

+C) Қоғамдық дамудың қажеттіліктерімен

D) Ақшаның пайда болуымен

E) Ақшалай табыстар мен қорларды құру, оларды пайдалану және бақылау

200 Қаржының бөлгіштік тұжырымдамасына сәйкес оған қандай функциялар тән?

A) Бөлу және ұдайы өндірістік

B) Ақшалай табыстар мен қорларды құру, оларды пайдалану және бақылау

+C) Бөлу және бақылау

D) Ақшалай, бөлу, директивалық

E) Ұдайы өндірістік және бақылау

201 Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

A) Бірлік, толықтылық, нақтылық, жариялылық

+B) Централизм мен демократизмнің үйлесуі, ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау, функциялық арналым, бірлік

C) Бірлік, функциялық арналым, централизм

D) Ақшалай табыстар мен қорларды құру, оларды пайдалану және бақылау

E) Жоспарлық, шаруашылық есеп, демократизм

202 Мыналардың қайсысы қаржы жүйесінің бөліктеріне жатады:

+A) Қаржы қатынастардың жиынтығы, ақша қорларының жиынтығы және басқарудың қаржы аппараты

B) Мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит және мемлекеттік қаржы ресурстары

C) Жалпы мемлекеттік қаржы, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржысы

D) Жалпымемлекеттік қаржы, қаржы аппараты және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

E) Мемлекеттік бюджет және кредит

203 Жалпы ішкі өнім, ұлттық байлық, тартылған (қарыз) қаражаттар-бұл:

А) Төлем балансының бөлімдері

В) Мемлекеттік бюджеттің түсімдері

+С) Мемлекеттің қаржы ресурстары

D) Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері

E) Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері

204 Қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы – бұл:

+A) Қаржы саясатының негізгі бағыттары

B) Қаржы саясатының құрамдас бөліктері

C) Қаржы саясатының фискалдық және экономикалық бағыттары

D) Қаржы саясатының қондырмалық ұғымы

E) Мемлекеттік қаржы саясаты

205 Шаруашылық жүргізуші субъектінің «ақша ағыны» терминінің, анықтамасын таңдаңдар:

+A) Шаруашылық жүргізуші субъектіге түсетін және одан шығатын ақша қозғалысы

B) Сатып алу- сату ретіндегі тауарларға ақшалай табыстарды айырбастаумен байланысты экономикалық қатынастар

C) Кірістер мен шығыстардың баптарын жинақтайтын қаржы жоспары

D) Табыс алу үшін бағалы қағаздарды сатып алу

E) Айналымға салынған және бұл айналымнан табыс келтіретін ақша

206 Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыру көздері мыналар болып табылады:

A) Бюджет ресурстары

+B) Аталғандардың бәрі

C) Мекемелер мен ұйымдардың көрсететін қызметтерін өткізуден түсетін табыс

D) Қатысушылар мен құрылтайшылардың мүшелік және үлестік жарналары

E) Қайырымдылық жарналары мен гранттары

207 Мемлекеттік борышқа қызмет ету коэффициентінің қауіпсіз деңгейі болып мыналардың қайсысы саналады?

A) 15%

B) 50%

C) 12%

+D) 25%

E) 20%

208 Мемлекеттің шығыстары мыналарға жұмсалады:

+A) Мемлекеттің тікелей шығындарына,өндірістік және өндірістік емес салалардың мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің шығындарына

B) Жұмыспен қамту бағдарламасына

C) Тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруға

D) Арнаулы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаларды қаржыландыруға

E) Мемлекеттік қаржы саясаты

209 Салықтар қандай функция орындайды:

A) Көтермелеу

B) Бөлу және шаруашылық есеп

C) Бақылау және реттеу

D) Ұдайы өндірістік және бақылау

+E) Реттеу, қайта бөлу және фискалдық

210 Объектінің экономикалық белгілері бойынша салықтар былай сыныпталады:

A) Тура және жанама

B) Жалпы мемлекеттік және жергілікті

C) Жалпы және мақсатты (арнаулы)

+D) Табысқа салынатын және тұтынуға салынатын салық

E) Нақтылы және жеке

211 Ағымдағы шот (сауда балансы), капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың шоты (күрделі шот), резервтік активтер, таза қателер мен рұқсатнамалар – бұл:

