- •Тақырыбы. «Оториноларингология»
- •1. Оториноларингологияның даму тарихына қысқаша шолу
- •Оториноларингологияның медицина ғылымында алатын орны.
- •Көне заман ғалымдарының құлақ, мұрын және тамақ ауруларын емдеуге берген кеңестері.
- •3. Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.
- •3. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
- •1. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері.
- •2. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
- •I. Тақ шеміршектер:
- •II. Жұп шеміршектер:
- •3) Кеңірдектің анатомиясы мен физиологиясы және зерттеу әдістері
- •5. Сыртқы құлақтың анатомиясы және физиологиясы. Сыртқы құлақ аурулары
- •7. Сыртқы және ортаңғы құлақтарды зерттеу әдістері.
- •1.Отоскопия жасаудың тәртібі екция.
- •2.Есту түтігі жұмысын зерттеу
- •8. Мұрын аурулары: жетілүдегі ауытқұлар,Экзема, шиқан, сикоз, мұрын атрезиясы
- •10. Мұрының қосалұы қуыстары ауруларының асқынулары.
- •11. Жұтқыншақ – көмей аурулары. Бронхтар ауруы. Бөгде заттар
10. Мұрының қосалұы қуыстары ауруларының асқынулары.
Жергілікті тұмау – қабыршақты жұмсарып алып тастау, шырышты қабақтың секреторлық жұмысын жақсарту мақсатыныда тітіркендіргіш заттарды қолдану; мұрын қуысына 1% никотин қышқыл,сілті ерітінділерін (1% сода ерітіндісі, ең жақсысы - глицерин араластырған ) бүрку ( пульверизация ), сонымен біргі вазелин майымен бүрку , оны күніне 2 рет 5 тамшыдан әр мұрын тесігіне тамызу да жақсы болады. Егер қабыршақ түспесе мақта тығынын жасайды: стерилді вазеленге батырыған стерилді мақта тығынын күн сайын 1,5-2сағатқа мұрын ішіне тығынды алған кезде онымен бірге қабыршақ та алынады . Шырышты қабықты тітіркендіру үшін люголь ерітінісін қолдануға болады. Түнге қарай мұрынға вазелеин немесе май жағады.
Хирургиялық әдіс шырышты қабықты және оның нерв рецепторларын қатты тітіркендіруден,мұрын қуысын тарылтудан тұрады,өйткені тар мұрын қуысында қабыршақтар аз жиналады.
Жас шамасына қарай әртүрлі әдістер қолданылады.
Температурасы 400-тан төмен емес химиялық жағынан таза
парафинмен мұрын пернесінің шырышты қабығы астына және мұрын түбіне бүркеді.Эмболия болмас үшін парафинді қатты күйінде кіргізеді.
Мұрынның шырышты қабығы астына парафин орнына бұзаудың
үлкен жіліншігі айдашығының кесіндісін жіберуге болады (оны алдымен арнайы тазартудан өткізу керек).
3. Мұрын қуысын оның сыртқы қабырғасы немесе жоғарғы жақ қуысы арқылы тарылтады.
Аллергиялық тұмау. Мұрынның шырышты қабығы рефлекстік невроздың көзі болуы мүмкін. Бір тітііркендіргіштің өзі әртүрлі рефлекс туғызады;түшкіру, секіру, қан тамырының кеңеюі,(вазодилятация) – бұл организмнің тітіркендіргішке қалыпты жауабы. Кейде әлсіз тітіркендіргіш қарқынды реакция туғызады, дәл сол уақытта осы тітіркендіргіш басқаларында ешқандай реакция тудырмауы мүмкін. Бұл рефлекстік құбылыстарды (түшкіру, секірет бөлу, жас ағыу) ұзақ уақытқа созылуы басқа клиникалық көрініске өтіп, патологияға әкеледі.
Аллергиялық тұмау тобына тшөптік және вазомоторлық тұмау жатады. Бұл аурулар жеке мүше бұзылыстарымен бірге жүреді, мысалы, дауыс саңылауының тарылуы, қыз балаларда еттеккірдің мезгілсіз келуі (дисменорея) , қояншық ұсамасы.
Себептері:1) зат алмасудың бұзылуы, (мешел, арктритизм, диабет); 2) нерв және ішкі секреция бездері жүйесінің тұрақсыздығы (жыныстық жетілгенге дейін ер балалар жиірек, қыздар еттеккірден кейін жиірек аурады); 3) асқорыту жолының әсіресе бауырдың ауруы (егер бауыр биолокты заттарды жеткіліксіз ыдыратса , онда олар организмге улы );
4) мұрын ішіндегі әртүрлі жағдайлар мұрын пердесінің тікенегі (шипы), полиптер – шырышты қабықтың үнемі созылмалы тітіркенуін тудырады. Осы факторлар әсерінде организм аллергиялы болады. Бұл жағдайларда қан ұюының жоғарылағынын,қан қысымының төмендегенін және қан құрамының өзгергенін (лейкопения және эозинофилия) байқауға болады.
