- •Тақырыбы. «Оториноларингология»
- •1. Оториноларингологияның даму тарихына қысқаша шолу
- •Оториноларингологияның медицина ғылымында алатын орны.
- •Көне заман ғалымдарының құлақ, мұрын және тамақ ауруларын емдеуге берген кеңестері.
- •3. Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.
- •3. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
- •1. Жұтқыншақ анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері.
- •2. Өңештің анатомиясы мен физиологиясы, зерттеу әдістері
- •I. Тақ шеміршектер:
- •II. Жұп шеміршектер:
- •3) Кеңірдектің анатомиясы мен физиологиясы және зерттеу әдістері
- •5. Сыртқы құлақтың анатомиясы және физиологиясы. Сыртқы құлақ аурулары
- •7. Сыртқы және ортаңғы құлақтарды зерттеу әдістері.
- •1.Отоскопия жасаудың тәртібі екция.
- •2.Есту түтігі жұмысын зерттеу
- •8. Мұрын аурулары: жетілүдегі ауытқұлар,Экзема, шиқан, сикоз, мұрын атрезиясы
- •10. Мұрының қосалұы қуыстары ауруларының асқынулары.
- •11. Жұтқыншақ – көмей аурулары. Бронхтар ауруы. Бөгде заттар
I. Тақ шеміршектер:
Сақина тәрізді шеміршек – көмейдің негізі, фундаменті деп санайды. Аты сақинаға ұқсастығынан шыққан, алға қарай бағатталған сақина немесе доғасы бар және шеміршектің артқы бөлігі сақинаның көзіне ұқсас болады.
Қалқанша тәрізді шеміршек – тақ шеміршектің ең ірісі сүйірленіп бірігетін төрт бұрышты екі шеміршек пластинадан тұрады. Бұны «қалдық» немесе «адамның алмасы» дейді, өйткені бұл дөңес ер адамдарда анығырақ көрінеді. Кадык үстінде сипағанда жақсы байқалатын жоғарғы қалқанша ойындысы бар.
Бұл бөлшектер көмей мен кеңірдек операциясы кезінде анықтауға жақсы көмек ететін дәлелдемелер.
Қалқанша шеміршектің әр қайсысының екі-екіден «қалқанша-шеміршек мүйіздері» деп аталатын дөңестері бар. Жоғарғы мүйіздердің көлемі үлкен, қалқанша шеміршек сонымен қатар тіласты сүйегінің үлкен мүйіздерімен жалғасады. Төменгі кіші мүйіздер, қалқанша шеміршектің нағыз буындары арқылы сақина тәрізді шеміршектің бүйір бетімен жалғастырады. Қалқанша шеміршек құрылысының бұл элементтері оның сақина тәріздес шеміршекке қарай жақсы қимылдауын қамтамасыз етеді, бұл көмейдің барлық функциясы үшін аса маңызды (дауыс шығаруға).
Көмей қақпасы – жалпақтау жағы жоғары қараған жапырақ немесе теннис ракеткасы сияқты, ал сабы «кадыктың» ішкі жағына, қалқаншаның жоғарғы ойындысының тура астына бекітіледі. Көмей қақпасы – қақпақ сияқты жұтқыншақ аузын жауып тұрады да тағам мен түкіріктің тыныс саңылауына түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді.
II. Жұп шеміршектер:
Ожау тәрізді шеміршек. Атына қарай пішіні (оң және сол) ожау тәріздес болады. Олардың әр қайсысының «түбі» және «ұшы» бар. Әрбір ожау тәріздес шеміршектің түбірінен екі өскін көруге болады. Оның біреуі – алға қарай бағытталған, оған дауыс қатпары бекітіледі, сондықтан да ол дауыс өскіні деп аталады. Екінші өскін – шетке бағытталған, оған дауыс саңылауын ашып және қысып тұратын бұлшықеттер бекітіледі. Оны бұлшықетті өскін деп аталады.
Ожау тәрізді шеміршек нағыз буындар арқылы сақина тәрізді шеміршек «көзінің» жоғарғы шетімен жалғасады. Осыған байланысты бұлшықеттер жұмысы әсерінен ожау тәрізді шеміршектер фронтальды жазықтықта да және әрбір жеке шеміршектердің өз осін айлануы арқылы да орынауыстырып отырады. Бұл фонация кезінде, жұтқыншақтың шырышты қабығының бөтен денелерден тітіркенуі кезінде дауыс саңылауының жабылуына, ал тыныс алу кезінде кеңеюіне мүмкіндік жасайды.
Врисберг шеміршектері – ожау тәрізді шеміршектрді бөбешікпен жалғастыратын сіңірлердің қалың жеріне орналасқан. Бұл шеміршектер аталған сіңірді қатайтып, алмұрт тәрізді қуыс арқылы өтетін тағам түйінінің осы сіңірді жұтқыншақ саңылауына қарай итермеуін қамтамасыз етеді.