+А) Төлем балансының бөлімдері

В) Факторлық қызмет көрсету

С) Күрделі трансферттер

D) Сауда балансының көрсеткішетері

E) Ресми есепке алынбаған операциялар

212 Бюджет механизмі дегеніміз:

+A) Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаудың және пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы

B) Экономикалық қатынастардың жиынтығы

C) Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мақсатты ақша қорлары

D) Табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және бөлу

E) Бөлу және бақылау функциялары

213 Жергілікті қазынаға жататындар:

A) Республикалық бюджеттің қаражаттары, мемлекет меншігінің айрықша құқықтық мүлкі

B) Мемлекеттің алтын-валюта қосалқы қорлары,жергілікті бюджеттердің қаражаттары

C) Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары

+D) Жергілікті бюджеттің кірістері, коммуналдық меншікке жататын мүлік

E) Дұрыс жауабы жоқ

214 Республикалық және жергілікті қаржылар (бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит, кәсіпорындар қаржысы) – бұл:

A) Коммерциялық кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдардың қаржысының құрамы

B) Қоғамдық ұйымдардың қаржысы

C) Жергілікті қаржылар

+D) Мемлекет қаржыларының құрылымы

E) Корпорациялық қаржылар

215 Қарыз алудың шарттарынан туындайтын сыйақы (мүдде), комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақылары – бұл:

A) Мемлекеттік борышты төлеу

B) Үкіметтің борышын қайта қаржыландыру

+C) Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету

D) Мемлекеттік борышты басқару

E) Мемлекеттік борышты басқарудың әдістері

216 Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламаларын орындаудың шарттары деп есептелінеді:

+A) Ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі; бағалар қозғалысына тауарларды өндірудің (ұсынудың) икемділігі

B) Экономикалық ресурстардың едауір өзара алмасушылығы; мемлекеттік инвестицияларды секвестрлеу

C) Мемлекеттік инвестицияларды секвестрлеу; бюджет тапшылығын қысқарту

D) Дүниежүзілік бағалардың қозғалысына қатысты ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі

E) Ақша массасы және бағалы қағаз шарттарымен реттеледі

217 Мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету үдерісін бақылау жөніндегі қызметі-бұл:

A) Mepзiдi ұзарту

B) Қайта қаржыландыру

+C) Борыш монинторинг

D) Жаңғырту, айырбастау

E) Кемімелі ара салмақ

218 Уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің алған дүние мен шаруашылық операцияларын жалпылама бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі болып табылатын қаржы жоспары – бұл:

А) Мемлекеттің шоғырландырылған қаржы балансы

+В) Төлем балансы

С) Төлем күнтізбесі

D) Мемлекеттің құрама қаржы балансы

E) Қайта қаржыландыру

219 Дайын өнім, банк шоттарындағы және кассадағы ақша қаражаттары, есеп айырысудағы қаражаттар, дебиторлық берешек – бұл:

А) Айналым өндірістік қорлары

+В) Айналыс қорлары

С) Негізгі құрал- жабдықтар

D) Тұтыну қорлары

E) Қорланым қорлары

220 Сақтық резервтері мен сақтық қорларын қалыптастырудың әдістері:

А) Сақтандыру жүйесінің сақтық әдісі

+В) Бюджеттік және сақтық әдістері

С) Сақтық қорларының бюджеттік әдісі

D) Сақтандыру әдісі

E) Сақтық қызметінің әдістері

221 Төмендегілерден сақтандырудың салаларын бөліп көрсетіңдер:

А) Жеңілдікті сақтандыру, өмірді сақтандыру

+В) Өмірді сақтандыру, жалпы сақтандыру

С) Зейнетақыны сақтандыру, жеңілдікті сақтандыру

D) Сәтсіздік жағдайдан және аурудан сақтандыру

E) Жәрдемақыны сақтандыру, жалпы сақтандыру

222 Қаржы көздерін іздестіру және жұмылдыру, халықаралық ықпалдастық үдерістерді реттеу, халықаралық қатынастарды және олардың қатысушыларын ынталандыру – бұл:

+А) Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі

В) Қызметтің сыртқы экономикалық сферасының бағыттары

С) Шетелдік инвестицияларды тартудың шарттары

D) Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) мазмұны

E) СЭҚ-тің негізгі бағыттары

223 Рыноктың төменде аталған түрлерінен қаржы рыногының қызмет ететін сферасын анықтаңдар:

А) Бағалы қағаздардың, ақша және төлем қаражаттарының рыноктары

В) Төлем қаражаттарының, қысқа мерзімді несиелердің және ақша рыноктары

С) Валюта, бағалы қағаздардың және капиталдың рыногы

+D) Бағалы қағаздардың рыногы

E) Бағалы қағаздар мен капитал рыногы

224 Валюталық бағам; ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері; халықаралық төлем құралдары мен бағалы қағаздардың бағамы; валюталық тәуекелдерден сақтандыру – бұл:

А) Қаржылық реттеудің функциялары

В) Қаржылық реттеудің түрлері

+С) Валюталық-қаржылық реттеудің әдістері

D) Қаржылық реттеудің нысандары

E) Экономиканы реттеудің тұтқалары

225 Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің жанама әдістеріне мыналар жатады:

А) Сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия, салықтар және дүниежүзілік бағам

+В) Салықтар, кеден баждары, валюталық бағам, дүниежүзілік баға

С) СЭҚ-тің негізгі бағыттары

D) Лицензиялар, квоталар, мемлекеттік монополия

E) Лицензиялар, квоталар, кеден баждары, валюталық бағам

226 Қаржының жұмыс істеуінің шартына мыналардың қайсысы кірмейді.

А) Экономикалық заңдардың іс- әрекеті

В) Барлығы

+С) Қоғамдық еңбек бөлінісі

D) Ақша нысанындағы құн қозғалысы

E) Ақшаның болуы

227 Субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы – бұл:

А) Салық квотасы

+В) Салық пұл

С) Салық мөлшерлемесі

D) Салық жүктемесі

E) Салық ауыртпалығы

228 Ақшаның құнсыздануын мына факторлардың қайсысы тудырады:

+А) Айналысқа артық ақшаның шығарылуы, Үкіметке сенімнің жоғалуы, қолайсыз төлем балансы

В) Үкіметке сенімнің жоғалуы

С) Ақша айналысы заңының бұзылуы, қолайсыз төлем балансы

D) Ақша жүйесінің әлсіреуі

E) Сұраным инфляциясы және ұсыным инфляциясы

229 Төменде келтірілген тізбеден «Қаржы саясаты» ұғымының неғұрлым дәл анықтамасын таңдаңдар:

А) Мемлекеттік органдардың ықпал жасауы мен қаржы жүйесінде өтетін үдерістердің жиынтығы

В) Мемлекетте экономикалық жағдаяттың өзгеруі кезінде қаржыға қатысты саяси қайраткерлердің мінез- құлқының өзгеруі

+С) Өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саласында мемлекеттің жүргізіп отырған ойлары мен шараларының жиынтығы

D) Қаржы қатынастарына көзқарастардың орныққан пікірлерінің жүйесі, оның мемлекет пен қоғамдағы рөлі

E) Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

230 Қаржылық қатынастардың мәнін және функцияларының бастауын мыналардың қайсысы құрады?

А) Қайта жасалынған қоғамдық өнім

+В) Қосымша өнім

С) Жалпы қоғамдық өнім

D) Қоғамның таза табысы

E) Ақшаның болуы

231 Төлем жүйелері, Қазақстанның қор биржасы (KASE), Банкаралық есеп айырысудың Қазақстан орталығы, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау оталығы (Гохран)-бұл:

А) БҚР- дың объектілері

+В) Қаржы рыногының инфрақұрылымы

С) Бағалы қағаздар мен сауданы ұйымдастырушылар

D) БҚР- ның субъектілері

E) БҚР- ның субъективтік жақтары

232 Қаржы категориясының пайда болып, қызмет ететін және ұдайы өндіріс үдерісінің оны неғұрлым сипаттайтын стадиясын атаңдар:

А) Тұтыну

В) Өндіру

С) Айырбастау

+D) Бөлу

E) Бөлу және тұтыну

233 Келтірілген жинақтан, өз көзқарастарыңа қарай қаржы саясатының көмегімен шешілетін міндеттерді атаңдар:

А) Қаржылық қатынастар қатысушыларының қаржы ресурстарына деген барлық қажетіліктерін қанағаттандыру

+В) Экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау

С) Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасын жасау

D) Барлық деңгейдегі бюджеттердің қаражаттарын пайдалануға бақылау жасау

E) Елдің қаржы жағдайы