Тұқмау ұстамасын тудыратын тітіркендіргішті аллерген дейді.
Аллергендер кейде жалғыз, көбіне көптеген болады. Олар: 1) Сарысу – баланың сезімталдығын арттырады; бұл сезімталдық иньекциядан кейін көрінедімұндай жағдайда – анафилакция - иммунитетке қарама-қарсы жағдай туралы сөз болады; 2) белокты заттар – малдың да (ет, тері туындылары ), өсімдіктің де (гүл тозаңы); 3) кристаллоидтар (кей бір аурулар асперин не антеперинді қабылдай алмайды), мұндай жағдайды идиосинкразияға (дәрәге организм сезімталдығы артуы) жатқызады.Аллергендер организмдерге ішке дем алғанда, кейде жұтынғанда түседі. Қатты жарқыраған шам, дымқыл, күн көзі сияқты физикалық агенттер және психикалық ( қатты әсердегі көңі-күй – толқу,уайым) аллерген болуы мүмкін. Олар организмде антидененің пайда болуына мүмкіндік жасайды деп есептеледі. Оларда кейбір мүшелерді (мұрынды) таңдап орналасу қабілеті бар. Аллергендердің организмге қайталап енуінен көп мөлшерде гистомин түзіледі. Тек гистомин жөптік және вазомоторлы тұмауда байқалатын тамырлар кеңеюін тудырады.
Поллиноз (жөптік тұмау) – жылдың белгілі бір уақытында, шөптердің гүлдеу кезеңінде ғана болады. Ол ауыр ұситама түрінде көрінеді, сол уақытта шырышты қабық жіті риніттегідей болады. Ұстаманың алдында және одан ккейін мұрын қуысының шырышты қабығы әдеттегідей қалыпты жағдайда болады. Ұстама мұрын бітунен басталып, кейде субфибрильді температура болып, мұрын жыбырлап, қайта-қайта түшкіре береді. Сол уақытта мұқрыннан көп мөлшерде сұйықтық бөлінеді. Бұл құбылыс көзді (шаншу, коньюнктивит) жұтқыншақты кеңірдекті, көмейді бронхтарды да қамтиды.Аурудың құлақтары, бітіп шуылдайды. Түнде ұстама сайабырлап, күндіз қайта қайталайды. Біртіндеп тұмау қарқыны әлсіреп, бөлінетін зат өзінің сипатын өзгертеді – шырышты - іріңді және іріңді болады. Бұл тұқмау 4 – 6 тәулікке созылады. Кейін тынышталып шырышты қабық, демалуы өз қалпына келеді. Кейбір ауруларда бұл тұмау астма ұстамасына айналады немесе соған сай келеді. Профилактика жағынан ауырған адамға климат жағдайын өзгерту ұсынылады.Шөптердің гүлдеу кезеңінде гүл тозаңы тұнбасынанбірнеше инъекция ( 5-6 күн сайын) жасау керек, мұндай емнен кейін аурудың 30%жазылғаы байқалған. Одан басқа, шырышты қабықты май қабатымен жабу үшін вазелин майын бүрку керек. Хлорлы кальций (дозасы жас шамасына қарайды) ,бром препараттары, димедроль (күніне 2-3 рет 0,01 – 0,02 гр). Физотерапиядан жоғарғы моынның симпатикалық түйінінің диатермиясы жақсы әсер береді.
Вазомоторлы (тамыр қозғалтқыш нерв) тұмау. Тұмаудың бұл түрі жоғарыда айтылған аллергондерды тудырады (гүл тозаңнан басқасын) және ол жылдың барлық мезгілінде болуы мүмкін. Поллиноздан айырмашылығы олардың қарқыны және ұзақтығы аз – бірнеше сағатқа ғана созылады.
Риноскопияда шырышты қабықтың көгергені, төменгі кеуілжірдің үлкейгені және көптеген ауруларда оның пердемен жанасқаны көрінеді.Ұстамадан кейін шырышты қабық қалпына келеді, бірақ оның кейбір бөліктерінде ісік қалады.
Бұл тұмау темперетурасыз өтеді. Вазомоторлы ринит жіиі вазомоторлы синуиттен қатар жүреді. Мұндай ауру сылбыр өтіп, шырышты –серозды экссудат болады.
Емдеу. Организмді жалпы шынықтыру, еті мен тұзы аз тамақ , дәрі-дәрмектерден – бром, фосфор, мышьляк, темір, хлорлы кальций, балық майы препараттарын ішу. Мұрын біткенде әдеттегі формула бойынша эфедрин немесе адреналин тамшысын тамызу, мұрыннан ағуды азайту үшін атропин тағайындайды.
Кейбір ауруларға мұрын ішіне новакаин блокадасын жасаған жақсы нәтиже береді.