Санторини немесе сына тәрізді шеміршектер - әрбір ожау тәріздес шеміршектердің ұштарында болады және олармен нағыз буындар арқылы байланысқан. Бұл кішігірім шеміршектерді амортизаторлар деп санайды. Олар бөбешік төмен қарай ауытқыған кезде ожау тәрізді шеміршектердің ұштарына түсетін қысымда азайтады.
Көмейдің бұлшықеттері. Бұлар да екі топқа бөлінеді: 1. Ұзын немесе сыртқы; 2. Қысқа немесе ішкі бұлшықеттер. Ұзын еттер – төс сүйек сабын тіласты сүйекпен, қалқанша шеміршекпен, сонымен қатар қалқанша шеміршекті тіласты сүйегімен жалғастырады. Осыған орай олар: төс-тіласты, төс-қалқанша және қалқанша-тіласты бұлшықеттері деп аталады. Бұл еттер жұту мен дыбыс қалыптастыру кезінде көмейдің көтеріліп төмен түсуін қамтамасыз етеді.
Қысқа, ішкі бұлшықеттер – даус саңылауын кеңейтуші және тарылтушы болып екі топқа бөлінеді. Дауыс немесе тыныс алу саңылауларын бір ғана жұп бұлшықет кеңейтеді: артқы сақина-ожау тәрізді бұлшықет. Ол сақина тәрізді шеміршек «көзінің» артқы жағынан басталады да, басқа шетімен ожау тәрізді шеміршектің бұлшықет өскінімен жалғасады.
Дауыс саңылауын бірнеше бұлшықеттер тарылтып, жабады.
1. Сақина-ожау тәрізді бүйір бұлшықеттер. Сақина тәрізді шеміршектің бүйір жағынан басталады да, ожау тәрізді шеміршектің дауыс өскініне бекітіледі. Бұл еттер – артқы сақина – ожау тәрізді бұлшықетке қарама-қарсы (антогонист).
2. Көлденең ожау тәрізді бұлшықет, ожау тәрізді шеміршектің артқы беттерін жалғастырады. Дауыс саңылауын артқы бөлімдерде жабады.
3. Ожау тәрізді қиғаш бұлшықет, ожау тәрізді шеміршектің бірінің ұшынан келесісінің түбіне қарай жүреді. Ожау тәрізді шеміршектерді бір-біріне жақындастырады.
4. Дауыс бұлшықеттері. Дауыс қатпарларының негізін құрайды. Олар ожау тәрізді шеміршектердің дауыс өскіндерінің шығып, алға қарай бағытталып, қалқанша ойындысының астынан кадыктың ішкі жағына бекінеді.
5. Алдыңғы ожау-қалқанша бұлшықеттер. Ожау тәріздес шеміршек доғасының жоғарғы шетінен шығып, қалқанша шеміршектің екі пластинкасының ішкі жағына бекіледі. Бұл еттердің жиырылуы тыныс алу саңылауын тарылтып қана қоймайды, сонымен қатар, көмейдің дыбыс қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Көмейдің сіңір байламдары. 1. Қалқаншы-тіласты. Қалқанша шеміршектің жоғарғы шетінен кең перде түрінде тіласты сүйегінің мүйіздері мен денесіне қарай көтеріледі. Оның жоғарғы сыртқы бөлімінде тесік бар. Осы тесік арқылы көмей саңылауына, бұлшықеттердің шырышты қабықтарына тамырлар мен нервтер келеді.
2. Ожау-бөбешік байламдары ожау тәрізді шеміршектің бүйір бетін бөбешікпен жалғастырады.
3. Конус тәрізді байлам сіңіраралық сызыққа орналасқан және сақина доғасын қалқанша шеміршектің астыңғы шетімен жалғастырады. Аталуына сай пішіні конус тәріздес болады.
4. Сақина тәрізді шеміршекті кеңірдек сақинасымен байланыстыратын сіңір. Көмей қуысын жауып жатқан шырышты қабық жұтқыншақтың шырышты қабығының жалғасы болып келеді. Аралық ожау тәрізді кеңістігіндегі дауыс қатпарлары мен бөбешіктің бос шетіндегі эпителий жазық келеді. Басқа жерлерде – кірпікшелі, көп қабатты. Шырышасты қабат әр бөлімдерде біркелкі жетілмеген. Оның көбірек шоғырланған жерлерінде көмейдің өмірге қатерлі ісіктері пайда болуы мүмкін. Осы аталған құрылымдар фронтальді кесіндіде жақсы көрінеді. Көмейді үш қабатқа бөліп қарастырады.
1. Жоғарғы – көмей кіреберіс, вестибуляр қатпарлары.
2. Дауыстың ортаңғы қатпарлары, дауыс саңылауы.
3. Төменгі (астыңғы) – қатпарасты немесе дауысасты кеңістің. Осылай бөліп қарастыру тек анатомиялық ерекшеліктерге емес, сонымен қатар көмейдің әртүрлі аурулары кезіндегі айрықша клиникалық белгілерге байланысты.
Дауыс қатпарлары қалыпты жағдайда бозғылт түсті, ал көмейдің басқа бөлімдері – қызғылт салрғыш түсті болады.
Көмей жоғарғы қалқанша артериясы арқылы қанмен қамтамасыз етіледі. Ол: 1) Мойын тұсынан шығатын кезеген нервтің жоғарғы көмей нервісімен нервтенеді.
Жоғарғы көмей нервінің екі: көмейдің шырышты қабығына келетін сезімтал және тек бір бұлшықетке келетін қозғалтқыш тармағы болады. 2) Кезеген нервтен шығатын көмейдің төменгі нервісімен нервтенеді. Сол жақтағы нерв кеуде қуысында қолға доғасын айналып мойынға қайтып келеді. Оң жақтағысы да бұғанаасты артерияны айналып, мойынға көтеріледі. Олар көмейдің әкетуші және әкелуші бұлшықеттерін нервтендіреді.
Дауыстың жасалуы – тыныс алған кезде дауыс қатпарлары алшақтап, олардың жанынан өтетін ауа ешбір дыбыс жасай алмайды. Ал фонация кезінде бұлшықеттердің барлық топтарының жұмысына байланысты, ауа қатпарлары жан-жаққа ығысады, бірақ бұлшықеттер әсерінен қатпарлар қайтадан барынша жабысып қалады. Дауыс желбезектерінің қабысуы, ашылуы сыртқа шығатын ауа ағымының тербелісін туғызады. Біздің айналамызда жеткен осы толқындарды біз дауыс дабыстары ретінде қабылдаймыз.
Ерлердің әдеттен тыс жоғары дауысы – фальцет. Бұл жағдайда дауыс қатпарлары тек өзінің бос шеттерімен тербеледі. Сонымен қатар фальцетте дауыс қатпарлары жабылмай, олардың арасында сопақ пішінді саңылау қалады.
Дауыс күші – ауа қысымы мөлшері тудыратын дауыс қатпарлары тербелісінің амплитудасына, яғни сыртқа шығатын ауаның күшіне байланысты болады.
Дауыс жоғарылығы: 1) дауыс қатпарларының ұзындығы мен көлденеңіне; 2) дауыс қатпарларына түскен күшке; 3) олардың тербеліс жиілігіне байланысты. Мутация – «дауыстың сынуы» - ер балаларда көмейдің алдыңғы сыртқа көлемінің тез өсуінен болады. Мутация мезгілі оңтүстік облыстарда 10-12 жаста, солтүстікте 14-15 жаста.
2) Көмейді зерттеу әдістері. Көмейді сырттай зерттеу әдісі, жаңа өскіндер пайда болған кезде, шеміршек ткані қабынған жағдайда, оның ассиметриясын анықтауға мүмкіндік береді. Көмейді сипалап басып қарау ең маңызды диагностикалық тәсіл болып табылады, әсіресе оның горизонтальды түрде жақсы жылжуы – шеміршектердің орын ауытыру кезіндегі сытырдың бар жоған анықтауға мүкіндік береді.Көмей қуысын қарау үшін тікелей және жанама ларингоскопия әдісін қолдануға тура келеді.
Жанама ларингоскопия – сабы бар көмей айнасы арқылы жүргізіледі, ал тікелей өзінен жарық сәуле беретін арнайы ларингоскопиялық құралдар арқылы жүргізіледі.
Жанама ларингоскопияда ауруды отырған жағдайда қарайды, ал жарық көзі – оның оң құлағы деңгейінде болады. Алдымен жарық сәулесін ұстап сонан кейін көмей айнасын сәл жылытып алу керек, ауруға тілін сыртқашығару керектігін өтініп, тілді орамалмен орап, сол қалпында өзгертпей ұстап тұру қажет. Ауру аузымен терең тыныс алуы керек, осы мезгілде төмен қаратылған айна ауыз қуысына жұмсақ таңдайға тигенше енгізеді. Ауруға «Э» және «И» дыбыстарын айтқызады. Бұл көмейді тыныс алу және фонация кезінде қарап, тексетуге мүмкіндік береді. Көмейдің шырышты қабығының реңіне, дауыс қатпарларының түріне, олардың фонация кезіндегі қозғалтқыштығы мен жабылғыштығына көңіл бөлінеді, қатпарлар қимылының симметриялығын анықтайды.
Рефлекс өте жоғары болған жағдайда жергілікті сезімсіздендіру үшін таңдайдың шырышты қабығына, жұтқыншақтың артқы қабырғасына, тіл түбіне дәрі бүркеді. Ол үшін мақталы зондты пайдалануға болады.
Ауру түріне диагноз қоюда жанама ларингоскопия толық мәлімет бере алмайды. Мұндай жағдайларда наркоз беру рқылы арнайы микроскоптың көмегімен тікелей микроларингологоскопия жасау қажет.
Диагнозды дәлелдей түсу үшін көмейді рентгенографиялық жолмен зерттеудің маңызы үлкен, әсіресе фронтальды жазықтықта жасалатын томографиялық зерттеудің орны ерекше. Бұл көмейдің барлық бөлімдерінің қал-күйін анқтауға мүмкіндік береді.