Мұрындағы патологиялық құрылымдарды (поллиптер) алып тастау керек. Мұрын пердесі әртүрлі қисайуя мүмкін. Көбіне ол көлденең жатады, кейде аралас, яғни көлденең және тік жазықтықта қисайуы мүмкін.Мұрын пердесінің шығып кеткендігі жиі байқалады, көбнесе төрт бұрышты шеміршектің алдыңғы шеті шығады.
Этиологиясы. Мұрын пердесінің қисайуы кейде туғанда-ақ анықталады (даму кемістігі ). Көбіне олар 6-8 жастан басталады.Сыртқы мұрын жарақаты әсерінен жиірек болады. Ең кішкентай жараұаттың өзі перденің әдеттен тыс «өсу аймағы» болу мүмкін. Босанған кездегі зақымның да маңызы бар (қысқаш салғанда). Қисайу себептернің бірі – перденің және оны қоршаған бет сүйегінің сәйкссіз өсуі. Мұрын пердесінің қисайуы оның ауруы (хондрит, периостит) организмнің жалпы ауруы (мешел) және оның майысқақ жеріне ісік қысымының түсуі нәтижесінде болуы мүмкін. Перде қисайған кезде оның томпақ жағындағы төменгі кеуілжір өсіп кетеді. Сөйтіп мұрынның бітуі қисайу мен гипертрофияға байланысты. Гипертрофиядан басқа сенген (атрофия) жерлер де байқалады. Бұлардың итиологиясы бірдей.
Симптомдары (белгілері).Тыныс алу, кейде сезу қызметтері бұзылады.Қисайған жақтағы мұрын түтігінің бітуі, әртүрлі паталогиялық рефлекстер, мысалы, бірнеше қайталап түшкіру, көп мөлшерде сұйықтықтың бөлінуі (гипперсекреция), вазомоторлы тұмау, өңеш саңырауының тарылуы, әсіресе жас балаларда, рефлексті жөтел, бронх демікпесі. Көп жағдайда мұрын пердесін саусақпен зақымдағанда мұрыннан қан кетеді.
Кейде мұрын пердеснің алдыңғы шетінің шығып кеткені байқалады. Егер кірер жол бос болса, риноскопия көмегімен қисайуды оңай байқауға болады. Томпақ жағындағы шырышты қабық жұқа, созылған, біршама семген,ойық жағында – тығыз гипертрофия болады.
Емдеу. Хирургиялық жолмен. Дегенмен мұрын пердесінің кейбір қисайуларына операция қажет емес, ол тек мұрынмен дем алу, иіс сезу бұзылғанда, есту қабілетіне әсер еткенде ларинготрахеобронхиттің жиі болу себебі болғанда ғана қажет. Әсіресе,балаларға операция жасау үшін өте сақтық керек, өйткені өсіп келе жатқан организмде бет сүйегінің өсуіне байланысты мұрын қуысындағы өзара қатынастар өзгеруі мүмкін; Одан басқа кеңінен жасалған кесу «өсу аймағын» жоя отырып перденің өсуіне әсерін тигізеді. Операцияны 15-16 жастан кейін жасайды. Шырышты кесуді арнайы аспаптармен жасайды. Ол үшін перденің шеміршек үсті астына 2% кокаин ертіндісін жағу және 0,5% новакаин ертіндісін жіберу арқылы сезімсіздендіреді. Шырышт ықабық бөлімдерін де осылайша дайындайды (тканьдерді «гидрафликалық» блау ). Шыдамсыз ауруларға операцияны наркоз жасап жатқызып жасайды. Алдымен терң наркоз береді, одан кейін масканы алып тастайды. Мұрын пердесінің (төрт бұрышты шеміршектің) алдыңғы шетінен шамамен 1 см шырышты қабығын тіледі. Тілу бағыты мен формасы орны мен пердені қисайу формасына байланысты. Тілудің перденің сол жағында жасаған ыңғайлы. Шырышты қабықты операциының нәтижелі болуына қанша керек болса, соншасын шеміршек үстінен іріиді (босатады) ,содан кейін шырышты қабықтан біршама жоғары жерден шеміршекті кеседі, бірақ бұл кезде қарама-қарсы жақтағы ірелген шырышты қабықты зақымдап алмауға тырысу керек. Сөйтіп, мұрын пердесі қанқасын жалаңаштайды да, мұрын айналасының айырына қыстырып алып кесу, тістеу, шеміршекпен сүйек бөлімдерін ұрып, ойып алу арқылы алып тастауға тиісті жерлерді біртіндеп алады. Дегенмен мұрынның кіреберісіндегі және мұрын қырынды әрқашан жіңішке шеміршек жолағын қалдыру керек. Дәке орамдарымен мұрын қуысы екі бөлімінің шырышты қабығын бір –біріне қысады .Осымен операцияны бітіреді. Дәке тығынды 24-48 сағаттан соң алып тастайды да, оның орнына мақтаның кішкене түіршіктерін салып қояды.
